188
және phren - ақыл) терминін ғылымға XIX ғасырда атақты неміс психиатры
Эмиль Крепелин енгізген.
«Ақыл-ой жағынан артта қалған» деген түсінікпен бірге «кемақыл» де-
ген түсінік те қолданылады. Шет елдерде бұлардың орнына «интеллектуал
дамуында артта қалушылық» деген термин қолданылады.
Баланың ана құрсағында, не туылу процесінде, не өмірге келген алғаш-қы
дәуірінде орталық нерв жүйесінің зақымдалуы нәтижесінде ақыл-ой және
психикасының жетілмей қалу формасын
олигофрения
деп атайды
.
Олигофрендікке алып келетін себептер көп. Мысалы, екіқабат кезде ана-
ның инфекциялық аурулармен ауруы, ана құрсағына енген паразиттердің іш-
тегі нәрестеге жұғуы, ананың кейбір созылмалы аурулармен ауруы, екіқабат
кезде тиым салынған дәрілерді пайдалануы, темекі шегу, маскүнемдік, наша-
қорлық, дене және психикалық жарақат алуы, қолайсыз жағдайда жұмыс істеу,
т.б.
Ақыл-ой жағынан артта қалғандар өзінің тобына қарай әртүрлі болады.
Ең саны азы - 3 жастан кейін мидың жарақаттануы (менингит, энцефа-
лит) салдарынан пайда болған ақыл-ой жағынан артта қалушылық. Бұл жағ-
дайды деменция деп атайды.
Деменция
– бұл танымдық қабілеттердің әлсі-
реуі, сезімдердің азаюы, құлықтың өзгеруі, бұрынғы тәжірибелерді пайдала-
нуда қатты қиыншылыққа ұшырауы нәтижесінде тапқан кемақылдылық.
Олигофрендік жағдайда ақыл-ой жағынанан артта қалушылық дефектің
тереңдігіне қарай отандық дефектологияда үшке бөлінеді: дебилдік, имбе-
цилдік және идиотттық.
Дебилдік
– ақыл-ой жағынанан артта қалушылықтың ең жеңіл дәрежесі.
Дебилдік саны жағынан көпшілікті құрайды. Интеллекті және
эмоционал-
дық-еріктік саласы төмен болғандықтан дебил балалардың жалпы орта білім
беретін мектептің программасын меңгеруі қиын. Олар даму жағынан өздері-
нің қатарлас құрбы-құрдастарынан едәуір атта қалады, аурушаң болады және
өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын кеш меңгереді. Мектеп жасына
келген-
189
де олардың сөздік қоры өте
аз болады, айналасын танып білуге әрекет етпей-
ді, ойнауды білмейді.
Мұндай балалар жалпы орта білім беретін
мектепке келісімен матема-
тика, ана тілі, оқу сияқты пәндерді игере алмайды. Көбінесе екінші жыл оқу-
ға қалдырылады. Бірақ олар еңбек ету процесіне қуана-қуана қатысады.
Дебил балаларда конкрет ойлау сақталған болады, сондықтан
оларды
коррекциялық-дамытушы мектептерде немесе жалпы орта білім беретін мек-
тептердің коррекциялық-дамытушы сыныптарында арнайы коррекциялап
және дамыта оқытса, мектепті бітірер кезде дені сау теңдестерінен онша
айырмашылық жасамайды.
Do'stlaringiz bilan baham: