§ 20. САЛЫСТЫРМАЛЫ АТОМДЫҚ ЖӘНЕ
МОЛЕКУЛАЛЫҚ МАССА
Зерттеудің заманауи әдістері атомның және молекуланың абсолютті массаларын дәл өлшеуге мүмкіндік береді. Бұл массалар қазіргі заманғы өлшеу жүйелерімен қабылданған өте кіші шамаларға ие.
Мысалы, сутек атомының массасы — 1,674 · 10–27 кг, оттектің массасы — 2,667 · 10–26 кг болса, көміртектікі 1,993 · 10–26 кг-ға тең. Мұндай өте аз шамаларды есептеулерде қол дану (химиялық формулалар және теңдеулер бойынша) қолайсыз. Сондықтан химияда атомның абсолюттік массасының мәндері емес, салыстырмалы массалары пайдаланылады. Халықаралық бірліктер жүйесінде (ХБЖ) 1961 жылы масса бірлігі ретінде массаның атомдық бірлігі (м.а.б.) қабылданған. “Салыстырмалы атомдық масса” терминінің орнына тарихи қалыптасқан “атомдық масса” терминін қолдануға болады. Ол — көміртек 12С атомы массасының 1/12 бөлігіне тең шама.
Бүгінгі сабақта:
неліктен химияда салыстымалы атомдық және молекулалық масса ұғымдары қолданылатынын түсінеміз
Тірек ұғымдар
Салыстырмалы атомдық масса
Салыстырмалы молекулалық масса
Массаның атомдық бірлігі – м.а.б.і
1 м.а.б. = ma ( 12C) =1,66 · 10–24 г = 1,66 · 10–27 кг.
12
Элементтің салыстырмалы атомдық массасы Ar(Э) – физикалық өлшемсіз шама, ол атомның массасы көміртек атомының 12С массасының 1/12 бөлігінен қанша есе ауыр екенін білдіреді:
A (Э) = ma ( Ý )
r ì.à.á.
Ar мәндері периодтық кестеде көрсетілгені сендерге мәлім. Ar мәні бойынша элемент атомының массасын (немесе орташа массасын) есеп-теуге болады:
ma(Э) = Ar(Э) · м.а.б.
Нақтылап айтқанда атомның массасы г, кг-мен ғана емес м.а.б. де өлшенеді. Мысалы:
ma(F) = Ar(F) · м.а.б. = 19 м.а.б.
ma(F) = Ar(F) · м.а.б. = 19 · 1,66 · 10 –24 = 3,15 · 10 –23 г = 3,15 · 10 –26 кг.
95
Иондардың массалары шамамен бейтарап бөлшектердің массала-рына тең екенін айта кетейік, себебі химияда электронның массасын есепке алмайды.
Салыстырмалы молекулалық масса — физикалық өлшемсіз шама Mr(З), ол молекула массасының көміртек 12С атомының 1/12 бөлігінің массасының қатынасына тең.
-
Mr(З) =
|
|
mM ( Ç)
|
=
|
mM(З)
|
.
|
1
|
ma (12 C )
|
1 м.а.б.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
12
|
|
|
|
Осыдан молекула массасын немесе оның орташа массасын келесі формуламен есептеуге болады:
mM(З) = Mr(З) · м.а.б. = Mr(З) · 1,66 · 10–24 г = Mr(З) · 1,66 · 10–27 кг.
Молекула массасы м.а.б., г, кг және т.б. өлшенеді.
Мысалы:
mM(F2) = Mr(F2) · м.а.б. = 38 м.а.б. = 38 · 1,66 · 10–24 (г) = = 6,308 · 10–27 кг.
Практикада Mr мәнін есептеу үшін атомдардың сандарын ескере отырып, элементтердің Аr мәндерінің қосындысын алады. Мысалы:
Mr(Н3РО4) = 3Аr(Н) + Аr(Р) + 4Аr(О);
Mr(Al2(SO4)3) = 2Аr(Al) + 3Аr(S) + 12Аr(О).
Кез келген атомның белгілі бір массасы болады, ол өте аз шама. Мұндай өте аз шамаларды қолдану өте қолайсыз, сондықтан практикада атомдардың абсолют ті массаларының орнына салыстырмалы атомдық масса қолданылады. Бұл сандар берілген элементтің бір атомының массасы көміртек атомының 12С масса сының 1/12 бөлігінен қанша есе ауыр екенін білдіреді.
Салыстырмалы молекулалық масса заттың бір молекуласының мас-сасы көміртек 12С атомының масасының 1/12 бөлігінен қанша есе ауыр екенін білдіреді. Практикада Mr мәнін есептеу үшін атомдардың санда-рын ескере отырып, элементтердің Аr мәндерінің қосындысын алады.
Абсолютті атомдық және молекулалық масса дегенді қалай түсінесіңдер?
Атомдық массаның бірлігі ретінде не қабылданған?
Химиялық элементтің салыстырмалы атомдық массасы деген не?
Салыстырмалы атомдық масса және массаның атомдық бірлігі ұғымдарының айырмашылығы неде?
96
Do'stlaringiz bilan baham: |