Өзбекстан республикасы жо­­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi низами атындағ­­­Ы



Download 208,36 Kb.
bet5/53
Sana30.05.2022
Hajmi208,36 Kb.
#619997
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
Bog'liq
3.03 Абайшунослик 3 курс (2)

Бекіту сұрақтары:
1 Абайдың ақын болып қалыптасуына ықпал еткен кімдер?
2.Абайдың балалық шағы қай жерде өтті?
3.Абайдың шығармаларының тақырыбы?
Әдебиеттер тізімі:
1. Абай Құнанбаев: Библиографиялық көрсеткіш (екі тілде). – Алматы: ҚР-ның Ұлттық кітапханасы, 1995. – 302 б.
2. Байтұрсынов А. Қазақтың бас ақыны // Абай. – 1992. - №3. – 23 – 28 б.
Әуезов М. Абайдың лирикасы // Сөзстан. 7 – кітап – Алматы, 1996. – 39-58 б.
3. Әуезов М. О. Абайдың туысы мен өмірі // Абай. – 2003. - №3. – 28 – 34 б.
4. Бэйхай Су Қазақтың ұлы ақыны – Абай // Абай. – 2003. - №1. – 1 – 4 б.
5. Борбасов С., Ізтілеуова С. Ұлы ақын тәлімі және ұлттық рухани келбеті // Семей таңы. – 1994. – 4 қазан.
6. Құнантаева К., Халитова И. Абайдың қара сөздеріндегі педагогикалық ой-пікірлер // Ақиқат. – 1994. - №4. – 70 – 73 б.
7. Сұлтанбеков М. Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?: Абайдың Зұлқарнайы туралы поэмасы хақында // Семей таңы. – 1990. – 16 қазан. – 4 б.
4-тақырып. Абай-қазақ поэзиясының реформаторы .Қазақ поэзиясына Абай әкелген жаңалықтар. Абай ойшыл, философ ақын.
Сабақтың мақсаты: Абайдық қазақ поэзиясына әкелген жаңалықтарына тоқталу, ақын тыңнан енгізген өлеңіндегі жаңа түрлердің сыр-сипатын жете таныту. Абай философиясының дамуы мен қалыптасуына кеңінен тоқталу.
Тірек сөздер: поэзия, қара өлең, ұйқас, жан, құдай, алла, философия, жаратқан,адамзат.


Сабақтың жоспары:

  1. Абай қазақ поэзиясының реформаторы

  2. Абай әкелген жаңалықтар.

  3. Абай ойшыл, философ ақын.

Қазақ поэзиясының бар мазмұнымен, бар көркемдігімен қанағаттанбай, оның мазмұнын да, көркемдігін де қазақ әдебиетінде бұрын болмаған биік сатыға көтерген Абай қазақтың өзінен бұрынғы өлең өлшеуімен де қанағаттанбайды, жаңа түрлер, жаңа өлшеулер іздейді.
Абайға дейінгі қазақ поэзиясындағы әлгі үлгілерге өлеңнің метрикалық құрылысы жағынан болсын, Абайдың қосқан жаңалығы – үш, төрт, бес, алты, сегіз буынды жолдары бар өлең. Үйлес жөнінде қазақ поэзиясына Абайдың қосқан жаңалығы – жиырма.
Бұл жаңалықтарды тапқанда Абайға жәрдемші болған орыс поэзиясы. Бірақ орыс поэзиясының мазмұнынан алған үлгілері сияқты, түрінен алған үлгілерін де қазақ халқының ұғымына дәлдеп, қазақ тілінің заңына сүйене отырып алады. Қазақ поэзиясының төрт буыннан артық тапқан түрлерінің ешқайсысында бұзбайды, қазақ сөзінің әрбір буыны негзінде үш дыбыстан артық дыбысты көтермейтін, төрт дыбысты буын сирек кездесетін заңын да Абай қатты сақтайды. Абайдың қазақ поэзиясына қосқан жаңалығы – силлабикалық өлеңнің заңын бұзуында емес, өлең жоларының өлшеуі мен үйлестерін байытуда.
Енді Абайдың осы жаңа түрлерін талдап көрейік.
Бірінші. Әрбір шумағында төрт жол, әр жолында алты буын бар, үйлесі – а,б,а,б болып келетін өлең:
Қызарып, сұрланып, - а
Лүпілдеп жүрегі - - б
Өзгеден ұрланып, - а
Өзді-өзі керегі. – б
Екінші. Бірнеше өлеңін осы – әр шумағында төрт жол, әр жолында алты буын бар, үйлесі – а,б,а,б, боп шалыс келетін түрмен жазған Абай «Болды да партия» деген өлеңінде де төрт жолды шумақпен әр жолын алты буынмен, әр шумағын шалыс үйлеспен жазады. Бірақ бұл өлеңдегі жеті шумақтың екінші, төртінші, алтыншы, сегізінші, оныншы, он екінші, он төртінші жолдарының аяғы: «жарылды», «шарынды», «кәріңді», «барымды», «арымды», «тамырды», «сабырды», «тарыңды», «сарынды», «жарымды», «тарылды», «қарымды», «зарымды» деген он төрт үйлеспен бітеді. Буындарын сызықпен белгілегенде, бұл өлеңнің сызықтары мынадай:
Ххх ххх – а Ххх ххх – д
Ххх ххх – б Ххх ххх – б
Ххх ххх – а Ххх ххх – е
Ххх ххх – б Ххх ххх – б
Ххх ххх – г Ххх ххх – е
Ххх ххх – б Ххх ххх – б
Ххх ххх – г Ххх ххх – ж
Ххх ххх – б Ххх ххх – б
Ххх ххх – в Ххх ххх – ж
Ххх ххх – б Ххх ххх – б
Ххх ххх – в Ххх ххх – з
Ххх ххх – б Ххх ххх – б
Ххх ххх – д Ххх ххх – з
Ххх ххх – б Ххх ххх – б

Үшінші. Әрбір шумағында төрт жол бар, әр жолы жетібуыннан, үйлесі – а,а,б,а болып келетін өлең:


Айттым сәлем, қаламқас, - а
Саған құрбан мал мен бас – а
Сағынғанда сені ойлап, - б
Келер көзге ыстық. – а
Төртінші. Шумағы да, жолдарының буын саны да үшінші түрдей, бірақ үйлесі – а,б,а,б боп шалыс келетін өлең.
Сонда көңлім жоқтайды – а
Татуы мен асығын. – б
Көзі жетіп тоқтайды – а
Өткен күннің қашығын. – б

Бесінші. «Білімдідін шықққан сөз» деп басталатын өлең. Бұл өлеңнің бастапқы шумағы үшінші түр сияқты: төрт жолды, әр жолы жеті буынды, үйлесі – а,а,б,а боп келеді де, екіншісі шумақтан бастап, 8 шумақты, 32 жолды бұл өлең өзгереді.


Үйлесі – «сөз», «кез», «көз», «тез», «ез», «күйез», «мінез», «без», «жез», «бөз» боп, бірнші, екінші, төртінші, сегізінші, он екінші, он алтыншы, жиырманшы, жиырма төртінші, жиырма алтыншы, отызыншы жолдарда үйлесіп отырады; бастапқы шумақтағы а,а,б,а – ға қалған шумақтардың соңғы жолдары түп-түгел үйлеседі.
Бұл өлеңдегі сегіз шумақтың бәрі де төрт жолды, әр жолы жеті буыннан құралатын өлең болғанмен, екінші шумақтан бастап, үйлесі – в,в,в,б болады да, қалған шумақтарының бәрі осы ізбен кетеді.
Жүрегі –айна, көңілі ояу – в
Сөз тыңдамас ол баяу. – в
Өз өнерін тұр таяу, - в
Ұқпасын ба сөзді тез? – б
Әбілет басқан елер ме, -г
Сөзге жуық келер ме?- г
Түзу сөзге сенер ме, - г
Түзелмесін білген ез? – б

Алтыншы. Әрбір шумағында төрт жол бар, бастапқы жолы жеті буынды, соңғы үш жолы сегіз буынды, үйлесі – а,б,а,б боп келетін өлең.


Желсіз түнде жарық ай,- а
Сәулесі суда дірілдеп,- б
Ауылдың алды терең сай- а
Тасыған өзен дүрілдеп. – в.

Жетінші. Әр шумағында алты жол бар, әр жолында жеті буын бар, үйлесі – а,а,б,в,в,б боп отыратын өлең.


Өзін – өзі күндейді –а
Жақынып жаттай міндейді – а
Ол – арсыздық белгісі –в
Ұятсынбай, ойланбай – в
«Қой» дегенге тіл алмай – в
Іс қылмай ма ол кісі – б

Сегізінші. Бір шумағында алты жол бар, 1,2,4,5 жолдары бес буыннан, 3,6 жолдары жеті буыннан, үйлесі – а,а,б,в,в,б болып келетін өлең.


Бай сейілді –а
Бір бейілді, - а
Елде жақсы қалмады. – б
Елдегі еркек, - в
Босқа селтек –в
Етіп елін қармады, -б

Абай – ойшыл, философ, ақын. Абайдың философиялық ой – пікірлері


Әлем халықтары әдебиетінің тарихында философиялық лириканың даму жолында, түп иені танып-білу талпынысында әрқилы дүниетанымдық көзқарастар көрініс беріп жатты. Әсіресе, бұл күрделі мәселеде классикалық сопылық поэзия авторлары басым түсіп жатқаны шындық еді. Қараханидтер билігі тұсында (ІХ-ХІІ ғасыр) сопылық поэзияның философиялық лирика жанрында дүниенің сырын танып-білу тақырыбының шеңбері кеңейіп, философиялық дүниетаным деңгейіндегі ой-толғаныстар тұғыры қол жетпестей биікке көтерілді.
Түрік халықтары әдебиеті классиктерінің бұл кезеңде философиялық, гуманистік мұрат-мақсатты ұстануы жөнінде әлем әдебиетінің биік тұғырына көтерілуі Жүсіп Хас хажиб Баласағұнның «Құтадғу білік» дастаны мен Ясауидің «Диуани Хикмет» туындыларынан көрінді.
Түрік халықтары әдебиеті тарихында қазақ поэзиясы ХҮ-ХҮІІІ ғасырдағы қазақ хандығы тұсындағы өзіндік қайталанбас ерекшелігі бар ауызша түрде жырланатын поэзия қалпына түсті. ХҮІІІ ғасырдағы қазақ поэзиясында қазақ халқының дүниетанымы поэзия тілінде жырланып, философиялық көзқарасы толғау, өлең жырларында біршама көрініс беріп отырды.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы өмір шындығы философиялық лирика жанрындағы Абай мен Шәкәрім шығармаларында тақырыбы жағынан айрықша дараланып, назар аударғаны түп иені теологиялық және ғылыми тұрғыдан танып-білуге шешуші түрде мән бере жырлануында жатыр. Философиялық лирикадағы бұл рухани соны ұмтылыс тамырсыз, төркіні беймағлұм дерексіз құбылыс емес еді. Бұл ой толғаныстар орта ғасырдағы Тұран жеріндегі түрік халықтары поэзиясынан ойып тұрып орын алған түп иені таныл білу жолындағы Жүсіп Баласағұнидің «Құтты білік», Ясауидің «Девони хикметі» мен Махмұт Қашқаридің «Девони ат-түрік» туындыларынан нәр тарып жатқан еді. Абай мен Шәкәрім солар салған ата дәстүрді өз заманы талабына қарай жаңғыртып дамытушы ойшыл ақындар болды.
Абай бастаған философиялық лирикада түп иені танып-білу жолында жантану іліміне айрықша назар аударуы байқалады. Қазіргі әдебиетте психология пәнін жантану ғылымы деп атап жүруі шындыққа жанаса бермейді. Өйткені, логика ойлаудың заңдары туралы ғылым болса, психология нерв жүйесіне байланысты адамдағы психикалық құбылыстардың заңдылығын зерттеп жүйелейтін ғылым саласы ғана. Сондықтан ол ғылымды ғарыштан келетін жанға байланысы рухани құбылыстан тыс болуы себепті де, оны жантану іліміне жатқыза алмаймыз. Жантану ілімі саласында Абай дәстүріне сүйене отырып, Шәкәрім бұл күрделі де терең мәселеге біржолата мән бере қарауы себепті, ұзақ жылдар бойы сарыла іздену жолына түсті.
Абай шығармаларында философиялық лирикаға бет бұру 1889 жылдардан басталды да, түп иені тану мен жантану іліміне тереңдеп, жан-жақты ой-толғаныстарына бату өмірінің соңына дейін жалғасты. Жантану іліміне Абайдың ақын шәкірттерінің арасынан Шәкәрім ғана жеке-дара Абай дәстүріне айналған философиялық лириканы дамыту, жаңарту жолына біржолата бет бұрды.
Шәкәрім 1898 жылдан бастап түп иені танып-білумен ол жолдағы пайда болған жантану іліміне терең бойлау бағытына біржолата бет бұрып, қорытқан ой байламдарын:
Қырықтан соңғы иманым,
Отыз жылдай жиғаным, –
деп, отыз жылдық іздену жолындағы қол жеткен ой желісінің негізін «Үш анық» деп аталатын философиялық қолжазбасында желілі жүйеге түсіріп, баяндап берді.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қазақ поэзиясында Абай мен Шәкәрімнің философиялық лирикасында түп иені танытудан туған жантану ілімі хақындағы философиялық ой-толғаныстарының танымдық деңгейіне сол кезеңдегі батыс пен шығыс поэзиясы жете алмағаны шындық.
Абайдың түп ие мен жантану іліміне ой жүгіртіп ізденуі 1889 жыл мен 1902 жыл аралығындағы бір мүшелге жуық уақыт алғанын көреміз. Бір мүшел ішінде осы тақырыпқа 13 өлеңі мен 6 қарасөзін арнады. Абайдың осы ой-танымдарынан нәр алып, ойшылдық дәстүрін жалғастырып дамытқан шәкірті Шәкәрім де түпиені танып-білу мен жантану іліміне өзіндік қайталанбас ой-пікірлері мен қорытынды ой-танымдарын ұсына отырып:



Download 208,36 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish