«сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы атырау облысы білім беру басқармасының Әдістемелік орталығЫ



Download 3,74 Mb.
Pdf ko'rish
bet23/162
Sana26.06.2022
Hajmi3,74 Mb.
#705534
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   162
Bog'liq
Jinaq123

Дәден бидің әңгімелері 
1. Бір ауылда қыз ұзату той болып,тойға келген Адай жігіттері сәл нәрседен дау 
шығарып,арты төбелеске ұласыпты. Төбелестен бір Адай жігітінің басы 
жарылып,қолы сыныпты. Бұны аяқсыз қалдыруға болмайды. Жарақаты үшін құн 
аламыз деп Дәден биге келіпті. Адай жігіттерінің арызын тыңдап болып, “екі 
жақтан да ұят болған екен”. “Көпке тиген аз тентек-Адайға тиген Таз тентек”, егіз 
ауылмыз ғой. “Бас жараланса -бөрік ішінде, қол сынса-жең ішінде” деген. Досқа 
күлкі, дұшпанға таба боларсыңдар. Ортақ абыройымызды сақтайық. Татуласып, 
қол алыңдар деген аталық сөзге келген Адай жігіттері келісіп, ризашылықпен 
тарасыпты. 2. Ел аралап,даулы мәселелерге төрелік айтып жүргенде қонып 
отырған үй иесі “Дауыңды сенің пайдаңа шештіріп беремін” деп,біреуден өгіз 
алыпты. Мұны сезіп қалған Дәден би түнде ұйықтап жатқан үй иесін 


43 
жұдырықпен ұрып қалыпты. Қапелімде шошып оянған үй иесіне Дәден би: “Өмір 
бойы аузыма арам салғаным жоқ еді, аузыма бір тышқан жорғалап келеді екен, 
соны ұрамын деп байқамай, сені ұрып жіберіппін”, -деді. Үй иесі ұялғаннан өгізді 
иесіне қайтарып беріп, Дәден биден кешірім сұрап, айыбын төлепті. 3. Өмір бар 
жерде өлім болады ғой. Дәден бидің баласы қайтыс болып,ел болып жоқтайды. 
Қайғысына алыс-жақын адамдар түгел қатысып, әр түрлі жағдаймен болыс Әбіш 
пен Сардар кешігіп келеді. Өздері ғана келе алмай, қастарына өгіздің Құл 
батырын ертіп келіпті. Келсе, Дәдекең теріс қарап, бүктесіп жатыр екен. Біразға 
дейін басын көтермепті. Сонда Құл батыр, “Дәдеке, Әбіш пен Солтамақ сіздің 
қайғыңызға уақытымен ортақтаса алмай,кешігіп келгеніне өкінеді. Басыңызды 
көтеріңіз” дейді. Сонда Дәдекең жастықтан басын көтеріп: “Бұл Әбіштің 
мезгілінде бата оқымауы дұрыс. Бауыры да, қойны да аман. Бұл ненің қадірін 
білсін?! Ал Солтамақ өзің-әкеңнен жалғызсың, сенен балаң жалғыз. Өлім көрген 
жоқсың. Сен ненің қадірін білерсің?!-деген екен. Ағаның базынасы ауыр болса 
да,інілері өкпелемепті. Алла өзі берді, өзі алды. Артынан қайырын сұрағаннан 
басқа шара жоқ қой” деп келген қонақтарына қонақасын беріп жөнелтіпті. 4. 
Дәден атамыз Қарасай биді қасына ертіп, Жетіру жеріне жесір дауына апарыпты. 
Оларды басқарушы Әбіттің Рабайының Ақшолағы Петерборға кеткен болып 
шығады. Келіп қалар деген соң үш күн күтеді. Төртінші күні елге қайтқалы 
жатқанда Ақшолақ келіпті. Ол Дәдекеңнен қай жұмыспен келгенін сұрайды. 
Дәдекең өздерінің жесірін қайтаруға келгенін айтыпты. Ақшолақ басқарушы 
“Оларды кейін қараймыз. Әзір шешпейміз” депті. Сонда мәселені шешпеуге 
ұйғарғанын аңғарған Дәден би былай деп астамсыған басқарушыны отырғызып 
кетіпті: “Әй, би, әкең атыңды “ Ақшолақ” деп дұрыс тауып қойған екен. Қазақ 
мұндай атты итке айтатын еді. Мына мәселені шолағыңнан қайтардың-ау 
шолтаң-шолтаң еткізіп“,- депті. 5. Көңілсіз жүрген бір сапарында Ойылдың 
Көкжар базарына барса, Бимырза Тұманшаұлы деген би қосшы жігіттерімен 
бірге базар аралап жүрген екен дейді. “Әй, Бимырза, бұл менің базарымда сенің 
нең бар еді” дейді. “Базар сенікі емес, менікі ғой” деп дауыс көтеріп сөйлепті. 
“Ассалаумағалейкум, Дәдеке. Кешіріңіз, базар сіздікі ғой. Мен елдің бір 
шаруасына бола келіп едім. Базарға рұқсат етіңіз” депті. “Онда бүгін маған қонақ 
бол. Шаруаңды сонан соң бітірерсің” деп үйіне шақырып, қонақ етіп жөнелтіпті. 
Ет жеп болған соң жолдас жігіттері ұйықтап қалыпты да, Бимырза екеуі таңға 
дейін әңгімелесіп шығыпты. 6. Ертеңгісіне базаршылар шаруасын бітіріп,елге 
қайтады. Жолда жігіттер Бимырза биден “ Кешегі шалың кім деген кісі, 
халықтың базарын менің базарым дегені қалай?-деп сұрапты. Сонда Бимырза би


44 
басын шайқап тұрып, “ Әй,жігіттер-ай,мен сендерді қасыма босқа ертіп жүр 
екенмін ғой. Қазақтың сөзінің парқына түсінетіндей уақыттарың болып еді-ау. 
Бұл “Шал деп”айтқандарың белгілі би Дәден деген кісі болатын. Екі аяқтыға жол 
бермей жүргеннің бірі ғой. Бірақ өмірге өкпесі бар. “Базар менікі ғой, саған мұнда 
не бар?” дегені баласы қайтып, көңілсіз жүрген кезі ғой. Сосын шерін 
тарқатайын деп қонақ қылды. Кеудесі алтын сандық қой, түнімен көп әңгіме 
тыңдап, мен де бір жасап қалдым. Ал сендер етке тойғандарыңа мәзсіңдер” деген 
екен. Дәден атамыздың соңғы баласы-Өтеулі, оның баласы-Наурызбай, 
Наурызбайдың баласы-Есенбет, немересі-Абзал. Ақтау қаласында тұрады. 7. 
“Көз жетпеген жерге сөз жетеді” деген ғой. Көкжар жәрмеңкесінен шығып, 
ауылға бара жатқан жолда бір адам артынан атпен шауып келіп,аман –саулықтан 
кейін Дәден биге “Атағың алысқа жайылып жүргенге бір үлкен,зор денелі, ірі 
адам ғой десем, сен де өзім сияқты адам екенсің ғой” депті. Сонда Дәден атамыз 
“Көрік базарына барғаным жоқ, билік айтудан қалғаным жоқ, Алла берген 
қасиетті жойғаным жоқ, шаруаң болса жолыңнан қалма, жүре бер, барған жеріңе 
осы әңгімемді айта бар” депті. 8. Арал теңізі маңына жайлап отырған Әлім, Кете 
рулары арасында қыз алыспайтын жерден қыз алысып, екі рулы ел арасында 
үлкен даулы жағдай болыпты. Билік сұрауға Дәден атамызға келіпті. Екі жақтың 
айтқан сөздерін мұқият тыңдап болып, “Бірінші қыздың сөзі-шындық. Екінші 
жігіттің сөзінде күман бар.Үшінші куә адамның сөзі-аян” деп, “Шындық, күмән, 
аян” деген үш сөзбен жігітті кінәлі деп, ауыл арасындағы дауды аяқтап, 
татуластырған екен. “Көпті көрген-көсем болады, көп сөйлеген-шешен болады” 
дегендей, Дәден атамыздың айтқан билік сөзі ел арасында әділеттілігімен 
құрметке бөленген. Адам өзі өлсе де, оның рухы өлмейді. Тірідегі қасиеті мәңгі 
сақталады. Кемелденіп, нұрланып, биік рухтары фәнидегілерді, адамдарды 
желеп-жебеп, шапағатын тигізіп жатады. 
Сөз соңында қорытындылай келе мен «Дәден Би» туралы тақырыпты 
аларда жүрексінгенім рас. Себебі, аруақты атамыздың тыныштығын бұзып 
аламын ба деп қорқып, «Дәден Ата» қауымына барар кезде Атадан рұқсат сұрап, 
«жеті-шелпегімді» пісіріп, дәретімді алып, орамалымды тағып, бар білетін сүре- 
дұғаларымды жаттап, шын ниетіммен осы жарысқа қатысып көрейін деп шештім. 
Қасымда жолдасым барлық жағынан демеу болып, мені « Дәден Ата» 
қауымына апарды. Барар жолда қиындыққа ұшырап, көлігіміз батып, жолда 1 
сағаттай тоңып тұрып қалдық. Атаға «көмектесші» деп іштей жалынып, 
«көздеген мақсатыма жете алмай қалатын болдым, жарысқа қатыса алмай 
қаламын ба»-деп іштей қорқынышыммен арпалысып отырған кезде,қайдан келе 
қалғанын білмеймін, бір топ жігіттер келіп көлігімізді сүйреп шығарып берді. 
Бізге Ата көмектескендей сезімде болдық. Әйтпесе ол жерден шығу мүмкін емес, 
немесе айналамызда бірде-бір адам жоқ,қараңғылық етек алып жатырған кез. 
Сөйтіп әупірімдеп, Ата қауымына жеттік. Ата қауымына жеткесін ерекше бір 
сезімде болдым. Сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Көзімнен жас шыға берді. 


45 
Әне барамын, міне барамын деп жүріп уақыттың тығыздығын сылтауратып, бара 
алмай жүр едім. Мінеки,» жол түсті»- деген осы... Әкем ауырып жүрген кезде 
Атаның басына анам екеуі келіп түнеп, «ауруына шипа ем бере гөр»- деп дұға 
тілеп, түнеп кетуші еді. Сол кездің өзінде мен «Дәден Ата» туралы естіп-біліп 
жүруші едім. Әттең, әкем тірі болғанда бұданда көп мәлімет жинар едім. Себебі, 
Әкем барар жолда Дәден ата туралы әңгімелерін айтып отырушы еді. 
Тағы бір мысал келтіре кетсем: Бала кезімізде есімде: Алматыдан Әкемнің 
қарындастары келіп түнеп кетуші еді. Ол кезде ештеңенің байыбына бара 
бермейміз ғой, қазір ойласам, апаларым сәби сұрап атаға жалбарынып, дұға оқып, 
арнайы арнап келеді екен. Бала сүйе алмай жүрген жастар келіп, басына түнеп, 
күндіз-түні дұға тілеп, «атадан бір перзент берші» деп сұрайды екен. Ата аруағы 
киелі. «Ата қолын жайып, шын ниетімен сұраған перзентінің алақанын құр бос 
қайтармайды екен»- дей келе мен өз жұмысымды аяқтаймын. Ата аруағы 
бәрімізді,сізді де ,бізді де тек қолдап, қорғап, желеп –жебеп жатсын деп тілеймін! 

Download 3,74 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   162




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish