«сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы атырау облысы білім беру басқармасының Әдістемелік орталығЫ



Download 3,74 Mb.
Pdf ko'rish
bet10/162
Sana26.06.2022
Hajmi3,74 Mb.
#705534
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   162
Bog'liq
Jinaq123

Ә.Қ.Мұқтар 
Тарих ғылымдарының докторы, профессор, 
«Сарайшық мемлекеттік тарихи-мәдени 
музей-қорығы» РМҚК директоры 
 
 
ШЕКТІ БАҚТЫБАЙ БАТЫР ЖӘНЕ ОНЫҢ ҰРПАҚТАРЫНЫҢ 
ТАРИХЫ 
 
Қай заманда да ел іргесі бекіп, өз саясатын жүргізе бастаған кезеңде 
тұтастай халқы сенетін, сыртқы жауға қарсы көпті артына ерте білетін тарихи 
тұлғалар болады. Ол әлемдегі барша халыққа ортақ. Оларды бірі рыцарь, 
екіншілері самурай, үшіншілері батыр, бахадүр, төртіншілері богатырь атауымен 
аталғанымен атқаратын міндеті біреу. Басты міндет отан қорғау. Ата-бабадан 
қалған мақал-мәтелдердегі «Батырдың да басы екеу емес», «Батырды жауда, 
шешенді дауда сына», «Батыл болмай батыр болмас» деуі содан. Ортағасырларда 
ел жадына сақталған ата шежіредегі «Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр», «Ер 
Төстік», «Ер Тарғын» және атой салған батырлар Шыңғыс ханның әлем білетін 
бахадүрлері Жебе, Сүбедейден еш кем емес. ХҮІ ғасырда Москва мемлекетіне 
елшілікке келген австриялық дипломат Сигизмунд фон Герберштейн(1486-1576) 
«батыр» сөзін алғаш рет орыстардан естігенін жазады[1, 21 б.]. Герберштейн 
еңбегінде Сарайшық қаласында да атап өтіп, «түмен», «шайбан», «қазақ» 
татарларын, ноғайлар ман қалмақтарды жазады. Ол қазақтардың орналасуын, 
тұрмыс тіршілігін, қару-жарағын, соғысу өнерін зерделейді[2, 19 с.]. Бұл кезеңде 
Қазақ хандығы тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасып көршілеріне танылып 
үлгерді. Қасым хан, Хаһназар хан тұсында оның шекарасы беки түсті. Міне осы 
кезеңде олардың жанында қазақ батырлары қол бастады. 
Тарихи деректерде қазақ батырлары ХҮІІ ғасырдың екінші жартысынан 
бастап орыс мұрағат деректерінде кеңірек аталады. Біздіңше ол ел басына қауіп 
төніп, қазақ-жоңғар, қазақ-қалмақ, қазақ-орыс қарым-қатынастарының 
күрделене бастауымен түсіндіріледі. Сын сәтте батырлардың бірі – Сары, 
Тайқұмыр, Тұманшы батырлар елшілікте жүрсе, екіншілері - сыртқы жауларға 
қарсы қол бастады. Міне осы жылдары асқан ерлігімен көзге түскен батырлар 
қазақ руларының ұранына айналады. Қазақ ұрандарына назар аударған Орынбор 
шекара комиссиясының шенеунігі Л.Баллозек «қазақтар үшін әдет-ғұрыптардың 
бірде-бірі дәл ұран сияқты қасиетті бола алмайтынын айырықша атап өтіп, ұран 
бүкіл руластарды, тіпті дос-жарандарына да, басқа рудағы құда- 
жекжаттарына да қарсы шапшаң түрде жұмылдыра алатын күшке ие. Өйткені қа 
зақ өзіне етене таныс ұранды естіген бойда-ақ өзге дүниені ұмытады» деп 
анықтайды [3, 390]. Ал ХХ ғасыр басында Қ.Халид «Ұран баяны» атты еңбегінде 
«Қазақ халқының «ұран» дейтін сөзі бар. Қыздыру, жиналу, қайрат беру 


21 
мағынасында айтылады. Бұл тайпалар көмек шақыру орнына, я аллаһ, әуелде 
болған пәленше бабамыз сияқты біздің бағымызды үстем ет деп жалбарынып 
өздерінің атақты батыр, ел бастаған зиялы адамдарының атын атап, айқайлап 
шақырады. Әр рудың өзіне тән ұраны болады. Егер өзге тайпалармен ұрыс- 
қақтығыс бола қалса, «Алаш, Алаш» деп шақырады» деп жазған болатын [4, 72 
б.]. Олай болса ұран атауын иеленген батырлар тұтас қазақтың қамқорына 
айналды. Бүгінде зерттеушілер 
барша қазақ 
халқына ортақ 
«Алаш ұранды қазақ», «Арқар ұранды төре», «Алла ұранды қожа» дей келе, 43 
қазақ руларының ұрандарын көрсетеді [3, 390-392 б.]. 
Ұранға айналған тарихи тұлғалар арасында шекті руы батыры Бақтыбай 
Төлесұлының орны ерекше. Ата шежіреде батыр Шекті – Өріс – Бөлек – Айт - 
Қабақ –Төлестен [5, 50-51 б.], келесі деректе Шекті-Қалу(Мәку)-Бөлек-Айт- 
Қабақ-Төлестен тарайды деп көрсетіледі[6, 405 б.]. 
Бақтыбай батыр орыс архивіне қазақ-орыс қарым-қатынасының жанданған 
кезеңінде түседі. Алдымен батыр 1732 жылы 16 наурызда Хиуа мен Бұхараға 
орыс керуенін бастап шыққан И.Г. Гербермен кездесті. Гербер өз күнделігінде 
өз жанындағы Бұхара елшісі Едігермен бірге Үстіртте шекті Бақтыбай, кете 
Тәңірберді, тама Төлей, жаппас Баймұрат, Отар, Қожагелді, Мырзагелді, 
Бектішақ батырлардың шабуылына ұшырағанын жазады. Күнделігінде ол 
«Бақтыбай батыр Әбілқайыр ханға қызмет етеді» деп көрсетеді[7, 59 с.]. 
Тарихшы Ж.Артықбаев: «Керуеншілер жарты ай бойы шөл далада қазақ 
қоршауынан шыға алмай қамалып жатты. Тоқтатушылар Әбілқайырға қарсы 
Кіші жүздің ірі ру басылары Бақтыбай би мен Батыр сұлтан еді. Олар түркіменге 
2 мыңдай адаммен жорыққа бара жатып кезікті» деп қорытады[8, 129 б.]. Кейін 
белгілі болғандай Бақтыбай батыр Батыр сұлтаннан бөлектеніп, қалмақтарға 
қарсы аттанған жолда зеңбірек сүйреткен, әрі қазақ рулары жерінен алым-салық 
төлемей жасырын кетіп бара жатқан керуеншілермен кездескен. Содан батыр 
оларды тоқтатып 12 күн қоршауға алған. Ол турасында А.Тевкелев 1732 жылы 
28 наурызда Әбілқайыр ханға Ұлы жүзден келген Абығай сұлтаннан естіп 
хабарданады. 
Осылайша Бақтыбай батыр орыс шенеуніктеріне таныс бола бастады. Бұл 
кезеңде батыр А.Тевкелев елшілігінің негізгі мақсатын қолдады деу қиын. 
Өйткені тарихи жағдайда ол орыс елшілігіне қарсы болған қазақтар қатарында 
аталады. Дегенмен уақыт өте Әбілқайыр ханның қазақ-орыс қарым-қатынасын 
қалыпқа келтіру саясатын қолдайды. Ол біртіндеп балаларын орыс саясатын 
меңгеруге бағыттайды. Алдымен, батыр Әбілқайыр ханның орыс қалаларына 
елшілігіне баласы Дәулетбайды қосады. Ол турасында хан 1744 жылы шілде 
айында Астрахань губернаторы В.Татишевке хабарлайды. Кейін тамыз айындағы 
хатында хан Дәулетбайды қайтаруын сұрады [9, С.170,173]. 
Х.Табылдиев пен А.Қалмұратовтың «Кіші жүз рулары» шежіресінде 
Бақтыбай батырдан өрбіген Асан, Құдас, Жәдігер, Есалы, Қараша атты ұлдар 


22 
таратылады[5, 51 б.]. Ал кейінгі шежірелерде Дәулетбай батыр тізімге қосылып, 
отбасыдағы екінші бала ретінде аталады. 
Араға уақыт сала жаңа елшілік құрамына Бақтыбайдың тұңғышы Асан 
батыр қосылады. Асан батыр алғаш рет 1748 жылы 6 шілдеде Орск қорғанында 
өткен А.Тевкелевпен кездесуге қатысады. Елшілікті шекті Қара батыр бастап 
құрамына Пұсырман, Бейімбет батырдың ұлы Шығырбай енеді. Кездесу 
барысында Қара батыр Петербургте тұтқында ұсталған Бақтыбайдың баласы 
Дәулетбайды босату мәселесін көтереді [10, С.187, 192]. Дәулетбай мәселесін 
Барақ сұлтан И.Неплюевке жолдаған хатында да көтереді. Барақ сұлтан 
«Бақтыбай батырдың баласы Дәулетбайдың Санкт Петербургте екенін естідім. 
Бақтыбай менің әкем Тұрсын ханмен жақсы қарым-қатынаста болды. 
Босатуыңызды өтінемін» деп жазады[9, С.270]. 
Бақтыбай батыр 1748 жылы тамыз айында Әбілқайыр хан қаза тапқан 
кезеңде хан отбасы жанынан табылады. Ол 21 қыркүйекте Бопай анаға Кіші, Орта 
жүздің беделді 104 адамымен бірге келеді. Батыр 1748 жылы 5 қазанда Нұралы 
сұлтан хан тағына көтерілген тарихи кезеңде орыс патшасына жолдаған хатқа 
қолын қояды [11, С.409-410, 426, 517]. 
1749 жылы 8 шілде де Нұралы хан жанына сенімді өкілдерін ертіп 
И.Неплюевпен кездесуге Орынборға келеді. Олардың қатарында шекті руынан 
Қарабас, Қара, Бақтыбай батырлар болады. 6 шілдеде болған хан мен губернатор 
кездесуінде Нұралы хан Дәулетбай Бақтыбайұлының тағдырын тағы қозғап, 
оның Санкт Петербургте әскери қызметте жүргенін алға тартып босатуға 
көмектесуін өтінеді. Қазақ ханы оған қоса 1747 жылы тұтқынға алынған 
жағалбайлы Жолтай Жанболатовты да тауып қайтаруын сұрайды. Губернатор 
«егер патшаға адал болсаңыздар ол қайырымдылық танытады» деген жауаппен 
шектеледі[12, С.136]. 
Бақтыбай батыр жанында інісі Ізбасар жүрген. Ізбасар Бопай ананың 
сенімді өкілі болатын. Ханым 1750 жылы көктемде Ізбасарды Нұралы ханға 
жібереді. Көп ұзамай 1750 жылы 2 сәуірде Нұралы хан А.Тевкелевке хат жолдап, 
Ізбасардың немере інісі Дәулетбайды сұрағанын хабарлайды. Хан «Егер 
Дәулетбай тірі болса босатуға көмектесуін, ал қайтыс болса хабарлауын өтінеді. 
Сонымен бірге Нұралы Хиуаға орыс керуендерін бастап барған Бақтыбай 
батырдың ұлы Асанның қайтар жолда қаза тапқанын атап өтеді [13, С.30]. Асан 
батырдың қаза болғанын Бопай ана да 1750 жылы мамыр айында жазған хатында 
растайды. Мұның өзі Бақтыбай батырға ауыр қайғы еді. Оның үстіне Дәулетбай 
да елге оралмады. Дәулетбай мәселесін шешуге алдымен Әбілқайыр, кейін 
Нұралы хан бірнеше жылын арнағанымен одан еш нәтиже болмады. Қолда бар 
архив деректерінде Дәулетбай есімі соңғы рет 1759 жылғы Нұралы ханның 
Орынбор губернаторы А.Давыдовке, генерал-майор А.Тевкелевке, кеңесші 
А.Рычковқа жолдаған хаттарында аталады. Хан «ол елге оралмады» деп 
мойындайды[13, С.94-98]. Орынбордағы бір кездесуінде Қара батыр Ресейде 


