Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 2010
2. Исаев . С. Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания. - Алматы, 2011
3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке, 2010. - 240 б.
4. Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар. - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 145 б.
№7 тақырыбы: Жазу және оның даму кезеңдері. Алфавит. Графика. Орфография. Орфоэпия. Транскрипция мәселесі
Мақсаты: Жазу және оның даму кезеңдері жайлы мәліметтер беру. Алфавит. Графика. Орфография. Орфоэпия. Транскрипция мәселесі жайлы мәліметтер беру.
Әдістемелік нұсқаулар: Жазу өте ерте заманда жасалып, мыңдаған жылдар бойы өзгеріп, дамып келді. Жазудың мыңдаған жыл бойына дамып жетілуімен бірге, оның принциптері де өзгеріп отырды.
Пиктографиялық жазу, идеографиялық жазу, буын жазуы т.б.
Қазақ графикасы — қоғамдағы түрлі тарихи-әлеуметтік өзгерістерге сәйкес бірнеше жазу нұсқаларына (араб, латын, кирил жазулары) бағындырылған, фонематикалық принципке сүйенетін қазақтың дыбыстық жазуы.
Орфография дегеннен дұрыс жазу ережелерінің жиынтығы дегенді түсінеміз. Орфографияның жұп-жұбымен тізбектеле қолданылатын алты түрлі принципі бар. Олар мыналар: Фонеметикалық принцип пен фонетикалық принцип, фонетикалық принцип, этимологиялық принцип пен дәстүрлік-тарихи принцип, дәстүрлік-тарихи принцип. морфологиялық принцип пен иероглиф принципі, иероглиф немесе символ принципі біркелкі дыбысталатын сөздерді яғни омонимдерді жазуда бір-бірінен ажырату үшін қолданылады.
Графика ауызекі сөйлеу тілінің дыбыстық жағын, оның ерекшеліктерінінің барлығын түгелдей қамтып бере алмайды . Мұндай қызметті транскрипция ғана атқара алады. Транскрипцияның әдеттегі жазудан мынадай айырмашылықтары бар: әдеттегі жазу жүйесінде сөздердің дыбыстық жағымен бірге олардың әр түрлі байланыстары, атап айтқанда, этимологиялық және морфологиялық байланыстары да қарастырылып, есепке алынады. Ал транскрипцияда сөздің дыбыстық жағына ғана назар аударылады. Транскрипцияның ең негізгі қызметі – сөздің дыбыстық немесе фонемалық құрамын дәлме-дәл көрсету. Орфоэпия(грекше orthos-дұрыс және epo- сөйлеу) сөздер мен бунақтардың (сөз тіркестерінің) бірізді, дұрыс айтылуын қамтамасыз ететін ережелер жиынтығы.
Бақылау сұрақтары:
1. Жазудың шығуы мен даму кезеңдері жайлы не білесің?
2. Алфавит, графика дегеніміз не?
3. Орфография қандай ұстанымдарға сүйенеді? Орфоэпия дегеніміз не?. 4.Транскрипция дегеніміз не?
Do'stlaringiz bilan baham: |