.
# 5 (295)
.
January 2020
359
Young scientist Kazakhstan
туристер ағынын молайта түсуіне қолайлы жағдай жа-
сайды.
Туризм — бұл адамның сабақтан, жұмыстан бос
уақыттында белсенді демалу және табиғат аясында бос
уақытын өткізу, денсаулықты нығайту және т. б. мақ-
сатында ұйымдастырылған саяхат. Саяхат мақсатына
байланысты туризм: танымдық, медициналық, рекре-
ациялық, сауықтыру, спорттық, қажылық, іскерлік,
транзиттік, ностальгиялық деп бөлінеді. Спорттық ту-
ризм — бұл қызықты, күрделі, қауіпті уақыт өткізу түрі.
Көптеген турист — спортшылар үшін, бұл туризмнің түрі
ойын-сауық емес, өмір салты болып табылады. Соның
ішінде спорттық туризмнің бір түрі — экстрималды ту-
ризм. Шытырман оқиғалы туризм дегеніміз не? Бұл рухты
ұстайтын демалыстың түрі. Шытырман оқиғалы туриз-
мнің мақсаты — қалған адамдар барудан қорқатын жер-
лерге бару, өзінің қорқыныш сезімін сезіну. Баяндамада
Маңғыстаудағы экстремалды туризмды қандай түрлерін
дамытуға болатынын қарастырамыз [1].
Шытырман оқиғалы туризм әлемнің туристтік на-
рығының 10% алып жатыр. Шытырман оқиғалы туризм
дамуының себептері: біріншіден, мораль мен талғамдардың
өзгерісі; екіншіден, кез-келген экстремалды спорт адамда
қауіп төндіретін андреналиннің күшті толқуын «береді»,
бұл сізге күнделікті өмірде көрінбейтін адамның ерекше
реакциясын сезінуге мүмкіндік береді; үшіншіден, бұл әсер
мен эмоциялар. Бұл шытырман оқиғалы спорт осындай қа-
білеттерге ие; төртіншіден, өзінізді сенімдірек сезініп, де-
прессиядан да емдеу мүмкін және әртүрлі кедергілерден
қорқыныш сезімі азаю мүмкін [2].
Маңғыстауда шытырман оқиғалы туризмді дамы-
туға толық мүмкіндік бар. «Маңғыстау облысында ту-
ризм дамымаған» деген секілді сөздерді әртүрлі интернет
желілерінен естіп әрі көріп жүрміз. Каспий теңізі бар, 362
әулие бар, ашық аспан астында жатқан көрікті жерлер,
табиғат ескерткіштері де бар соның өзінде де мұнда
адамдар аз келеді. Бұл қалай болғаны десек, Маңғыстауға
демалуға келетін адамдарға қарағанда, Маңғыстаудан
басқа облыстарға, қалаларға немесе шетелдерге кететін
адамдар көбірек. Яғни бірінші біз осы Маңғыстаудағы
адамдарды қызықтыруымыз керек деген ойдамыз.
Маңғыстаулықтарды және туристтерді не қызықтыруы
мүмкін?
1. Серфинг — жүздеген жылдар бұрын Тынық мұхиты
аралындағы тұрғындар ойлап тапқан. Бұл спорт түрі сол
уақыттан бері мүлдем өзгермеген — серферлер бұрынғы-
сынша толқындарда сырғанау үшін тақтайларды пайдала-
нады. Толқын қаншалықты көп болса, тапсырма да қы-
зықты өтеді.
2. Кайтсерфинг — (ағылш. kite — қайық және board —
бортқа міну) — спортшының қол астында ұсталып, басқа-
ратын айрықша жасаған тартпа әсерінен қозғалысқа не-
гізделген спорт.
3. Вейксерфинг — қайыққа мінудің бір түрі. Бұл клас-
сикалық серфингтің оңай түрі. Моторлы қайықтың ар-
тына жалғасқан арқан арқылы толқында сырғанау.
4. Парасейлинг — белсенді демалыс түрі, бұл кезде
адам ұзақ тростың көмегімен қозғалатын көлік құралына
(әдетте катерге) және арнайы парашюттің әуе арқылы
парит болуына байланысты бекітіледі.
5. Банджи-джампинг — Ресейде жиі «тарзанка» деп
аталатын аттракцион, бірақ орыс тарзанкасымен ортақ
емес.
6. Баллонинг — әуе шарында болу. Бүгінгі таңда ту-
ризмнің бұл түрі кәсіпорын жүйесінің бірегей және та-
бысты саласы болып табылады және барлық адамдардың
назарын қызықтырады. Баллонинг-бұл бай туристер үшін
арналған ойын-сауық.Ұшақтардың пайда болуымен әуе
шарына саяхат тоқтатылды, бірақ туризмнің бұл түрі бү-
гінгі күнге дейін рекреациялық мақсатта пайдаланылады.
7. Парашютизм — парашюттерді қолданумен байла-
нысты авиациялық спорттың бір түрі. Парашютизмнің
мақсаттары мен міндеттері үнемі өзгерді. Егер бастапқыда
парашют өмірді құтқаруға арналған болса, кейінірек ол
десант дайындаудың маңызды элементі болды. Қазіргі
заманғы парашюттік спорт күмбезді акробатика, жерге
қону, фристайл сияқты әртүрлі әртістік спорт түрлері,
топтық акробатика және фрифлай сияқты еркін құлауда
қайта құру сияқты спорт түрлерін қамтиды.
8. Планер спорты (планеризм) — белсенді демалыс
түрі және пилоттар планерлер деп аталатын арнайы ұшу
аппараттарында тартымсыз ұшатын спорт түрі. Жақсы
ауа райы жағдайында тәжірибелі ұшқыштар үй әуеай-
лағына оралғанға дейін 100 километр қашықтыққа ұшу
жасай алады. Дегенмен, ауа райы нашарлаған кезде
жоспарланбаған жерге қону қажеттілігі туындауы мүмкін,
бірақ мотопланерлердің ұшқыштары қозғалтқышты іске
қосып, бұдан құтыла алады [3].
Серфинг, кайтсерфинг, вейксерфинг, парасейлингті
жазғы уақытта Каспий теңізі жағалауында ұйымдастыруға
болады. Ал банджи-джампинг, баллонинг, парашюттен
секіру, планер спорт түрлерін Маңғыстаудың таулы жер-
лерінде, мысалы: Шерқала, Айрақты, Қаратау, Бозжыра,
Жығылған сияқты адемі жерлерде ұйымдастыруға болады.
Арнайы белгілі бір жерлерді таңдау, құрал-жаб-
дықтармен қамту, қауіпсіздік ережелері сақтау, сонымен
қатар қолжетімді бағалар болса туристтер мен жер-
гілікті халықтың шытырман оқиғалы туризмге деген қы-
зығушылығы артуы мүмкін деген болжам бар.
Мұндай ойлар әртүрлі шетелдік шоуларды көр-
геннен кейін туындады. Шетелдерде осындай спорт түр-
лері жақсы дамыған. Неге бізде байқап көрмеске? Қазіргі
кезде Ақтау қаласында серфинг, кайтсерфинг бар, бірақ
қаламызда осы спорт түрлерімен көбіне өзге ұлт өкілдері
ғана айналасатынын байқадық. Және бұл спорт түрлері
арқылы көпті қызықтыруға болады.
Бұл ойдың пайдасы мен қатар зияны да бар болуы
сөзсіз. Аталған заттарды қолжетімді қылу, халыққа ұсыну
көп жұмысты талап етеді. Осы спорт түрлері қызық болға-
нымен, адам өміріне, экологияға да зардабын тигізуі әбден
мүмкін. Бірақ ондай жайттардың болмауы үшін жақсы да-
ярланған мамандармен жұмыс жасау керек. Мұндай спорт
«Молодой учёный»
Do'stlaringiz bilan baham: |