Өзбекстан республикасы жо­­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi низами атындағ­­­Ы



Download 208,36 Kb.
bet8/53
Sana30.05.2022
Hajmi208,36 Kb.
#619997
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   53
Bog'liq
3.03 Абайшунослик 3 курс (2)

Ақыл мен жан – мен өзім, тән – менікі,
«Мені» мен «менікінің» мағынасы – екі.
«Мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан,
«Менікі» өлсе өлсін, оған бекі, –
Деп, «мен» яғни, жан өлмейді, ал тән өледі деген байлам жасайды. Жан туралы Абай танымы екі түрлі. Біріншісі – 27-ші қара сөзде жан өлмейді деген таным. Екіншісі –бес сезім мен жанның жибили қуаты арқылы жинақталған іштегі ой қазынасы өнердің бір түрі арқылы сыртқа шығып, ол ой қазынаның иесі (тәні) өлсе де, оның рухани ой қазынасы ретінде ақындық өнердің қуатымен сыртқа шығуы, яғни, мәңгілік рухани азық көзі болып қалуы. Осы себепті де Абай:

«Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,


Өлмейтұғын артына сөз қалдырған», –
Деп, рухани ой қазынасына айналған жанның не себепті өлмейтініне мән бере қараған. Ал, Шәкәрім болса, осы идеяны жаңа қырынан көрсетуге ұмтыла отырып:
Ғибрат қылар артына із қалдырсаң –
Шын бақыт, осыны ұқ,
Мәңгілік өлмейсің, –
Деп өзіндік ой-байламын жасап отыр,
Адам жаны қайдан келді? – деген мәселеге Абай да, Шәкәрім де ерекше мән бере қараған. Абай 27- қара сөзінде осы мәселе төңірегінде ой жүгіртеді: «Жә, сен бұл ақылға қайдан ие болдың? Әрине, қайдан келсе де, жан деген нәрсе келді де, сонан соң ие болдың», – деп ақыл мен жанның ара қатысы жайлы пікір көтереді. Осы ойдың желісін Шәкәрім нақтылай дамытып, жан ұғымына тереңдей отырып, өзінің тынымсыз ізденуден туған жаңаша ой-танымын оқырман назарына ұсынғанда жан күннің нұрынан келген деген өзіндік жаңаша танымын ұсынады:

«Жанымыз күннен келген нұрдан,


Тәніміз топырақ пенен судан.
Күн – атам, анық жер – анам…
Кетеді жаным күнге таман,
Жазықсыз болса, барады аман,
Қиянат істі қылмаған,––
Деп жанның көп қырлы сырын аша отырып, жанның мәңгі өлмейтіні жайлы ой-танымын бар болмысымен алдымызға жайып салады.
Жантану ілімінің осы күрделі рухани табиғаты туралы мұсылман әлеміндегі тұңғыш пікір Құраннан басталады. Бұл мәселенің сыры тереңде жатқанын, жай адами таныммен алынбайтынын Алла Тағала Мұхаммед пайғамбарға қарата айтылатын сөзінде (17 сүре, 85 аят):
«Олар сенен жан туралы сұрайды. Жан дүниесін Тәңірім ғана біледі. Сендерге берілген білімнің шегі аз ғана де», – деп арнайы мағлұмат тастауында түбі терең құпия сырлар әлемі қабаттасып жатқанын байқаймыз.
Шәкәрім күннің нұрынан келген адам жаны оның тән өлген соң, қиянатқа жол бермей, ізгілік жолында болса, келген жері күнге қарай, яғни мәңгілік тұрағына қарай қайтады деген соны да тың танымға келеді.
Күннің өзі жарық нұрдан, яғни түп иеден – мәннен жаралғаны себепті «Жарық нұрдан жаралған күн жоғалмас» деп, өз дүниетанымының төменгі қабатынан өрлеп, жоғары қабаттағы жанға, мәнге яғни түп иенің өзіне қарай тартады. Өйткені «жаралыс басы – қозғалыс» болса, «қозғаған қуат – жан дейміз» деп, түп иені жанға балауы айқын көрініп тұр. Түп иенің яғни жанның нұры күнге берілсе, адам жаны күннің нұрынан жаралады. Яғни адам жанының түп төркіні күн нұрынан ары өтіп, түпиенің (жанның) өз нұрынан келген болып шығады. Адамның түп төркіні түпиемен тікелей ғарыштық байланыста болуы себепті, бұл құбылысты ойшыл ақын:

«Жоғары ғарыштан затың


Анық шын бұл маған көңіл»
Деген ой байламына келіп отыр. Шәкәрімнің бұл байламға келуінің негізі түп иенің нұрында жатуы себепті:
Нұрына күн нұры жетпес,
Жетекшім – себеп, тым күшті ол, ––
Деп ой-толғауында бүкіл әлемнің қозғалысына бас себепші болған күш түп ие нұрына, тіпті, күннің нұры да жете алмайды. Өйткені оны шартты түрде айтқанда ол төменгі қабаттағы, яғни күн жүйесі шеңберіндегі құбылысқа жатады екен. Оның өзі түп иенің нұрынан жаралып, жер бетіндегі өсімдік, жан-жануар мен адамның дүниеге келуіне тәннің топырақ пен судан жаралып, пайда болуына тікелей себепкер болып отыр.
Жанның қайдан келгендігі жөнінде теология мен бүгінгі ғылымда әр түрлі талас пікірлер бар. Бірі жан жолдан қосылды десе, бірі жан өмірдегі өзіндік дамудан (саморазвитие) жанды табиғи құбылыс ретінде пайда болған шыңдық деп қарайды. Ал Шәкәрім болса, осы пікірлерді сынға ала отырып:


«Жан жолдан қосылды деп дін де, пән де
Ақылды байлап қойған соған мүлде, ––
Дейді.
Бірақ адам өз жанын танымады,
Біледі бір өзінен басқаны адам, ––
Деп адамның жаны ғарыштан, бас қозғаушы күште жатқанын меңзейді. Адам баласының өз жанын танып білмеуіне философ ғалым Конттың (1797-1857) жанның ғарыштық табиғатынан көз жазып қалуы себепті:
Ойменен тапқан бұлдыр деп,
Дене мен пәнге байлаған
Баяғы Конттың сөзі еді, ––
Деп батыс философының пікір танымын қатты сынға алатыны бар. Өйткені Конт(1797-1857) сыртқы бес сезім арқылы танылатын нәрсені ғана шындық деп білгендіктен, жан сырын танып білуден сырт қалды. Осы себепті Конт жанның ғарыштан келу жайын терістесе, Шәкәрім жанның түп иеден келгендігін «Бас қозғалыс ғой – жанның атасы» (1.266 б.) деп жанның келетін түп төркіні қайда жатқанын дәл меңзеп көрсетіп отыр.
Шәкәрім жантану іліміне терең бойлап, Абай салған сара жолмен адамның өз жанын танып білуі қажет екенін ұғынады. Осы себепті 30 жыл бойы ізденіп, адамның жан сырын танып білуге түрткі болған адам қайтыс болғаннан кейін оның жаны өле ме, немесе мәңгі жасауы мүмкін бе деген сұрақтың соңына шырақ алып түседі, өмір бойы ізденеді.
Шынды білмек болсаң сен.
Алдыменен жанды біл, – (1.240 б.)
Деп хақиқатты яғни түп иені танып білу үшін алдымен жанның сырын танып білуді шешуші орынға қоюында терең мән жатыр. Өйткені әлемдік қозғалыс жаралыс басы болса, Шәкәрім ол қуатты «жан, мән» деген екі сөзбен қосарлап беруінде үлкен мағына жатыр. Дүниені жаратқан ұлы қуат – жан мен мән болуы себепті, осы қуатпен таныс болуды шешуші орынға қоюында да айрықша мән-мағына жатыр емес пе?
Абай 43 – қара сөзінде жан қуаты деген бек көп қуат (куа), оның түрлері де көп деп ескертеді де, сол көп жан қуаттарының арасынан үш қуатқа арнайы тоқталып, талдай отырып танытатыны бар. Осы танымды ары қарай жалғастырған Шәкәрім «шығады жаннан көп қуат», – (1.286 б.) деп ой түйеді. Жан қуаты ғана тәндерді жаратады, осы себепті жан – қожа, тән – құлы болғандықтан оған билік етеді. Өйткені «Жан өсіріп тұр тәннің баршасын» (1.265 б.) яғни дүниедегі есепсіз денелердің жаралып өмір сүруі жанның арқасында болады екен. Шәкәрімнің:


Бас қозғалыс қой жанның атасы
Ол жаратады түрлеп (1.266 б.), –
Деп, халық аузында айтылып жүрген «18 мың ғаламның жаратушысы жаппар хақ» деуімен де үйлесім тауып тұр.


Қозғаған қуат – жан дейміз
Жаралды сансыз тән дейміз.
Жанына қарай тән болар ,–
Деп жоғарыда айтылған ойын осы өлең жолдары арқылы айғақтай түседі.
Жанның өлмеу, жоғалмау себебін іздеген Шәкәрім өзгелер айта алмаған соны пікір желісін тартатыны бар.
Хақиқат жан нұрына қанса біреу,
Оның жаны өлмейді балталаса (1.309), –
Деп ой толғауына қарағанда, жанның өлмеуінде екі түрлі себеп жатқан тәрізді: біріншісі – сопылық поэзиядағы «ашық-машұғ» ұғымындағы перделеп бейнелеп берілетін сопылық өлең табиғатына көңіл бөлген Шәкәрім:
«Менің жарым қыз емес,
Хақиқаттың шын нұры», –
Деп жазуында ең өзекті мәселенің астарлы мағынасы жатыр. «Хақиқаттың шын нұры» деп отырғаны – түп иені танып білу арқылы шындыққа көз жеткізу.
Екіншіден, Шәкәрімнің «Ғылымда не бар болса, бәрі жанда» (1.125) деп жатуына себебі де бар сияқты. Дене (тән) мың құбылып өзгерсе де, оның ескі жаны өзгермейді. Дене киген киім сияқты ескіріп тозып қала береді, бірақ жан (ескі жан) өзгермейді, өлмейді. Осы себепті Шәкәрім «жан менің айтқанымдай баста бар болса, тұрған денесі орын болуға жарамаған соң, денеден шыққанда біржола жоғалып кетпейді, құр ғана өзгеретін болса, бұрыннан бар жанның жоғалуына түк дәлел жоқ» («Үш анық», Алматы, 1991, 29 бет), – деп ой байламын жасайды. Жан әр түрге түседі, мысалы, инстинкті – сезімді жан, сознание – аңғарарлық жан, мысль – ойлайтын жан, ум – ақылды жан. Сезімді жан (инстинкт) – өсімдіктер жанына тән құбылыс. Аңғарарлық жан (сознание) – жануарлар әлеміне тән қүбылыс. Мысль (ум) – толық, терең ақыл адамзатқа ғана тән құбылыс болып саналады. Адамның хайуанаттан артықшылығы да осында, ақылында, алды-артын болжай алу қабілетінде жатса керек. Өйткені:
Тән – терезе, ой – қожасы,
Ойлап анық байқасаң,
Бар ғылымның түп атасы
Таза ақылмен ойлану, –
Деп адамға тән ой мен ақылға, оның дамыған түрі таза ақылға мән береді де, «толық терең ақыл адамнан шығады» («Үш анық», 29 бет) деген байламға келуі жай нәрсе емес, ұзақ жылдар бойы ізденістің жемісі.

Download 208,36 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   53




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish