31
Үй-ішілік ортаға баланың семьясы, ауласы, көшесі, т.б. жатады. Геогра-
фиялық ортаға климат, жасайтын жері, ол жердің географиялық жағдайы т.б.
жатады.
Әлеуметтік ортаға қоғамдық өмір, адамдар, олардың іс-әрекеттері, қа-
рым-қатынастары, мәдениеті, әдебиеті, саясаты, идеологиясы т.б. жатады.
Баланың дамуында бұл орталардың ықпалы өте үлкен. Баланың мінез-
құлқы, әдеттері, көзқарасы осы ортада қалыптасады. Баланың сыртқы көрі-
нісіне тіршілік ету салты мен еңбек қызметінің сипатына географиялық орта
орасан әсер етеді.
Баланың әдебі, мінез-құлқы, адамгершілік қасиеттері орта арқылы қа-
лыптасқанмен, бірақ ортаның өзі ғана шешуші фактор бола алмайды.
Бала дамуындағы үшінші фактор
тәрбие
болып есептеледі.
Тәрбие деге-
німіз
адамның дамуына әрқашан мақсат көздеп ықпал ету болып табылады.
Тәрбие беруде алға оның бағыт-бағдары, нәтижелері алдын-ала көріп бі-
лінетін белгілі бір мақсат қойылады. Тәрбие белгіленетін мақсаттары бар
адамдардың қызметін арнайы ұйымдастырады, әpi алға қойылған мақсатта-рды
мейлінше нәтижелі жүзеге асыру үшін құралдарды, методтар мен ұйым-дық
формаларды таңдап алуды қарастырады.
Тәрбие арқалы баланың туа біткен нышандарын дамытуға болады. Тұ-қым
қуалаушылықпен келген нышан дайын қабілет емес, дамуға қажетті ал-ғы
шарт, мүмкіншілік қана. Оны дамыту үшін жағдай, тәрбие қажет. Дұрыс
тәрбиеленген нышан қабілетке айналады, ал тәрбие көрмеген нышан жоқ бо-
лып кетуі мүмкін.
Нышанның талантқа айналуының тағы бір шарты
–
еңбексүйгіштік. Ең-
бек етуге ерінбеу, ұзақ уақыт жұмыс істей алу тәрбиенің нәтижесінде қалып-
тасады.
Тәрбие бала денесінің дамуына да мәнді ықпал етеді. Мысалы: күнделік-
ті
гимнастика, спортпен шұғылдану баланың денсаулығын нығайтады, шы-
нықтырады. Ал, ақыл-ой, еңбек тәрбиесі арқалы дарындылығын дамытуға
болады.
32
Баланың өскен ортадан алған жағымды мінез-құлқы, әдеттері тәрбие ар-
қылы әpi қарай дамиды, оның қоғамдағы мәртебесін көтереді. Ал жағымсыз іс-
әрекеттері, мінез-құлқы болса, оны тәрбие арқылы түзеуге болады.
Жеке адамды дамытуда оның
белсенділігін
тәрбиелеу де аса қажетті тә-
сілдердің бipi. Бала белсенділгінің ең алғашқы формасы қарым-қатынас жа- сау
белсенділігі. Белсенділік баланың білім алу, еңбек ету, қоғамдық жұмыс-тарға
қатысу, өзін-өзі тәрбиелеу барысында дамиды. Баланың дамуы мен қа-
лыптасуы оның белсенділігіне байланысты. Ол өзiнің белсенділігі арқылы
тәрбиенің субъектiсiне айналады. Яғни, бiрiншіден, өзiн қоршаған ортаны
танып-білушi, екіншіден өзiнің белсенді іс-әрекетi арқылы сол ортаға өз та-
рапынан ықпал етуші адам.
Тәрбиенің тиiмділігі баланың жеке психологиялық ерекшелiктерiне бай-
ланысты болады. Белгілі бiр жастағы балалардың бәрі бiрдей емес. Әр
бала-
ның өзiндік қызығушылығы, бейiмділігі, қабілетi, мінезі бар. Осыларды ес-
керіп тәрбие жұмысын жүргізу керек. Сонда ғана мақсатқа жетуге болады.
Сонымен, мақсатқа бағытталған тәрбие, баланың жүйелі әрекетiн ұйым-
дастыру, оған дұрыс басшылық ету және қоршаған орта бiрлессе бала дамуын-
да шешуші роль атқарады.
Do'stlaringiz bilan baham: