Өзбекстан республикасы жо­­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi низами атындағ­­­Ы



Download 208,36 Kb.
bet7/53
Sana30.05.2022
Hajmi208,36 Kb.
#619997
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   53
Bog'liq
3.03 Абайшунослик 3 курс (2)

Жаралыс басы – қозғалыс,
Қозғауға керек қолқабыс.
Жан де мейлі бір Мән де,
Сол қуатпен бол таныс,
Әлемді сол Мән жаратқан, –
Деп түп ие сөзінің синонимі немесе балама ұғымы ретінде «Жан» сөзі мен «Мән» сөзін тең дәрежедегі мағынасы жағынан бір ұғым ретінде қолданады. Бүкіл әлем немесе сол әлемнің ішіндегі жанды-жансыз нәрселердің бәрін де жаратушы қуат иесі – түп ие (арабша – Алла, парсыша – Құдай, қазақша –Тәңірі немесе Жаратушы). Ал «Жаралыс басы – қозғалыс» болса, сол қозғалысты «қозғаған қуат – жан дейміз» деп, басты себепкер күш ретінде жанды ерекше даралап, атап өтетіні бар. Ақын «қозғаған қуат – жан дейміз» деп, «Жаралыс басы – қозғалыста» қозғаушы қуат күші жан болып саналатынын алдымызға жайып салады.
Ақын ойын қорыта келгенде, қозғаушы күш – жан, мән, жанның егесі ретіндегі бас қозғалыс хақында айтылған ой-пікірлердің жемісі бір арнаға құйылады да, ол – түп ие деген ой-байламы шығады. Яғни, бұл ұғымды ақын сөзімен айтар болсақ, «Ең түпкі жаратушы – мінсіз ие» деген өзекті де желілі танымға тірелеміз.
Шәкәрім өз ұстазы Абайдың толық адам іліміне терең мән бере отырып, шығармаларында ұждан мәселесіне ерекше тоқталып өтеді. Ол ХІ ғасырда жазылған Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу біліг» дастанымен жете танысып, ондағы жауәнмәртілік іліміне назар аударған, Ясауидің кемел адам туралы хал ілімін де білген. Абайдың толық адам ілімінің арғы түп төркіні осы аталып өткен шығармалардан желі тартып, өз заманы шындығына орай қазақ әдебиеті тарихында тың тақырып болып енген толық адам ілімін қалыптастырды. Осы ілімнен идеялық бағыт-бағдар алған Шәкәрім адамды рухани тазалық жолына түсіретін:


Ар түзейтін бір ғылым табылмаса,
Зұлымдықты ешқашан әділ жеңбес

Деген қорытынды ойға келді. Өйткені білімді жұрт, өркениетті ел деген Европаның өзі (ар түзейтін ғылымы жоқ болғандықтан) хайуандықтан шыға алмай отырғанын атап өтеді, сонымен қатар:


ХХ ғасырдың адамынан
Анық, таза бір елді көрмей өттім, –
Деп, ауыр да өткір сын айтады.
Философиялық лирикалары мен «Үш анық» трактатында Шәкәрім ұждан мәселесіне төтенше мән бере қарайтыны бар. Ынсап, әділет, мейірім үшеуі ұждан ұғымын құрайды. Өйткені «Ұждан – жанның тілегі. Неге десеңіз, жан – тіпті жоғалмайтын, бұзылмайтын нәрсе, барған сайын жоғарылай береді. Мәселен, таза дене, таза толық мінез, ой, істер керек қылады. Соның қатты бір керегі – совесть – Ұждан. Оны осы өмір үшін керек қылмайды, соңғы өмір үшін де керек қылады» (Үш анық. 30 б.). Яғни, Ұждан екі өмір үшін де қажет екен. Өлерін білген екі адамның біреуі жанның жоғалмайтынын, бұдан да таза болып жоғарылайтынына сенсе, үлкен үмітке қол артып, қуаныш сезіміне бөленеді. Ал, өлген соң жан жоғалады деген өкініште болып, үмітсіздік дариясының барсакелмес қайығына мінеді. Осындай нанымдағы пенделерге қарап Шәкәрім:
Жоқ, шырағым, жанымыз жоғалмайды,
Екі өмірдің азығы – осы Ұждан
Шын нану – ақылымен қабылдауы,
Қалады зұлымдықтан сөйткенде адам, ––
Деп Ұжданның адам үшін екі өмірде де рухани азығы: ынсап, әділет, мейірім сияқты ақыл адами қасиетті әрбір саналы адам жастайынан бойына ұялату жолында болуын ескертеді. Өйткені «Ар түзер адамның адамдық санасын» деп, Ұждан ұғымына зор мән бере қарағандықтан:
Шын таза жан тазалықпен
Тәңірісіне барады ол.
Мейірім, ынсап, әділеттен
Ағызам деп нұр бұлақ! ––
Деп, өзі қойған екінші сұрағына жауап береді.
Шәкәрімнің екінші сұрағының яғни «не қылған жөн?» деген мәселеге беретін жауабы – адамның уақытша өмір жолында құлшынып әрекет ететін мақсаты ар ғылымы жолында табанды түрде еңбектенуін айтады. Сондықтан үжданды пенденің мұрат-мақсаты қайда жатқанын, арман-мақсатының темірқазықтай адастырмас бағытын үлкен сеніммен бағыт-бағдар бере жөн сілтейтінін көреміз.
«Ар ғылымы оқылса», – деп армандаған ойлы ақынның келер ұрпаққа нұсқаған адамшылық жолы – әр адамның жан тілегіне айналған Ұжданды (әділет, ынсап, мейірім) тұла бойына ұялату болғандықтан: «…ұждан, совесть, жан екі өмірге бірдей керек таяныш екеніне нана алмаған кісінің жүрегін ешбір ғылым, өнер, ешбір жол, заң тазарта алмайды. Егер бір адам жанның өлген соңғы өмірі мен Ұждан соның азығы екеніне әбден нанса, оның жүрегін еш нәрсе қарайта алмайды. Адам атаулыны бір бауырдай қылып, екі өмірде де жақсылықпен өмір сүргізетін жалғыз жол – осы мұсылман жолы сияқты» (Үш анық, 34 бет), – деп осы жолды бүкіл өмір бойғы ізденісінен туған аса зор мән-мағынаға толы ой-қорытындысын ұсынады. Бұл – біздер үшін рухани шамшырақ!
Шәкәрім қойған үшінші сұрақ – «Жоғала ма жан өлген соң?»
Жантану ілімі Абай мен Шәкәрім мұрасындағы философиялық лирикалары мен қара сөздерінде желі тартады. Жантану ілімі жайында Жүсіп Баласағұн мен Ясауи шығармаларында теологиялық тұрғыдан тереңірек қарастырылса, ХҮ-ХҮІІІ ғасырдағы қазақтың ауызша жырланған поэзиясында да тікелей болмаса да, жанама түрде ой-пікірлер айтылып табиғи жалғастық тауып келген. Ал ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасыр басында жантану ілімі Абай мен Шәкәрім мұрасының өзекті желісінің ғылыми рухани кілтіне айналып, өз заманының шырқау биігіне көтерілді. Абайдағы:



Download 208,36 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   53




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish