100
80-сурет.
Өзбекстанның ең ірі туристік орталықтары.
Дегенмен, саяхатшылық (туризм) саласы дүние экономикасының ең
жедел дамып жатқан салаларының біріне айналды. Оның кең көлемді
өркениеті көптеген мемлекеттер үшін үлкен пайданың көзі болып баруда.
БҰҰ-ның Дүние саяхатшылық ұйымы мәліметінде 2015 жылы
дүние бойынша 1,184 млрд. саяхатшы тіркелген болса, 2016 жылдың
қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 1,235 млрд-қа, яғни 3,9 пайызға
асқан. Саяхатшыларға көрсетілген экспорт қызметтерінің құны 2015
жылы 1,5 триллионға жуық АҚШ долларын құраған. 2016–2017 жылдарда
да бұл сандарда үлкен айырмашылықты көруге болады.
Сол үшін дүниенің көптеген мемлекеттері бұл саланы одан әрі дамыту,
бұл жөнінде тиісті инфрақұрылымды әлем стандарттары дәрежесінде
жарату және саяхатшылар ағымын асыру бойынша барлық іс-шараларды
жүзеге асыруда.
2015 жылы ең көп шетелдік қонақтарды қабылдауда Франция (83,7
миллион), АҚШ (74,8 миллион), Испания (65,0 миллион), Қытай (55,6
миллион) және Италия (48,6 миллион) күшті бестікті иеленді. Өкінішке
орай, Өзбекстан бұл салада әлі де әлдеқайда артта екендігін көруге
болады. Негізінен, Бүкіл дүние жүзі туризм және саяхаттар бойынша
кеңесі (БТСК) тарапынан берілген баға бойынша Өзбекстан саяхатшылар
келуі бойынша дүние жүзі мемлекеттері арасында 150-орында тұрады.
Өлкеміз дүние жүзі туристік базарында өз
орнына ие болуына
қарамай, туристерге қолайлы жағдай жарату, сервис қызметiн жақсарту,
туристік ескерткіштерінің көркемдігін асыру және жарнаманы күшейттіру
дәрежесі жеткілікті емес еді.
http://eduportal.uz
101
?
Бүгінгі күнде мемлекетімізде
туризмді дамыту бойынша кең
көлемді жұмыстар жүзеге асы-
рылуда.
Соның бірі, туризм саласында
қызмет көрсетпек болған кәсіп-
керлерге жеңілдетілген
кре дит-
терді беру және жерді сатып алу
жұмыстары жеңілдетіліп, дүние
жүзі талаптарына жа уап беретін
қонақ үйлер са нын көбейту, сол
арқылы бәсе келестікті күшейту,
қонақ үй бағаларын арзандатуға
мән берілуде.
Тағы бір маңызды бағыт – туристерге қызмет көрсету бойынша шетел
тілдерін және тарих пен географияны жақсы
білетін мамандарды даярлау
жүйесін жетілдіру. Гидтер, қонақ үй мүшелері, туристік қызметтер
көрсетудің тағы да анық стандарттарын орнату солардың қатарынан.
Самарқантта ашылған «Жібек жолы» Халықаралық Туризм университеті
қызметі де сол мақсаттар үшін қызмет етуде. Бұған қосымша түрде
шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықтағы бірлескен
факультеттер, шетелдік ЖОО-лар филиалдары да
сала мамандарын
даярлауда көмек беруде. Қазірде бұл жөнінде әсіресе, Ресей, Корея, Түркия
Туризм академиясы, Еуропа-жоғары оқу орындарымен белсенді жұмыс
жүргізілуде. Нәтижеде мемлекетімізді бойлап саяхат жасаушылардың
саны жылдан-жылға артып баруда.
Жалпы алғанда, болашақта туризм саласына ұлттық экономикаға
жоғары пайда келтіретін болашағы бар тармақтардың бірі ретінде
қаралуда. Дегенмен, мемлекетіміздегі тарихи ескерткіштердің дерлік
200-і мәдени мұра объекттері ретінде ЮНЕСКО тізіміне енгізілген.
Do'stlaringiz bilan baham: