.
# 5 (295)
.
January 2020
365
Young scientist Kazakhstan
Аталмыш принциптер кәсіпорынның экономикалық по-
тенциалын бағалау үшін түйінді көрсеткіштерді анықтауға
негіз болады. Экономикалық потенциал құру және оны пай-
далану тиімділігін бағалау кәсіпорын қызметінің маңызды
экономикалық параметрі. кәсіпорын жағдайын бағалау және
бақылаудың экономикалық механизмінің шаруашылық ету
Нарықтық жағдайда экономикалық ресурстарды қа-
лыптастыру және пайдалану тиімділігі саласындағы
кәсіпорынның хал жағдайын бағалау және басқарудың
экономикалық тетіктерінің ғылыми негізделудің болмауы
шаруашылық субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін
және инвестициялық белсенділігін төмендетеді.
Кәсіпорынның тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету
және қолдау үшін экономикалық потенциал құрауышта-
рының болуымен шектелмей, оны кешенді бағалау қажет-
тілігін ескеру керек.
Заманауи ғылыми еңбектерде және оқу әдебиеттерінде
кәсіпорынның экономикалық потенциалың бағалаудың
кең таралған және дәстүрлі әдістеріне келесілер жатады:
кәсіпорынның нарықтық құнын бағалау әдісі, экономи-
калық потенциалды кешенді рейтингтік бағалау әдісте-
месі, кәсіпорынның қаржы қызметін бағалау әдісі.
Көрсетілген әдістерге жеке тоқталып кетер болсақ:
1. Кәсіпорынның нарықтық құнын бағалау 3 тәсіл
бойынша жүргізіледі. Нақтырақ айтсақ:
– Tабыстық — кәсіпорын потенциалын талдау, оны
пайдаланудан түсетін таза экономикалық нәтижелер ағы-
мының көлеміне байланысты болатын;
– Шығындық — кәсіпорынның келтірілген шығында-
рының негізінде;
– Салыстырмалы немесе нарықтық — талдау басқа
да ұқсас кәсіпорындармен салыстыру арқылы жүргізіледі.
2. Кешенді рейтингтік бағалау әдістемесі кәсіпо-
рынның қаржылық-шаруашылық қызметін талдауға сүй-
еніп жүргізіледі. Аталған әдістеме құрамына рентабель-
ділік көрсеткіштері, қаржылық тұрақтылық, іскерлік
белсенділік және өтімділік көрсеткіштері кіреді. Жоға-
рыда көрсетілген әдіс, алынған нәтижелерді қалыпта-
сқан нормамен салыстыру арқылы белгілі бір рейтингке
шығуға мүмкіндік береді [3, 4].
3. Кәсіпорынның қаржы қызметін талдау әдісі кәсіпо-
рынның мүліктік және қаржылық жағдайын анықтайтын
коэффициенттер жиынтығынан құралады.
Қарастырылып отырған әдістерінің барлығында, эко-
номикалық потенциалды бағалау шаруашылық қыз-
метінің нәтижесін сипаттайтын көрсеткіштердің нақты
мәнін пайдалану арқылы жүргізіледі.
Бұл ретте нарықтық құнын бағалау әдісіндегі табы-
стық және салыстырмалы тәсілдер, сонымен қатар ке-
шенді рейтингтік бағалау әдісі кәсіпорын экономикалық
потенциалының нәтижелілік құрауышын ғана сипат-
таса, шығындық әдісте ресурстық құрамдасы пайдала-
нылады.
Қаржылық қызметті бағалау әдісінің экономикалық
потенциалдың екі құрауыш бөлікті де, яғни ресурстық
(мүліктік потенциал) және нәтижелілік (қаржылық
жағдайы) бөлікті қамтуы осы әдістің артықшылығы болып
табылады. Алайда, бұл әдіс те кемшіліксіз емес:
– мүліктік және қаржылық құрауыштар дара-дара,
өзара әрекеттестік факторы есепке алынбай бағаланады;
– болашақты ескермей, тек нақты потенциал бағала-
нады.
Сонымен, көрсетілген ақпараттарға негізделе отырып,
«экономикалық потенциал» категориясы — бұл ең ал-
1-сурет.
Do'stlaringiz bilan baham: |