«сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы атырау облысы білім беру басқармасының Әдістемелік орталығЫ



Download 3,74 Mb.
Pdf ko'rish
bet144/162
Sana26.06.2022
Hajmi3,74 Mb.
#705534
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   162
Bog'liq
Jinaq123

Пайдаланылған әдебиеттер 
1.
«Рухани жаңғыру- жаһандық мәнге ие жоба» «Егемен Қазақстан» 2018ж. 16 
сәуір 
2.
Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-7-сыныптарына арналған "Өлкетану" 
пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы 
3.
Намазғалиев М., Мұражай-жазылмаған кітап. «Атырау» 1992ж. 
4.«Ұлы даланың жеті қыры» «Егемен Қазақстан» 21.11.2018 
5.«Танымдық дәрістердің маңызы зор» «Егемен Қазақстан» 2019ж. 13наурыз 
4-бет 
6..Алмурзина Г. «Мектептегі өлкетану жұмысын ұйымдастырудың жолдары мен 
тәсілдері» 
Ж. Қадыр 
Қ.Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебі, 
6-сынып оқушысы 
 
ӨЛКЕТАНУШЫ МҰСТАЖАП НАМАЗҒАЛИЕВ 
 
Дүниедегі бар нәрсе ешқашан ізсіз жойылып кетпейді. Олай болса менің 
алдыма қойған басты мақсатым Сарайшықтың кешегісі, бүгіні және ертеңгісін 
сабақтастыра отырып, оның тарихын терең меңгеру. Елбасы өзінің «Болашаққа 
бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында: «Туған жер әркімнің 


280 
шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай 
жанның өмір–бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде 
әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт- 
дәстүріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды 
көріністерінің бірі»,- деген болатын. Осы өлкеде өстім, өркен жайдым, адал 
еңбегіммен табысқа жеттім дейтін адам туған жерінің болашағына бейжай қарай 
алмайды. 
Осындай сырға толы Сарайшықтың тарихын зерттеген, көне 
құндылықтарды жинақтаған, оны тәрбие, білім көзіне айналдырған және ұрпаққа 
жеткізе білген тарихшы, өлкетанушы Мұстажап Намазғалиев. 
Намазғалиев Мұстажап 1928 жылы Новобогат (қазіргі Исатай) 
ауданындағы Забурын ауылдық кеңесінде дүниеге келген. 1943 жылы екі айлық 
мұғалімдер курсын тәмамдап, аудан көлемінде ұстаздық етті. 
1947 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітірген. 
Ұзақ жылдар Махамбет ауданының мектептерінде ұстаздық қызмет ете 
жүріп, өлкеміздің тарихи шежіресі ежелгі Сарайшық қаласының тарихын 
зерттеумен айналыса бастады. Ол Сарайшық тарихын жан - жақты терең зерттей 
отырып, көптеген құнды деректер келтіріп мақалалар, еңбектер жазды. 
Республикалық, облыстық педагогикалық оқуларда өлке тарихын зерттеу 
тақырыбындағы үздік жұмыстары үшін бірнеше дүркін жүлдегер атанды. 
Сарайшық музейінің негізін қалаған да Мұстажап Намазғалиев. 
Тарихтың өзі көненің көзіндей ақтарар сыры көп. Сол сырдың бастауы 
музейден басталады. Музей - ғасырлар мұрасы. Сарайшық музейінің негізі 
мектеп ұстазы Мұстажап Намазғалиевтың басшылығымен Сарайшық орта 
мектебінен бастау алады. Сарайшық сынды орта ғасырлық тарихымыздың 
бірегей куәсін ізсіз қылдырмауға тырысып М.Намазғалиев көп жәдігерлерден 
алғаш рет тарих кабинетінде "тарих бұрышын" жасақтады. Бұл ізденіс туралы 
М.Намазғалиев "Мұражай - жазылмаған кітап" деген мақаласында былай дейді: 
«Мен Сарайшық туралы ерте естісем де оны көрудің 1961 жылға дейін сәті 
түспеді. 1961 жылдың жазында Балықшы ауданындағы "Еркінқала" орта 
мектебінің директорынан өзім сұранып осында келіп, мектепке жұмысқа кіріскен 
күннен бастап көне Сарайшықты зерттеу ісімен айналыстым. Сол күннен бастап 
Сарайшық орнынан табылған "көненің көзі" деген нәрселердің барлығын 
тырнақтап жинай бастадым. Сөйтіп мектептен музей бұрышын аштым. 
Экспонаттар жинақтай келе ол мектеп музейіне айналды» [1,4] 
Ол Сарайшық орта мектебінің оқушыларын да осы игі іске тарта білді. 
Ұстаз тәлімін көрген шәкірттерінің туған жердің тарихын білуге деген 
құлшыныстарының ерекше болғаны соншалық ғасырлар бойы жер астында 
жатқан жәдігерлерді тауып әкеліп, мектепте шағын музейдің ашылуына үлес 
қосты. Оқушылардың белсенді еңбектерінің арқасында музейдің қоры молая 
түсті. Музейді ұйымдастырушы ұстаз бен оқушылар тығыз байланыста болды. 


281 
Ол шағын музей мектептің қарапайым бір бөлмесі болса да, тарих тұңғиығынан 
көп сыр айтып тұратын. Мұстажап аға тарих кабинетіндегі шағын музейде 
жинақталған деректер арқылы оқушыларға терең білім беріп, оқушылардың 
туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, ел тарихын терең меңгеруге 
қызығушылықтарын арттыра білді. М.Намазғалиев музей құру, жәдігерлерді 
жинақтау арқылы жас ұрпақты отаншылдыққа, туған өлкені сүюдің, жастарды 
тәрбиелеудің үлкен орталығына айналдыра білді. Төл тарихымыздан көп 
мағлұмат беретін осынау құндылықтар жарыққа шығып, зерттеліп, музейден 
орын алды. Ежелгі Сарайшық тарихын мектеп музейінде жинақтап, кейінгі 
ұрпаққа насихаттап көрсете білу оның басты парызы болды. 
«Орта ғасырлар кезінде екі құрлық – Еуропа мен Азияның шектесіп 
түйіскен жерінде пайда болған, ертедегі керуен жолы бойындағы қолөнері мен 
сауданың гүлденген қаласы Сарайшық. Сарайшықтың сол орнында кезінде 
музейге экспонат боларлықтай көненің көзі көп болған еді, бірақ оған мән беріп, 
оны қастерлеп жинақтайтын азамат табылмады. Соның нәтижесінде көптеген 
тарихқа куә боларлықтай бұйымдар немесе олардың жұрнақтары кез-келгеннің 
қолында болып, із-түзсіз жойылып кеткен»,-деп көрсетеді өлкетанушы. [1,4] Ол 
Ұлы Отан соғысынан кейінгі қиыншылық жылдарында қайтыс болған 
адамдардың кейбірінің мүрделерін қажетті материалдардың болмауы 
салдарынан көне орыннан табылған диаметрі 60-70 см-ден кем емес, саз 
балшықтан құйылып күйдірілген құбырдың ішіне тығып, қабірге жерлеген 
кездері болғандығын ұзақ жылдар ұстаздық еңбек еткен Бисалиева Ағибаш 
апайдан естігенін айтатын. 
Мұстажап Намазғалиев ұстаздық қызмет ете жүріп, өлке тарихын зерттеу 
қызметін одан әрі жалғастырды. Тарих кабинетінде жинақталған жәдігерлер, 
құнды деректер негізінде ол селодағы ауылшаруашылығы тәжірибе 
станциясының ғимаратының бірінші қабатында ауыл музейін ұйымдастырып, 
өлке тарихын зерттеуші және музей директоры қызметін атқарды. Музей 1971- 
1990 жылдар аралығында облыстық өлкетану музейінің филиалы болды. 
«Сарайшықтың орнынан оның бір кезде өмірде болғандығының куәсі ретінде ескі 
Сарайшық мұраларының қалдықтары жинақталған "Сарайшық - тарихи өлкетану 
селолық музейі" ресми түрде өмірге келді. Бұл музейдің өзіне тән ерекшелігі сол, 
мұнда – археологиялық көне бұйымдардың көзі болып табылатын әртүрлі 
экспонаттар бар»,-дейді бұл туралы өлкетанушының өзі. [1,4] 
Сол кездің өзінде селолық мұражайға жазушылар З.Қабдолов, Әнес 
Сариев, Нәбиден Әбуталиев, М.Мағауин, ақын Т.Молдағалиев, ғалымдар 
профессор Кәкішев, тарих ғылымының докторы, профессор Әбу Тәкенов, тарих 
ғылымының докторы К.Байпақов, белгілі архитектор Ш.Уәлиханов және т.б. 
келіп, өздерінің әсерлерін, ұсыныс-пікірлерін жазған. 
Музейдің осы жерде болуының қандай қажеті бар, мұны облыстық немесе 
аудандық музейге қосу керек дегендер де болған, Мұстажап ағаның кейбір 


