Орыс тілінен аударған М. Мағауин



Download 431,78 Kb.
bet6/15
Sana20.04.2022
Hajmi431,78 Kb.
#564919
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Bog'liq
Сүлеймен патшаның кеніші 8-12

СУ! СУ!


Екі сағаттан соң ояндым. Таңғы төрт шамасы екен. Біраз көз шырымын алып, қалжыраған дене болмашы тыныққан соң-ақ өзімнің қаталап өліп бара жатқанымды анық сезіндім. Қайтадан көз ілмек əрекетімнен ештеңе өнбеді.
Жаңа, ұйықтап жатқанда түс көргем. Жағасы жасыл құрақ, зəулім ағашқа бөленген мөлдір дарияда шомылып жүр екем. Енді оянған соң қиялдан шын өмірге қайтып оралуға мəжбүр болдым: меңіреу шөлдің қақ ортасында жатырмыз.
Омбопа айтқан, бүгін су таппасақ, бəріміз де азаппен өлеміз деген сөз есіме түсті. Мұндай аптап ыстыққа тірі жан иесі бірер күннен артыққа шыдамас еді.
Басымды көтеріп отырдым. Кір, топырақ боп кеткен бетімді екі-үш күн ішінде-ақ жарылып, əбден күстенген қолыммен уқалай бастадым.
Еріндерім біріне-бірі жабысып, кірпіктерім матасып, көзім жұмылып бара жатқан, өстіп уқалап ашпаса болмады.
Ұзамай күн шығуға тиіс, бірақ ауадан таң лебі мүлде сезілмейді. Төңірегіміз – мүлгіген, меңіреу, қапырық əлем.
Серіктерім өлі ұйқыда.
Төңірек бозамықтана келе, кітап оқитындай дəрежеде жарық болды. Мен Инголдзби аңыздарының өзіммен бірге ала шыққан, қалтаға салып жүруге лайықталған басылымын аштым да, “Реймс ұзағы” атты балладаны оқи бастадым. Балладаның:
Балғын бала қолға ұстаған алтын құман ішінде Тас бұлақтан қайнап шыққан зəмзəм суы шүпілдеп. Алау сүйген асылтастай толқындана ойнайды, – дейтін жеріне келген кезде мен жарылып кеткен ернімді жалап, амалсыз тамсандым. Дəлірек айтсақ, тамсанбақ болдым. Таза, мөлдір су туралы ойдың өзі мені ақылымнан алжастырғандай. Қазір қарсы алдыма қолына қоңырау, қасиетті кітап жəне шырағдан ұстаған кардинал келе қалса, тұра ұмтылып, оның қол жууға арналған қасиетті суын басыма бір-ақ көтерер ем; бұл су поптың өзінің қолын жуып шыққан сабынның көбігіне толы болса да, осы құдайға қайшы
əрекетім үшін бүкіл католик шіркеуінің бар қарғысы басыма төнсе де, сол суды ішуден тартынбас едім.
Сірə, жол азабынан, шөл азабынан жəне ұйқының шалалығынан сол бір сəтте менің ақыл-ойым буалдыр тартса керек. Бет-аузы лас, бурыл басты, орта бойлы, жасамыс аңшының бір-ақ қарғып қастарына жетіп барып, күс-күс қолдарымен қасиетті су құйылған құманға жармаса кеткеніне, қақалып-шашалып оны басына бір-ақ көтергеніне кардиналдың, кардинал нөкері кішкене баланың жəне реймс ұзағының қалай таңырқай қарағандары кенет менің көз алдыма тірі сурет кейпінде елестегендей болды.
Көріністің оғаштығы сондай, мен қырылдай күліп қоя бердім. Оқыс дауыстан серіктерім оянды. Енді олар да былшықтанған көздерін, кеберсіген еріндерін, жарылып кеткен беттерін күс-күс қолдарымен уқалай бастаған.
Жұрт тегіс ұйқыдан тұрған соң бұдан ары не істейтініміз туралы кеңесе бастадық. Хəліміз ауыр еді. Ішер су қалмаған. Құтыларымызды басымызға төңкерістік, таңдайымызға тым құрыса бір тамшы тиер ме екен деген үмітімізден ештеңе шықпады, – ыдыстарымыз құп-құрғақ, судың иісі де жоқ.
Гуд қалтасындағы брендиге сұқтана қарап еді, сэр Генри сол сəтінде-ақ шөлмекті алыстау жерге жасырды. Мұндай жағдайда спиртті ішімдік ішу – өлім шақырумен пара-пар нəрсе.

  • Ұзамай су таппасақ, саудамыздың біткені, – деді сэр Генри.

  • Егер кəрі португалдың картасына сенсек, таяу маңда су болуға тиісті,

  • дедім мен.

Алайда менің бұл сөзім ешкімге рух бере қойған жоқ. Картаға соншалықты үміт артудың қажетсіздігі анық-тын.
Минут өткен сайын жарық ұлғая берді. Бірімізге біріміз қарап, сүлесоқ отырмыз. Кенет, готтентот Вентфогель орнынан атып тұрып, жерге қадала қарап, төңіректі шарлай бастағанын аңдадым. Бір кезде қалт тұра қалды да, қуана дауыстап, саусағымен аяғының астын нұсқады.

  • Ол не? – дедік бəріміз бірдей жамырап. Орнымыздан атып-атып тұрып, Вентфогель тұрған жерге қарай ұмтылдық.

  • Жөн-ақ, – дедім мен. – Таяу уақта осы арадан елік жүріп өткен екен дейік. Ал одан не шықты?

  • Еліктер ешқашан судан ұзап кетпейді, – деді Вентфогель голланд тілінде.

– Иə, – дедім мен, – рас. Бұл – менің есімнен шығып кетіпті. Енді тəңірге алғыс айтайық.
Осы болмашы бір жайдың өзі көңілімізді көтеріп, бойымызға күш құйды.
Соншама қиын, тіпті ешбір шарасыз күйге түскен кездерінің өзінде адамның көңіліндегі үміт сəулесінің сөнбейтіні, болмашының өзін көңілге асқар таудай медеу тұтатыны, шынында да, таң қаларлық қасиет емес пе! Меңіреу түнде бүкіл аспан əлемінен жарқырап көрінген жалғыз жұлдыз да жанға жұбаныш қой.
Бұл екі арада Вентфогель өзінің кейкі мұрнын көкке көтеріп, əлденеден секемденген арқарша қапырық ауаны ішіне тартып, иіс ала бастады. Кенет ол бізді тағы да таңырқатты.

  • Судың иісін сезіп тұрмын.

Бəріміздің де көңілімізді қуаныш кернеді, өйткені шөлде туып, шөлде өскен адамдардың табиғи қасиетін, олардың қаншалық иісшіл, қаншалық сезімтал келетінін жақсы білетінбіз.
Дəл осы мезетте өзінің ғажайып та асқақ көркін бар əлемге паш етіп күн де шықты. Көз алдымызға тартылған көріктің құдіреттілігі сондай, бір сəт шөл азабын да ұмытыппыз.
Бізден қырық-елу мильдей жерде жаңа шыққан күннің қызыл ала шапағына шомылып, басындағы қары күмісше жалтыраған, Сау- ханшаның Анары аталатын қыземшек қос шоқы андағайлап көрінеді; оның екі қанатын ала, жүздеген мильге созылған Сүлеймен тауының ұлан-асыр жоталары керіліп жатыр. Міне, қазір өз үйімде, жазу үстелімнің басында отырған кезімде мен қанша тырыссам да ол сəттегі көріністің ғажайып əсемдігі мен ерек асқақтығын суреттеуге тілім жетер емес. Мұндай жан сұқтандырар сұлу көріністі сөзбен бейнелеп беру мүмкін болмаса керек.
Біздің қарсы алдымызда əрқайсысының биіктігі кем дегенде он бес мың футтан келетін екі алып тау деңкиіп жатты. Дəл мұндай шыңдар бүкіл Африкада, қала берді, бүкіл жер жүзінде жоқ болар. Өзара құлама жартасты, ұзындығы он-он бес мильдей мойнақ тау арқылы жалғасқан егіз шың – басқа бір əлемге өтер жолды нұсқаған алып бағаналар тəрізді. Аппақ бастарымен көкті тірегісі келгендей, тəкаппар кейіпте аспанға таласа мұнартып тұр. Қос биіктің жалпы сұлбасы əйелдің қос анарынан аумайтын еді. Етектен төбеге қарай дөңгелене, күркелене біткен қос шыңның беткейі біз тұрған шамадан қарағанда кедір-бұдыр тассыз, тегіс əрі аса əсем көрінді. Екеуінің де нақ ұшар басында үстін қар жапқан, сұлбасы əйел анарының бөбешігінен аумайтын қос төмпешік көзге ұрады.
Екі тауды жалғастырып тұрған мойнақтың өзінің биіктігі бірнеше мың фут тəрізді. Қос шыңның шалғай қапталдары да жүлге-жүлге боп кететін қырқа белестерге, жайпақ төбелі аласа шоқыларға толы. Бұл шоқыларды мен Кейптаун түбіндегі шыңға ұқсаттым. Жалпы, таулардың осы тұрақтас болып келуі – бүкіл Африкаға тəн геологиялық ерекшелік.
Алдымыздан ашылған көріністің сұлулығы, ғаламаттығы көз тұнарлық, тіл байланарлық дəрежеде еді. Асқақ пішінді жанартаулардың – мына тұрған егіз биік – сөнген жанартаулар екені күмəнсіз, көркі мен салтанаты естен тандырғандай, демімізді ішімізге тарта қатып қаппыз.
Біраз уақ күн сəулесі таудың басындағы ақ қармен, төменгі белдеуіндегі қоңырқай алаппен ойнап, сан түрлі түске бөленді. Содан кейін ғажайып көріністі біздің көзімізден тасалағысы келгендей, күтпеген жерден пайда болған тұман мен бұлт қойылып, таудың басын шымылдықтады; аздан соң бұлт пердесінің ар жағындағы биіктердің жалпы сұлбасы ғана таныларлықтай боп қалды. Кейін білдік, əдетте қос биікті үнемі осындай ғажайып, жұқалтаң тұман басады да тұрады екен, бұдан бұрын таудың əсем кейпін ешқайсымыздың да анықтап көре алмауымыз содан болса керек.
Тау құпия шымылдықтың артына жасырынған соң-ақ біз қайтадан өзімізді шөл қысып бара жатқанын аңдадық.
Вентфогель иісін сезіп тұрмын деп айтуын айтты-ау, бірақ қай тарапқа көз салмайық, судың ешбір белгісі танылмады. Көз жетер жер тегіс күн қарып өртеніп тұрған жансыз құм, Оңтүстік Африканың шөл далаларында ғана өсетін тікенекті бұталар.
Көңілімізді қатер билегенімен, бəлки, арғы бетте су бар шығар деген үміт жетегінде төңірекке жіті көз тастап, төбешікті айналып өттік, – сол өлі көрініс: қарасу да, апан да, шұқанақ та жоқ, бір тамшы, жарты тамшы су жоқ.

  • Ақымақсың! – дедім мен Вентфогельге зекіп. – Су түгілі сайтан да жоқ.

Бірақ Вентфогель манағыша, өзінің сиықсыз кейкі танауын көкке көтеріп, ауаны иіскелеуден танбады.

  • Мен судың иісін сезіп тұрмын, баас, – деді ол. – Алыс емес, осы маңда. Ауада су иісі бар.

  • Иə, – дедім мен кекете мырс етіп. – Дұрыс айтасың. Көктегі бұлтта су бар. Енді екі күннен соң, бəлки, екі айдан соң сел бөп төгіп, біздің қурап қалған сүйегімізді жуады ол су.

Сэр Генри ойға батқан қалыпта өзінің ақ сары сақалын салалай берді.

  • Бəлки, су мына төбенің басынан табылар, – деді кенет.

  • Бос сөз! – деді Гуд. – Етекте жоқ су қыр басында болады дегенді кім естіген.

  • Қарайық, көрейік, – дедім мен.

Ешқандай үмітіміз болмаса да, тырмысып, түйетайлы, құмдақ беткеймен жоғары өрледік.
Кенет алда келе жатқан Омбопа төбеден ұрғандай қалт тұра қалды.

  • Manzia, manzia (Су! Су!) – деді сол сəтінде-ақ айқайлап. Біз сүріне- қабына алға ұмтылдық. О, ғажап, төбенің ұшар

басында шара сияқты қазаншұңқырда су, су болғанда кəдімгі су шүпілдеп тұр.
Біз мұндай, ешбір реті жоқ жерде су қайдан пайда бола қалды деп бас қатырып жатпадық; судың лайсаң, қоңыр түсі де біздің одан жеруімізге себеп бола алмады. Алдымызда су немесе суға ұқсас əлдебір сұйықтық тұр – бізге бұдан артық ештеңенің керегі де жоқ еді. Бір сəт те
бөгелместен жапырлай тұра ұмтылдық. Етпетімізден жата қалып, алдымызда лайлы ботқа емес, бейнебір зəмзəм суы тұрғандай-ақ қылқылдатып жұтута кірістік.
Құдай-ау, қандай құмарлықпен іштік десеңізші, осы лай суды!
Ақыры шөліміз де қанды-ау. Енді үстіміздегі киім атаулыны сыпырып тастап суға күмп бердік. Бойындағы бар ылғалынан айрылып, құрғап, көнге айналуға шақ қалған денеміз де соншалық қаталаған еді, соншама ынтызарлықпен су тілеген еді.
Оқушым! Сенің суың қасыңда. Орныңнан тұрып, кранның құлағын бұрасаң бітті, ыстық су керек пе, суық су керек пе, сарылдап аға жөнеледі. Сондықтан кермек татыған, лай-батпақ судың ішінде отырып, біздің қандайлық рақат сəттерді басымыздан өткізгенімізді түсінуің қиын.
Малшылап біраз жатқан соң судан шықтық. Бойымыз сергіп қапты. Көзіміз шырадай жанады. Енді ғана байқадық, қарнымыз ашып өліп барады екенбіз. Соңғы бір-екі тəулік ішінде, тіпті қарағымыз да келмеген сүр етті алып, қомағайлана асауға кірістік.
Тоя тамақтанып алған соң шылым шегіп біраз тыныстап жаттық. Сосын қазаншұңқырдың құлама жарқабағының көлеңкесін саялап, түске дейін ұйықтадық.
Кеш батқанша осы судың басында болдық. Лай батпақты, кермек дəмді екеніне қарамастан, осындай суға кез келтірген құдайға алғыс айттық, өлмес себепке ұшыратқан тағдырымызға тəуба жасадық. Фəниден бақиға ұшқанына қаншама заман болған, біз үшін соншама михнат шегіп, көйлегінің етегіне карта сызып, су көзінің қай жерде екенін нақты белгілеп кеткен Хозе да Силвестраның ізгі ісіне көңіліміз толды, оның аруағына ризашылық білдірдік.
Қарасудың дəл осындай қолайсыз жерде тұруы жəне соншама заман сақталуы біз үшін жұмбақ еді. Менің ойымша, мұның жалғыз-ақ себебі бар сияқты. Сірə, қалың құм қабатының астымен мол су ағыны өтеді, ал мына шұқанақ сол су көзімен жалғасып жатыр.
Ай туа қайтадан жолға шықтық. Сауыт, құты атаулыны тегіс суға толтырып алғамыз. Көңіл күйіміз де бұрынғыдан əлдеқайда көтеріңкі.
Бұл түні біз жиырма бес мильдей жер ұттық. Бізге бұдан ары ешқандай су кездеспегені өзінен-өзі түсінікті болса керек.
Əйткенмен бұл түнгі сапарымыз да сəтті болды. Таң ата құмырсқа илеуіне тап келдік те, күндізгі тынысқа соның көлеңкесіне аялдадық.
Сырлы шапақты күн шығып, тылсым буған тұман пердесін бір сəт серпіген кезде көрдік, Сүлеймен тауы мен Сау-ханшаның қос Анары бізден жиырма мильдей ғана жерде тұр екен. Төбесімен көк тіреп, мұнарға бөккен асқар тау бізге бұрынғыдан да айдынды, бұрынғыдан да еңселі көрінді.
Қараңғы түсе тағы көтерілдік.
Түні бойы тынымсыз жүріп отырып, таң бозара Сау-ханшаның сол жақ Анарының етегіне іліндік. Бүкіл сапар бойы нысанаға алғанымыз да осы биік еді.
Бұл кезде біздің су қорымыз əбден сарқылған-ды. Шөл азабы қайта басталды. Асқар шыңда жатқан қарлы алапқа жеткенше су табамыз деген үміт жəне жоқ.
Бірер сағат тыныстап алған соң сол қаталаған қалпымызда алға қарай жылжыдық. Алып таудың беткейіне бұдан əлденеше ғасыр бұрын
атқылаған лава тұнған екен, не бір уыс топырақ, не бір қылтанақ шөп көрінбейді. Өлі, жансыз тастақ беткей ауаны өртеген күн қызуын бұрынғыдан əрмен күшейте түседі. Шыжып, қақталып, жоғары қарай ілби өрлеп келеміз.
Сағат он бір шамасында қалжырап, əбден шыдамымыз бітті. Аяғымызды əрең басып тұрар хəлге жеттік.
Таудан төгіле аққан жолына тас боп қатқан лаваның беті бұрын мен ауызекі сөзден естіген лавалы беткейлермен салыстырғанда тегіс болғанымен, біршама кедір-бұдыр еді, оқаң-шоқаң жүрістен жіліншік майымыз үзілуге айналды. Басқа толып жатқан бақытсыздықтың үстіне енді аяғымыздың ауырғаны қосылғанда, біз бұл азапқа бұдан ары төзе алмайтынымызды аңдадық.
Қарсы алдымызда, бізден бірнеше жүз ярд биікте толқындана бере тас боп қатқан серек-серек лава көрінді. Сая боларлық көлеңкесі бары байқалады.
Өліп-талып оған да жеттік-ау. Жеткен бетімізде шегімізді тарта таң қалыстық (соншама хикметтерге ұшырағаннан соң да əлденеге таңдана алатынымыздың өзі таңғаларлық жай емес пе!), таяу маңдағы лавалы қырқа көкпеңбек еді. Сірə, уақыт өткен сайын уақтала берген лава топырақпен араласып, көк шығарлық жағдай туса керек; содан соң жел ұшырған, құс тістеген шөп ұрықтары өсіп-өне келе өлі тақырға жан біткен.
Əйткенмен бұл көк біздің көңілімізге медеу бола алмады. Навуходоносорға ұқсап, шөп жеп күн көру – біздің қолдан келмес өнер. Бұл үшін тағдырдың жазуы ғана емес, ас қорыту ағзамыздың құрылысы мүлде өзгеше болуы да қажет.
Біз жартастың көлеңкесінде отырып, көкірегіміз қарс айрыла күрсіністік. Менің өз басыма келсек, дəл осы сəтте осыншама қатерлі сапарға орынсыз бас байлағаныма өкіндім.
Кенет, Омбопаның орнынан тұрып, көк өскен алаңқайға қарай сүйретіліп бара жатқанын аңдадым. Аздан соң шын таңырқауыма тура келді: өзін үнемі салмақты, тəкаппар кейіпте ұстайтын сабаз қолына
жасыл бірдеңе көтеріп алған, есінен адасқан адамдай айқайлап, билеп қоя берді.
Су тапқан шығар деген үмітпен бəріміз жапырлай орнымыздан тұрып, ақсаңдап, шоқаңдап, шама келгенше жылдамырақ ілбуге тырысып, солай қарай беттедік. Бірақ дəл бұл арада су болатын реті жоқ жəне Омбопаның да су тапқан сыңайы танылмайды.

  • Не болды, ақымақтан туған Омбопа? – дедім мен анадайдан зұлысша айғайлап.

  • Мынау – əрі су, əрі тамақ, Макумазан! – деді Омбопа еліре дауыстап, қолындағы көкшіл, сопақша əлденені бұлғап.

Сол кезде ғана Омбопаның қолындағы нəрсеге бажайлап қарадым. Бұл

  • қауын еді.

Біз пісіп-жетіліп тұрған осындай мыңдаған жабайы қауын өскен алаңға тап болыппыз.

  • Қауын! – дедім мен айғайлап, артымда келе жатқан Гудқа. Келер сəтте Гуд та, басқамыз да қауынға жаппай ауыз салдық.

Əрқайсымыз кем дегенде алты-жеті қауыннан жеген кезде əрең тоқтасақ керек. Бұл қауындар онша дəмді емес еді, алайда мен өмірімде мұндай нəрлі, мұндай тəтті жеміс жеп көрмегендей сезімде болдым.
Қанша айтқанмен, қауын – қарын тойдырар ас емес. Шөліміз қанған соң-ақ біз аш екенімізді анық сезіндік. Қолдан келген бар амалымыз: қауынды мол етіп жиып алдық та, орталарынан бөліп, тасқа сүйеп қоя бердік. Шыжыған күн қызуымен кеуіп, қақ болсын дегеніміз. Рас, аз- маз сүр етіміз бар еді. Алайда тас боп қатып қалған сүр – жан сүйсінер ас емес, əрі қашан тамақ тауып жеріміз белгісіз. Сондықтан үнемдеу қажет.
Дəл осы сəтте тағы да жолымыз бола кеткені. Шөл жаққа қарап тұрғам. Кенет тауға, тура бізге қарай ұшып келе жатқан бір топ ірі құсқа көзім түсті.

  • Skit, Bass, skit! (Ат, мырза, ат!) – деді маған сыбырлай сөйлеп готтентот Вентфогель. Өзі бой тасаламақ боп, етпетінен жата кетті.

Қалғанымыз да қолма-қол жасырындық.
Енді анық көрінді, бұл – бір топ дуадақ екен. Қазір елу ярдтай биіктіктен, тура төбемізден ұшып өтпек.
Мен винчестерлердің бірін алып оқтап, əзірленіп отырдым да, құстар тақап қалғанда орнымнан атып тұрдым. Ойлағанымдай-ақ, құстар мені көрісімен шошынып, бір сəт үйме-жүйме боп қалды. Сол кезде қатарынан екі рет атып үлгердім. Дуадақтардың бірі топ етіп аяғымыздың астына түсті.
Салмағы жиырма фунттай, аса ірі дуадақ арада жарты сағат өтер- өтпесте сойылып, жұлынып, пісіруге əзір болды. Қауынның қурап қалған пəлегінен шөмшек жиып, от жақтық та, құстың етін қақтауға кірістік.
Бір апта бойы ыстық тамақ ішіп көрмегеміз. Дуадақты сүйегіне дейін кеміріп, түгін қалдырмай жеп алдық. Қампия тоймағанымызбен, əлденіп, əжептəуір көтеріліп қалдық.
Кеш батып, ай туысымен тағы да түн қата жөнелдік. Бұл жолы артынып-тартынып шыққан едік: əрқайсымыз көтергенімізше қауын алғанбыз.
Жоғары қарай өрлеген сайын ауа қоңыржай тарта берген. Бойымыз жеңілейіп, кеудемізге күш құйылғандай, рақат күйге ендік.
Таң атқанда қарасақ, қарлы белдеуте он шақты мильдей ғана жер қалыпты. Бұл арада тағы да қауын егіндігіне ұшырадық. Шөл азабынан біржола құтылғанымыз анық еді. Өйткені енді біраз жүрсек, қарға да ілінеміз.
Алайда жоғары көтерілу алға аттаған сайын қиындай берді. Соған орай жүрісіміз бұрынғыдан да мимырт тартты. Оның үстіне бұл түні біз ең ақырғы бір жапырақ сүрімізді жедік.
Соншама жүргенде кешегі дуадақтардан басқа бірде-бір жан-жануар көрмедік. Не бұлақ, не басқадай су көзі жəне ұшырамады. Бұл, шынында да таңғаларлық жай еді: жоғарыда тұрған ақ қар, көк мұз күн қызуымен еріп, сай-салаға жылға-жылға өзен, су боп ағып құйылып жатса керек-ті. Кейін білдік, бізге белгісіз табиғи себептермен бұл таудың барлық өзені теріскей беттен басталатын көрінеді.
Енді тамақтың жоқтығы көңілімізге қауіп төндірді. Соншама азап шеккенде шөлден аман құтылып, аштан өлу үшін ғана жанталасқан боп шығуымыз əбден ықтимал еді. Біздің бұдан соңғы үш күн бойы қандай хəлде болғанымыз менің сол кезде қойын дəптеріме мұқият түсіріп отырған қысқаша жазбаларымнан анық танылды.
21 мамыр. Ауа күндіз жүруге мүмкіндік берер дəрежеде қоңыржай болғандықтан, сағат он бірде жолға шықтық. Бірнеше қауын арқалай кеттік. Жүрісіміз өнбеді, бірақ күн ұзақ алға жылжумен болдық.
Қайтып қауын көрмедік, сірə, жеміс өсетін алаптан шығып кетсек керек. Не су, не құс ұшырамады. Күн бата қоналқаға жаттық. Бірнеше сағат бойы нəр татқамыз жоқ.

  1. сі. Таң бозара тағы да аттандық. Əбден əліміз құрыған екен. Күні бойы тынымсыз жүргенде бес-ақ миль жылжыппыз. Ойдым-ойдым қар басқан алаңқайларға ұшырастық. Қармен шөлімізді бастық. Жейтін түгіміз жоқ. Ашпыз. Үлкен қыраттың етегіне қоналқаға тоқтадық.

Суық сүйектен өтеді. Біраз бренди ішіп, көрпешелерімізге оранып, бірімізге біріміз тығылыса жаттық. Аштық пен жол азабына шыдау қиын боп барады. Вентфогель таң атқанша өліп қала ма деп қорықтық.

  1. і. Күн көтеріліп, жаурап қатып қалған денеміз аз-маз жылынғандай болған шақта орнымыздан тұрдық, тағы да алға қарай жүруге əрекеттендік. Адам айтқысыз ауыр хəлдеміз. Егер жемдік бірдеңе таппасақ, бұл – біздің саяхатымыздың соңғы күні бола ма деп қорқам. Аз ғана бренди ғана қалды. Гуд, сэр Генри жəне Омбопа үшеуі азапқа шыдап, жігіттік көрсетіп жүр, бірақ Вентфогельдің жағдайы жаман.

Басқа готтентоттар сияқты ол да суыққа төзімсіз. Ал мен қарнымның ашқаны біржола басылғандай, аштық азабын мүлде сезбеймін, сірə, ішек-қарным жабысып, қатып қалса керек. Басқалар да осылай дейді. Қазір біз екі биікті өзара жалғастыратын мойнақ таудың деңгейінде тұрмыз. Көрініс ғажайып! Артымызда, көкжиекпен астасып, күнге шағылыса жалтырап, ұшы-қиырсыз иен шөл жатыр, алдымыз – бетін қар басқан, жоғары өрлеген сайын бірқалыпты жұмырлана беретін, болмашы ғана түйетайлы, кең, төмпеш жон тау сауыры. Қақ ортада, сірə, аумағы əлденеше миль болар, тура көкке қарсы шаншылған шыңы тұр. Биіктігі төрт мың фут шамасында. Төңіректе ешбір тіршілік
белгісі көрінбейді. Жəрдем ет бізге, тəңірі тағалам! Соңғы сағатымыз соқты ма деп қорқам.
Енді күнделікті жиып қоям: өйткені, біріншіден, күнделік – оқуға онша қызықты дүние емес, екіншіден, бұдан ары болатын оқиға – бажайлап баяндауға лайық.
Сол күні (23 мамыр) ертеден қара кешке дейін қар басқан беткеймен жоғары қарай жылжумен болдық. Жол ауыр, жүріс өнбейді. Ауық-ауық сұлап жата кетіп, аз-маз əл жиып аламыз.
Біздің тобымызға көзі түскен көлденең адам шошып кетер еді. Бесеуіміздің де ұнжырғамыз түскен, ыңыршағымыз шыға жүдегеміз, қажып шаршап біткеніміз соншалық, аяғымызды əрең алып, сүйретіле басамыз; ашқарақ көзбен жан-жағымызға алақ-жұлақ қараймыз.
Қарағаннан не пайда, көз жетер төңіректе талғажау етуге жарар ештеңе жоқ.
Күн ұзақ жүрген жолымыз жеті миль болды. Кеш батар алдында Сау- ханшаның сол жақ Анарының басындағы бөбешік шоқының етегіне іліндік. Мұз бен қар басқан, биіктігі мың футтай, жып-жылтыр, теп- тегіс шың екен.
Хəліміз қанша мүшкіл болғанымен, біз қарсы алдымыздан айқара ашылған əсем көрініске сұқтанбай тұра алмадық. Батып бара жатқан күннің шапақ арайымен аппақ қар кейде қызыл ала қанға боялып, алтындай толқып, кейде ақ күмістей жарқырап, неше түрлі түске енеді де, төбемізде тұрған шоқы асыл тастай жайнайды.

  • Байқаймысыңдар, – деді кенет Гуд. – Біз қазір əлгі кəрі джентльмен айтқан үңгірге таяу маңда тұрсақ керек.

  • Иə, – дедім мен. – Егер сондай үңгір бар болса.

  • Тыңдаңызшы, Куатермэн, – деді сэр Генри ауыр күрсініспен. – Орынсыз тарылмайық та. Мен кəрі португалға қалтқысыз сенем – су жайы есіңізде ме? Демек, көп ұзамай үңгірді де табамыз.

  • Егер оны қараңғы түскенше таба алмасақ, өзімізді марқұмдар санатына қоса беруіміз керек, – дедім мен.

Үнсіз қалыпта тағы бір он минуттай жүрдік.
Омбопа үстіне көрпешесін орап, белін шарт буып алып (белімді “аштықты сығымдап азайту үшін” будым дейді өзі, сол бел буа-буа қазір қыздың беліндей қыпша болған) менің қатарымда келе жатқан. Кенет қолымнан ұстай алды.

  • Анаң қара! – деді ол шоқының етек тұсына қарай қолын созып. Мен Омбопа нұсқаған жаққа көз тіктім. Бізден екі жүз ярдтай жерде, теп-тегіс қарлы беткейде қарайған бірдеңе көрінеді.

  • Үңгір, – деді Омбопа.

Ең ақырғы күшімізді жиып, алға қарай ұмтылдық. Қарауытқан көлеңке

  • шынында да үңгірге жəне, сөз жоқ, да Сильвестра айтқан үңгірге кірер ауыз боп шықты. Үңгір дəл қажет мезгілде табылыпты. Біз жетер-жетпесте күн ұясына қонды да, шыңырауға батқандай, əп-сəтте көзден ұшты. Сол мезетте-ақ қараңғылық орнады. Бұл тұстарда ақшам деген болмайды.

Біз еңбектеп үңгірге кірдік. Онша үлкен емес екен. Жылынбақ оймен бірімізге біріміз тығылып, бүрісіп отырып, брендидің қалғанын іштік – кісі басына бір жұтымнан əрең жетті.
Содан соң ұйқыға батып, бар қайғы-мұңымызды ұмытуға тырыстық. Бірақ сүйектен өткен суық көз ілдірмеді.
Мұндай заңғар биікте термометр шөлден кем дегенде он төрт-он бес градус төмен температура көрсетер еді, бұған күмəнім жоқ. Ал жол азабынан қажыған, шөлден, ми қайнаған ыстық пен аштық азабынан əбден жүдеген бізде он төрт-он бес градус аязды көтерерлік қауқар қайда. Халіміздің қаншалық екенін мен суреттемей, оқушымның өзі-ақ аңдар. Бар айтарым, мен ешқашан да өлім лебін дəл мұншама жақын жерден сезініп көрмеп ем.
Əр минутың сағатқа айналып кеткендей, азап түні тым ұзаққа созылды. Баспана аты бар үңгірде отырсақ та, қызылшұнақ аяздың бізді төңіректеп жүргенін бір сəт те ұмыта алмадық. Кейде саусағымызға, кейде аяғымызға, кейде бетімізге өзінің ызғарлы инесін сұққылап, таң атқанша айналдырды.
Уақыт озған сайын бірімізге біріміз тығыла-тығыла, ақыры үйме- жүйме болдық. Бірақ бəрібір жылына алмадық, ешкімнің бойында жылу, қантамырында қызу қалмаған, бəріміз де қаудыраған қу сүйекпіз.
Кейде əлдекім бір сəт қалғып кетеді; оның өзі де бірнеше минутқа ғана созылады, бастығырыламыз, түс көреміз, əйтеуір ешкім көз іліп, адамша тыныстай алған жоқ, сонысы жақсы болды ма деймін; өйткені қайсысымыз ұйықтасақ та енді қайтып оянар-оянбасымыз екіталай еді. Ғаламат түннен тірі шығуға тек еркіміз бен жігеріміз ғана себеп болғанына мен күмəнданбаймын.
Таң алдында мен түні бойы тісі-тісіне тимей сақылдай шыққан готтентот Вентфогельдің ауыр күрсініп, тына қалғанын аңдадым. Сол сəтінде мəн бере қоймағам. Ұйықтап кеткен шығар деп ойлағам. Маған арқасын беріп отырған еді; уақыт өткен сайын мұздаған үстіне мұздап бара жатқан сияқты көрінді, ақырында арқама кесек мұз басып отырғандай сезіндім.
Ненің болмасын шегі бар ғой, ақыры қараңғылық сейіліп, таң бозарды. Көп ұзамай аппақ қарға шағылысқан алып жебелер төңіректі ақ нұрға бөледі. Лавалы белдің астынан көтерілген күн сəулесі үңгір ішіне – тоңазып қатуға айналған бір топ адамға түсті.
Сонда ғана аңдадық, Вентфогель өліп қапты. Маған оның арқасы тым суық көрінгені тегін емес екен. Сол күрсінген сəтінде жан тапсырған болды. Таң атқанша мұз боп қатып қалыпты. Түні бойы өлікпен бірге отырыппыз.
Зəреміз ұшып (шынында, өлік атаулының тірі адамға үрей əкелетіні таң қаларлық жай), бəріміз бірдей мəйіттен аулағырақ жылжыдық. Ал ол тізесін құшақтаған күйі сол отырған орнында қала берді.
Бұл екі арада күннің салқын сəулелері (рас, күн сəулесі жылу емес, ызғырық төгіп тұрған) үңгірдің ішін толық жарық қылды. Кенет, мен де жалт бұрылып, үңгірдің түкпір жағына көз салдым.
Менің көргенім мынау болды. Үңгірдің ені жиырма футтай келетін түп жағында тағы бір адам отыр екен. Басы кеудесіне түсіп кеткен, ұзын
қолдары екі жағында салбырап тұр. Бажайлап қарап, мен мұның да өлік екенін жəне ақ түсті адам екенін аңдадым.
Өлікті менің серіктерім де байқап қапты. Біздің əбден жұқарған жүйкеміз мұндай көрініске бұдан ары шыдамады. Соншама қорқынышты жерден қайтсек тезірек шығамыз деген оймен, қатып, ағашқа айналуға шақ қалған аяқтарымыздың бар күшін жұмсап, бəріміз бірдей сыртқа ұмтылдық.

  1. тарау

Download 431,78 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish