Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 2010
2. Исаев . С. Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания. - Алматы, 2011
3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке, 2010. - 240 б.
4. Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар. - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 145 б.
№12 дәріс тақырыбы: Тілдің шығуы және тілдердің жасалуы мен дамуы . Тілдің шығуы туралы маркстік теория
1.Тілдің шығуы
2.Тілдің жасалуы
3.Тілдің өзара әсерлері
4. Тілдің даму заңдылықтары туралы түсінік
Тілдің шығуы туралы мәселені сөз еткенде, ең алдымен, екі түрлі проблеманы бір-бірімен ажыратып алу қажет: оның бірі – жалпы адам баласы тілінің шығуы, яғни алғашында адамның сөйлеуді, ойын айтып жеткізуді қалай үйренгендігі туралы мәселе де, екіншісі – жеке, нақтылы тілдердің, мысалы, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, араб тілі, испан тілі немесе француз тілінің шығып жасалуы туралы мәселе. Бұл екі мәселені бір –бірімен шатастырмау керек. Бұлай дейтініміз: адамзат тілінің пайда болуы сонау көне заманға – адамдардың жануарлар дүниесінен бөлініп шығу заманына, алғашқы адамдардың пайда болу заманына барып тірелсе, жеке нақтылы тілдердің немесе туыс тілдердің тобының жасалып құрылуы жалпы адамзат тілінің шығып пайда болу заманынан анағұрлым бертінгі дәуірлерде болған. Нақтылы, жеке тілдердің, мысалы, қазақ тілінің, орыс тілінің немесе ағылшын тілінің пайда болып жасалуын және олардың пайда болу дәуірін тарих пен лингвистика ғылымдары тұрғысынан зерттеп айқындауға болады. Ал жалпы адамзат тілінің шығуы, яғни адамдардың о баста сөйлеп үйренуі туралы проблеманы қарастырып айқындау үшін, тек қана тарихи-лингвистикалық зерттеулердің өзі тіптен жеткіліксіз болады. Адамзат тілінің шығуы адамның пайда болуы және адам баласы қоғамының пайда болуы тәрізді күрделі мәселелермен тығыз байланысты.Осылай болғандықтан бұл мәселелерді бірін екіншісіне байланыстырмай, жеке дара күйінде алып қарастыру да, тыңғылықты түрде шешу де мүмкін емес.
Тілдің даму заңдылықтары туралы түсінік тіл біліміндегі зерттеу еңбектерде көп үшырасқанымен, оның нақты анықтамасы жасалмаған. Негізгі себептерінің бірі — тілдің дамуы мен өзгеруі жайындағы ұғымдардың толық ажыратылмауы. "Даму" термині екі түрлі мағынада түсіндіріледі: 1) тіл бірлігінің қалпының езгерісі; 2) қоғамдық қажеттілікке сәйкес тілдің өзгеру үдерісі.
Бақылау сұрақтары:
1.Тілдің шығуы
2.Тілдің жасалуы
3.Тілдің өзара әсерлері
Do'stlaringiz bilan baham: |