Мұхаммед ибн Мұса ал – Хорезми (783 – 850 )
Әлем ғылым – білімнің ұлы қайраткері Мұхаммед ибн Мұса ал – Хорезми шамамен 783 жылы Хорезмде туылып, 847 – 850 жылдар шамасында Бағдатта қайтыс болған. Ғылыми әдебиеттерінде жазылуына қарағанда Хорезми бастауыш білімді өз үйінде алған, себебі оның әкесі ертедегі діни әдет – ғұрыптарды, жергілікті халық жазуын білген және діни де, ғылыми да, өмірлік, әлемдік білімдерден хабардар болған. Соған байланысты ал – Хорезми балалығынан – ақ сол ғылым негіздерінен үйрену мүмкіндігіне ие болған. Хорезми математикаға тиісті шығармаларды айрықша ынтамен үйренген. Араб, парсы, үнді, юнон тілдерін де үйреніп, сол тілдердегі кітаптарды да оқи алатын болған.
Харун ар – Рашидтің ұлы ал – Мамун Бағдаттағы «Даналық үйіне» басшылық жасаған кезінде Хорезмиді де соған шақырған. 813 – 833 жылдары сол «Академияда» қызмет еткен. Сол «Академияда» ал – Фарғани, Марвази, және оның ұлы Абу Жафар, Жаухари т. б. ғылымдар Хорезмимен біргелікте ғылыми жұмыстар жүргізген.
«Даналық үйінде» математика, геодезия, география, астрономия т.б. салалар бойынша зерттеулер жүргізіледі және Хорезми мектебі жаратылады. Ғалымның әсіресе, математикаға тиісті ғылыми мұрасы әлемдік маңызға ие болды.
Олардан бізге жеткені 2 кітап.
Үнділер есебі бойынша қосу мен азайту кітабы.
Әлджәбір мен уәлмүкәбала есебі жөніндегі қысқаша кітап. Біріншісінде арифметика, екіншісінде алгебра баяндалған.
Хорезми арифметикасын үнділердің үлгісімен жазған. Онда санау тәртібі, сандардың он цифр арқылы жазылуы, аталуы, негізгі 4 амал, түбір шығару, жай бөлшектерді есептеу жайлары айтылған, амалдардың анықтамалары келтірілген.
Әлджәбір мен уәл мүкәбала кітабы 3 бөлімнен тұрады.
1 – бөлім. Теңдеулерді шешу жолдары. Бұл бөлімде алгебралық материалдар келтіріледі.
2 – бөлім. Кітаптың 2 – бөлімі геометрияға арналған. Онда кесінділерді, аудандарды және көлемдері өлшеу, үшбұрыштар мен төртбұрыштардың түрлері, шеңбер мен дөңгелек қарастырылған. Кеңістіктегі фигуралардан призма, пирамида, цилиндр, конус, қиық пирамида мен қиық конус, бір қатар анықтамалары, теоремалар, мысалдар келтірілген. Материал грек геометриясының ізімен жазылған.
3 – бөлімде адамның өлер алдында өз мүліктерін жақындарына қалдыру жайындағы өсиеттері келтірілген.
Хорезмидің математикаға арналған екінші кітабы «Үнді арифметикасы туралы кітап» болып табылады. Кітап ондық система таңбаларына арналған.
Хорезми үнділердің астрономия мен математикаға арналған «Синдихинд» атты қолданбасын алып оқып, оның кемшіліктері мен қиын тараптарын қайта істеп, жаңа тараулар қосты және оны «Қысқарған синдихинд» деп атады. Бұл кітап Шығыс пен қатар Европада да кеңінен таралды. Ондық системаның қолданылуы санау системасында ұлы жаңалық болды. Европаға ондық жүйе таңбаларынан пайдаланып ең үлкен сандарды жазу мен орындарын анық көрсету Х – ХI ғасырдан арабтардан келіп кірген.
Хорезми арифметиканың алгоритмдері болған қосу, азайту, көбейту, бөлу ережелерін жаратты. Түрлі бірліктегі сандарды көбейту алгоритмін де көрсеткен. М: минут пен секундтарды бір – біріне көбейту үшін, әуелі оларды бір түрдегі бірлікке келтіру, яғни секундқа не минутқа айналдыруды көрсеткен. Арнайы тарауда қалдық пен түбірден шығару амалдарын да жазған.
Хорезми білім алуда оқушының жеке бақылауларына және алған білімдерінен пайдалануына үлкен мән берді. Мұнда ол ғылым іздеушілердің ғылыми факттерді топтау, оларды талдау, және бақыланғандарды түсіндіре алу іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға жоғары баға береді.
Көптеген ғұламалар сияқты Хорезми де білім берудің көрнекі – практикалық әдістері, сұрақ – жауап, дағды мен іскерліктерді қалыптастыру мен дамыту, білімдерді сынау әдістерінен пайдаланған. М: Хорезмидің арифметикаға арналған кітабы оның ойлауды дамыту үшін білімдерді көрсетеді.
Х-ХҮ ғ.ғ. аралығында Шығыстың екiншi Аристотелi атанған әл-Фараби атамыздан бастап, бiр топ ойшыл ғалымдар түркi топырағында өмiр сүрiп, ғылым-бiлiмдi өркендетуде өшпес iз қалдырған.
Солардың iшiнде әл-Фарабидiң ұстаздық (ғалымдық) еңбегi ерекше. Оның жан мен тәннiң пайда болуы жайындағы трактамаларында өзiнен бұрынғы Платонның “Жан тәннен бұрын пайда болады деген пiкiрiн жоққа шығарып, жан мен тән бiрге дамиды, тәнсiз жан жоқ, жан тәннiң тiршiлiк қасиетi. Адамның тәнi де, жаны да өткiншi деп ой топшылайды.
Ол өзiнiң “Жан туралы” деген еңбегiнде жанды өсiмдiктерде, жануарларда, адамда болады деп үшке бөле келiп, айналаны тану қуаты жануарлар мен адамға тән дейдi.
Адамның айналаны тануы бес сезiм мүшесi арқылы iске асатынын, оның өзiн сыртқы және iшкi жан қуаты болып бөлiнiп, сыртқы жан қуаты жеткiзген мәлiметтердi ойда қорытып сыртқа шығару (ой) ми мен тiлдiң iсi дейдi. Адамның жануарлардан ерекшелiгiнiң өзi ойлай, сөйлей алуында деп қарайды.
Ал “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы туралы трактат” деген еңбегiндегi жан құбылыстарының әртүрлi көрiнiстерiне қысқаша сипаттама бередi. Ол тану процесiн екi кезеңге бөледi де, бiрiншiсiн сезiмдiк кезең деп атаса, танып бiлудiң негiзгi түйсiк-сезiмiнде, ол ойлау процесiн тұрғызуға түрткi болады деп қарайды.
Ол iзгi қала тұрғындарының қажыр-қайратымен ерiк-жiгерiн – рухани қасиеттi қалыптастырудың негiзгi факторы дейдi. Ол батырлық, ерлiк iс-әрекеттер ерiк-жiгердiң жақсы сапасы болса, ал мейрiмсiздiк, қорқақтық, дүниеқорлық, нәпсiқұмарлық адам бойындағы ұнамсыз жан қасиеттерi деп қарайды. Ол адам жанының ерекшелiк қасиеттерiн санамалай келiп, адамның жануардан айырмашылығы саналы iс-әрекетiне байланысты. Адам қоғамнан тыс тiршiлiкте ете алмайды, сондықтан ол басқалармен қоғамда қарым-қатынасқа түсу арқылы әрекет етедi. Осы әрекеттесу кәсiптiк ерекшелiктердi туғызады, түрлi топқа, қоғамдастыққа бiрiгедi. Осы қарым-қатынас iзгiлiкке, қайырымдылыққа құрылуы керек дейдi.
Адамдар қоғамда бақытты өмiр сүруi үшiн өзара көмектесетiн iзгi қоғам құруы керек дейдi. Ондағы адамдар бiр-бiрiмен ынтымақты байланыс жасауы тиiс дейдi. Iзгiлiктi адам бойына дарыту тәрбие, өнеге арқылы iске асырылады деп тәрбие мәселесiне басты орын бередi. Тәрбиеге көнбеген опасыздар мен жауыздарды күштеп көндiрiп, болмаса көзiн құрту керек дейдi. Халық байлығы адал еңбекпен жасалады. Еңбек тәрбиенiң басты құралы болуға тиiс деген қорытынды шығарады.
Фараби еңбек бөлiсiне қарай қала тұрғындарын кедейлер, шәкiрттер, әкiмдер деп үшке бөледi де, дене еңбегi кедейлерге, ал ой еңбегi шәкiрттер мен әкiмдерге тиiстi деп қарап, бiлiм алу, ел басқару iсi де халыққа адал қызмет бiрiншi орында тұруға тиiс деп қарайды. Фараби ұлы ағартушы болғандықтан адамды тек оқу-бiлiм арқылы жақсартуға, жетiлдiруге болады. Оқу-бiлiм барша халыққа ортақ нәрсе деп қарайды.
Ұлы ғұламаның шәкiрт пен ұстаздың ара қатынасы туралы ойлары да педагогикалық тактiге негiзделген. Ұстаздың ұстамды, бiр қалыпты болуы керек тейдi. Әл-Фараби адамды iзгiлiкке тәрбиелеп жетiлдiруде музыканың үлкен роль атқаратынына да басты көңiл бөлген. Ол музыка адамды iзгiлiкке тәрбиелеудiң басты құралы деп қарайды.
Әл-Фарабидiң медицина саласындағы еңбектерiнде дәрiгерлердiң адам жанын дәрi-дәрмекпен де, сөз құдiретiмен де емдеп жазатыны туралы ой қозғайды. Бұл бүгiнгi тiлмен айтқанда психотерапия.
Абу Райхан Беруни
Абу Райхан Беруни 973 жыл 4-сентябрь күні Харезмнің ежелгі астанасы Кат қаласында дүниеге келді. Ғалымның толық аты Абу-р-Райхан Мұхаммет ибн Ахмад ал-Беруни. Беруни «Берун» сөзінен алынған болып, «Берун»-«Сыртқы қала» дегені. «Беруни»-сыртқы қалада жасаушы адам мағынасын береді. Беруни Харезмде жасаған уақыттарында замандасы, ұлы тәуіп және философ Абу Али ибн Синомен ғылыми негіздегі хат жазысып тұрған.
1017 жылы Харезмді Махмұт Ғазнауи басып алған соң Беруниді басқа харезмдік ғалымдар қатарында Ғазна қаласына алып кетіп, өмірінің соңына дейін сол жерде қалады. Беруни 13 жыл барысында Махмұт Ғазнауи үкімдігінде жасайды. Сол жерде ол география және геодезияға тән «Тахдид» шығармасын жазады. 1029 жылы астраномия және астрологияға тән «Тафқими авоили санъат аттанжим» («Астрономия өнері негіздері») оқулығын жазады. 1030 жылы «Үндістан» атымен әйгілі болған шығармасын жаратады. Онда ғалым Үндістан халқының өмірі, тарихы, этнографиясы, мемлекеттің сипаттамасын ғылыми негізде ашып береді. Арадан көп өтпей Беруни өінің ең ірі шығармалары «Минералогия» және «Фармакогнозия»сын жаратады.
«Ежелгі халықтардан қалған естеліктер» кітабының толық аты «Ал-осор-ул-боқия ан ал-карун ул-холия» (орысша аталуы Хронология) шығармасын 27 жасында жазып аяқтаған. Бұл кітабының арнайы бөлімдерінде соғды және Харезм халықтарының әдет-ғұрыптары сипатталады.
Беруни 1048 жылы декабрде Ғазна қаласында қайтыс болады.
Берунидің ғылыми білімдерді меңгеру жолдары мен әдістері туралы пікірлері қазіргі дәуір үшін де маңызды. Оқушыларға білім беруде:
Оқушыларды зеріктірмеу;
Білім беруде бір түрлі нәрсені не бір түрлі пәнді үйрете бермеу.
Жүйелілік пен бірізділік.
Жаңа тақырыптарды қызықты, әсіресе, көрнекі түрде баяндау және т.б. мән беру керектігін атап көрсетеді.
Беруни ғылым пән саласындағы ескерткіш – естеліктерді, ғылыми білімдерге байланысты қалдырылған барлық байлықтарды мұқият үйренуге үндейді, шақырады.
Ғалым білім алушыларға жүректі жаман қасиеттерден, сезімдерден, адам өзі сезуі мүмкін болмаған жағдайлардан, қатып қалған әдет – ғұрыптардан, қызғаныштан, бақылдықтан, кінә артып, жамандаудан, жала жабудан, қанағатсыздықтан, мақтаншақтық мен мансапқорлықтан сақтау қажеттігін атап көрсетеді.
Сондай – ақ әрбір халықтың өзіне тән оқыту әдістері, жолдары, түрлері бар екендігін айта келіп, әрбір халықтың оқыту жүйесі әліппеден басталатынын атап көрсетеді. Грамматика, математика пәндерін оқыту бойынша құнды пікірлер айтқан.
Беруни барлық жамандықтардың негізгі себебі білімсіздікте деп біледі. Білімдерді меңгеруде болса адамда ынта мен қызығудың, жайлы ортаның болуының маңызын ерекше атап көрсетеді.
Беруни адамның рухани көрінісіндегі барлық адамгершілік сезімдерді жақсылық пен жамандық сияқты 2 – түрге бөледі. Ол адамгершілік қасиеттердің бірі әділдік орнату, оны жауыздықтардан тазарту үшін дана, әділетті әкім болуы керек деген пікір айтады.
Беруни күнделікті тұрмыс мәселелеріне де үлкен мән берген. Ол адам әрі ішкі, әрі сыртқы тараптан әсем болса ғана шын, дұрыс жетіле алуы мүмкін дейді.
Беруни адамның өсіп – жетілуінде еңбек пен еңбек тәрбиесі туралы маңызды пікірлер айтады. Ол әрбір өнер иесінің еңбегіне қарай түрлерге бөледі. Ол ауыр еңбек деп құрушының, көмір қазушының, өнертабушы мен ғылым ғылым қайраткерлерінің еңбегін көрсетеді. Әсіресе, ғылым – білім таратушы – ғалымдар еңбегіне айрықша мән беруге, оларға қамқорлық жасауға үндейді. Оларды қоғамның көркеюі мен өркендеуіне үлес қосушылар деп біледі. Сонымен бірге, ауыр жұмыс істейтін кеншілер, жер астында байлық іздеушілер, диқандар туралы айта келіп, олардың еңбегін ынталандырып тұру керектігін көрсетеді. Әсіресе патшалар мұндай еңбек адамдарына қамқор болуы керектігін айрықша ескертеді. Өйткені, міне осы еңбек адамдары олардың әкімдіктерінің тірегі, - деп көрсетеді.
Ғалым балаларды еңбекке үйрету әдістері, жолдары туралы да пікір жүргізеді. Мәселен, балаларды жастайынан – ақ еңбекке үйрету керек, - дейді. Еңбек тәрбиесінде сол дәуірдің тәрбие дәстүріне орай мұрагерлікке үлкен мән береді. Беруни адам жан – жақтама өсіп – жетілуі үшін ол білімді болуымен бірге еңбек сүйгіш және өнер иесі болуы да керек дейді.
Беруни адам дамуында 3 нәрсе маңыздылығын атап көрсетеді. Бұл қазіргі дәуір педагогикасы да көрсетіп отырған тұқым қуалаушылық, орта және тәрбие болып табылады.
Do'stlaringiz bilan baham: |