«сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы атырау облысы білім беру басқармасының Әдістемелік орталығЫ



Download 3,74 Mb.
Pdf ko'rish
bet113/162
Sana26.06.2022
Hajmi3,74 Mb.
#705534
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   162
Bog'liq
Jinaq123

Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 
 
1.«Атырау энциклопедиясы» Атырау. 2000ж. 
2.«Боздақтар» естелік кітабы. Атырау облысы. 1996 жыл. 
3.
«Дендер» Атырау 2000 жыл. 
4.
«Индер ауданы шежіре» Атырау 2006 ж. 
5.
Қаюпов К. «Аудан тарихы сыр шертеді» Индер газеті 
6.
Жылқышиев Қ. «Бес қаруын асынып, бабалар жортып өткен жер» Атырау 
2002ж. 
7.
Мұхтарұлы М. «Даңқты аға» Орал қаласы, 2005 жыл. 
8.
 
www.yandex.ru 


219 
Т.Т. Сарнияшова 
№17 жалпы орта білім беретін мектебі, 
география пәнінің мұғалімі 
 
ҚАЗАҚ МҰНАЙЫНЫҢ ТУҒАН ЖЕРІ – ҚАРАШҮҢГІЛ. 
 
Жылыой ауданында тарихи ескерткіштерге бай орындар аз емес.Олардың 
бәріде өткен өміріміз жайлы жан-жақты сыр шертіп,әлі де зерттеліп зерделеніп 
болмаған 
орындар.Соның 
бірі 
Қарашүңгіл 
қорымы 
болып 
есептеледі.Қарашүңгіл қорымы Атырау облысы,Жылыой ауданы,Аққұдық 
ауылынан 12 шақырым жерде орналасқан. Батыс Қазақстанның ең ірі көне 
ескерткіштеріне жатады.Қорымының атауын бір деректерде астынан мұнай 
шыққан сордың аты «Қара Шұңқыр» сөзінен шыққан десе,халық аузынан тарап 
келген аңыз бойынша қорым екі ғашықтың атымен байланыстырылған 
деседі.Қара атты жігітпен Шұңғыл атты қыз осы жерде қайтыс болып 
жерленген.Ойдағы қыз қырдағы жігіт бейіті екен.Екеуінің атына орай 
Қарашүңгіл аталыпты дейтін аңыз бар.Және де тағы бір тұжырым ол әулие 
Қарашүңгіл атаның құрметіне қойылған.Ойпаттағы қара балшықты ауыл 
маңындағы адамдар жел-құз ауруларына ем ретінде пайдаланатын болған.Ерте 
уақыттарды Қарашүңгілдің төменгі ойпатының әр жерінен жер бетіне кілкіген 
май шығып жататын.Ел тұзды су аралас қара майды қалқып алып,майдың 
қотырын емдейтін күз,қыс кездерінде тезекке,бұтаға тамызып,отқа жағатын. 
Жер бетіне шығып жатқан алғашқы мұнай фонтаның біздің отандасымыз 
профессор 
Апресов 
ашты.Ол 
соңғы 
жылдары 
кавказда 
жұмыс 
істеді.Ағылшындар сол жерлердің бәрін де қазып қараған.Бірақ олардың бірлі 
жарымынан болмасын,мұнай өндіре алмаған. Осыдан біз қазақ мұнайының 
бастауы қасиетті Қарашүңгіл жері болғаның білеміз.Қарашүңгілдің солтүстік 
бетіндегі ойпаттан қара тас өндіріп,оны өртеу арқылы әк жасап құрылысқа 
пайдаланған.Ірі Қарашүңгіл қорымы Ұшқан атадан оңтүстік-батысқа қарай 35 
шақырым жерде орналасқан және батыс шығыс бөліктерге бөлінді.Қорымның 
орта тұсында әулие-баба зираты бар,оның түрі жәй төбешік және басына ағаш 
қадау орнатылған. Қарашүңгілдегі шикі кірпіштен қаланған бір камералық 
кесенелер түрлері ерекше қызықтырады,олардың көпшілігінің кедбеті киіз үй 
пішіндес келген.Қарашүңгілдегі ескерткіштер ерекшеліктері, негізінен Адай мен 
Кете руына тән келеді.Қорымның көлемі 20 га,900-500 ден астам әр түрлі 
ескерткіштер бар. Статистика бойынша 15 дәстүрлі кесене, 10 сағанаттам, 238 
құлпытас, 8 қойтас, 2 сандықтас,702 қоршау,60 қабір үсті үйіндісі бар.Қорым 
Маңғыстау 
мен 
Үстірт 
арасында 
көшіп 
қонып 
жүрген 
Адай,Шекті,Есентемір,Шеркеш,Кете руларының өкілдері жерленген қауымдық 
қорым ретінде белгілі.Қорымның батыс беткейінде зират етушілерге арнап түнек 
үй салынған.Тәуелсіз Қазақ елінің тарихы сан тараулардан тұратындығы 


220 
баршаға белгілі. Соның ішінде сонау кеңес заманынан бері қарай 
экономиканың,шаруашылықтың өндірістің қалыптасуы.Қазақстанда мұнай 
өндірудің пайда болуымен,одан әрі дамуымен тығыз байланысты.Мұнай 
кәсіпшілігінің қарыштауы өлкемізде өндірістің өркендеуіне жол ашты,қазақ 
мұнайшыларының жұмысшы тобы қалыптасты,халықтың ырысы мен дәулетін 
молайтты. Отандық мұнай газ өнеркәсібінің бүгінгі таңдағы беталысы еліміздің 
жарқын келешегінің кепілі іспеттес.Барша қауыммен бірге үшінші мыңжылдық 
табалдырығын аттаған.Қазақстан дүниедегі ірі мұнайлы елдердің біріне 
айналуда. Бүгінгі күннің береке молшылығы қайдан келді? Халқымыз «қара 
алтын» деп атап кеткен мұнай өндірісінің қалыптасуы кезеңі,арғы-бергі тарихы 
кімді болса да қызықтыратыны сөзсіз. Екіншіден мұнайшы мамандығын таңдап 
өмірлік мақсатына орай өскелең ұрпақ өзіне дейінгі аға буынның жасампаз 
істерін жадына жаттаса айып па? Патша үкіметі тарапынан рұқсат алған кәсіпкер 
Н.Н.ЛЕМАН ұзақ уақыт әуре болғанымен мұнай көзіне кезіге алмайды.Каспий 
тенізінің солтүстік шығыс жағалауында Жем өзенінің оңтүстігін ала орналасқан 
Қарашүңгіл мен Қарабан кен орындарынан басқа жерден мұнай алу үміті 
үзіледі.Н.Н.ЛЕМАН бұл жерден жалпы ұзындығы 235 метрге жететін 21 ұңғы 
бұрғылайды.Ақыры 1899 жылы 12 қарашада №7 ұңғыдан 42 метр тереңдіктен 
мұнай бұрқағы атқылайды.Бұрқақ көзі бітеліп қалғанға дейін 18 сағат бойы 
шапшиды.1899 жылы Қарашүңгіл ұңғысы 5 мың тоннаға жуық мұнай 
береді.Каспий теңізінің шығыс жақ бетінде,теңізден 30-40 шақырым жерде 
Қарақұм қонысы жатыр.Ол елдің бағзы мекені,ежелгі қонысы.Жаңбырлы 
жылдары жайқалып-ақ кетеді.Кешкіл төбенің 3-4 шақырымдай шығыс бетінде 
аспанға ұшатын ракетадай самғаған ақ-сары нәрселер күнмен шағылысып тұрған 
қаптаған қадалар.Жанына келсең,ракетаға ұқсатқаныңыз бозтастан қалаған 
күмбезді шошоқ молалар да,қаптаған қадалар дегеніміз-Маңғыстаудың 
ұлутасынан 
жасаған 
құлпытастар 
болып 
шығады.Бұл-Қарашүңгіл 
қорымы.Кәдімгі Ембі мұнайының алтын дариясының алғашқы бастауы 
атқылаған жер.Қарашүңгілдегі зираттар біраз жерді алып жатыр.Әр кездің,әр 
түрлі бейіттер:қара тастан жасалған қораша бейіттер қара тастан жасалған 
қораша бейіттер,үштас,бестас,қойымдықтар,кереге,тамдар,күмбезді молалар 
бар. 
Қорытындылай келгенде 1999 жылы егеменді Қазақстан Республикасы 
Қазақстан мұнайының 100 жылдығын тойлады. Бұл ұзын сонар тарих көші үшін 
онша көп уақыт та емес. Соған қарамастан уақыт тозаңы көп нәрсені көмескі 
тартқызыпты. Бұған бір жағынан отызыншы жылдардың ойраны да себеп. 1931 
жылы ел табаны сетінеді. Көп ауылдар ата мекендерінен босып, көшіп кетті. 
Өңірден бастап мұнай өндірген Нобель алпауыттың «Урал- Каспий мұнай 
қоғамы» атты компаниясы Кеңес үкіметі орнасымен табанын жалтыратты. 
Олардың көп құжаттарын өздерімен ала кеткені белгілі. Содан келіп қазақ 
даласындағы мұнай ең әуелі дәл қай жерден шықты деген сауал жауабы екі 


221 
Тұдайлыққа түсті. Қарашүңгілдің құбыла бетінде қазір ескі жұрт орны жатыр. Ол 
жай жұрт емес. Экспедиция орны. Жем бойында алғаш құрылған ірі барлау, 
бұрғылау мекемесі «Қаратон бұрғылау конторы» деп аталды. Қаратон - сол 
өңірдегі белгілі кенорны. Ол Атырау, Маңғыстау бұрғышыларының 
қарашаңырағы іспетті. Алғаш Түбіжікке келген барлаушылар партиясы 
«Қаратон» деп аталу себебі содан. Қарашүңгілге өткен ғасырдың 40-50 
жылдарының астасқан уағында келіп барлау жүргізгендер осы қаратондықтар, 
бірер бұрғылау бригадасы. Солай жүргізілген барлау нәтижесі Қарашүңгіл 
мұнайының беткі қатпарда жатқан қоры шағын көлшімек екенін дәлелдеді.Соған 
қарамастан ол қазақ мұнайының басында тұрған киелі атау. Ұлы көш содан 
басталды. Содан өкше көтерді. Академик Губкин бұл өлкенің мұнайға қатысты 
үлкен болашағы туралы болжам жасағанда қаперге алдымен Қарашүңгіл сияқты 
шағын кен орындарын алғандығында сөз жоқ. Ә.Кекілбайұлының 
«Шыңырауында» жерасты суының ұлы арнасына бару үшін Еңсеп құдықшы 
әуелі одан бөлініп шыққан кіші, ұры көздерді ашатын еді ғой. Мұнай іздеу де сол 
сияқты. Қарашүңгіл, Доссор, Мақат, Құлсары, Қар арна, Қаратон, Сарықамыс, 
Қисымбай солай жалғасып келіп аяғы алып Теңізге ұласты.Қарашүңгілден мұнай 
табылмаса жалпы Жем, Атырау өңірін барлау, кен көзін ашу тым ұзаққа созылып 
кетер еді. Ал Маңғыстаудың үлкен мұнайына ұлы жол Жем бойынан басталғанын 
білеміз.Қарашүңгіл - ел аузында киелі орын. Әулие делінеді. Басына түнеп зиярат 
етеді. Ғасыр тоғысында одан атқылаған мұнайдың бір күнде сап тиыла қалғанын 
халық әулиенің кереметі деп түсінген. Қарашүңгіл басы да елсіз екен. Түнеу хана 
үйіндегі жинақылық мұнда маңайдың жиі-жиі ат ізін салып тұратынын 
аңғартады. Біздің қолымызда архивтік құжат, ленинградтық геологтардың 
Қарашүңгілден жасаған түсірімі, суға, топыраққа жасалған сараптама 
қорытындысы бар еді. Ол құбыланама рөлін атқарды. Алғашқы мұнай алынған 
ұңғы сақталмапты. Дегенмен маңайдағы жол сорабы, басқа да белгілер арқылы 
шамалағандай болдық. Мұндағы ескерткіштер негізінен саман кірпіштен 
соғылған екен заманында. Олардың сұлбасы ғана қалыпты. Ал тастан қаланған 
күмбез молалар, сағана тамдар, құлпытастар, біршама жақсы сақталыпты. 
Мереке қарсаңында Қарашүңгіл басында оның Қазақстан мұнайының 
бастауы болғандығын айғақтайтын ескерткіш белгі қойылды. Қазақтың сайын 
даласында тағы бір жәдігер дүниеге келді. Қасиетті Қарашүңгіл қазақтың «қара 
алтын» қазынасының бастауы атын қайта жаңғыртып, қазағының жаңа 
тұрпаттағы тарихымен табысты. 

Download 3,74 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   162




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish