181
XALQARO MIQYOSIDAGI ILMIY-AMALIY KONFERENTSIYA MATERIALLARI
септік жалғаулары дейміз. Сөздердің жалғауларды қабылдап өзгерту жүйесін сөздердің
септелуі деп немесе септеу дейміз», – деп жазады [1, 54 б.]
Қазақ тіліндегі септіктерді зерттеуші ғалымдар екі топқа бөліп жүр: грамматикалық
және көлемдік септіктер. Грамматикалық септіктерге атау, ілік, табыс септіктері жатса, ал
көлемдік септіктерге барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктері жатады. Септік жалғауларын
бұлай бөлудің басты негізі олардың мағыналары мен қызметтеріне байланысты. Септіктердің
бұлайша екі түрге бөлінуін аталмыш жалғаулардың шығу тарихын зерттеуші Г.Сарсеке көне
түркі тілдерінен де орын алғандығымен байланыстырады [2, 225-226 б.]
Атау септіктен басқа септік жалғаулары сөз бен сөзді сабақтастыра байланыстырады.
Сондықтан да олар (атау септіктен басқасы) сөз тіркестерін жасауға қатысады. Атау септік
жалғауындағы сөздің екінші сөзбен байланы-сында сабақтаса, бағына байланысу болмайды,
ол сөз тіркесін жасай алмайды. Бірақ сөз бен сөзді байланыстыру қызметін атқарады. Септік
жалғауларының жан-жақтылық сипаты, қызмет, қолданыс аясының кеңдігі оны грамматика-
лық категория ретінде тек қана морфология саласында ғана емес, синтаксис саласына да
енгізеді. [3, 111 б.; 4, 70 б.]
Тіліміздегі септік жалғауларының саны өзге тілдермен (өзбек тілі, орыс тілі, ағылшын
тілі, жапон тілі, неміс тілі т.б.) салыстырғанда көп. Қазіргі қазақ тіліндегі атау және ілік
септігінің қолданыстағы негізгі қызметі мен мағына-ларына тоқталмақпыз.
Грамматикалық септіктердің бірі – ілік септігі. Ілік септігі өзінің меншік-тік, иелік,
қатыстық грамматикалық мағыналарында сөйлемнің анықтауышы қызметін атқарады. Ілік
септігі туралы Н.Оралбай «Ілік септіктің басты грамматикалық мағынасы – меншікті заттың
иесін білдіру. Ілік септік басқа сөздермен мынадай қарым-қатынасқа түседі:
1)туыстық, жақындық қатынаста (Бобтың баласы, саудагердің досы);
2) бүтіннің бөлшегі (иттің аяғы, мылтықтың аузы, ағаштың қабығы, мақтаның
қиқымы);
3) заттың сандық қатысы (тәкаппарлардың нешеуі, екі кісінің біреуі);
4) заттың сапасына қатысы (жақсылықтың жамандығы, менің жемісім, аңдардың
қуы);
5) заттың ерекше қасиеті (Байұлының мырзалығы, ұрының қулығы)т.б.
Тұлғаларының грамматикалықформаларының сөздің ыңғайына қарай ашық түрде
жалғанып, не жасырын түрде түсіріліп қолданылатын формаларды ғалымдар: «нөлдік
көрсеткіш», «нөлдік форма», «нөлдік элемент», «нөлдік морфема», «нолдік тұлға», нөлдік»
қосымша» тағы сол сияқты түрліатаумен атап келеді. [5. 92-135 бб.] Ілік септігі қолданыста
жалғаусыз, нөлдік тұлғада қолданыла да береді, ол мағынаға әсер етпейді. Бұл нақтылық пен
жалпылық мән ортасында қарастырылады. Мысалы, білім иесі, жұрт кісісі, су түбі, ағаш
басы.
Ілік септік жалғауының толық, ықшам және жасырын түрінде басқа сөздермен
тіркеліп қолданылу жүйесі үнемі біркелкі болып келмейді. Ол қолданыстардың бәрі ілік
септік жалғауының тұлғалық өзгерістері, тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты болады.
Мысалы: Молаға жақындап келгенде, қаңқылдаған қаздың даусы шықты; Үсен енді білді
жақын жерде көл бар екенін, оның үшін қаз сусыз жерді мекен етпейді; Бір күні ел көшкенде
қыр астында ойнап жүріп, ескерілмей, екеуі жұртта қалыпты; Асан деген бай баласы, Үсен
жарлы баласы, – екеуі кұрдас екен. (Ы.Алтынсарин. Бай мен жарлы баласы). Бұл келтірілген
мысалдардағы көл бар екенін – көл(дің) бар екенін; қыр астында – қыр(дың) астында; бай
баласы – бай(дың) баласы; жарлы баласы – жарлы(ның) баласы сияқты түрде жасырын
келген.
Ілік септік жалғаулары сөйлемде сөз бен сөзді байланыстыру қызметін атқарады.
Нақтылай айтсақ, зерттеуші Г.Сарсеке «Ілік септігіндегі сөз тәуелдік жалғаулы сөзбен
байланыс құрайды. Бұл қолданыста ілік септігі жасырын және ашық тұлғасында да келе
береді [2. 225 б.].Мысалы: Броунның мал-жаны таланып бітіп, өзі қатын, баласымен қашып
BOSHLANG‘ICH TA’LIMGA XALQARO BAHOLASH DASTURLARINI JORIY ETISHNING ISTIQBOLLARI
Do'stlaringiz bilan baham: |