Орыс тілінен аударған М. Мағауин



Download 431,78 Kb.
bet14/15
Sana20.04.2022
Hajmi431,78 Kb.
#564919
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Bog'liq
Сүлеймен патшаның кеніші 8-12

Брейли-Холл, Йоркшир.


Қымбатты Куатермэн!
Соңғы пошталардың бірімен сізге Джордж, Гуд үшеуміздің аман-есен Англияға жеткеніміз туралы хабарлаған едім.
Саутгемптонға түсісімен бөгелместен Лондонға аттандық. Келесі күні- ақ Гудтың қандай сырбаз күйге енгенін көрсеңіз! Тап-таза қырынған, үстінде бойына құйып қойғандай қонып тұрған тамаша фрак, т. т. Біз паркке серуенге шықтық. Сол арада таныстарымыздың кейбіріне ұшырасқан едік. Мен оның “сүйріктей сұлу аппақ аяғы” туралы хикаяны айтып бердім,
Бұл – оның жүйкесіне тиетін əңгіме боп тұр. Əсіресе, бір у тілді журналист осы туралы беделді газетке жазғаннан бері.
Енді шаруа жайына көшейін. Гуд екеуміз асыл тастардың нарқын біліп беруді “Стритер” ювелир фирмасынан өтінген едік. Олардың қаншаға бағалағанын айтудың өзіне қорқам. Сансыз сома. Мұның өзі де тек шамамен бағалағандағы құны көрінеді. Бұрын-соңды мұншама көп, мұншама əсем тастарға ұшыраспаған едік десті. Ең ірі бір-екеуі болмаса, қалған алмастардың барлығы да мөлтек таза көрінеді, ең таңдаулы бразилия гауһарларынан артық болмаса, кем емес дейді.
Мен бұл тастарды фирмаларыңыз сатып ала ма деп ем, олар шамамыз жетпейді десті. Базар нарқын түсірмес үшін бөлшектеп өткізуге кеңес берді. Əйткенмен фирма тастың аз ғана бөлігіне жүз сексен мың фунт стерлинг ұсынып отыр.
Куатермэн, Англияға келіп, бұл шаруамен өзіңіз айналысқаныңыз жөн. Оның үстіне, менің ініме қалайда ғажайып сыйлық жасап, асыл тастардың тура үштен бірін тарту етпек ойдасыз.
Ал Гудқа келсек, ол мүлде ақылынан адасқандай халде: бар уақыты айна алдында қырынып, тарануға, əсемденіп-сəнденуге кетеді. Бірақ əлі күнге Фулатаны ұмытпаған сияқты. Англияға келгеннен бері сыр
мен сымбат тұрғысынан алғанда, Фулатамен тайталас бірде-бір əйел көрмедім деп маған капитанның өзі де айтты.
Отаныңызға қайтып оралып, маған таяу жерге орын тепкеніңіз жөн болар еді, көне көз досым! Өз өміріңізде аз бейнет шеккен жоқсыз ғой, ал қазір дəулетті адамсыз. Менің мекенжайыммен жапсарлас тұрған қоныс сатылады. Сізге ұнайтынына күмəнім жоқ. Келіңіз, мүмкіндігінше тезірек келгеніңіз жөн!
Ал басымыздан өткен хикметтер туралы хикаяны кеме үстінде аяқтарсыз. Біз тамыр-таныстарымызға бұл төңіректе ешқандай əңгіме айтқамыз жоқ, бəрібір сенбес дедік.
Егер кеңесімді қабыл алып, қызыл жұмыртқа мейрамы қарсаңында келсеңіз, қатты өтінем, біздің үйге түсіңіз. Осы кезде Джордж бен Гуд та келмек. Қызықтыру үшін айтайын, сіздің ұлыңыз да осында болады. Сіздің Гарриіңіз аң аулауға бір аптаға маған келіп те кетті. Жұрттың бəріне ұнады. Салқынқанды, байсалды жігіт екен: аң аулап жүрген кезде бір уыс бытырамен мені дəл сирақтан қағып түсіргені, барлық бытыраны кесіп, тесіп дегендей, өзі алып шықты. Жəне ең соңында аңшылардың ішінде студент медиктің болғаны қандай жақсы дегенін қайтерсіз.
Көріскенше, қартым! Бұдан ары үгіттемей-ақ қояйын. Бірақ сіздің тым құрыса кəрі досыңыздың көңілін аулау үшін келетініңізге сенем.

Download 431,78 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish