Өзбекстан республикасы жо­­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi низами атындағ­­­Ы



Download 208,36 Kb.
bet6/53
Sana30.05.2022
Hajmi208,36 Kb.
#619997
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
Bog'liq
3.03 Абайшунослик 3 курс (2)

Кейінгі жандар қабылдар
Айтылған түзу жолымды, –
Деп, келешек заман жастарына өз рухани мұрасын аманат етеді. Әрине, Шәкәрімнің түзу жолы – бүгінгі біздің арман қуған тәуелсіздік замандағы рухани жолымызбен үндестік табуымен бірге заман талабына да сай келіп тұр. Өйткені қазіргі үшінші мыңжылдықта ғылым адамгершілік пен діни бастаулардан желі тартып, дін ғылымиланған кезде өз мәнімізді яғни жанымызды Шәкәрім меңзеген жолмен ғана тани алмақпыз.
Түп иені танып, білуге ұмтылған ойшыл ақын Абай ой дариясына қадам басқанда:
Ақылдың жетпегені арман емес,
Құмарсыз құр мүлгуге тоя алмаймын, – деп,
Хақлиққа мақұлық ақылы жете алмайтындықтан, «Ақылға сыймас ол Алла» деген қорытындыға келген еді.
«Алла деген сөз жеңіл» деген атақты өлеңінде түп иені танып білудің түп қазығы жүректе деген танымды ұстанады. Түп ие жайындағы философиялық деңгейдегі ой танымының негізі сопылық поэзия классиктерінің ұстанған танымдық жолы болатын-ды. Абай өзі де поэзиясында жүректің культін көтеріп жырлап өтуі жай құбылыс емес, күрделі дүниетанымға жетелейтін сенімді бағдар болатын. Міне, осы түп иені танып білудегі Абай әрекеті мен туындыларындағы ой-танымдарын дәстүр ретінде жалғастырған Шәкәрім таза ақылға сүйене отырып, өзінше танып, жаңғырта түсті.
Шәкәрім сопылық поэзияның символдық бейнелермен перделенген белгілерін өз поэзиясында көркемдік тәсіл тұрғысынан пайдаланады. Мысалы:


Менің Жарым қыз емес,
Хақиқаттың шын нұры, –
Деп, сопылық поэзия классиктерінің бірінші сүю ұғымындағы Аллаға ғашықтықты сұлу жарға деген махаббаттық сезімінің орнына Шәкәрім «Хақиқаттың шын нұрына» балай суреттеуінен түп иені іздеп отырғаны айқын көрініп тұрады.
Түпиені іздеуге қозғау салған, өмірді жете танып білуге деген құштарлық пен талпынудан туған:

  1. Неден бармын?

  2. Не қылған жөн?

  3. Жоғала ма жан өлген соң?

Деген үш сұраққа Шәкәрім айрықша мән бере қараған.
Осы аса күрделі үш сұраққа жауап іздеу жолындағы Шәкәрім ізденістерінің бастау көзі Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы «Ақын аға» тарауында Абайдың әдеби мектебіндегі ақын-шәкірттері Дәрмен, Көкбай, Шұбар (Шәкәрім), Ақылбай, Мағауия, Кәкітай т.б. арасындағы хақиқат жайлы талас-пікірлерде жатыр. Осы пікір таласына сөзге төрелік айтатын Абай толғаныстарында берілетін «…Хақиқаттың шешуі: Жаратушы кім? Ғалам дегеніміз не? Жан не нәрсе және адамның хақиқатты білудегі дерегі не?» деген күрделі сұрақтарға берген жауап сөзінде зор танымдық ойлар төркіні жатыр. Заман қысымын көп көрген кеменгер жазушы М.Әуезов аталы ой танымын яғни Абай мен Шәкірімнің жантану ілімінен із тастап кетуді мақсат тұтқаны аңғарылып тұр.
Түп ие (Хақиқат) пен ғаламды танып білудегі Шәкәрім көзқарасында қос қабатты қатпарлы таным жігі жатқаны да аңғарылады.
Шәкәрім танымындағы төменгі қабат – күн жүйесіне байланысты туындаған. Шәкәрім күн – ата, жер – ана деп қарап, жер планетасындағы тіршіліктің пайда болу, даму жолын яғни, «неден бармын?» деген философиялық сұраққа жауап беруге ұмтылатыны «Тіршілік, жан туралы» өлеңіндегі ой-толғаныстарында тереңнен талдай отырып берілген.
Абайдың:
Күн – күйеу, жер – қалыңдық сағынышты,
Құмары екеуінің сондай күшті
Дегені, Шәкәрімде «Күн – ата, жер – ана» ұғымында дамытылып жалғастырылған. Көк аспаннан күннің жазғытұры төнуі, жер ананың тотықұстай түрленіп толысуы – бәрі тіршілік атаулының шығу көзін меңзейді. Бұл құбылыстың нәтижесі Шәкәрімде былайша суреттеледі:


Жарықтан бізді бу қылған,
Құбылтып буды су қылған,
Суынан топырақ қатырып,
Топырақтан жасыл туғызған.
Ие кім сонда денеге?..
Сол жаннан талай жан өскен,
Жанына қарай тән өскен.
Өсімдік жаны нашар боп,
Олардан жәндік және өскен,
Жәндіктен адам таралған, –
Деген тың таным желі тартады. Күн нұрының әсерімен жер ана бойында пайда болған: 1) өсімдік; 2) жәндік. 3) жәндіктен адам жаралады, яғни неден бармын деген сұраққа Шәкәрім арғы жағы күн нұрынан пайда болған жер ана бойындағы: 1) өсімдік (өсімдік жаны); 2) хайуанат (хайуанат жаны); 3) адамзат (адам жаны) әлемінің табиғи жолмен пайда болу процесін көз алдымызға алып келеді. Бұларды күн жүйесіндегі жер планетасында жаралған табиғи құбылыс ретінде танып-біледі.
Шәкәрім дүниетанымдық көзқарасындағы жоғарғы қабатында сөз болатын мәселе түпие мен соған балама ретінде қолданылатын жан сөзі жайында ой толғайтыны бар:

Download 208,36 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish