26
әйелдерінің Ақмола лагері (Алжир) және Лагерьлердің бас басқармасының
(Гулаг) басқа да құрылымдары жұмыс істеді. Репрессиялау және түзету
функцияларынан басқа, лагерьлер – тұтқындардың тегін еңбегінің арқасында
өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын дамыту аймағы болды. Жоғарыда аталған
лагерьлердің қатарына Атырау (бұрынғы Гурьев) облысы аумағында орналасқан
Прорва еңбекпен түзету лагерін (Прорвлаг) жатқызуға болады.
КСРО Біріккен мемлекеттік саяси басқармасының 1932 жылдың 5
қыркүйектегі №858/с бұйрығымен басқармасы Қазақ КСР-ы, Гурьев қаласында,
лагерь бөлімдері Каспий теңізіндегі Прорва аралында, Жайық және Еділ
өзенінің төменгі ағыстарында орналасқан Прорва еңбекпен түзету лагері
құрылды. Еңбекпен түзету лагерінің басқармасы және бөлімшелерінің көпшілігі
бастапқыда Гурьев облысында болғанымен, Төменгі
Еділ Біріккен мемлекеттік
саяси басқармасына, КСРО Біріккен мемлекеттік саяси басқармасы- Ішкі істер
халық комиссариатына, Астрахань Ішкі істер халық комиссариаты басқармасына
бағынышты болды. Еңбекпен түзету лагерінің бір бөлімі басқармадан 800
шақырым жерде Арал теңізінде орналасты.Лагерь Астрахань қаласы арқылы
қажетті материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етілді [1].
Тұтқындардың контингенті көбінесе Каспий теңізінің солтүстік
жағалауындағы аудандарда және Жайық пен Еділ өзендерінің төменгі ағысында
балық аулау үшін пайдаланылды, бір бөлігі лагерьдің жеке қажеттіліктері үшін
азаматтық құрылыста пайдаланылды.
Контингенттердің саны 1932 жылғы желтоқсандағы 2000 тұтқын, 1934
жылы 1 қаңтарда - 7780, 1935 жылы қаңтарда - 10 342, 1936 жылы қаңтарда - 10
345, 1937 жылы қаңтарда - 7717, 1938 жылы қаңтарда - 6953, 01.10.38 — 5328,
1939 жылы - 4877, 1940 жылы - 5044 тұтқын болды. 1938 жылғы 1 қазандағы
еңбек лагерінде ұсталған 5328 тұтқынның ішінде, 774 адам революцияға қарсы
қылмыстары үшін (РСФСР Қылмыстық кодексінің 58-бабы 1926 ж. өзгертілген),
362 адам қоғамға қауіпті және қоғамға зиянды элементретіндесотталған [2]. 1935
жылдың 23 қаңтарындағы Лагерьлердің бас басқармасының басшысы М.
Берманның Прорва лагерінде 10583 адам болғаны туралы хабарламасы
жоғарыда келтірілген цифрларды дәлелдей түседі [3]. Гурьевтегі тұтқындарды
әкелу және әкету Астрахань теңіз жолы арқылы еңбекпен түзету лагерінің
пароходтары арқылы жүргізілді. Сотталған саяси қылмыскерлер
жалпы
контингенттің 10-15%-ын құрады.
Лагерьде үш жағалау және төрт жүзбелі балық зауыты, сонымен қатар,
барлауға, балық аулауға, тасымалдауға, балықты өңдеуге және өздігінен жүретін
флотқа қызмет көрсетуге арналған 500 кеме жинағы болды. Еңбекпен түзету
лагерінің басқармасында балық аулау және қызмет көрсету флотын құрылыс
және жөндеу жұмыстары үшін екі кеме жасау мен жөндеу зауыты болды.
Қауіпсіздік
жүйесінің
қанағаттанарлықсыз
ұйымдастырылуына
байланысты Прорва еңбекпен түзету лагерінен көптеген тұтқындардыңжалғыз
және топтық қашып кетуімен ерекшеленді. Теміржолдардан біршама
27
алыстықтығы және жеке лагерьлердің оқшауланған позициясы да тұтқындардың
«қашу ниеттерін» төмендетпеді. Нашар ұйымдастырылған іздестіру жұмыстары
қашып жүргендердің көпшілігінің ұсталмай қалуына мүмкіндік берді.
КСРО Біріккен мемлекеттік саяси басқармасының 1932 жылдың 3
желтоқсандағы №1114 бұйрығымен Теплов Николай Владимирович Прорва
лагерінің басшысы болып тағайындалды[4]. Николай Владимировичтен кейін
лагерь басшылары болып, Ефрем Абрамович Зальмарсон, Александр Иванович
Соколов, Василий Алексеевич Балашовтар болды [2].
1940 жылдың 17 сәуірінде Прорва лагері Астрахань еңбекпен түзету
лагері болып өзгертілді. Түрме басқармасы дәл осы соғыс басталар шақта
Астраханьға ауыстырылған. Кейін Сталинград майданындағы шайқас қызған
шақта, түрме басқармасы Гурьевке керіден ауыстырылды. Гурьев қаласында
Астраханлагтың үш бөлімшеден тұратын №1 лагерьлік бөлімі орналасқан.
Астраханлаг 1950 жылдың 9 ақпанында КСРО Ішкі істер басқармасының
№00107 бұйрығымен жабылды [5]. Қазір бұл құпия
нысан туралы архивтік
мәліметтер Ресей Федерациясымұрағаттарында сақтаулы. Алдағы уақытта
арнайы мұрағаттық зерттеу іс-сапарларын жүргізіп, Прорва лагері туралы құнды
тарихи деректерді жинау маңызды болып табылады.
Әдебиеттер тізімі.
1Астраханские лагеря//https://astkraeved.livejournal.com/11657.html.
2 Прорвинский ИТЛ (Прорвлаг) //http://old.memo.ru/history/nkvd/gulag/r3/r3-
287.htm
3 23 января 1935 г. - Справка начальника ГУЛАга НКВД М. Бермана об
использовании контингентов исправительно-трудовых лагерей НКВД//
http://istmat.info/node/28732
4 Приказ ОГПУ СССР № 1114 от 03.12.1932//http://nkvd.memo.ru/index.php
5
АстраханЛаг
в
Гурьеве:
новые
страницы
истории
//http://pricom.kz/gorod/astrahanlag-v-gureve-novyie-stranitsyi.html
Do'stlaringiz bilan baham: