2.3
Халел зерттеген жұқпалы аурулар
Алла тағаланың жер жаһанға жіберген аурулары бар: бұл аурулардың бір
қатары жұқпайды,бір қатары жұқпалы.Жұқпалы аурулардың көбі құрт
аурулары.Бір адамның ішіне не қанына бір аурудың құрты кіре қалса не өсіп-
өнетін жұғымды орын тапса,бір құрт бір неше минутта бір неше мың немесе
миллион болып өсіп-өніп кетеді.Бұл құрттардың көбі уын шашады,уы қанға
таралып,адамды ауру қылады. Құрт аурулары жұқпалы болғандықтан,ауырған
245
кісінің қаны құртпен немесе құрттың зәһірімен толып келеді.Ауыздан аққан
сілекей,түкірік,қақырық,құсық,мұрыннан
аққан
су,арттан
шыққан
нәжіс,дәрет,қан жұқпалы болады.Аурудың түріне қарай осы аталған нәрселердің
бірінен бірінің жұқпалылығы өте күштірек болады.Өкпеден алған
шуманың,көкірек аурудың нағыз жұқпалы заты адамның демінде,қақырығында
болады.Сары
кезіктің,обаның
құрты
адамның
нәжісінде,топалаң
не
күйдіргінің,безгектің,сиплистің құрты көбінесе қанда болады.Жұқпалы
аурулардың құрттары адамға жұққан соң,бір қатар уақытқа дейін ауырта
қоймайды.Бұл құрттарға өсіп-өнуге уақыт керек.Шуманның құрты жұққан соң
үш,бес күнге дейін ауыртпауы мүмкін.Шешек жұққан соң бір жұма немесе он күн
білінбей жүреді.Бұл уақыттарда құрттар ішінде өсіп-өнеді,бұлардың өскіш
болуына,жұқпалы аурулардың жылдамынан жұғуына түрлі себептер
бар.Адамның ішкі сарайы сау болса,дені таза болса,тамағы тоқ болса,ауру
жұқпасқа,жұқса да ауырмасқа себеп болады.Науқас адамдарға,аш адамдарға
және нашар адамдарға аурулар жұққыш келеді.Киімі бүтін,суықта жылы
киінген,үсті-басын таза ұстаған,жиі жуынған адамға ауру көп жұқпайды.Көп
адаммен қатынасқан,әр үйге қыдырып тамақ ішкен,көп адаммен бір табақтан
тағам жескен-әр түрлі аурулардың жұғуына себеп болады.Үй ішінде аяқ-
табақ,қазан-ошақ,әр түрлі ас құятын ыдысты таза ұстаған,қол-орамал,бет
орамал,дастарханның таза болғаны аурудың жұқпасына себеп болады.
Мен шағын ауылда тұрсам да құдайға шүкір жарық,жылу көздері,ауыз суымыз
қаладағыдай үйлерімізге кіріп тұр.Бірақ құдықтан су алып ішетін тұрғындар да
бар.Кейбір тұрғындар
өздерінің су алып ішетін құдықтарының бетін
жаппайды.Сосын бұл құдықтарға әртүрлі қиқымдар түседі.Сол суды адамдар
ішіп,жұқпалы ауруға шалдықтырады.Бұл да зиян. Сондықтан «су ішкен
құдығыңа түкірме» деген мақалды әрдайым есте сақтайық.[11,180-183бет]
Қорыта айтқанда
, Қазақстан Республикасының елдігі мен ертеңін ойлап, қам
жеген, туған халқының көкірегіне сәуле құюды мақсат еткен қазақтың көптеген
асыл азаматтары ХІХ ғасырдың 30 жылдарында тағдыр тауқыметін тартып,
жалаға, жауыздыққа ұшырап, қиянат құрбандығы болды. Тек тәуелсіздігімізді
алған кезден бастап қана сол зұлымдықтардың беті ашылып, жазықсыз
жазаланған аяулы азаматтарымыздың есімдері ортамызға қайта оралды.
Солардың бірі Атырау өлкесінің ардақты перзенті, профессор Халел
Досмұхамедұлы. Ол жоғары білімді дәрігер ғана емес, сонымен бірге тарихшы,
табиғат зерттеушісі, әдебиетші, тіл танушы, аудармашы, ағартушы-ұстаз, қоғам
және мемлекет қайраткері болып табылады. Тәуелсіз ел тұғырының биік болуы
үшін жан салмай еңбек еткен Халел Досмұхамедов сынды біртуар азаматтардың
рухын еске алып, есімін қастерлеу.
Ұсыныс:
Осындай Алаштың асылы Халел Досмұхамедұлының халқымыздың
ғылыми дамуына, тілін сақтауға, тарихын зертеуге,өнерімен мен әдебиетін
246
өркендетуге,білім беру және денсаулық сақтау салаларына қосқан үлесін мектеп
бағдарламасына енгізсе –деп ойлаймын.
Do'stlaringiz bilan baham: |