Лекция Жоспар: Шығыстың ояну дәуірінде ілім-пән және мәдениет



Download 35,58 Kb.
bet1/4
Sana14.07.2022
Hajmi35,58 Kb.
#801302
TuriЛекция
  1   2   3   4
Bog'liq
1-лекц


Шығыстың ояну дәуірінде педагогикалық пікірлердің дамуы
Жаттығу түрі: Лекция
Жоспар:

  1. Шығыстың ояну дәуірінде ілім-пән және мәдениет.

  2. Абу Абдуллох Харезмидің дидактикалық көзқарастары.

  3. Абу Насыр Фарабидің тәлімдік-адамгершілік көзқарастары.

  4. Абу Райхан Беруни, Абу Али ибн Синоның тәлімдік-адамгершілік көзқарастары.

Тірек түсініктер. Шығыстың ояну дәуірі, данышпандық үйі, Саманилар, Ғазнауилер, Салжухилар, Хорезмшахтар дәуірлері, атақты ғұламалар, ілім-пән өркендеуі, адамгершілік дидактик шығармалар, кемелдік.




Араб халифатында пайда болған, туған қоғамдық – саяси өзгерістер, жеке ислам дінінің пайда болуы мен қалыптасуы, үстемдік табуы мәдени, рухани өмірге де әсер етті. Онда үлкен көтеріңкілік рухын тудырды.
Бұл көтеріңкілік бүкіл Араб халифатын яғни Таяу Шығыс пен Орта Шығысты қамтығандығы үшін Шығыстың Ояну кезеңі деп аталады.
Бұл кезең IX ғасыр басталып XV- X VI ғасырларға дейін созылды.
Араб халифатында IX ғасыр басталған Ояну дәуірі халифаттың Бағдат, Дамаск, Халаб қалаларында басталып, барлық басқа халықтардың да мәдени өміріне тарқалған болып, ол сол мемлекеттердің де мәдени дамуына негіз жаратқан. Халифаттың ыдырауы нәтижесінде ұйымдасқан тәуелсіз мемлекеттердегі мәдени даму сол халифат дәуіріндегі мәдени дамудың жалғасы болды.
Халифа Харун ар – Рашид пен оның ұлы Мамун дәуірінде Бағдатта «Байтул хикма» ұйымдастырылған. Бұл Академия барлық ғылым ғұламалары жиналған орталыққа айналған. Оның жанында әлем кітапханасы ұйымдастырылған, кітап көшіру, басқа тілдердегі кітаптарды араб тіліне аудару жұмыстары жүргізілген, ал кейінірек жаңа кітапхана құрылған. Бағдаттағы сол ғылым орталығы, өз дәуірінде, Шығыс пен Батыста ғылым мен білімнің дамуына, рухани өмірдің өркендеуіне әсер еткен.
Халифа ал – Мамун ғылым – білімді өте қадірлеген. Ол IX ғасыр бастарында халифалықтың Қорасандағы басқарушысы болған кезінде де Мәуереннахр мен Қорасандағы ғалымдарды топтастырып, олардың ғылыми жұмыстарына жағдай жаратып берген. Олардың арасында ал – Хорезми, ал – Хуттами, ал – Жаухари, ал – Ферғани, ал – Марвази сияқты отандас жерлес ғалымдарымыз да болған. Ал – Мамун халифалық тағына отырған соң ол ғалымдардың бәрін Бағдатқа шақырып алған. Сондай – ақ, ежелгі мәдени байлықтар мен ескерткіштердің бәрі юнон, мейлі араб, мейлі Мәуереннахр мен Қорасан халықтарының ең ежелгі дәуірлердегі мәдениеті болсын, олар Ояну дәуірі мәдениетінің жаратылуы мен дамуына негіз болып қызмет етті.
Егер арабтар Орта Азияны жаулап алып, бұл жерде бұрын бар болған ғылым мен мәдениет ошақтарын жоғалтқан болса, көп өтпей, бұрынғы ғылым – білім, мәдениет дәстүрлері бірте – бірте тіктеліп, нәтижеде ғылым – білімнің жетік дана – ғұламалары өсіп жетіле бастады. Бұлардың бәрінің бірлесуі, ғылым мен мәдениетті өркендетудегі жетістіктері нәтижесінде Шығыста бүтін бір мәдениет қалыптасады және дами бастайды.
Таяу және Орта Шығыста мәселен, Иранда, Сыртқы Кавказда, Орта Азиядада сауда қатынастарының өскендігі, қолөнердің өркендеуі, экономикалық және мәдени қатынастардың барлығы жалпы дамуға ықпал етті. Таяу және Орта Шығыс мемлекеттеріндегі мәдени дамуға әсер еткен негізгі себеп феодалдық қатынастардың жаңа басқышы болды. Бұл дәуірдің мәдени дамуында араб халифатына бағынатын мемлекеттердің шаруашылық – экономикалық қатынастарының артуы мен соның нәтижесінде түрлі мәдениеттердің мәселен, Үнді, Орта Азия, Иран, Араб, Юнон, Рим мәдениеттерінің өзара тығыз қатынасы мен бір – біріне әсер етіп отыруы үлкен рөл атқарады.
Бұл дәуірде ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жер көлемдері кеңейді, көптеген суару құралдары мен құрылыстары тіктелді және жаңалары құрылды, мақта, зығыр, кенеп егіліп, олардың талшықтарынан мата тоқылды. Мәуереннахрда әсіресе Үргеніш, Ферғана, Самарқанд және Бұқара тоқымашылық өнімдері, әсіресе Самарқанд пен Бұқара шайысы әлемге әйгілі болған.
Ауыл шаруашылығы мен қолөнер өнімдерінің өндірілуі сауданың дамуына жол ашты. Соған орай Таяу және Отра Шығыс мемлекеттерінің шет мемлекеттермен, мыс: Испания, Үндістан, Қытай, Византия мемлекеттерімен сауда қатынастарының көлемі арта бастады.
Х ғасырдан бастап Мауереннахр мен Қорасанда дербес феодалдық мемлекеттер – Тахирилар, Саманилер, Қарахандықтар, Ғазнауйлер, Салжухилер, Хорезмшахтар мемлекеттерінің пайда болуы да мәдени өмірдің және де өркендеуіне алып келді. Бұл дәуірде ақша қатынасы өсіп, тауар айырбасын ығыстырып шығара бастады. Қоғамның саяси, қоғамдық, экономикалық өміріндегі өзгерістер мәдени өмірге де өз ықпалын тигізіп отырды.
Қазақстандағы ірі қалалардан Испанджаб, Отырар, Будукет, Тараз, т.б. Саманилер мемлекетінде Марв, Бұқар, Самарқанд және Үргеніш сол дәуірдің мәдениет орталықтарынан саналатын еді.
Бұл дәуірде араб тілі ғылым және қатынас тілі болды. Мектептерде сабақ араб тілінде жүргізілетін еді. Ресми құжаттар, шариғат қағидалары араб тілінде жазылатын еді. Х ғасыр орталарына келіп парсы – тәжік тілінде де жұмыс жүргізіле бастады, алайда жазылатын құжаттар, жазу жұмыстары парсы – тәжік тілінде болса да, араб емлесінде жазылатын еді. Сол дәуірде Бұқарада үлкен кітап базары болған. Кітап дүкендерінде ғалымдар мен ғұламалар, ізгі адамдар кездесіп, ғылыми тартыс, пікірталастар өткізген.
Әбу Әли ибн – Сина кітап дүкендерінің бірінде әл – Фарабидің Аристотель «Метафизикасына жазған түсініктемелерін сатып алғандығын және сол түсініктеме арқылы ғана Аристотельдің «Метафизикасын» жақсы түсіне алғандығын өз өмір баянында жазады. Бұқара әмірінің сарайында болса үлкен кітапхана бар болып, ол әлем кітапханасымен теңесе алатын жалғыз кітапхана есебінде тән алған. Саманидтер дәуірінде Рудаки, Фердауси, ал – Хорезми, ал – Ферғани, әл – Фараби, Абу Райхан Беруни, Әбу Әли ибн – Синалар өмір сүріп, ғылыми жұмыстар жүргізген.

Download 35,58 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:
  1   2   3   4




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish