«сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы атырау облысы білім беру басқармасының Әдістемелік орталығЫ



Download 3,74 Mb.
Pdf ko'rish
bet12/162
Sana26.06.2022
Hajmi3,74 Mb.
#705534
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   162
Bog'liq
Jinaq123

10
 
История Казахстана в русских источниках ХҮІ-ХХ веков. ІІІ том. Журналы 
и служебные записки дипломата А.И.Тевкелева по истории и этнографии 
Казахстана (1731-1759 гг.). –Алматы: Дайк-Пресс, 2005. -484 с. 
11
 
Казахско-русские отношения в ХҮІ-ХҮІІІ века (Сборник документов и 
материалов). –Алма-Ата: Издательство АН КазССР, 1961. -740 с. 
12
 
История Казахстана в документах и материалах: Альманах. Вып. 2.-Астана: 
«Общество инвалидов» - Чернобыль, 2012. -438 с. 
13
 
Эпостолярное наследие казахской элиты 1675-1821 гг. Сборник 
исторических документов в 2-х томах /Автор проекта, введения, биографии 
ханов, научных комментариев; составитель и ответственный редактор 
И.В.Ерофеева. –Алматы: АО «АБДИ Компани», 2014. -1032 с. Т.ІІ: Письма 
казахских правителей. 1738-1821 гг. 
14
 
Мұқтар Ә.Қ. Азаттық таңы жолында (Қазақстанның батыс өңірі: ХҮІІІ 
ғасырдың екінші жартысы және ХІХ ғасырдың бірінші ширегі 
аралығындағы тарихи жағдайлар). –Алматы: «Ғылым» баспасы, 2001. -258 
б. 
15
 
Вельяминов-Зернов В.В. Исторические известия о киргиз-кайсаках и 
сношениях России с Средней Азии со времени кончины Абулхаир хана 
(1748-1765). // Оренбургские губернские ведомости. 1753, №25, С.149-150, 
№26, С.153; Мұқтар Ә. Жарас мерген және азаттық үшін күрестегі ұрпақтар 
сабақтастығы 
У.Т. Ахметова – тарих ғылымдарының докторы, Х.Досмұхамедов атындағы 
Атырау мемлекеттік университеті 
А.Ж. Жумабаев

магистр, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік 
университеті 
ГУЛАГ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ПРОРВА ЛАГЕРІ (1932-1950 жж.) 
Елімізде 1997 жылдан бастап әр жылдың 31 мамырында Саяси қуғын-
сүргін құрбандарын еске алу күні атап өтіледі. Мақсат ХХ ғасырдың 30-шы 
жылдарындағы енлге жасалған қиянат тарихымен өскелең ұрпақты таныстыру 
және ата-баба тарихын жаңаша зерттеуді ұйымдастыру болатын. 
Қазақстанда ірі әрі қасіретке толы Қарағанды еңбекпен түзету лагері (Карлаг), 
Жезқазған еңбекпен түзеу лагерь-комбинаты (Степлаг), Отан сатқындары 


26 
әйелдерінің Ақмола лагері (Алжир) және Лагерьлердің бас басқармасының 
(Гулаг) басқа да құрылымдары жұмыс істеді. Репрессиялау және түзету 
функцияларынан басқа, лагерьлер – тұтқындардың тегін еңбегінің арқасында 
өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын дамыту аймағы болды. Жоғарыда аталған 
лагерьлердің қатарына Атырау (бұрынғы Гурьев) облысы аумағында орналасқан 
Прорва еңбекпен түзету лагерін (Прорвлаг) жатқызуға болады.
КСРО Біріккен мемлекеттік саяси басқармасының 1932 жылдың 5 
қыркүйектегі №858/с бұйрығымен басқармасы Қазақ КСР-ы, Гурьев қаласында, 
лагерь бөлімдері Каспий теңізіндегі Прорва аралында, Жайық және Еділ 
өзенінің төменгі ағыстарында орналасқан Прорва еңбекпен түзету лагері 
құрылды. Еңбекпен түзету лагерінің басқармасы және бөлімшелерінің көпшілігі 
бастапқыда Гурьев облысында болғанымен, Төменгі Еділ Біріккен мемлекеттік 
саяси басқармасына, КСРО Біріккен мемлекеттік саяси басқармасы- Ішкі істер 
халық комиссариатына, Астрахань Ішкі істер халық комиссариаты басқармасына 
бағынышты болды. Еңбекпен түзету лагерінің бір бөлімі басқармадан 800 
шақырым жерде Арал теңізінде орналасты.Лагерь Астрахань қаласы арқылы 
қажетті материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етілді [1]. 
Тұтқындардың контингенті көбінесе Каспий теңізінің солтүстік 
жағалауындағы аудандарда және Жайық пен Еділ өзендерінің төменгі ағысында 
балық аулау үшін пайдаланылды, бір бөлігі лагерьдің жеке қажеттіліктері үшін 
азаматтық құрылыста пайдаланылды. 
Контингенттердің саны 1932 жылғы желтоқсандағы 2000 тұтқын, 1934 
жылы 1 қаңтарда - 7780, 1935 жылы қаңтарда - 10 342, 1936 жылы қаңтарда - 10 
345, 1937 жылы қаңтарда - 7717, 1938 жылы қаңтарда - 6953, 01.10.38 — 5328, 
1939 жылы - 4877, 1940 жылы - 5044 тұтқын болды. 1938 жылғы 1 қазандағы 
еңбек лагерінде ұсталған 5328 тұтқынның ішінде, 774 адам революцияға қарсы 
қылмыстары үшін (РСФСР Қылмыстық кодексінің 58-бабы 1926 ж. өзгертілген), 
362 адам қоғамға қауіпті және қоғамға зиянды элементретіндесотталған [2]. 1935 
жылдың 23 қаңтарындағы Лагерьлердің бас басқармасының басшысы М. 
Берманның Прорва лагерінде 10583 адам болғаны туралы хабарламасы 
жоғарыда келтірілген цифрларды дәлелдей түседі [3]. Гурьевтегі тұтқындарды
әкелу және әкету Астрахань теңіз жолы арқылы еңбекпен түзету лагерінің 
пароходтары арқылы жүргізілді. Сотталған саяси қылмыскерлер жалпы 
контингенттің 10-15%-ын құрады. 
Лагерьде үш жағалау және төрт жүзбелі балық зауыты, сонымен қатар, 
барлауға, балық аулауға, тасымалдауға, балықты өңдеуге және өздігінен жүретін 
флотқа қызмет көрсетуге арналған 500 кеме жинағы болды. Еңбекпен түзету 
лагерінің басқармасында балық аулау және қызмет көрсету флотын құрылыс 
және жөндеу жұмыстары үшін екі кеме жасау мен жөндеу зауыты болды. 
Қауіпсіздік 
жүйесінің 
қанағаттанарлықсыз 
ұйымдастырылуына 
байланысты Прорва еңбекпен түзету лагерінен көптеген тұтқындардыңжалғыз 
және топтық қашып кетуімен ерекшеленді. Теміржолдардан біршама 


27 
алыстықтығы және жеке лагерьлердің оқшауланған позициясы да тұтқындардың 
«қашу ниеттерін» төмендетпеді. Нашар ұйымдастырылған іздестіру жұмыстары 
қашып жүргендердің көпшілігінің ұсталмай қалуына мүмкіндік берді. 
КСРО Біріккен мемлекеттік саяси басқармасының 1932 жылдың 3 
желтоқсандағы №1114 бұйрығымен Теплов Николай Владимирович Прорва 
лагерінің басшысы болып тағайындалды[4]. Николай Владимировичтен кейін 
лагерь басшылары болып, Ефрем Абрамович Зальмарсон, Александр Иванович 
Соколов, Василий Алексеевич Балашовтар болды [2]. 
1940 жылдың 17 сәуірінде Прорва лагері Астрахань еңбекпен түзету 
лагері болып өзгертілді. Түрме басқармасы дәл осы соғыс басталар шақта 
Астраханьға ауыстырылған. Кейін Сталинград майданындағы шайқас қызған 
шақта, түрме басқармасы Гурьевке керіден ауыстырылды. Гурьев қаласында 
Астраханлагтың үш бөлімшеден тұратын №1 лагерьлік бөлімі орналасқан.
Астраханлаг 1950 жылдың 9 ақпанында КСРО Ішкі істер басқармасының 
№00107 бұйрығымен жабылды [5]. Қазір бұл құпия нысан туралы архивтік 
мәліметтер Ресей Федерациясымұрағаттарында сақтаулы. Алдағы уақытта 
арнайы мұрағаттық зерттеу іс-сапарларын жүргізіп, Прорва лагері туралы құнды 
тарихи деректерді жинау маңызды болып табылады. 
Әдебиеттер тізімі. 
1Астраханские лагеря//https://astkraeved.livejournal.com/11657.html.
2 Прорвинский ИТЛ (Прорвлаг) //http://old.memo.ru/history/nkvd/gulag/r3/r3-
287.htm 
3 23 января 1935 г. - Справка начальника ГУЛАга НКВД М. Бермана об 
использовании контингентов исправительно-трудовых лагерей НКВД// 
http://istmat.info/node/28732 
4 Приказ ОГПУ СССР № 1114 от 03.12.1932//http://nkvd.memo.ru/index.php 

АстраханЛаг 
в 
Гурьеве: 
новые 
страницы 
истории 
//http://pricom.kz/gorod/astrahanlag-v-gureve-novyie-stranitsyi.html 

Download 3,74 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   162




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish