133
баруы және бұл тәсілді пайдаланып (бірінен соң бірі) санаумен емес, бірді
қосумен, бірді азайтумен еркін орындауы тиіс. Балалар жайлап өздерінің
бақылауын жалпылайды және төмендегідей қорытындыға келеді:
Санға 1-ді қосу — бұл одан кейінгі келетін санды айту дегені. Саннан 1-
азайту алдын келетін санды айту дегені. Арнайы бөлінген сабақта үйренілген
барлық
)
1
(
а
жағдай жүйесіне салынады. Оқытушының басшылығында “1-
ді қосу” және 1-ді азайту кестелерін түзеді және оларды жаттайды.
Бір жағынан есептеу тәсілдерінің ұқсастығын, екінші жағынан қосу мен
азайту амалдарының қарама-қарсы характерін айтып өту үшін “2-ні қосу”
және “2-ні азайту” дәл сондай-ақ, оқушылар кейінірек “3-ті қосу” және “3-ті
азайту” және “4-ті қосу” және “4-ті азайту” жағдайлары бір-бірімен
салыстырылып, бір уақытта үйреніледі.
Есептеу дағдаларының үстінде жұмыс төмендегі жоспар бойынша
жүргізіледі:
1) қосу және азайту тәсілдерімен танысу;
2) бұл тәсілдерді қолдануға және есептеу дағдыларын иелеуге қатысты
жаттығулар;
3) кестелер түзумен оларды жаттау, есептеу дағдыларын иелеу, “2-ні
қосу және азайтуды” үйрену. Бұларды өту тәсілімен таныстыру методикасын
қарайық.
Дайындық кезеңінде (тақырыпты үйренуге 1-2 сабақ қалғанда)
балалардың 6+1+1, 9-1-1 түріндегі екі амалды мысалдарын шешуге үйрету
ұсынылады, мұнда балаларда 1-ді қосу және азайту дағдылары нығаяды және
төмендегідей бақылаулар пайда болады:
Егер 6+1+1-ді қоссақ, (азайтсақ), ондай жағдайда небәрі 2-ні қосқан
(азайтқан) боламыз.
Алғаш мұндай мәселелерді шешуді предметтер үстінде амалдар орындау
арқылы көрсетіледі. Мысалы, “4 көк квадрат қойыңыз, 1 сары квадратты
және 1 қызыл квадратты сүріп қойыңыз. Неше квадрат пайда болады? 4+1+1,
мұндай мысалды қандай шешуді түсіндіріңіз (4-ке 1-ді қосамыз, 5 пайда
болады, 5-ке 1-ді қосамыз 6 пайда болады”).
7-1-1 мысал да дәл солай шешіледі. Есептеулердің жаңа тәсілдерін
үйретуге арналатын сабақта да алғаш бірнеше дайындық жаттығулары
орындалады; балалар мысалдарды (8+1+1, 9-1-1 т.б.) олардың әрбірін түсініп
шешеді. Оқытушы сұрақ береді. “Егер 1-ді және тағы 1-ді қоссақ, бәрі болып
қанша қостық? (егер 1-ді және 1-ді азайтқан болсақ, барлығы болып қаншаны
азайтық?)”.
Кезектегі үшінші кезеңде “5, 6, 7, 8, 9-ды қосу” жағдайлары үшін қосу
тәсілдері үйреніледі. Бұл мысалдарда 10 ішінде қосуда екінші қосылғыш
бірінші қосылғыштан үлкен (1+9, 2+7, 3+5, 4+6...). Егер есептеулерде
қосылғыштардың орыны ауыстырылса, ол жағдайлардың барлығы бұрын
үйренілген а-1, а+2, а+3, а+4 көрінісіндегі жағдайларға келеді.
Do'stlaringiz bilan baham: