Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Назарбаев Н.Ә. «Қалың елім, қазағым» Алматы. «Өнер» 1998 ж.
2.
Назарбаев Н.Ә. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру және «Ұлы даланың жеті
қыры» атты бағдарламалық, тарихи мақалалары.Егемен Қазақстан газеті.
3.
Нұрмағамбетұлы Ә. «Жер судың аты – тарихтың хаты» Алматы. «Балауса»
баспасы – 1994 ж.
4.Қазақстан тарихы әдістемелік журналы. №1.2005 ж.
5.Атырау энсоклапедиясы «Атамұра» баспасы. 2000 ж.
6.
Дендер – бес қаруын асынып бабалар жортып өткен жер. Алматы «Манас»
баспа үйі. 2000 ж.
7.
Суханқұлов Б. «Жүрегімнің лүпілі». Өлеңдер. «Ағатай» баспасы Атырау
2007ж.
8.
Алтын орда – үн қағазы. №38.2007 ж.
9.
Жолдасова З. Б. «Іздеген жетер мұратқа» Атырау 2006 ж.
10.
Садуақасұлы Ә. «Тарихынды танып біл» Алматы 1996 ж.
11.
Балтабай Е. «Отан сүйгіштік тәрбие өлшемдері» Қазақстан мектебі 11.12.2002
ж.
Т. К. Аренова
М.Әуезов атындағы орта мектебі,
тарих пәні мұғалімі
ОТАН ҮШІН ОТ КЕШКЕН ЖАУЫНГЕР
Еліміздің Тұңғыш Президенті рухани жаңғырудағы ұлттық сананың рөліне
баса назар аударып, бірнеше міндетті айқындап берді. Нұрсұлтан Әбішұлының
идеясы тарихқа деген көзқарасты түзету мен ұлттық бірегейлікті сақтап, ұлттық
сана-сезімнің көкжиегін кеңейту жайлы болып отыр. Қазақ елінің кез келген ай-
мағында ежелгі, орта ғасырларға және жаңа заманға қатысты тарихи жәдігерлерді
немесе деректерді көптеп кездестіруге болады. Мәселе соны танып біліп, табыл-
ған мәліметтерді жүйелеп, зерделеп, жастар тәрбиесінде тиімді пайдалана білуді
үйренуде. Адамзат тарихында теңдесі жоқ, ең қаһарлы, қаңды қырғын болған
216
екінші дүниежүзілік соғыс әлемге қисапсыз қайғы қасірет әкелді. Жер бетіндегі
бейбіт өмір мен тыныш тіршіліктің тағдыры қыл үстінде тұрды. Әсіресе,
басқыншы гитлершіл фашизмге қарсы бітпес азаттық күресіне көтерілген біздің
бауырлас халықтарымыз үшін бұл алмағайып уақыт ауыр сын болды.
Ел басына күн туған қатерлі шақта кеуделерін от пен оққа тосқан
миллиондаған ержүрек жерлестеріміз ортақ Отанымыздың бостандығы мен
тәуелсіздігін қаһармандықпен қорғады. Туған жер төсін қасық қандарымен
суарған қаншама қайран боздақтар азаттық жолында жандарын пида етті. Осы
сын сағатта естияр баладан еңкейген кәріге дейін өмір мен өлім белдескен алапат
шайқасқа шыққан халқымыздың тең жартысын тізе бүктірген азулы да айбаты
жауды тек өзара ынтымақ, тығыз топтасқандық, бірлік, төзімділік пен қайсарлық
мінез көрсету арқылы ғана күйрете жеңіп шыққаны да шындық.
Индер ауданынан майданға аттанған 3800-ден аса адамның 1855-і оралмай
қалды. «Қара қағаз» келген отбасына қариялардың көңіл білдіру үшін«Тұяғы
бүтін тұлпар, қанаты бүтін сұңқар жоқ» деп айтатын сөзі соғыс жылдарында
кімнің көңілінде болса да жатталып қалды. Айтса айтқандай, соғыс тауқыметі
мен қасіретін көрмеген отбасы жоқ десе боларлық.Майдан мен тыл, бірі
мылтықты, бірі мылтықсыз шайқас. Майдандағыларды оқ қинаса, елдегілерді
жоқтық қинаған еді. Әйтсе де, асқан төзімділікпен жеңіске жеттік. Көктемнің
жайма шуақ күні 1945жылғы 9-шы мамыр біздің еліміздің шежіресінде мәңгі –
бақи ұмытылмас жарқын бет болып қалды.
Майданға кеткен ерлерінің орнын басқан сол кездегі желкілдеген уыздай
жап-жас келіншектер өздерінің қажырлы еңбектерімен жеңіс күнін жақындата
түсуге айрықша үлес қосты. Иә, дүркіреп өткен соғыс талайлар тағдырына
өшпестей із қалдырды.
Екінші дүниежүзілік соғыс деп айдар таққан сұрапылдың да Жеңіспен
аяқталғанына биыл 74 жыл болады. Дегенмен, 1941-1945 жылдар аралығын
қамтыған ұлы шайқастың қашан да орны бөлек. Ол соғысқа біздің ауданнан 3800
адам қатысса, 1050 жерлесіміз ұрыс даласында мәңгілікке қалды. Олардың
бірқатарының дерегі елге жетсе, тағы 1030-ының нақты мәліметі әлі қолға тиген
жоқ. Ал біздің ортамызда жарын күткен ананың, әкесін аңсаған баланың көз жасы
құрғады деп кім айта алар.Есбол топырағынан майданға аттанып, Кеңес
Одағының Батыры атанған Боран Нысанбаев (Көктоғайдан), Иван Федорович
Махорин (Аққала), Иван Николаевич Березин (Есбол), жауынгерлік «Даңқ»
орденінің үш дәрежесінде кеудесіне тағып елге, Ынтымағына оралған Гавриил
Петрович Шамин есімдерін баршамыз ардақ тұтамыз.Батырлардың есімдері
мектепке, көшелерге беріліп, өз ауылдарына ескерткіш тақтайшалар орнатылды.
Боран Нысанбаевтың қаза тапқан Лески деревнясына индерліктер бір емес,
бірнеше рет барып тағзым етіп, ерекше қасиетті іс тындырып жүргені- ұрпаққа
ұлағат болар іс.
217
Отан соғысының ізінде әлі де ашылмай жатқан ақиқаттар, еленбей қалған
ерліктер, елеусіз жатқан ерлер қаншама?... Оны ашып анықтау белгісіз болып
жатқан тағдырларды тауып елге танытып,оларға қамқорлық жасау, жас ұрпаққа
дәріптеу, біздің, қасиетті парызымыз.
Өлкемізде туылып, Ұлы Отан соғысына аттанған жауынгерҚажығалиев
Өтен.Оның есімі кешегі қанды қырғын соғыстағы жеңіс тарихымен біте
қайнасып жатыр. Жеңіс күнін жақындатуға жол салған десе де болады.
Кажыгалиев Өтен 1918 жылы 15 маусымда Орал губерниясы Гурьев
уезінде Жазықбай жерінде Қонақбайұлы ҚажығалидаӘсия, Өтен, Арен, Арон,
Қаныш, Аралха деген бес баласы болған. Қажығалиев Өтен осы шаңырақта, орта
шаруа отбасында дүниеге келген. 1935 жылы «Правда» колхозында шөп жауып,
мал баққан. 1942 жылы наурызда әскер қатарына шақырылып, Уфа қаласында
алты айлық танк десантының дайындығынан өткен. 1942 жылы 8 наурызда
аудандық әскери комиссардан шақыру қағазын алып, соғысқа аттанған. Соғыс
кезінде 58 –ші Қызыл жұлдызды танк взводында болған. ІІІ дәрежелі «Даңқ»
орденін иеленген. Сонымен қатар «Ерлігі үшін», «Ұлы Отан соғысында
Германияны жеңгені үшін» 9-мамыр 1945 жылы, «Варшаваны алғаны үшін»,
«Праганы алғаны үшін» медальдармен марапаталған. Кеңес Одағының жоғарғы
бас қолбасшысы Сталиннің бұйрығымен соғыстағы үздік жетістіктері үшін үш
алғыс қағазын алған. Минск, Варшава, Прага, Цеханов, Жаңа Място, Дзялдова,
Любегин, Данциг қалаларын азат етуге, Дайтш – Айлау қаласын алуға
қатынасқан.
Мәжит Мұхтарұлының Социолистік еңбек ері Қ.Шүйінішқалив туралы
жазған «Даңқты аға» кітабында Қажығалиев Өтен өзінің «Даңқ» орденін қалай
алғаны туралы естелігімен бөліскен.
Қажығалиев Өтен
с
оғыстан кейін елге оралып, «Правда» совхозында еңбек
еткен. Көп жылғы ерен еңбегі еленіп, 1978 жыл мамырда «Еңбек ардагері»
медалін иеленген. Соғыстан келгеннен кейін Шынкеева Акбілекпен отау
құрғанымен артында ұрпақ болмаған. 1998 жылы 8 тамызда дүниеден өткен.
Ұлы Жеңіс күндерінен бері қаншама уақыттар өтті...Бұл жойқын
шайқастың тарихы түгел жазылып нүктесі қойылған жоқ. Ол мүмкін де емес.
Сөз соңында айтарым, туған өлкемізде осындай батыр рухты қазақтар
қаншама?Мені қатты толғандырған Қажығалиев Өтеннің есімінің бірде-бір Ұлы
Отан соғысы жылдары туралы жазылған аудандық немесе облыстық кітаптарда
аталмауы. Ментек бір ғана адамның өмірін, еңбегін жазып отырмын. Ал соғыс
кезінде жан қиярлық ерлік көрсетіп ескерусіз қалып жатқан жан қаншама?
Қай уақытта да, қай заманда да адамдар үшін Отан қорғаудан қымбат ештеңе жоқ.
Соғыстың бел ортасында жүріп, кейін елге оралғанда да өз еңбегімен көрінген
жанның ерлігін кейінгі ұрпаққа дәріптеу біздің міндетіміз.
Білім беру саласында өлкетану жұмыстарын жүргізудің маңыздылығы да ұлы
даламыздағы ұлы есімдерді дәріптеумен құнды. Себебі өз өлкесі туралы тарихын
218
зерделеуде білім алушылардың білімін жаңа мәліметтермен толықтырып, өзіндік
ізденіске бағыттау, мұрағат материалдарын қолдану, азайып бара жатқан көне көз
қариялармен әңгімелесіп, деректер жинақтап,оның барлығын ұрпаққа мұралыққа
қалдыруымыз қажет. Бұл оқу процесін жоғары сапалық деңгейге көтереді. Мен
өз тәжірибемде оқушылардың өзіндік ізденісіне көп көңіл аударамын. Сонымен
қатар оқушыларды ізденіске бағыттау барысында сабаққа қатысты тың
мәліметтер жинауға мән беріп отырамын. Білім алушылардың өзін тұлғалық
анықтауы ұлттық мәдениет пен тарихи дәстүрді қабылдауымен тығыз
байланысты. Тарихи сана – бұл тарихты білу, тарихи тәжірибе мен оның
сабақтарын ұғынып түсіну, әлеуметтік болжау өз іс-әрекеті үшін тарихи
жауапкершілікті түсіну. Оған қоса оқу-тәрбие процесінің маңызды құрамдас
бөлігі болатын тарихи білім тұлғаның, азамат пен патриоттың қалыптасуына
жәрдемдесуі тиіс. Сондықтан да «Қазақстан тарихы» пәні білім алушыларды
тарихи оқиғалармен таныстырып қана қоймай, оған қоса ғасырлар бойы Ұлы
Дала
кеңістігінде
қалыптасқан
ұлттық
құндылықтарды
түсінуге
жетелейді.«Өскен ел тарихын таспен жазады, өшкен ел тарихын жаспен жазады»
деген мақал бар. Туған жері мен елі туралы білімін жетілдіріп, сол арқылы
Отанын сүйген азаматтық рухты қалыптастыра білсек, біздің еңбегіміздің жемісі
сол болмақ.
Do'stlaringiz bilan baham: |