70
Ағымдағы бақылаудың негізгі методы үй тапсырмасын тексеру және
сұрақ-жауап өткізу. Оқытушы сабақта нені және кімнен сұрайтынын
жоспарлап алуы тиіс. Оқытушы әр сабақта бұрын өтілген тақырыпты
пайдаланады, өйткені әрбір жаңа түсінік бұрын меңгерілген
білім негізінде
түсіндіріледі. Ағымдағы бақылау өтілген материалды қайта еске түсіруге
мүкіндік туғызады. Жаңа материал мен өтілген материалдың арасындағы
үздіксіз байланысты пайда етеді. Оқытушы әр сабақты жоспарлағанда
ағымдағы бақылаудың төмендегі үш түрлі көрінісін есепке алуы қажет:
а) өтілген сабақтың материалын сұрау;
ә) бұрын өтіліп, қазіргі өтілетін сабаққа байланысты болған материалды
сұрау;
б) сабақта түсіндірілген материалды нығайту мақсатында сұрау.
Оқытушы сабаққа дайындалғанда әр үш түрлі бақылау үшін де сұрақтардың
топтамасын түзіп келу қажет.
2) Аралық (тематикалық) бақылау
Оқу бағдарламасындағы негізгі ұғымдар сабақтың жүйесі арқылы
өтілген соң, немесе оқулықтағы белгілі бөлім аяқталған соң, аралық бақылау
өткізіледі. Аралық бақылау үшін арнаулы оқу, біліктілік және дағдыларды
бақылау сабағы өткізіледі. Ол оқытушының жұмыс жоспарында көрсетілген
болуы қажет.
Әрбір бөлімде меңгерілген түсініктер кейінгі оқудың жұмысын табысты
жүргізу үшін қажет болып табылады. Сондықтан аралық бақылау сабағын
өткізуге алдынғы бөлімдегі негізгі ұғымдарды қайталау, кемшіліктерді
дұрыстау қажеттілігі туындайды.
Оқытушы сұрақ жоспарына сұрақтардың топтамасын түзеді, мысал және
мәселелерді шешуді анықтайды. Нәтижеде алдынғы өтілген оқу
материалының қай сұрақтарының жақсы, қай сұрақтарының төмен дәрежеде
меңгерілгені анықталады. Төмен дәрежеде меңгерілген сұрақтарға нақтылық
енгізіледі және қайталанады. Оқушылар біліміне жараса бағланады.
Мысалы, 2-сыныпта “20 ішіндегі сандарды қосу және азайту” бөлімінен
соң ағымдағы бақылау өткізіледі.
Бағалау және баға нормалары қорытынды бақылау
Бұл бақылау тоқсан,
жарты жыл, жылдың соңында өткізіліп, оған да
арнаулы “Оқушылар білім, біліктілік және дағдыларды тексеру” сабағы
бөлінеді. Осы уақыттың ішінде алған білім бойынша сұрақтар түзіледі, жазба
жұмыс өткізіледі және бағаланады.
Қорытынды бағалауда алған балдарды топтау және оны бағалауда
оқытушы арнаулы дәптерге төмендегідей етіп жүргізсе, жақсы болады:
Аты-жөні
Үй
тапсырм
асы
Тақтадағ
ы жауабы
Партадағ
ы жауабы
Дәптерд
ің
жағдайы
Өзіндік
жұмыс
Жалпы
баға
71
1
Алимов У
4
5
5
5
5
5
2
Акбаров К
3
3
3
3
2
3
Оқушылардың білімі мен біліктіліктеріндегі негізгі кемшіліктердің
есепке алынуы оқытушыға өз жол берген кемшіліктерді білуге және
оқушылардың жетістік пен кемшіліктерін анықтауға үлкен жәрдем береді.
Оқушылардың білімін, біліктілігін, дағдысын тексеру әрдайым бағалаумен
жүргізіледі.
Оқытушы қойған баға оқушылардың өз-өзіне беретін бағамен
бірдей
болғанда ғана ең көп нәтиже береді. Оқушылардың білімін жүйелі бағалау,
олардың жетістік пен кемшіліктерін сипаттау оқытушыға сыныптағы
меңгеру жағдайын анықтауға алып келеді.
Оқушылардың меңгеруін сипаттау үшін баға да қажет. Өйткені оқушы
қаншалықты көп бағаланса, соншалықты көп дайындалуға, үй тапсырмасын
орындауға ұмтылады және үнемі сабақ үшін сергек болып тұрады.
Қазіргі кезде баға нормалары 100 балдық, оны 5 балдыққа айналдыру
арқылы жүзеге асырылуда.
“2” баға “55” балға дейін.
“3” баға “55-70” балл.
“4” баға “71-85” балл.
“5” баға “86-100” баллдың арасында қойылады.
Оқушылардың иелеуі қажет болған білім мен біліктіліктер
1-СЫНЫП
Do'stlaringiz bilan baham: