«сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы атырау облысы білім беру басқармасының Әдістемелік орталығЫ



Download 3,74 Mb.
Pdf ko'rish
bet143/162
Sana26.06.2022
Hajmi3,74 Mb.
#705534
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   162
Bog'liq
Jinaq123

Пайдаланылған әдебиеттер 
1.
Атырау энциклопедия. Алматы 2000 
2.
Алтын бесік – Сарайшық. Астана 2018 
3.
Ұлы даланың қасиетті күмбезі. Аламаты 2009 
Г. Ауданова 
Қ.Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебі, 
тарих пәні мұғалімі 
 
 
МЕКТЕПТЕ ӨЛКЕТАНУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ 
 
Рухани жаңғыру жаһандық мәнге ие жобаға айналды. Жүргізілген 
жұмыстар барысында жалпыұлттық және өңірлік маңыздағы нысандардың тізімі 
жасалды. Жалпыұлттық маңыздағы 185 қасиетті нысан және жергілікті 
маңыздағы 463 қасиетті нысан анықталды. «Елбасының тікелей тапсырмасымен 


276 
үш мемлекеттік қорық ашылды. Олар-Бозоқ, Ботай және Сарайшық. Былтырдан 
бері Атырау облыстық әкімдігінің бастамасымен үлкен жөндеу жұмыстары 
атқарылып жатыр. Кезінде Қасым хандар елдің астанасын Ұлытаудан сол жерге 
апарған. Сөйтіп Алтын Орданың мұрагері біз екенін көрсетті. Сондықтан 
Сарайшық біз үшін үлкен геосаяси құндылық. Соны насихаттап, жеткізе білуіміз 
керек»,- деді «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Берік 
Әбдіғалиұлы. [1,4] 
«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасына Атырау 
облысынан жеті нысан енгізілді. Олар: Ақмешіт, Ұшқан ата және 
М.Өтемісұлының кесенелері, Аралтөбе қорымы, Құлшан ата жер асты мешіті, 
Иманқара үңгірі және Сарайшық қалашығы. Сарайшық қаласын сақтап қалу, 
зерттеу және өзен жағасын бекіту бойынша ауқымды жоба жүзеге асырыла 
бастады. Биыл жұмыс аяқталып, қалашық орнына этномәдени музей кешені 
салынады, осы арқылы ішкі және сыртқы туризмнің дамуына кең жол ашылмақ. 
[1,5] Рухани жаңғырудың да басты мақсаты ұлттық рухымызды бойымызда мәңгі 
қалдыру, өлке тарихын жадына тоқып өсу, ұлттық құндылықтарымызды 
жоғалтпау болатын. 
Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы арқылы өлке 
тарихын терең зерделеу, ұлы тұлғаларымыздың өмірін тану бағытында білім беру 
жүйесінің алдына да үлкен міндеттер қойылып отыр. Өз елінің тарихын терең 
меңгертіп, ұлтжандылық пен отаншылдық тәрбие беру мектептен бастау алуы 
тиіс, ал елді тану өлке тарихынан басталады. Осы орайда мектеп бағдарламасына 
енгізілген «Өлкетану» курстарының маңызы зор. 
"Өлкетану" – "Қазақстан тарихы", "Қазақ әдебиеті", "География", 
"Музыка" жалпы білім беретін оқу пәндерін толықтыратын кіріктірілген оқу 
курсы және туған өлкенің тарихын, табиғатын, мәдениетін оқуға ықпал етеді. 
Курстың мақсаты – туған өлкенің қалыптасуы мен дамуын кешенді сипаттайтын 
географиялық, тарихи, мәдени, табиғи және басқа да факторлар туралы білім 
қалыптастыру; туған елге деген сүйіспеншілік сезімге, қоршаған табиғи ортаны 
аялауға тәрбиелеу болып табылады. Оқу пәні мына міндеттерді жүзеге асырады. 
1)
Қазақстан тарихы пәндері сабақтарында алынған білімдері мен 
дағдыларын кеңейту, тереңдету; 
2)
ежелгі дәуірден бастап қазіргі уақытқа дейінгі туған жер аумағында 
болып жатқан тарихи процестердің негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы 
білім қалыптастыру; 
3)
туған өлкенің табиғи байлықтары, тарихи ескерткіштері және мәдени 
нысандары туралы білімдерін кеңейту; 
4)
туған өлкенің дәстүрлі қолөнері, мәдени және әдеби мұралары мен өңір 
мақтанышына айналған адамдар туралы білімдерін кеңейту; 
5)
туған өлкенің бірегей табиғаты, тарихы мен мәдениетіне деген құрмет 
сезімдеріне тәрбиелеу; оларды қорғауға жауапкершіліктерін арттыру. [2] 


277 
Оқушылардың өз өлкесіне тән негізгі ерекшеліктерді анықтауға жағдай 
жасайтын, өлкетанудағы оқу-ізденушілік әрекетінің негізгі түрі ретіндегі бұл 
бағдарлама, іздеу-зерттеу әрекеттерінің алгоритмі болып табылады. Бағдарлама 
жан-жақты сипатқа ие және еліміздің кез-келген бөлігінде орналасқан туған 
өлкені, ауылды немесе қаланы, олардың төңірегін оқып-білудегі негізгі 
бағыттарды көрсетеді. 
Уақыт талабына сай білім мен тәжірибе, іскерлікті игере отырып, 
мектептегі өзекті мәселелердің бірі – өлкетану жұмысын ұйымдастырудың 
жолдарын айқындап, бір жүйеге келтіру де тарихшы ұстаздардың үлесіне тиіп 
отыр. Өйткені тәуелсіздік алғаннан кейін ғана ұлттық тарихымызды оқытуға баса 
назар аударылды. Әрбір саналы азамат төл тарихын жете біліп, қадір – қасиетін 
ұққанда, өткен жолын, тар жол тайғақ кешулерін көз алдынан өткізіп, елдің басын 
біріктірген тарихи тұлғалардың жат жұрттан жерін, суын, даласын қанын төгіп 
қайсарлықпен қорғап қалған ерліктерін қастерлей білгенде ғана Отанға, халқына 
деген мақтаныш сезімі оянады. 
Мақсатты, жүйелі ұйымдастыра білсе өлкетану жұмысының білімдік, 
танымдық, дамытушылық, тәрбиелік маңызы зор. Мысалы, сабақ үрдісіндегі 
жергілікті жерге байланысты деректерді тиімді пайдалану оқушылардың тарихи 
құбылыс заңдылықтарын толық түсініп, адамзаттың материалдық және рухани 
байлықты жасаушы ретіндегі рөлін ғылыми жолмен түсіне білуіне мүмкіндік 
береді. Өлке тарихын оқытудың күнделікті өтілетін сабақтардан өзгешелігі бар. 
Өзіне жақын да таныс жерлер мен адамдар туралы айтылатын оқиғалар мен 
деректер әр нәрсеге қызыққыш, эмоционалды болып келетін балалардың жан – 
қуаттарының оянуына түрткі болып, мұндай сабақтарға қызығушылықпен, 
белсенділікпен қатысады. Өлкетану жұмыстарына балалардың ерте кезден 
араласуы олардың ой – өрісін дамытады, еліміздің тыныс – тіршілігімен, 
шаруашылық өмірімен таныса отырып, қоғамға қажетті білімге құштарлық, 
байқағыштық, тапқырлық, ізденімпаздық қасиетке өз бетімен шығармашылық 
іске ұмтылуына, болашақ мамандық таңдауына да игі әсер етері сөзсіз. 
"Өлкетану" курсының 5-8сыныптарында оқытылатын тақырыптар: 
-
"Жәдігерлер сыр шертеді (өлкетану мұражайына бару)"; 
тарихи жәдігердің не екендігін білу,тарихи мұраны жеткізудегі жәдігердің 
рөлін білу, нақты жәдігерлер нені білдіретінін түсіндіре білу. 
-
"Топонимдер – өткен заманнын куәгерлері (өлке тарихы атауларында)"; 
-
"Мәдени-тарихи дәстүрді сақтаушылар: өлкенің ұлттық қолөнері"; 
-
"Бір ел – бір тағдыр (менің өлкемнің халықтары)"; 
-
"Туған өлке тарихының тірі куәгерлері"; 
туған өлке тарихының тірі куәгерлерін саралау категорияларын білу: Ұлы Отан 
соғысы ардагерлері, тыл ардагерлері, еңбек ардагерлері, ауған-әскерлері, тың 
игерушілер, құрметті тұрғындар, еңбегі сіңген педагогтер мен дәрігерлер,соғыс 
және тыл ардагерлерінің ерліктері туралы білу. 


278 
-
"Туристік маршруттар"; 
-
"Жомарт жүрек"; 
-
"Туған өлкенің жылнамасы"; дереккөздер негізінде өлке дамуының тарихи 
маңызды кезеңдерін анықтау,туған өлкенің шежіресін білу, мұражайлардан, 
мұрағаттардан, кітапханалардан, интернеттен туған өлкеге (ауыл, аудан, қала, 
облыс) қатысты қажетті ақпаратты табу, тарихи оқиғалардың хронологиясын 
құрастыра білу. 
-
"Менің мектебімнің тарихы"; түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты 
табу,сұхбаттасуға қажетті сұрақтар қою және сұхбат жүргізу, өз мектебінің 
тарихын әңгімелей білу. 
-
"Менің өлкемнің визит карточкасы: өлкетанудың деректер базасын 
әзірлеу". материалды ұсыну формасын анықтау,өлке туралы негізгі анықтамалық 
мәліметтерді қамтитын түрлі форматтағы ақпараттық материалдарды әзірлеу, 
оқырманға/тыңдарманға эмоционалдық әсер ету мақсатында материалдарды 
жинақтай білу. 
Музей - мол білім мен тәрбиенің орталығы. Ол оқушылардың адамгершілік 
болмысын, ішкі жан дүниесін, азаматтық тұлғасын қалыптастырады. «Музей 
адамдардың өткен өмірі мен тіршілігінен хабар беретін нәрселерді жинақтайтын 
орын болғандықтан да оны академик Луначарский «жазылмаған кітап, яғни 
жазылмаған тарих»- деп өте орынды атаған»,- деп жазады М.Намазғалиев. [3,4] 
Олай болса музеймен тығыз байланыста бола отырып, оқу-тәрбие шараларын 
өткізу арқылы болашақ ұрпақтың дүниеге көзқарасын қалыптастырып, 
патриотизм үлгісінде тәрбиелеп, ұлтжанды азамат болып өсуіне сенім мол. 
Музеймен бірлескен әрбір іс-әрекет тарих пәніне деген қызығушылықты 
арттырып және шығармашылықпен жұмыс істеуіме үлкен жол ашты. 
Соның бір айқын дәлелі Сарайшық музей-қорығымен бірлесіп бірнеше шаралар 
өткізілді. Музейге, қазба орындарына саяхат- сабақтар, музей қызметкерлерімен 
кездесу, танымдық кештер, тарихи конференциялар жоспарлы түрде өткізіліп 
келеді. 
Сол сияқты «Отаным-тағдырым», «Өлкетану», «Саналы азамат», «100 
жаңа есім» атты бағыттарды қамтитын «Тәрбие және білім» бағдарламасы да өз 
кезегінде жүйелі білім және тәрбие үдерісінің өзегіне айналып, іске асырылуда. 
Бағдарламаны нәтижелі іске асыру және жүйелі жүргізу мақсатымен мектепте 
«Тарихи өлкетану» үйірмесі құрылды. Үйірменің мақсаты: 
-
«Туған жер» бағдарламасы аясында өз туған жерлеріне көмек шараларын 
ұйымдастыру; 
-
«Сакралды Қазақстан» жобасы аясында еліміздің өңірлері мен киелі 
Сарайшықтың тарихымен танысу; 
Біздің ең биік мақсатымыз келешегі кемел білімді ұрпақ тәрбиелеу. Үйірме 
мүшелері түрлі тақырыптағы дәрістер, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар, 
тарихи-танымдық кештер өткізуде. Тұңғыш Президентіміздің өнегелі өмірін 


279 
жастарға үлгі ету мақсатында «Елін сүйген Елбасы» танымдық кеші, жастар 
арасында тұлғалық үлгі болатындай ауған соғысының ардагерлері Қадырбек 
Шаймарданов, Рахметолла Машиховпен өнегелі кездесулер өткізілді.Осы 
жүргізілген жұмыстар арқылы қол жеткізілген нәтиже: 
-
Өз Отанын сүйетін, оның тарихын, тілін, әдет-ғұрпын құрметтейтін тұлға 
тәрбиеленеді; 
-
Оқушылардың туған өлкеге деген қадір – құрметін оята отырып, сол арқылы 
туып өскен өлкеге, Отанға деген сүйіспеншілік қалыптасады; 
-
Оқушылар мүмкін болғанынша зерттеу жұмыстарына қатысады; 
-
Оқушыларда қоршаған ортаны бақылай алу білігі қалыптасады, олардың 
күнделікті қажетті істерге қатысу қабілеті дамиды; 
-
Оқушының сапалық қасиеттері дамиды; 
-
Оқушының тарихи дағыдылары мен тарихи біліктілігі артады; 
-
Оқушының бойында ұлттық санасы қалыптасқан тарихи сана жетіледі; 

Download 3,74 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   162




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish