Развитие экстремального туризма в Мангистауской области Казахстана
Ерланкызы Акжан, студент;
Научный руководитель: Жангожаева Эльвира Темирхановна, старший преподаватель
Каспийский государственный университет технологии и инжиниринга имени Ш. Есенова (г. Актау, Казахстан)
В статье рассматриваются вопросы развития видов туризма, связанных с экстремальными видами
спорта, в Мангистауской области Казахстана. Выделены основные виды спорта, которые могут обеспе-
чить туристическую привлекательность региона.
Ключевые слова:
экстремальный туризм, спортивный туризм, серфинг, кайтсерфинг, вейксерфинг, пара-
сейлинг, банджи-джампинг, баллонинг, парашютный спорт, планерный спорт.
Б
үгінде әлемнің алдыңғы қатарлы 30 елінің қатарына
кіруге ұмтылып отырған тәуелсіз Қазақстанның ал-
дында тұрған ұланғайыр міндеттер аз емес. Бүкіл төрткүл
әлеммен тығыз байланысымыз әр салада күшейіп, ба-
рыс-келіс үдей түскен қазіргі кезде экономиканың тынысын
ашатын тағы бір шұрайлы жол — туризм индустриясын
дамыту болмақ. Әлем сарапшыларының нақтылауына қа-
рағанда, туризм индустриясы мұнай-газ саласынан кейінгі
ел қоржынын толтыруда екінші орында тұрған көрінеді.
Н. Ә. Назарбаев Назарбаев 2018 жылғы жолдауында ту-
ризмнің жұмыс орындарын құруда өнеркәсіпке қарағанда,
10 есе арзанға түсетінін де қаперге салды. Президенттік
Ұлт жоспарының 57-ші қадамында да туристік кластерлер
құруда үздік тәжірибесі бар стратегиялық инвесторларды
тарту қажеттігіне арнайы тоқталып өтті.
Құс қанаты талатын, әлемде көлемі жағынан алғанда
тоғызыншы орын алатын Қазақстанда туризмді дамытуға
әлеует жеткілікті. Кең байтақ қазақ жерінде табиғаттың
өзі бере салған шұрайлы өлке, кім-кімді де өзінің көркем
келбетімен тамсандыра алатын тұмса табиғат аз емес.
Іргедегі Бурабай, Баянауыл, Ұлытау бөктері, Шарын
шатқалы, Алтай мен Алатау арасы, бүкіл түркі жұртының
рухани астанасы дерлік Түркістан, Каспий жағасындағы
Кендірлі демалыс аймағы, Ақсу-Жабағылы, және басқа
да жасыл өлкелер мен көрнекті орындар аз емес. Бүгінде
тіпті Қытай, Ресей, Қазақстан болып, үш жақтап «Ұлы
Жібек жолының» даңқын қайта жаңарту жоспары да бар.
Батыс Еуропа — Батыс Қытай күре жолы, «Нұрлы жол»
бағдарламасы бойынша қолға алынып жатқан көлік ин-
фрақұрылымын жаңарту жобалары елімізде туризмді
жан-жақты дамытуға жол ашары анық. Оның үстіне, бүкіл
әлем көз тігіп отырған «ЭКСПО-2017» жобасын жүзеге
асыру жұмыстары да басталып кетті. Міне, осының бәрі,
сайып келгенде, Қазақстанның бүкіл әлемнен шетелдік
“Young Scientist”
Do'stlaringiz bilan baham: |