23 
аманатта болған Қожахмет сұлтан адамдары Дәулетбайды Санкт Петербургтен 
көргенін, оның «шоқынбағанын» алға тартқанымен ол мәңгілікке орыс жерінде 
қалғандай. Отбасындағы қиындықтарға мойымаған Бақтыбай батыр ел бірлігі 
жолындағы саясатын жалғастырады. Ол Кіші жүз ханы Нұралымен, елдің 
оңтүстігінде мойындалған Батыр ханмен де тең қарым-қатынас ұстады [13, С.33, 
95]. 
Бақтыбай батыр 1750 жылы 5 маусымда шекті Бейімбет батырдың қайтыс 
болуына байланысты берілген асқа Есет тарханмен бірге қатысқан. Ел жиналған 
жиындарда қазақ батырлары елдің ішкі-сыртқы саясатын ашық талқылаған. 
Хиуа керуендері бағытында қалыптасқан мәселені саралау үшін Батыр хан 1752 
жылы Бақтыбай батырды Нұралы ханға жібереді[14, 87 б.]. Ал 1753 жылы жазда 
Нұралы хан бұйрығымен Хиуалық керуендер тоналғанда, Батыр хан мен 
Бақтыбай батыр бастаған қазақ рулары Нұралы ханды Халық кеңесіне шақырып, 
тонау себептерін түсіндіруін талап еткен. Тарихшы В.Вельяминов-Зерновтың 
анықтауынша, Орынбор әкімшілігі арнайы тілмәш Я.Гуляевті Нұралыға 
жіберген. Қорытындысында хан ел ішіндегі берекесіздікті тоқтатуға уәде береді. 
Осы жылы Батыр хан мен шекті билері Мойнақ, Бақтыбай, Айдарғали, ақкете 
Әжібай т.б. белді тұлғалар ханға қаракете Сарыбаш, қаракесек Досқұлдың 
баласын жібереді. Олар Нұралы ханға Ресейдің Алтай бидің баласын қолға 
түсіргенін хабарлап, орыс әкімшілігі саясатын анықтауға талпынған. Ол 
турасында Нұралы хан 1753 жылы 25 тамызда И.Неплюевке жазған хатында 
көрсетеді [15] 
ХҮІІІ ғасырдың алғашқы жартысында архив деректері анықтағандай 
Бақтыбай Төлесұлы үміт артқан, ел ішінде батыр, әрі мәмілегер елші ретінде 
мойындалған екі баласынан қатар айырылды. Ендігі жағдайда ел алдына Құдас 
Бақтыбайұлы шығады. Нұралы хан 1750 жылы 13 маусымда Орынбор 
губернаторы И.Неплюевке, 1759 жылы 9 шілдеде А.Давыдовке жолдаған 
хатында «шекті Бақтыбайдың ұлы Құдас батыр» деп анық жазады. Құдас батыр 
ханның немере інісі Қарабас сұлтанмен бірге елшілік міндетін атқарады [13, 
С.33, 95]. 
Бүгінде Бақтыбайдан тараған Асан 1750 жылы, Дәулеткерей 1760 жылы, 
Құдас батыр 1792 жылы, ал інілері Есәлі 1767 жылы, Ерәлі 1786 жылы, Қараша 
1798 жылы, Серәлі 1798 жылы қайтыс болды деп анықталған. Ата шежіре 
бойынша олардың ішінен Құдас батыр билікке қол жеткізгендей. Ол ағалары 
қайтыс болғаннан кейін шекті елін Атыраудан Ұлы Борсық құмына көшірген 
делінеді. Расында да ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысындағы тарихи оқиғаларда 
Бақтыбайұлдарының қоғамдық-саяси қызметі архив деректерінде анық 
байқалмайды. Соған қарағанда олар қазақ-орыс шекарасынан қашықтап, 
оңтүстікке қарай көшті деген ата шежіре дерегі дұрыс сияқты. 
Сырым батыр бастаған ұлт-азаттық қозғалыс жылдарында тарих сахнасына 
Қабақтың Хангелдісінен тарайтын ұрпақтар Сегізбай, Сарышоңай билер 


24 
көтеріледі. Олармен қатарлас тарихи оқиғаларда белді тұлғалар қатарында шекті 
екі Жанұзақ кезеседі. Олардың бірі Сарышоңай бимен, екіншісі кішкене шекті 
Жанназар бимен қатар аталады. Біздіңше, Сарышоңай би жанындағы мырза 
атанған Бақтыбай батыр немересі Жанұзақ Қарашаұлы. Дегенмен оны қолда бар 
архив деректері арқылы анықтау мүмкін болмады. 
ХІХ ғасырдың алғашқы ширегінде Бақтыбай ұрпақтары Арынғазы хан 
бастаған ұлт-азаттық қозғалыс жылдарында анық байқалады. Соның ішінде 
оның немерелері Айдос Құдасұлы би, Келдібай Қарашұлы старшын, Жанұзак 
Қарашаұлы би, Қожамұрат Қарашаұлы би, Арыстанбай Серәліұлы би, Ерімбет 
Ерәліұлы би деңгейінде архив құжаттарында көрініс табады. Олармен қатарлас 
Арынғазы Әбілғазыұлын 1817 жылы хандық таққа ұсынғандар қатарынан 
батырдың шөберелері Қараша немересі Мұрат Жанұзақұлы, Құдас немерелері 
Отарбай Жандосұлы, Айтқұл Боранұлы, Тана Досанұлы байқалады. Олай болса 
Бақтыбай батыр ұрпақтары ел азаттығы жолында халқымен бірге болды, 
Ресейдің Қазақ хандығын отарлау жылдарында ел тәуелсіздігін сақтау 
мақсатында күрескен ерлерді қолдады. Оларды көпке таныту ортақ міндетіміз. 

Download 3,74 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   162




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish