Бекіту сұрақтары:
Абай әкелген жаңалықтар
Абайдың қандай өлеңдерінде философиялық сарын басым?
Абай Алланы тануда қандай үш мәселеге тоқталған?
Әдебиеттер тізімі:
Абай Құнанбаев: Библиографиялық көрсеткіш (екі тілде). – Алматы: ҚР-ның Ұлттық кітапханасы, 1995. – 302 б.
Байтұрсынов А. Қазақтың бас ақыны // Абай. – 1992. - №3. – 23 – 28 б.
Әуезов М. Абайдың лирикасы // Сөзстан. 7 – кітап – Алматы, 1996. – 39-58 б.
3. Әуезов М. О. Абайдың туысы мен өмірі // Абай. – 2003. - №3. – 28 – 34 б.
4. Бэйхай Су Қазақтың ұлы ақыны – Абай // Абай. – 2003. - №1. – 1 – 4 б.
5. Борбасов С., Ізтілеуова С. Ұлы ақын тәлімі және ұлттық рухани келбеті // Семей таңы. – 1994. – 4 қазан.
6. Құнантаева К., Халитова И. Абайдың қара сөздеріндегі педагогикалық ой-пікірлер // Ақиқат. – 1994. - №4. – 70 – 73 б.
7. Сұлтанбеков М. Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?: Абайдың Зұлқарнайы туралы поэмасы хақында // Семей таңы. – 1990. – 16 қазан. – 4 б.
5-тақырып. Абай өз заманының жыршысы.
Сабақтың мақсаты: Ғалымдардың зерттеуіндегі ең өзекті тақырып – Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы білім беру. Жай ғана білім беру емес кеңейтілген, дамытылған жүйедегі Абай шығармашылығын зерттеген тұңғыш еңбектің мән-жайын ашып түсіндіру.
Тірек сөздер: Абай сыны, мақала, ақиқат, дөрекі социализм, көркемдік әдіс.
Сабақтың жоспары:
Абайдың кемеңгер өнерпаздығының зерттелуі
Абай шығармашылығы сын обьектісі ретінде.
Ең алдымен 1909 жылы Петербугте басылып шыққан «Қазақ ақыны Ибраhим Құнанбай ұлының өлеңдері» жинағына және Кәкітай Ысқақұлының «Абай (Ибраhим) Құнанбайұлының өмірі» атты мақаласына айрықша тоқтау қажет.
1909 жылғы жиақ Абай өнерінің бүкіл Қазақстан көлеміне жайылуына жағдай жасаса, 1933 жылы М.Әуезов құрастырған бір томдық Абайдың өнерпаздық өсу жолын аңғартуға, ғылыми жүйемен зерттеуге негіз болды.
Абайдың өмірі мен творчествосының қыры мен сыры түгел аян. Зерттеу еңбектері, әсіресе, кемеңгер жазушы М.Әуезовтің «Абай жолы» эпоеясы ұлы дарынның қадір – қасиетін қалың жұртшылыққа әбден танытты. Біз осы ұлы істің ең арғы бастауын сөз қылған уақытта кейбір қайталауға тура келетінін сезсек те, қазақ әдебиет сынының туу мәселесі тұрғысынан кейбір мәселелерді айтпай өту мүмкін еместігін ескердік. Өйткені Кәкітайдың мақаласы Абай өмірі мен творчествосының қазіргі уақытта кеңейтіле, дамытыла айтылып жүретін жайларын едәуір қамтыған тұңғыш еңбек екенін айрықша ескерту қажет.
Бұл жөнінде М.Әуезов Абай шығармаларының 1909 жылдан кейінгі (1933 жылға дейінгі) баспаларының қате – кемшілігін сынай келіп, «соңғы баспалар Абайдың өмірбаянына да Кәкітай жазған сөз, деректерден басқа ешбір тың жаңалықтар қосқан жоқ-ты. Сондықтан Абайдың баспаға шығуында тарихтық, бірінші зор еңбек етуші Кәкітай» деп баға берген болатын. Кәкітайдың осы еңбегін С.Мұқанов та зор ілтипатпен айтады.
Кәкітай Ысқақов өзінің осы мақаласында негізінен үш мәселені баяндауды мақсат еткен. Бірінші – Абайдың ата-тегі және оның Абайдың ақындық өнеріне жасаған әсері, екінші – Абайдың әлеуметтік өмірі, үшінші – кемеңгер ақын творчествосының негізгі идеялық – эстетикалық арнасы. Бұлармен қатар сөз арасында естелік сипатында айтылатын деректер де бірқыдыру.
Абай 15 жасынан бастап әкесіне үлкен қолғабыс тигізе бастаған.
20 жасында Абай халық ортасында маңдай, бас шешен болды… халық жайынан бұрынғы әдетті, ғұрыпты, ескі белгілі билердің қилы іс туралы қылатұғын биліктерін көп білген. Өзінің зейіні артық болған соң кәрі мақалаларды, неше түрлі қазақтың білімділері мысал үшін айтқан әңгімелерді бірін ұмытпай біліп алған. Қазақтың ескі заманы болса бұрынғы қазақтың атақты биінің бірі болмағы анық еді.
Кәкітай мақаласының шоқтығын көтеретін мәселелер – Абайдың қоғамдық өмірі мен өнерпаздығына объективті талдау жасауға талаптанған бөлімдері.
Кәкітай мақаласында Абайдың 1845 жылы туып, 1904 жылы 23 маусымда дүние салуын, Ахмет Риза медресесінде жүргенде Приходская школада 3 ай орысша оқып, 15 жасынан ел ісіне араласуын, қысқасы бүгінде бүкіл халыққа бүге – шігесіне дейін белгілі Абай өмірінің белеңді – белеңді кезеңдерін баяндауы тарих үшін айрықша бағалы деректер болады. «Бұл жөнінде қазақ мәдениет тарихында, Абай мұрасына ерекше еңбек сіңірген, Абай өзі тәрбиелеп баулыған, жас жұртшылықтың көрнекті өкілі болған – Кәкітай Ысқақұлының еңбегін айрықша айту керек» (20-том, 16) деген М.Әуезов пікіріне қосылмасқа болмайды.
Абайдың жер аударылып келген Е.П.Михаэлис, С.Гросспен таныс болғандығына айрықша мән береді. Егер олармен таныспаса «Абай әлде бойына біткен өнерін жарыққа шығарып білдірмей кетуге де болатұғын еді» дей келіп, олардан алған үлгі – өнегенің арнасын баяндайды. «Абайдың ғылымға бетін түзеп жібермекке осы кісілер үлкен себеп болған. Абайды орыстың белгілі жазушылары Пушкин, Лермонтов, Некрасов, Толстой, Тургенев, Салтыков, Достоевский, Белинский, Добролюбов, Писарев деген кісілердің шығарған кітаптарымен таныс қылған. Абай өле – өлгенше: менің Әкемнен артық жанашырлық қылып, дүниеге көзімді ашқан Михаэлис деп атап отырушы еді.
Кәкітайдың мақаласы Абай жинағында 1909 жылы жарияланса да, одан әлдеқайда ерте жазылған. Абай дүние салғаннан кейін Кәкітай Абайдың өлеңін жинап, кітап етіп бастыру қамына кіріседі. Мақала 1904 жылдң екінші жартысы мен 1905 жылдың алғашқы айларында жазылып, даяр болғаны күмән тудырмайды. Өйткені бұл мақала 1905 жылы 27 тамызда Орыстың императорлық география қоғамының Батыс Сібір бөлімінің Семей бөлімшесіне келіп түскен. («Записки…» 1907, 4 және 9-бет). Оны орыс тіліне Ә.Бөкейханов аударып, «Абай (Ибраhим) Құнанбаев (некролог)» деп өзінің атынан 1905 жылы «Семипалатинский листок» газетінде, содан кейін «Запискийдің» 1907 жылғы басылымында жарияланған. Мақаланынң ең соңында Абайдың өміріне байланысты деректерді Кәкітай Ысқақұлы Құнанбаевтан алдым деп ескерту жасалған.
Біз осы мақаланың авторы орысша және қазақша текстерін салыстырған уақытта болмашы ғана өзгерістері барын көрдік. Орысшасы қазақшасынан бұрын шыққан. Демек, бұл мақаланың авторы кім деген мәселе жауапсыз қалмауға тиіс. Мүмкін, Кәкітай орысшадан аударып алған шығар, әлде Бөкейханов Абайдың өмірбаянының деректерін Кәкітай берді дегенді айтып, өзі жазған болар, не Кәкітай мақаласын аударып қана шыққаны автор болуға негіз деп есептеген шығар. Қалай болғанда бүкіл қазақ әдебиеттануында, әсіресе Абайтануда сүбелі орын бар дүниенің ақиқатына жетуге тиіспіз. Өйткені Қазан төңкерісіне дейін Абай жайында жарияланған орысша, қазақша мақалалардың бәрінде де осы «Запискиде» шыққан мақалаға меңзеу жасалады. Соңғы кезде, яғни «Жұлдыз» журналының 1991 жылғы 9 санында орысшадан аударылып жарияланды. Сонда мақаланың шын авторы кім? Деген сауал өзінен – өзі туындайды.
Культ заманында жазылған еңбектердің бірде – бірінде бұл мақаланың атын атамақ түгіл, шын сырын анықтауға ешбір зерттеуші назар аудармады. Қ.Жұмалиев «1907 – 1909 жылдар Кәкітай Ысқақұлының әуелі орысша, артынан қазақшаға «Абай Құнанбайұлының өлеңдері» деген кітапта Абайдың өмірбаяны басылды» деп хабарлағанына қарағанда бір шикіліктің барлығын сезгенде де, Әлихан атымен жүрген мақаланың мән – жайын айқындауға жүрегі дауаламаған. Ол кезде осылай етуге мәжбүр еткені белгілі, алайда Абайдың кеңес заманына дейін танылуы, даңқы жайылуы, насихатталуы жайындағы мәселені енді айқындау шарт. Кеңес заманында қалыптасқан орынсыз қауіптену мен күдіктенушіліктің зияны қаншама мол болғандығы осы мақаланың авторын айқындау барысында айқынырақ көрінуге тиіс.
«Семипалатинский листок» пен «Запискиде» жарияланған мақаланы қазақшаға Т.Жұртбаев аударып, «Жұлдыз» журналының 1991 жылғы 9 санында жариялады, авторы – Ә.Бөкейханов.
«Сын сапары» (1971) монографияда және жоғарғыдағы талдауларда мақаланың авторы Кәкітай Ысқақұлы екеніне шүбә келтірмедік. Оны дәлелдер материалдарды түгел есепке алу керек.
1903 жылы П.П.Семенов пен В.И.Ламанскийдің басқаруымен «Россия. Полное географическое описание нашего отечества. Настольная и дорожная книга для русских людей» деген жалпы атаумен шыққан еңбектің 18 томы түгелдей қазақ өлкесіне арналды. Оның «халқы» дейтін екінші бөлімінің төртінші тарауы «Историческая судьба Киргизского края и культурные его успехи» деп аталады. Бұл тараудың авторлары – А.Н.Седельников, А.Н.Бөкейханов пен С.Д.Чазов. Ал бесінші – «распределение население Киргизского по территории, его этнографический состав, быт и культура» деген тараудың авторы жалғыз А.Н.Седельников. Әдебиетке, әсіресе Абайға байланысты пікір осы тарауда айтылғандықтан Ә.Бөкейхановтың қатынасы болуы қай дәрежеде екенін аңғаруға тиіспіз.
1909 жылы Уфа қаласындағы «Шарық» баспасында Омбы қазағы Зейнелғабиден бин Ялкаж Мұқмырак Әлжауари құрастырған «Насихат қазақия» атты кітаптың «Әдебиет қазақия, яки қазақтың тіл өнері» деген бөлімінде «сөзге ұсталық әр халықта мақтаулы болған сықылды, өлеңшілік те құрметсіз, қадірсіз емес. Ғараптардың Лібиі, русларының Пушкині қияметкеше халық тілінде сөйленіп, тарихта жазылды… Басқа халықта болған сықылды қазақтарда да бар…
Осы ретте, татар, башқұрт ақын – жазушыларының Абай жайында айтқан пікірлерін зор ілтипатпен атау парыз. Татар ғалымы, Филология ғылымының докторы Хатип Усманов өзінің «Егіз жырлар» атты мақаласында башқұрт ақыны Шаихзада Бабич 1913 «Мен Құнанбаев жырларын керім әсемдікті, абзал сұлулықты көрем де, рақат сезімге бөленем, мен оның орнын татар ақыны Тоқай мен араб ақыны Имраилькаис тұрған биікке апарып қойдым» деп жазған екен.
Абай өнерпаздығының танылуы мен даңқының жайылуында айрықша атап өтетін жыл – 1914 жыл. Данышпан ақынның тұңғыш жинағының қазақ еліне кең таралуына және дүние салғанына 10 жыл толуына байланысты газет – журналдарда бірқыдыру мақалалар жарияланды.
Сөйтіп Абай творчествосы және оның өнегелі өмірі қазан төңкерісіне дейін орыс, қазақ тілінде жарияланған арнайы мақалалар мен еңбектер арқылы қазақ еліне жария болды. Осы негізгі арнаға жанама сопақтар – әлеуметтік, қоғамдық, шаруашылық, оқу – ағарту мәселелеріне арналған еңбектерде Абай өлеңдерін цитатқа алу және ұлы ақынға арнап өлең шығару жолдары да тоғысып жатты.
Do'stlaringiz bilan baham: |