«Дәден Ата» қауымына барған кезімде Атадан: « Ата мені әрқашан
желеп-жебеп жүр »-, деп дұға еттім!!! Әумин!!!!
К. О. Ермұханова
Еңбекші орта мектебінің мектебі,
директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Жұмекен ауылы
ӨЛКЕДЕГІ ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕР
Ей, бүгінгі жас қауым, бейтаныс арғы ұрпақ. Әр әке балам бақытты болса
екен, үрім бұтағым үзілмесе екен, өшпесе екен деп тілейді. Осы мақсатпен ХХ
ғасырдың басында әкелеріміз бізге қаралы жексенбілерде қан кешіп жүріп, кең
байтақ көп ұлтты Отанымызды жасап берді. Осы құрылыс пен бірлікті көздің
қарашығындай сақтаңдар деп өсиет етті.
Ұлы Отан соғысында қабырғадан қан кешіп жүріп, бізде сендерге бақыт
әпердік, жас ұрпақ! Ол-қазіргі кең жазира сенің Отаның. Соны көздің
қарашығындай сақтаңдар. Жастарымыз Отаншыл болсын.Отаншылдық-әр
адамға керекті,ең ұлы қасиет. Ал, Отанға деген сезім-өз отбасынан басталады. Өз
әке-шешесін ардақтамаған,өзгенің ата-анасын құрметтемейді.
Бүгінгі таңда алдымызда тұрған ең жауапты міндет-тәуелсіз
мемлекетіміздің уығы болып қадалып қоғам мүшелерін,яғни жас ұрпақты
патриотылыққа тәрбиелеу,тиянақты білім беру.
Өркениетті қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуы өскелең
46
ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігін,еркін ойлау қабілеті мен
шығармашылығын,кәсіби біліктілігімен білімділігін,қоршаған ортаға деген
сүйіспеншілігін талап етеді.
Адамның мәдени болмысы өзі туып-өскен,тәрбиеленген ортаның
болмысымен үйлесімділікте толысады.Оның негізі халқымыздың әдет-ғұрпы,
салт-дәстүрі, тілі, тарихы секілді рухани құндылықтарымен қалыптасады.
Тұлға-адамның келешек өмірінің қалыптасу жобасының келбеті. Адам
тәрбие негізінде жетіледі.Адам болашағын шешетін де тәрбие екендігі белгілі,ал
оны
жүргізу
педагогикалық-психологиялық
тұрғыдан
шеберлікке
байланысты.Бала тәрбиесі білім арқылы жетіледі. Әр баланың өзіне тән мінез –
құлқы, психологиялық ерекшелігі бар. Ата-дәстүріміз, ата-салтымыз,
мәдениетіміз
қалтарыста
қалдыратын
дүние
емес
екендігін
қадап
айтып,тарихшыларға зиялы қауым өкілдеріне,ұрпақ тәрбиелеп отырған ағарту
саласы өкілдеріне ерекше бағдар беріп қанаттандыра түскендей. Олай болса,
«Туған өлкені зерттеу оның маңызы және басым бағыттары» атты ғылыми
тәжірибелік конференцияға өлкедегі тарихи мәдени ескерткіштер тақырыбында
ой қозғап отырмын. Кешегі кеңес заманында сыңаржақ саясаттың салдарынан
қазақты өз терең тарихи, тамыры жоқ халық етіп көрсетуге тырысса, ал тұңғыш
президентіміз кең байтақ қазақ даласының өркениетті ошағы болғандығын
зерделей отырып, ұлттық болмысымызды сақтап, тарихымызды жаңғырту
мақсатында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы
ретінде: «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын жарыққа шығарды. Ұлы
жолдарды басшылыққа ала отырып, өлкедегі тарихи-мәдени ескерткіштерді
өрбітудегі мақсатым зерттеу, сақтау, келесі ұрпаққа табыс ету болса, Атырау
облысындағы тарихи және мәдени ескерткіштер түрлілігімен ерекшеленетіндігі
тарихқа мәлім.
Атырау облысы тоғыз жолдың торабы, дәуір жыршысы, тарих тағылымы,
киелі жер иесі, Ұлы даланың бір бөлшегі десек, қасиетті Құрманғазы ауданы сан
ғасырлық тарихы бай шежіресі бар, ерекше өнегелі де өнерлі өлке. 1918 жылдың
12 сәуірінде «Республика ескерткіштері» туралы алғашқы құжат қабылданды.
Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және
пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспекцияның 2002 жылғы есебі бойынша
барлығы 80 тарих және мәдениет ескерткіштері болды. Олардың 42 –і
мемлекеттік тізімде, 38-і алдын –ала есепке алу тізімінде тіркелген. Қазіргі таңда
Атырау облысы бойынша тарихи-мәдени мұра обьектілерінің алдын-ала есепке
алу тізімі - 51 ескерткіштен тұрса, жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет
ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі - 37 .
Құрманғазы ауданының тарихи мәдени ескерткіштеріне тоқталып өтсек:
Аудан Атырау облысының қиыр батысында орналасқан. Батысында Ресей
Федерациясының Астрахань облысымен, солтүстігінде еліміздің Батыс
Қазақстан облысы Бөкей Ордасы ауданымен, шығысында Исатай ауданымен
47
шектеседі.
Do'stlaringiz bilan baham: |