Бақылау сұрақтары:
1. Қазақ тілінде сөздерді таптастыру ұстанымдарына не жатады?
2. Сөз таптарының шығуы мен дамуы туралы қандай көзқарастар бар?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 2010
2. Исаев . С. Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания. - Алматы, 2011
3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке, 2010. - 240 б.
4. Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар. - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 145 б.
№11 дәріс тақырыбы: Синтаксис мәселелері.Сөз тіркесі. Сөйлем. Сөйлем мен байымдау
1. Синтаксис туралы түсінік
2. Синтаксис мәселелері
3. Сөз тіркесі мәселесі
4. Сөйлем және оның түрлері
5. Сөйлем мен байымдау
Синтаксис - сөз тіркесі туралы, сөйлем туралы ғылым. Сөздердің сөйлемде байланысуының белгілі заңдылығы бар, сөздер бір-бірімен белгілі бір тәсілдермен байланысады. Сөйлеу дағдысы бойынша сөздер өзара белгілі бір жүйемен тіркеседі. Сол тіркестердің де, сөйлемдердің де өз жүйелері, өз заңдары болады. Қазақ тілінде сөйлемдегі сөздер төрт түрлі тәсіл арқылы байланысады: жалғаулар арқылы; шылаулар арқылы; сөздердің орын тіртібі арқылы және интонация арқылы. Осы амалдарды біз былай топтап атаймыз: қосымшалар синтетикалық тәсілдер деп, шылаулар, сөздердің орын тәртібі, интотацияны аналитикалық тәсілдер деп аталады. Осы аталған тәсілдерді қолданып сөз тіркестерін құрауда тілдің қалыптастырған формасы бар. Сөздердің тіркесу формасы 5 түрлі: 1) қиысу, 2) матасу, 3) меңгеру, 4) қабысу, 5) жанасу.Синтаксис сөйлеудің калыптасу ережелерін зерттейді. Сөйлемде сөздердің бір-бірімен байланысуы негізінде сөз тіркесі жасалады. Толық мағыналы кем дегенде екі сөздің өзара сабақтаса, бірі екіншісіне бағына байланысуын сөз тіркесі деп атайды. Тіркестегі бағындырып тұрған сөз басыңқы деп, басыңқыға бағынып тұратын сөз бағыныңқы деп аталады. Сөйлем - біршама аяқталған ойды білдіретін сөздер, я сөздер тобы. Қазақ тілінің синтаксисі грамматикалық ілім ретінде екі салада зерттеліп келеді: сөз тіркесінің синтаксисі, сөйлемнің синтаксисі. Соңғысы өз ішінен жай сөйлем синтаксисі, құрмалас сөйлем синтаксисі болып жіктеледі..Тиянақталған ойды ауызша да, жазбаша да білдіруге болады. Сөйлемдер айтылу мақсатына және дауыс ырғағына қарай хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты болып төртке бөлінеді.
Бақылау сұрақтары:
1. Синтаксис дегеніміз не?
2. Сөздердің байланысу амалдары мен формаларына не жатады?
3. Сөз тіркесі дегеніміз не?
4. Синтаксис дегеніміз не?
5. Сөйлем қандай түрлерге бөлінеді?
Do'stlaringiz bilan baham: |