«Молодой учёный»
. № 7 (297)
. Февраль 2020 г.
340
Молодой ученый Қазақстан
Сурет 2 сәйкес, Солтүстік жартышардағы Солтүстік Атлант
тербелісі индексінің (NAO) 1963–2018 жылдар аралығындағы
өзгеру динамикасын талдау кезінде NAO индексі минус 0,07/10
жыл жылдамдықпен төмендеген.
Детерминация коэффициенті 0,063 ≤ R
2
=0,25 болып, тренд
сызығының төмендегенін көруге болады. Оң аномалиялар 0,13-
ден 1,21-ге дейінгі шектерде өзгеріп, 1969, 1989, 1992, 2013, 2015
жылдары байқалды, ал ең үлкен мәні 2018 жылы тіркелген.
Теріс мәндері минус 1,20-дан минус 0,10-ға дейін өзгерді және
ең ірі аномалиялар 1968, 1993, 1998, 2008, 2010 және 2015 жыл-
дары байқалып, ең үлкен мәні 1998 жылы тіркелген.
Жер-атмосфера жүйесінде өтетін планетарлық масштабтағы
құбылыстардың арасында — мұхит, Эль-Ниньо — Оңтүстік
тербеліс (ЭНЮК (Southern Occilation Index-SOI) соңғы жыл-
дары үлкен қызығушылық тудырады. Олар шығыс және батыс
жартышардағы тропикалық аймақтарда аномалиялардың қа-
рама-қарсы белгілері бар жер бетіндегі атмосфералық қы-
сымның, желдің және жауын-шашынның жылдық аралық өз-
герістерін түсіндіреді [4].
Арктикалық тербеліс (Arctic Oscillation — AO) термині
солтүстік жартышар стратосферасындағы циркуляцияның
аномалиясының жаһандық процестерін зерттеу үшін ен-
гізілген. Солтүстік жартышардағы оңтүстік тербеліс және
арктикалық тербеліс индексінің уақыттық жүрісі берілген
(сурет 3 а, б).
Сурет 3 (а) сәйкес, Оңтүстік тербеліс индексі шамасының
өзгеру трендінің бірқалыпты өзгерісі байқалады. Сонымен
қатар, оң мәнді ауытқулар 0-ден 1,52-ге дейінгі мәндерде өз-
герген және 1964, 1975, 1981,1989, 1996, 2008 және 2010 жыл-
дары максимумдармен өзгергенін атап өткен жөн.Теріс мәнді
ауытқулар 0-ден минус 1,19-ге дейін ауытқыған кезде ең аз
мәндер 1972,1977, 1982, 1987, 1993, 1997 және 2005 жылдары тір-
келген. Сондай-ақ, әр 5–7 жыл сайын үлкен амплитудалармен
айтарлықтай динамика байқалады.
Сурет 3 (б) сәйкес, 1963–2018 жылға дейін Солтүстік жар-
тышардағы арктикалық тербеліс индексінің өзгеру динами-
касында детерминация коэффициентінің болмашы мәні бай-
қалған, соған байланысты тренд сызығының бірқалыпты
өзгерісі болған. Ең үлкен оң ауытқулар 1967,1989, 1994 жыл-
дары (0,43–0,52), ал теріс мәндер — 1993, 1995 және 2008 жыл-
дары (минус 0,26 — минус 0,64) байқалған.
Шығыс Атлантикалық-Батыс-ресейлік механизм (East At-
lantic/Western Russia — EA/WR) — бұл Еуразия аумағында
жыл бойы әрекет ететін үш белгілі өзара іс-қимыл тетіктерінің
бірі. EA/WR оң (теріс) фазасы төмен (жоғары) қысым ай-
мағына және Ресейдің Еуропалық аумағының шығысында және
Сібірдің батысында ауа температурасының қарама-қарсы ано-
малиясына сәйкес келеді.
Шығыс Атлантикалық механизмі (East Atlantic — EA) Сол-
түстік Атлантика үстінде төмен жиілікті өзгергіштік тән болып
табылады және барлық айларда жетекші ретінде әрекет етеді.
Континентте температуралық режимді қалыптастырудағы ат-
мосфералық циркуляцияның осы құрылымының рөлі әл-
сірейді (ауа температурасының ауытқулары 1 °C аспайды) [5].
Шығыс-Атлантикалық-Батыс-Ресей механизм және Шығыс
Атлантикалық тербеліс индексінің өзгеру динамикасы көр-
сетілген (сурет 4 а, б).
Сурет 4 (а) сәйкес, 1963 жылдан бастап 2018 жылға дейін
Шығыс-Атлантикалық-Батыс-Ресей механизм индексінің өз-
геру динамикасы көрсетілген. Детерминация коэффици-
енттері және тренд теңдеулері бойынша Шығыс-Атлантика-
лық-Батыс-Ресей механизм индексі мәндерінің минус 0,23/10
жыл жылдамдығымен төмендеу үрдісі байқалады. 5 (б) суретке
сәйкес Шығыс Атлантикалық механизм индексінде тренд сы-
зығы 2,7/10 жыл жылдамдықпен айтарлықтай өскен. Оны де-
терминация коэффициенті (0,42 ≥ R2 крит, 0,25) тең.
Полярлық-Еуразиялық механизм (Polar/Eurasia — POL/EU)
жылдың барлық маусымдарында көрінеді. POL/EU оң фазасы
полярлық аймақ үстіндегі теріс биіктік ауытқулардан және Сол-
түстік Қытай мен Моңғолия үстіндегі оң ауытқулардан тұрады.
Скандинавиялық механизм (Scandinavia — SCAND) Скан-
динавия үстіндегі негізгі циркуляциялық орталықтан тұрады,
Батыс Еуропа мен Шығыс Ресей/батыс Моңғолия үстінен қа-
рама-қарсы белгінің әлсіз орталықтарымен сипатталады.
SCAND-тың оң фазасы Скандинавия мен Батыс Ресей үстінен
негізгі антициклондарды көрсететін биіктігі бойынша оң
Сурет 3.
Do'stlaringiz bilan baham: