Лекция Жоспар: Шығыстың ояну дәуірінде ілім-пән және мәдениет



Download 35,58 Kb.
bet2/4
Sana14.07.2022
Hajmi35,58 Kb.
#801302
TuriЛекция
1   2   3   4
Bog'liq
1-лекц

Х ғасыр II жартысында құрылған Қарахандықтар мемлекетінде де де кейбір хандар өз сарайларында кітапханалар ұйымдастырды. Бұл кітапханаларда араб, тіпті Батыс Европа ғалымдарының шығармалары да бар болатын. Бұл дәуірде түркі тілі қалыптасып, жетіле дами түсті. Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашғари сияқты ғалымдар өздерінің әлемдік маңызға ие болған шығармаларын жазған.
ХI ғасыр басында Ғазнауйлер мемлекеті, кейінірек Салжухилер Хорезмшахтар мемлекеттері құрылды. Ғазнауйлер дәуірінде де ғылыми, қоғамдық – философиялық пікірлер дами түсті. Махмұд Ғазнауй өз сарайына өте үлкен мәдени байлықтарды топтайды, ғалымдарды ғылыми жұмысқа тартады. Мәселен Беруни де Махмұд сарайында жасап жүріп, атақты «Үндістан» еңбегін жазады.
Шығыстың ояну дәуірінде ғылым – білім 3 бағытта дамыды.
1 – бағыт – математика – табиғат бағыты болып, бұларға математика, астрономия, химия геодезия, минерология, фармакалогия т.б. осы тек тек пәндер кіріп, Хорезми, Ферғани, Закария, ар – Рози, Ибн Сина, Журжоний, Беруни т.б. ғылыми шығармалар жазған.
2 – бағыт – қоғамдық – философиялық бағыт болып , мұнда философия, тарих, логика, психология, шешендік т.б. пәндер болып, бұл салада Фараби, әл – Кинди, Ибн – Сина, Захриддин Байхаки, Мұхаммед Наршахи т.б. қызмет еткен.
3 – бағыт білім берушілік – адамгершілік бағыт болып, бұл салада ғалымдар өз көзқарастарын қоғамдық – философиялық және ғылыми еңбектерінің құрамында не адамгершілік туралы шығармаларында баяндаса, дана ғұламалар мен тәрбиетанушы ғалымдар тәлімдік – дидактикалық еңбектерінде көрсеткен. Шығыстың Ояну дәуірінде адам проблемасы руханият саласындағы негізгі мәселе болған. Сол үшін де тәлім – тәрбие мәселелеріне үлкен мән берілген. Адамгершілік мінез – құлық мәселелері философтардың да, ғұлама – даналардың да, тарихшы, ақын, ойшылдардың да назарында тұрды. Тәлімдік – адамгершілік мінез –құлықтық еңбектер пайда болып, мінез – құлықтың теориялық та, практикалық та мәселелері талдап көрсетілді. М: Фарабидің «Ізгі қала тұрғындары», Ибн Синоның «Бақытқа жету туралы», Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік», Кейқауыстың «Қабыснаме» т. с.с. Тәлімдік – адамгершілік мінез – құлықтық шығармалары адамның жеке басын рухани – адамгершілік жағынан қалыптастыру проблемасын шешуде таза педагогикалық шығармалар есебінде маңызды мәнге ие. Аталған тәлімдік адамгершіліктік шығармаларда адамның рухани жетілуі жақсы мінез – құлықты, ғылым – білімді меңгеру негізінде ғана жүзеге асуы мүмкін деген қорытындыға келтірді. Ғылыми білімге негізделген метод қалыптасты, нәтижеде ақыл – ой тәрбиесі ғалымдар назарында болды: Хорезми мен Фараби бұл методтың негізін қалаған еді.
Ғалымдардың өз жұмыстарында оқыту мен тәлім – тәрбиеге көңіл бөлуі мен мән беруі нәтижесінде педагогика мен дидактика мәселелеріне көбірек көңіл бөлінді. Педагогика саласында адам және оны кемелге жеткізумен баулық проблема негізгі орынды алды.
Шығыстың Ояну дәуіріндегі тәлімдік – дидактикалық шығармаларда адамның жеке басының қалыптасуы, жетілуі, кемелденуінің жолдары мен әдістері баяндалады, сондай – ақ кәсіп пен өнер үйрену ілім үйренумен бірдей талап етіледі. Әрбір жас жігіттің қай таптан шығуына қарамастан кәсіп - өнер үйренуі қажеттігі айрықша аталады. Әрбір шебер еңбек мәдениетін, өз кәсібіне сенімді, сүйіспеншілік пен құрметті қалыптастыруы керектегі, үнемділікті басшылыққа алуға, өз жұмысын сыпатты атқаруға үнделген.
Қорыта айтқанда, Ислам дінінің таралуы, орталықтанған Араб халифатындағы ғылым – білімнің дамуы, қоғамдық – экономикалық өркендеу Мәуереннахр мен Қорасанда IХ ғасырға келіп рухани көтерілу – Ояну дәуірін бастап берді.
Бүкіл Шығыста болғаны сияқты Мәуереннахрда да ғылым – білім, ағарту мен руханият саласында өз еңбектерімен әлемге әйгілі болған философ және ойшыл, математика, физика, медицина, тарих, тіл мен әдебиет, педагогика салаларында ғылыми мұрасымен із қалдырған Хорезми, Фараби, Ферғани, Беруни, Ибн Сино сияқты нағыз ғалымдар жетіліп шықты.
Олар өздерінің ғылыми жұмыстарында адамгершілік - әдеп мәселелеріне де үлкен мән берді. Бұларда көтерілген ой – пікірлер адамның әрі ақыл – ой, әрі адамгершілік тараптан жетілуінде, педагогикалық пікірлердің дамуында үлкен маңызға ие болды.
Сондай – ақ Шығыстың Ояну дәуірінде таза педагогикалық шығармалар жаратып, тәлім мен тәрбиеде адам жетілуінің жеке және жалпы жолдары туралы мәңгілік өлмес мұраларымен ат қалдырған тәрбиетанушы ғалымдар да өмірге келген еді.

Download 35,58 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   2   3   4




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish