Катализдік улар — өршіткіні “уландыратын”, яғни оның белсенділігін төмендететін немесе катализдік әсерін толығымен тоқтататын заттар. Уланудың негізгі себебі катализдік удың өршіткі бетінде адсорбция-лануымен түсіндіріледі. Кең таралған катализдік уларға Н2О, СО, СО2, H2S, N, P, As, Sb және т.б. жатады.
Химиялық реакцияның жылдамдығы өршіткі қатысуына тәуелді. Химиялық реакцияны тездететін, бірақ реакция нәтижесінде жұмсалмай қалатын заттар өршіткілер деп аталады. Өршіткі қатысында жүретін реакциялар катализдік реакциялар деп аталады. Әрекеттесуші заттар мен өршіткі бір агрегаттық күйде
болатын катализ гомогенді катализ деп аталады. Әрекеттесуші заттар мен өршіткі әртүрлі агрегаттық күйде болатын катализ гетерогенді катализ деп аталады. Химиялық реакцияның жылдамдығын баяула-татын заттар тежегіштер деп аталады.
Катализ бен мұнай химиясының Қазақстандағы даму жағдайы
Академик Д.В. Сокольский қалыптастырған катализдің қазақстандық мектебі бүгінгі күні Д.В. Сокольский атындағы Органикалық катализ және электрохимия институты негізінде (ОКЭИ) және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия факультетінде жемісті еңбек етуде. Катализ және мұнай химиясы проблемасымен бұл институттардан басқа Ә.Б. Бектұров атындағы химия ғылымдары институты, Қ.И. Сәтбаев атындағы ұлттық техникалық университетінің мұнай және газ институты, ҚР ұлттық инженерлік академиясы, ҚР Органикалық синтез және көмір химиясы институты, Қазақ ‘’КазМунайГаз’’ ҰК Мұнай және газ ин-ституты, Атырау Мұнай және газ институты, Минералды шикізатты кешенді өңдеу ұлттық орталығы айналысады. Д.В. Сокольский атындағы ОКЭИ негізгі бағыты мұнай өңдеу процестеріне керекті тиімділігі жоғары өршіткілер жасау болып табылады. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті катализ және мұнай химиясы
проблемаларымен, Қазақстанның минералды шикізаты негізінде мұнайдың ауыр фракция-ларын крекингілеуге арналған өршіткілер жасау және оны өндіріске енгізумен айналысады. Ә.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институтында мұнайдың ауыр қалдықтарын, мұнайға серік газдар мен бөлінетін газдарды өңдеу процестеріне қажетті өршіткілер алу проблемалары зерттеледі. ҚР Органикалық синтез және көмір химиясы институты көмірді гидрогендеу өршіткілері мен технологияларын жасайды, әртүрлі функционалдық топтары бар көмірсутектердің электрокатализдік тотықсыздануын жүзеге асырумен шұғылданады. Қазақстанда катализ бен мұнай химиясының жақын аралықта даму болашағы “Химия-технологиялық ғылым саласындағы ғылым дамуының басыңқы бағыттарымен “ анықталады.
Өршіткі деген не? Неге өршіткілер реакция жылдамдығын арттырады? Катализдік реакцияларға мысал келтіріңдер.
Гомогенді катализ, гетерогенді катализ деген не? Мысалдар келтіріңдер.
Зертханада оттекті: a) бертолле тұзынан; ә) сутек пероксидінен MnO2 өршіткісі қатысында алады. Аталған реакциялар катализдің қай түріне жатады? Түсіндіріңдер.
Құрғақ хлор темірге әсер етпейді, сондықтан ол темір баллонда сақталады. Ылғал хлор темірді бүлдіреді. Мұндағы судың әсері қандай? Түсіндіріңдер.
Тежегіштер деген не? Олар не үшін қажет?
Биоөршіткілер деген не? Олардың маңызын түсіндіріңдер.
Катализдік улар деген не?
•1. Сабақ басталуына бір ай қалғанда зертханашы концентрациясы 0,3 моль/л су-тек пероксидінің ерітіндісін дайындады. 1-қыркүйекте тәжірибеге дайындалған мұғалім сутек пероксидінің концентрациясы екі есе азайғанын байқады. Сутек пероксидінің айырылу реакциясының жылдамдығын есептеңдер.
Жауабы: 5 · 10–3 моль/л·тәулік.
•2. Қыздырғанда сутек пероксиді оттек түзе ыдырайды:
2H2O2 = 2H2O + O2
сутек пероксидінің бастапқы концентрациясы C(H2O2) = 0,156 моль/л, 2,5 сағатта оның жартысы ыдырайды. Реакция жылдамдығын есептеңдер. Сутек пероксидінің 1 л ерітіндісі ыдырағанда қанша литр (қ.ж.) оттек түзіледі?
Жауабы: 5,2 · 10–4 моль/л·мин; 0,82 л O2.
163
Реакция жылдамдығын зерттеу
Стақандарға шикі картоп пен піскен картоптың кесіндісін салып, сутек пероксидін қосыңдар. Піскен картопқа қара ғанда, шикі картоппен реакция жылдам жүреді. Себебі шикі картопта фермент бұзылмаған. Бұл реакцияны шикі және піскен етпен де жүргізуге болады.
Көп қолданылатын өршіткілер
Платина
Никель
Палладий
Темір
Ванадий (V) оксиді
Вольфрам (VІ) оксиді
Молибден (VІ) оксиді
Хром (ІІІ) оксиді
Мырыш оксиді
Кобальт
Do'stlaringiz bilan baham: |