Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 2010
2. Исаев . С. Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания. - Алматы, 2011
3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке, 2010. - 240 б.
4. Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар. - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 145 б.
№7 дәріс тақырыбы: Табу мен эвфемизмдер. Этимология және халық этимологиясы. Тілдің сөздік құрамы. Кірме сөздер. Терминдер мен терминология. Фразеологиялық оралымдарға тән белгілер және оның түрлері. Лексикография және сөздіктердің түрлері.
1.Табу және эвфемизмдер туралы түсінік
2. Этимология және халық этимологиясы
3. Тілдің сөздік құрамы. Кірме сөздер.
4. Терминдер мен терминология. Лексикография және сөздіктердің түрлері
5.Фразеологиялық оралымдарға тән белгілер және оның түрлері. 6.Лексикография түрлері
Табу (полинезиялық тайпалар тілінен аударғанда «тыйым салу») — алғашқы қауымдық құрылыс мәдениетімен тығыз байланысты діни негіздегі үзілді-кесілді тыйым салуды талап ететін ұғым.
Эвфемизм (грек. eu – жақсы, phemі – айтамын) – мағынасы тұрпайы сөздерді басқа атаумен ауыстырып, сыпайылап жеткізу. Этимология (грек. etymos – ақиқат, шындық, logos – білім) – сөз төркінін зерттеп, айқындаушы тарихи лексикологияның және жалпы тіл білімінің бір саласы болып табылады. Этимологиялық зерттеулер мақсаты мен нысанына қарай әр алуан тәсілдер мен принциптерге сүйенеді. Солардың ішінде жиі қолданылатындары: тарихи-салыстырма тәсілі, морфемдік-модельдік талдаулар, түбірін індете зерттеу, т.б.
Белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығы сол тілдің сөздік құрамын немесе лексикасын құрайды. Сөздік құрамға тілдің күллі сөз байлығы енеді. Сөздік құрамның ең басты және тұрақты бөлшегі – негізгі сөздік қор. Негізгі сөздік қор – бүкіл лексикалық байлықтың басты тұлғасы, негізгі ұйтқысы. Тілдің сөздік құрамы үздіксіз даму үстінде.
Фразеология-тұрақты тіркестер туралы ғылым. Фразеологизмдердің түрлері: идиомалар, фразалар, штамптар, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер. Фразеологизмдерге тән қасиеттер: мағына тұтастығы, тіркес тиянақтылығы, даяр күйде қолданылуы. Түрлері: фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлік, фразеологиялық сөйлемдер, фразеологиялық тізбектер.
Кемінде екі сөздің тіркесімен жасалған, мағынасы біртұтас, құрамы мен құрылымы тұрақты, даяр қалпында қолданылатын тілдік единица, әдетте, фразеологиялық оралым деп аталады.
Лексикология (грек. lexіkos — сөзге қатысты, grapho — жазамын) — сөздік түзудің теориясы мен тәжірибесін зерттейтін тіл білімінің саласы. Сөздіктердің ғылыми әдістемесін жасайды. Сөздіктің теориялық мәселелері теоретикалық лексикологияда қарастырылады; ол лексикология теориясы мен лексикология тарихына бөлінеді.
Бақылау сұрақтары:
1.Табу сөздер дегеніміз не? Эвфемизм дегеніміз не?
3. Этимология дегеніміз не?
4. Қазақ тілінің сөздік құрамы дегеніміз не? Негізгі сөздік қор дегеніміз не?
5. Терминдер мен терминология дегеніміз не?
6. Фразеологиялық оралымдарға қандай белгілер тән?
7. Лексикография нені зерттейді?
Do'stlaringiz bilan baham: |