282 
жолдастары оны «Айналасы толған тас, ортасында мылжыңбас»- деп те 
әзілдейтін. Бірақ бұл музей осы жерге қажет деп бірнеше себептерін айтып 
дәлелдеген де Мұстажап аға болатын. Ол себептер мыналар деп атап көрсетті: 
1.Аты тарихта мәңгі қалып келе жатқан көне Сарайшықтың жарық дүниедегі 
жалғыз ғана көзі. 
2.
Мұндағы әрбір тас пен оның сынығының өзі тұнып тұрған тарих. Сол 
тастардың бойында соншама құпия сыр сақтаулы. 
3.
Бұл жас ұрпақ үшін үлкен тәрбие орны [2,3] 
Осылайша М.Намазғалиевтың Сарайшық тарихына бейжай қарамағандығын 
байқауға болады. Ол аудандық "Жайық шұғыласы" газетіне жарияланған "Көне 
Сарайшық туралы" мақаласында: «Тарих кабинетінде экспонаттардан тарихи- 
өлкетану музейін ұйымдастырған едім. Қазір ол музейге айналып, 
ауылшаруашылығы тәжірибе станциясының конторы үйінің бір бөлмесіне 
орналастырылған Ал, бұл күндері сол музейдің "Сарайшық"деген аты өзгеріп, 
"Опытное" тарихи - өлкетану музейі деп аталған. Бұл дұрыс емес деп 
ойлаймын»,-деп жазады. [3,4] Бұдан көріп отырғанымыздай кеңестік дәуірде 
музейге Сарайшық атауының берілмеуіне де ол үлкен қынжылыс білдіреді. 
Мұстажап Намазғалиев ежелгі Сарайшықтың кейінгі өміріне де бейжай 
қараған жоқ. Ол бұл тақырыпта да көптеген зерттеу жұмыстарын жүргізді. 
Алғашқы мектептер де осы Сарайшықта болған. 1885-1890 жылдары 
Сарайшықта екі мектеп, олар – «Церковно – приходская школа» деген діни және 
«Светская школа» деп аталатын бастапқы ғылым негіздерін оқытатын мектеп 
болған. Ол әсіресе азамат соғысы жылдарындағы Сарайшық тарихына 
байланысты көп мәліметтер келтіреді. Гурьев ревкомы милиция бөлімдерін 
құрды. Сарайшықта құрылған милиция бөліміне Қоқанов Есқали басшылық етті. 
Бүлікші бандылармен күрес үшін Жайық бойы поселкелерінде еріктілер 
отрядтары ұйымдаса бастады. Мұндай еріктілердің атты отряды Сарайшықта да 
құрылды. 1922 жылғы қаңтар айының басында болған Гребенщик селосындағы 
бандылармен шайқаста Сарайшықта ұйымдасқан еріктілер жасағының 
құрамындағы Сарайшықтың екі азаматы Е.Егоров пен Толстов ерлікпен қаза 
тапты. Олардың мүрделерін жерлестері Сарайшық селосының көшесіндегі кең 
алаңға әкеліп жерледі. Оларға туыстары сол кезде орнатқан ағаш қорған 45 
жылда әбден тозығы жетіп, құлаған еді. Ұлы Қазан төңкерісінің 50 жылдық 
мерекесі қарсаңында (1967 жылы) өлке тарихын зерттеп жүрген 
М.Намазғалиевтың 
бастамасымен 
сол 
кездегі 
Сарайшықтағы 
село 
механизаторларын даярлайтын училище басшылары Ғұмаров Зинолла мен 
Әдірісов Әбу қолдап ағаш шарбақтың орнына тастан белгі орнатылып, сырты 
темір шарбақпен қоршалып, аты-жөндері жазылған мрамор тақта қойылды. Бұл 
белгі кеңестік кезеңдегі Сарайшық селосындағы елеулі орындардың бірі 
болды.[5] 


283 
Тарихшы Намазғалиев Мұстажап жерлестері арасынан бірінші болып 
Сарайшықтың көне тарихы туралы материалдарды облыстық "Атырау" және 
Махамбет аудандық "Жайық шұғыласы" газеті cияқты басылымдарда жариялап 
отырды. Өлкетанушы ұстаз өз мақалаларында ежелгі Сарайшық туралы араб 
саяхатшысы Ибн Баттута, Әбілғазы хан, ағылшын көпесі Антоний Дженкинсон 
жазып қалдырғаны туралы мәліметтер келтіреді. Ол Сарайшықта кен балқыту ісі 
жолға қойылғанын және қолөнердің дамығанын нақтылап қарастырады: 1)қыш 
құмыра күйдіру, 2)керамика, 3)руда балқыту, 4)кірпіш күйдіру, 5)су құбырларын 
жүргізу. 
Сол сияқты М.Намазғалиевтың өзге де тақырыптарды қозғаған «Село неліктен 
Редут атанды», «Түркістан туралы не білеміз», «Қазақ жерінің кей жері орыс жері 
болған ба?», «Ақсақ Темірдің соғыстары» және тағы да басқа да зерттеу деректері 
баспасөз беттерінде жарық көрді. 
Мұстажап аға бүкіл ғұмырын Сарайшық тарихына арнады. Ежелгі 
Сарайшық қаласының өткені мен бүгінінің жан-жақты зерттеліп, тарихқа енуіне, 
келер ұрпақтың Сарайшық тарихын терең білуіне қол жеткізу жолында еңбек 
етті. Оның болашағына көңілі алаңдаулы болды. Бұл туралы ол былай деп 
жазады: «Музей жаңадан табылған экспонаттармен соңғы төрт жыл бойында 
толықтырылған жоқ. Халқымыздың бастан кешкен шежіресінен хабардар 
орынға, қамқорларлық жасалса абзал іс болар еді деп ойлаймын. Себебі көне 
орында музей сақталып, көне тарихтан, бүгінгі және келешек ұрпақ үшін сыр 
шертіп тұрса, нұр үстіне нұр болар еді деп ойлаймын» [2,4] 
«Тарихи көне ескерткіш орындарының бірі ретінде Бүкілодақтық есепке 
алынған Сарайшық бұл күндерде жойылып кетудің аз-ақ алдында тұр. Көне 
тарихи орынды қадірлей білейік»,- деген еді Мұстажап Намазғалиев. 
Осынау көне орынның ұлы қасиетін ұрпаққа жеткізсем деп көп еңбектенген, 
бұл күндері арамызда жоқ зерттеуші М.Намазғалиевтің игі істері бүгінгі күнде 
жалғасын табуда. Бүгінде Хан ордалы Сарайшық мемориалдық кешені алыстан 
да жақыннан да келетін қонақтарымыздың тамашалап, рухани әсер алар ерекше 
тарихи орны. Хан Ордалы Сарайшық музей қорығы- археологиялық бағыттағы 
облыстық музей қорық 1999 жылы 3 қыркүйекте сол кездегі облыс әкімі 
Иманғали Тасмағанбетовтың бастамасымен бюджеттен қаражат шығарылмастан 
облыс аумағындағы орналасқан мекеме, кәсіпорындардың қаржылай 
демеушілігінің арқасында салынып іске қосылды. Археологиялық қазба кезінде 
табылған түрлі жәдігерлер ортағасырлық Сарайшық қаласының халықаралық 
сауда орталығы, Алтын Орда және Ноғай Ордасы мемлекеттерінің кезеңінде 
ХІІІ- ХVІ ғасырларда ірі саяси орталықтардың бірі, мәдениет пен ғылымның 
ошағы, сондай ақ Дешті Қыпшақтың батыс бөлігінде исламды таратуда белсенді 
діни орталық болғандығын айқындайды. 
Сарайшыққа келіп, тарихи орынға тағзым еткен Елбасы Н.Назарбаев 
«Сарайшықтың әрбір тасын, қыш құмырасы мен теңгесіне дейін жалықпай 


284 
ыждағатты зерттеп, келесі ұрпаққа жеткізсек, ел алдындағы борышымызды 
орындағанымыз болмақ», - деген еді. [2] 
Өлке тарихын жан-жақты зерттеген, тарихтан сыр шертетін құнды 
жәдігерлерді жинақтап, болашақ ұрпаққа қалдырған тарихшы, өлкетанушы ұстаз 
Мұстажап Намазғалиев атаның өлке тарихына қосқан еңбегін, қызметін 
көрсетуге тырыстым. Сарайшық музейіне барып, ежелгі Сарайшық тарихынан 
сыр шертетін жәдігерлермен танысып, М.Намазғалиевтың қолы тиген 
экспонаттарды тамашаладым. Жетекші ұстазым жинақтаған М.Намазғалиевтың 
«Атырау», «Жайық шұғыласы» газеттерінде жарық көрген мақалаларымен, 
деректерімен, алғашқы құрылған мектеп музейі туралы фотосуреттермен 
таныстым. 
«Құнды жол торабында тұрған Сарайшық жалпақ әлемге жауынгерлік 
рухымен көшпенділер одағы- Алтын Орда империясының, соңынан қазақ 
хандығының орталығы болды. Сарайшық батыс пен шығысты байланыстырған 
ірі сауда орталығы ғана емес, елдің туын көтерген қаламыз екенін ұмытпайық»,- 
деген еді Н.Ә.Назарбаев. [5] Олай болса ғасырлардан ғасырларға жетер 
Сарайшықтың тарихы мен оның құндылықтары негізінде қазақстандық 
патриотизмге тәрбиелеуде Сарайшықтың көне жәдігерлерін жинап бастаған 
өлкетанушы М.Намазғалиевтың құнды пікірлері мен музейдің берер тағылымы 
мол. «Өткеніңді зерттемесең анықтап, болашаққа ұша алмайсың шарықтап» - деп 
халық нақылында айтылғандай, өткенді қастерлеу арқылы болашағымызды 
баянды ете аламыз. 
Жұмысымды қорытындылай келе төмендегідей ұсыныстар айтамын: 
1.Сарайшық музейінің негізі мектеп ұстазы Мұстажап Намазғалиевтың 
басшылығымен Сарайшық орта мектебінен бастау алатындығын естен 
шығармау. 
2.
Тарихшы, өлкетанушы ұстаз М.Намазғалиевтың еңбектерін жинақтап, кітап 
басып шығару. М.Намазғалиев туралы аудандық, облыстық баспасөз беттерінде 
жариялау. 
3.
Сарайшық музейіне тарихшы-өлкетанушы Мұстажап Намазғалиевтың есімін 
беру. 

Download 3,74 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   162




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish