Ана тілім – ардағым
Мақсаты: 1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір — қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғынуға үйрету.
2. Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал — мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.
3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.
Көрнекілігі:, нақылдар жазылған плакат, кеспе әріптер, ақын — жазушылардың фотосуреттері мен кітаптары, карточкалар.
Түрі: сайыс — байқау
Барысы
— Құрметті оқушылар, ұстаздар! «Ана тілім ардығым» атты сыныптан тыс шарамызға қош келіпсіздер!
— Балалар, біз қай тілде сөйлейміз?
— Ана тілі дегенді қалай түсінесіңдер?
— Дұрыс — ақ. Ана тілі атаңның, анаңның тілі, туған халқыңнның тілі.
Қазақ халқы сөзге шешен, ойы ұшқыр, мақалдап сөйлейтін халық. Кез келген дауды атақты билеріміз бір ауыз сөзбен шеше білген. Тіл ұлттың жаны, тіл ұлттың асыл қазынасы. Бұл қазынаны жоғалтуға болмайды. Құрметті оқушылар! Ана тіліміз қазақ тілінің мерейін көтеру болашақ сіздердің еншілеріңізде. Осы орайда мектебімізде «Ана — тілім ардағым» атты сыныптан тыс шара өткізіп отырмыз.
Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Өзбекстан – көп ұлт өкілдері мекендейтін мемлекет. Онда өзбек, орыс, қарақалпақ, қазақ, түркмен, тәжік және басқа ұлт өкілдері татулықта бірге жасайды. Ең алдымен, бұл барша елге ортақ жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет.
Өзбекстанда 100 – ден астам ұлт өкілдері тұрады, әрбір ұлттың ең үлкен, ең негізгі анасы туған тілі болып саналады. Ана тілі – әрбір ұлттың, ұлыстың мақтанышы, көзінің қарашығындай көретін қазынасы, асыл мұрасы.
«Әрбір саналы, мәдениетті азаматқа ана тілі мен ана тіліндегі әдебиеттің қадірін білмеу — мәдениетсіздік» М. Әуезов
Сыныптан тыс шарамызды оқушылардың ана тіліне деген құрметін, қазақ тілін меңгеруін байқап, тіліне деген патриоттық сезімін арттыру мақсатында үш топқа бөлініп, қазақ тілінің байлығын, көркемдігін байқап, сынап көрейік.
І топ «Тәуелсіздік» тобы, ІІ топ «Тыныштық» тобы, ІІІ топ «Болашақ» тобы
Сабақ төрт бөлімнен тұрады:
І. Өлең — сөздің патшасы
ІІ. Мақал — сөздің мәйегі.
ІІІ. Жұмбақтың жауабын тап
IV. Өлең — сөздің патшасы
І «Сөз тап» бөлімі, топтарға жеті сұрақ қойылады. Топ мүшелері таңдаған әріптен ғана басталатын сөздермен ғана жауап береді:
1. Сенің атың кім?
2. Қайдан келесің?
3. Жолда нені көрдің?
4. Не істедің?
5. Түскі асқа не жедің?
6. Қайда барасың?
7. Қандай сыйлық алдың?
ІІ. Бөлім «Мақал — сөздің мәйегі». Шарты: Мұғалім айтқан мақалды жалғастыру керек.
1. Бас кеспек болса да,….. (тіл кеспек жоқ)
2. Ана сүті бой өсіреді, (ана тілі ой өсіреді).
3. Тілмен байланған… ( тіспен шешілмес).
4. Тіл тас жарады,… ( тас жармаса бас жарады)
5. Жақсы сөз… (жарым ырыс)
6. Тіл — адам ойының… (айнасы)
7. Тіл қылыштан… (өткір)
8. Ойнап сөйлесең де… (ойлап сөйле)
10. Тисе терекке, тимесе… (бұтаққа)
11. Айтылған сөз,… (атылған оқпен тең)
12. Бал тамған тілден… тамар (у)
13. Көп сөз -… (бос сөз)
14. Көп сөз — күміс, аз сөз -… (алтын)
15. Жеті жұрттың тілін біл,… (жеті түрлі ілім біл)
16. Таза сөйлеу – биік… (мәдениеттілік)
17. Жақсы байқап сөйлер… (жаман шайқап сөйлер)
18. Көре — көре көсем боларсың… (сөйлей — сөйлей шешен боларсың)
19. Тіл тас жарады, тас жармаса… (бас жарады).
20. Ине көзінен сынады,… (шешен сөзінен сынады).
22. Піл көтермегенді,… (тіл көтереді).
ІІІ бөлім- Жұмбақтың жауабын тап!
І-топ
Сары қозы, көк қозы,
Қарындары тоқ қозы.
Күздігүні көп қозы,
Қыстыгүні жоқ қозы.
(Қауын-қарбыз)
Темір аяқты,
Ағаш таяқты.
(Циркуль мен қарындаш)
Торы тай,
Табанында төрт ай.
(Таға)
Қауын, қарбыз дей алмайсың,
Піскенмен, жей алмайсың.
Жарғаныңмен, қап-қатты,
Ал асқанда, тәп-тәтті.
(Асқабақ)
Бір жыланды таяққа іліп алдым,
Ерге қона, пайдасын біліп алдым.
(Қамшы)
Бірінің ізін бірі басады,
Біріне жеткізбей, бірі қашады.
(Дөңгелектер)
Тақия, мұрын, бір құлағы бар,
Самаурын қасында тұрағы бар.
(Шайнек)
Бірі үй күзетіп қалса да,
Бірі жүрер қалтада.
(Құлып пен кілт)
Аспанға жайып қойған
Ақ мақтам ғайып болған.
(Ақша бұлт)
Оқ жыланды аспаннан төніп келген,
Ұзын найзам жер қазбай көміп берген.
(Жайтартқыш)
Тілден ұшып,
Құлаққа қонады.
(Сөз)
Ойдың аяқталуын күтпейді,
Оны қойсаң, сөйлем бітпейді.
(Үтір)
Сырғалы құлақ бір,
Үн-түнсіз сұрап тұр.
(Сұрақ белгі)
Қадалды бір ине
Нүктедей түймеге.
(Леп белгісі)
Ашылып, жабылады,
Әр үйден табылады.
(Есік)
Қауаққа да ұқсаған,
Алмұртқа да ұқсаған,
Аузы бар, тілі бар,
Білер көріп, ұстаған.
(Қоңырау)
ІІ топ
Бір тұлпар су ішпейді, жем жемейді,
Есіркеп ешбір адам жемдемейді.
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Доғасын сымға сүйкеп, жол жөнейді.
(Трамвай)
Бір мақұлық жұмыста сорлайды,
Мисыз деп оны жұрт ойлайды.
Саумайды, соғымға соймайды,
Бірақ та мінуін қоймайды.
(Қол)
Егіз қайың,
Бой-бастары тең өскен.
Іске дайын,
Бұтақтары бес-бестен.
(Қол)
Алуан түрлі із салғанның өзі еді,
Өзінен де пайдалысы өзегі.
(Қарындаш)
Бір малға екі бала мінгеседі,
Айлап-жылдап түспестен күн кешеді.
(Түйенің өркеші)
Бір қалтаның ішінде бірнеше шар,
Әрбір шардың өзіндік ұясы бар.
(Ас бұршақ)
Көлденең ілген ақ таяқ,
Тұтанар отпен жақпай-ақ.
(Күндізгі сәулелі шам)
Мұздай мөлдір жұмыртқа,
Жарық берер ымыртта.
(Электр шамы)
ІІІ топ
Қабат-қабат қаттама, Ақылың болса аттама. (кітап)
Жазу жазып жалықпаған, Жаза-жаза арықтаған. (бор)
Білімнен мол сый-асы, Балғындардың ұясы. (мектеп)
Қиналып көтеріп, Өзінен ауырды. Жорғалап кетеді, Жүкшідей кәдімгі. (құмырсқа)
Қыста киімін тастайды,
Көктемде киіне бастайды. (ағаш)
Қолы бар, Саусағы жоқ.
Мойны бар, Басы жоқ. (көйлек)
ІV бөлім- Өлең сөздің патшасы
Әр топтан 3 оқушы ана тіліміз жайында өлеңдерін айтып береді
Ана тілім- тірегім,
Ана тілім-жүрегім,
Қасиеті елімнің
Тек өзің деп білемін
Ана тілім, дана тілім, бақ тілім
Сенсіз дүниеден тапты кім?
Сенсің менің қасіретім, шаттығым
Сенсің менің тазалығым, пәктігім.
Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдағы
Өссе тілім менде бірге өсемін
Өшсе тілім менде бірге өшемін
Ана тілім- елдігім
Ана тілім- ерлігім
Тілді биік құрметтеп
Тойлап жатыр ел бүгін
Сүйесің өз тіліңді
Боласың білімді
Өз тілің үйретер
Өнерді ғылымды
Ардақта тіліңді
Ана тілім қазақ тілім , туған тілім
Қасиетті тілімнің мінін білем
Ана тілді құрметтеңдер адамдар
Заманға сай өзге тілдің бәрін біл.
V-бөлім. Әр топтың топ жетекшілері сайысады. Оларға түрлі сұрақтар беріледі.
VI-бөлім. Сайысты қорытындылау. Жеңген топ анықталады
Do'stlaringiz bilan baham: |