39
хандығының алғашқы астанасына айналды. Атақты Бабыр «…жұрттың айтуына
қарағанда, қазақ сұлтандары мен хандарының бірде біреуі бұл халықты дәл
Қасым хан сияқты бағындыра алмаған» деп жазды. Қадырғали Жалайыридің
Жылнамалар жинағында: «Жәнібек ханның ұлдарының
арасында аса белгілі
болғаны Қасым хан еді. Ұзақ уақыт бойы атасының ұлысында иелікетті.
Аймағындағы ұлыстарды өзіне қаратты» - деп жазды. Мұхаммед Хайдардың
деректеріне сәйкес, Қасым хан 1518 жылы Сарайшық қаласында дүние салып,
сонда жерленді.
Археологиялық
зерттеу
барысында
қалашықта
нумизматикалық
материалдардан басқа қалалықтардың көптеген күнделікті қолданыс заттары
табылды: қыштан жасалған заттар (құман, құмшы, шығыр, құмыралар, көзелер,
шырақтар, түбектер, кесе, пиала) өсімдіктер мен зооморфты өрнектер және түрлі
араб шрифтімен, сонымен бірге, трапезундық және қырым амфораларының
бөлшектері, қытай фарфорынан жасалған табақтың бөліктерімен безендірілген.
Қазбалар барысында көптеген сүйектен, темір мен қоладан жасалған бұйымдар
кездеседі. Одан басқа, ортағасырлық моншаның қалдығы табылып, зерттелді.
Сарайдан Сарайшыққа, одан әрі Үргенішке дейінгі сауда жолының
соқпақтарында құдықтар болды және керуен-сарайлар қызмет етті.
Оларды
атақты сәулет өнері мектептерінен өткен дарынды шеберлер тұрғызған қаланың
өте тамаша жобаланып салынған түзу де кең көшелері мен алаңдары болған.
Қаланың келбетінен шығыстың әсері айрықша байқалды. Керуен саудасынан
келетін түсім, әскери олжа, жергілікті халық төлейтін салық және аса мол арзан
еңбек күшінің есебінен Сарайшық қаласы тез өсті.
Соңғы жарты ғасырдағы қазба жұмыстарының бәрі ескі қаланың шет
жағындағы су құбырлары
мен кейбір шеберхана, бейіт орнына жүргізіліпті.
Бұрынғы және қазіргі қазба жұмыстары көрсеткеніндей, қала құрылыстары
24х24х5см немесе 40х20х5см көлеміндегі күйдірілген және шикі кірпіштен, түсін
жоймайтын керамикалық шаршы тастардан тұрғызылыпты. Оларға қандық
үлгідегі жылыту жүйесін пайдаланған және өте жоғары температурада шикі
кірпіштерді күйдіретін камералар болған. Сондай үлгіде ұзындығы 4,4м, биіктігі
1,65м болатын ыстық от (ауа) айдау жүйелері бар камера табылған. Қала қыштан
күйдірілген тас тұрбалар арқылы ауыз су құбырларымен қамтамасыз етілген.
Қазба жұмыстарын жүргізіп жүрген археологтар құмығып қалған құдықтардың
бірінен араб әрпінде жазылған тұмар тапқан. Арнайы темір қобдишаға салынған,
алты-жеті метрлік шыңыраудың түбінде сақталған бұл тұмар сол кездің өзінде
діннің кеңінен таралғанын және қатты қадірленгенін көрсетеді. Осы құдықтан өте
әдемі жасалған құмыралар, күміс, мыс ақшалар да табылыпты. Сарайшық
қаласында темірден құрал-сайман соғатын арнайы ұстахана болыпты. Бір
қызығы, осы ұстаханаға қажетті темір рудасын олар қайдан алды, қалай қорытты,
оны ешкім білмейді. Қала өз дәуірінің ықпалды, саяси һәм мәдени, сауда-саттық
орталығы болған. Жәнібек хан билеген тұста жаңа пұлдар шығарылған. ХІV
40
ғасырдың қырқыншы жылдары ақша беттерінде ерекше безендірілген екі басты
бүркіт, ал елуінші жылдары шешек атқан алты жапырақты гүл шоқтары
бейнеленген. Жошы ұлысы тұсында Алтын Орданың 16 шаһарында ақша
соғатын сарайлар болған деседі. Оның үш түрі, атап айтқанда, жоғарыда
табылған ақшалардың біразы Сарайшық қаласының өзінде соғылған. 1909 жылы
жергілікті балықшылардың ауына керамикалық ірі құмыра ілініп шыққан. Бұл
құмыраның иіні мен бүйіріндегі жазуларды ауыл төңірегіндегі
сауатты деген
адамдардың ешқайсысы да оқи алмапты. Құмыра сол кездегі губерния орталығы
Оралдағы мұражайға тапсырылған көрінеді. Кейін әлгі құмыраны көрген Орал
шекаралық казак әскерінің генералы Н.Дубасов деген офицер жазу көшірмесін
Ресей археологиялық қоғамның Шығыс бөліміне 1915 жылдың 16 тамызында
жіберіпті. Екі жыл өткен соң мамырдың 12-сі күні генералдың атына жауап хат
келсе керек. Онда құмырада көне қыпшақ тілінде 32 сөз өрнектелгені, дәлдеп
аударғанда иінінде Жүсіп Баласағұнның “Құтты білік” дастанындағы:
Адам көркі – жүз,
бұл жүз көркі – көз,
Ауыз көркі – тіл,
бұл тіл көркі – сөз.
Тағы көрік кісіге –
білім мен өнер,
Жанын құрбан етер білім үшін ер,
-
деген шумақ шыққан. Ал бүйіріндегі “Бұл күбіге көз жасын құяр болар” деп
жазылған. Құмыра ХІІІ ғасырда күйдіріліп, дайындалған.
Қазіргі орны Атыраудан солтүстікке қарай 50 шақырымдай жерде. Бүгінде
Атырау облысының Махамбет ауданына қарайды. Қазіргі кезде мұнда
«Ханордалы Сарайшық» музей қорығы бар. Биіктігі 17 метр болатын ескерткіш
алыстан көз тартады. Ескерткіш осы жерден жайтапқан жетіханның құрметіне
арнап қойылды. Олардың есімдері мен билік құрған жылдары құлпытастарға
қашап жазылған. Ескерткішті 1999 жылы сол кездегі Атырау облысының әкімі
Иманғали Тасмағамбетов салдырды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзі
келіп
ашты.
Do'stlaringiz bilan baham: