Scientific Collection «InterConf», (39): with the Proceedings of the 8th International Scientific and Practical Conference «Science and Practice: Implementation to Modern Society» (December 26-28, 2020) at Manchester, Great Britain



Download 20,59 Mb.
Pdf ko'rish
bet268/399
Sana22.02.2022
Hajmi20,59 Mb.
#114666
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   399
Bog'liq
Materials of GREAT BRITAIN Conference

 
References: 
1. Brillouin Leon. Scientific Uncertainty and Information. - ACADEMIC PRESS, New York and 
London, 1964. – 167 p. 
2. Wheeler, John Archibald. Information, Physics, Quantum: The Search for Links. Proceedings of 
the Third International Symposium on the Foundations of Quantum Mechanics (1989): 354-68. 
3. Малишев О. В. Поняття інформації: ще одна спроба філософського осмислення. – У кн. 
«Інтеграція освіти, науки та бізнесу в сучасному середовищі: літні диспути: тези доп. II 
Міжнародної науково-практичної інтернет-конференції, 17-18 серпня 2020 р. – Дніпро, 
2020». - С. 286-288. 
4. Wiener N. Cybernetics: or Control and Communication in the Animal and the Machine (second 
edition). – The M. I. T. Press, Cambridge, Massachusetts, 1948 and 1961. – 212 p. 


 SCIENCE AND PRACTICE: IMPLEMENTATION TO MODERN SOCIETY
673 
UDC 17.2-42 
Карипбаев Байжол Искакович 
фс.ғ.д., профессор 
КЕАҚ «Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті», Қазақстан Республикасы 
 
Ахметова Индира Абдигазымовна 
«8D02205001-Философия» мамандығының 1 - курс докторанты 
КЕАҚ «Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті», Қазақстан Республикасы 
 
КОНФУЦИЙ ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ 
ФИЛОСОФИЯЛЫҚ – ЭТИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР 
 
Аннотация: Мақалада қытай философиясының маңызды өкілі Конфуций 
іліміндегі философиялық-этикалық мәселелері қарастырылған. Конфуций тек 
қытай халқы үшін ғана емес, бүкіл әлем өркениетіне әсер еткен ойшыл. Кун 
ілімінің басты ерекшеліктерінің бірі - оның Қытай халқының дәстүрлеріне, 
рәсімдеріне, ырым-жоралғыларына және әдет-ғұрыптарына басымдық 
танытуы еді. 
Кілт сөздер: Қытай философиясы, Конфуций, құндылық, ізгілік, рақымшылық, 
қайырымдылық, филантропия, рәсім, дәстүр. 
Қытай халқы философиясының даму тарихында қайырымдылық пен 
филантропияның алатын орны ерекше. Конфуцийлік пен буддизм үшін ізгілік 
басты құндылық болып табылады. Дəстүр бойынша, «басқаларға көмек пен 
қамқорлық» қытайлар тарапынан жоғары бағаланады. Қайырымдылық 
құндылығы мыңдаған жылдар бойы Қытай мəдениетінен бастау алады. Соның 
ішінде Қытай философиясының ерекше өкілі - ежелгі философ Конфуций. Ол 
«Даналық сабақтары» атты еңбегінде жақсылық, қайырымдылық, ізгілік туралы 
ой түртеді.
Еуропаға Конфуций ретінде танылған, Кун-цзы, б.з.д. 551 жылы дүниеге 
келген. Әйгілі ежелгі Қытай тарихшысы Сыма Цянь өз жазбаларында бұл туралы 


SCIENTIFIC COLLECTION «INTERCONF» | № 3(39)
674 
былай деп жазады: «Конфуций Лу княздығына қарасты Цзоу атты ауылдық 
жерде дүниеге келген. Оның арғы атасы, Сунн қарамағында өмір сүрген Кун 
Фаншу еді. Фаншудан Бося, Босядан — Шулян Хэ. Хэ Янь руынан шыққан 
қызбен отбасы құрып, одан Конфуций туған». 
Конфуцийдің əкесі Шулян Хэ туралы белгілі болған жайт - оның дай фу 
сословиесінің ең төменгі рангтағы ақсүйек тұқымынан шыққандығы еді. 
Әкесінің ержүрек жауынгер болғандығы жайында аңыз əңгіме де бар.
Конфуций тек қытай халқы үшін ғана емес, бүкіл əлем халықтары 
өркениетіне əсер еткені мəлім. Кун ұстаздың ілімінің басты ерекшеліктерінің бірі 
- оның Қытай халқының дəстүрлеріне, рəсімдеріне жəне əдет-ғұрыптарына 
сүйенуі еді. Конфуцийдің философиясында рəсім ең өзекті, ең маңызды болып 
табылады. Ол адамның мінез-құлқы мен іс-əрекетінің мəні неде деген қағидаға 
жүгінді, ойларын тұжырымдап, дүйім жұртқа білдірді. Конфуций үшін ізгілік, 
еріктілік жолы маңызды болатын.
Конфуцийдің философиялық дүниетанымы отыз жасқа толғанда 
қалыптасты деуге негіз бар. Өйткені, сол жастан бастап ол «жэнь» (ізгілік, 
адамды сүю) мен «ли» (ереже, этикет) концепцияларын қалыптастырып, халыққа 
жеткізе бастады. Оның тұжырымына сəйкес ережені сақтау ізгілік пен адамға 
деген сүйіспеншіліктің көрінісі [1].
Конфуций бойынша, рəсім - символдық ойлау формасы ретінде тұрмысты 
иерархиялық түсіну принципі, ғарыш пен қоғамды құрылымдау əдісі. 
Рəсімдерді орындау - ағартуға апаратын жол. Осы ойларды қамтыған еңбектің 
аты «Лунь Юй» болып табылады. Ұлы ұстаз Конфуцийдің шəкірттері 
құрастырған «Лунь Юй» кітабы - қысқаша жазбалардан, ұстаздың көзі 
тірісіндегі ізгілік жолындағы іс-əрекеттерінен, сондай-ақ оның қатысуынан 
тұратын диалогтардан құралған. 
Кітап ежелгі қытай тілінде жазылған, олардың əрқайсысы жиырма тараудан 
тұрады. Еңбек Конфуцийдің қайтыс болғаннан кейін көктем мен күз дəуірінің 
соңында басталып, 30-50 жылға созылып жарыққа шыққан [2]. 


 SCIENCE AND PRACTICE: IMPLEMENTATION TO MODERN SOCIETY
675 
«Лунь Юй» еңбегінде «Ю» ұстаз: «Рəсімнің барлық белгілерінен 
үйлесімділік маңызды...» деген тұжырымға келеді [3,10]. 
Тағы да Конфуцийдің көзқарасы бойынша рəсім кезінде адамның бойында 
құнды қасиет - адамгершілік пайда болады. Конфуций қытай дəстүрінің атасы 
болып саналды. Өзінің мінез-құлқымен, көзқарастарымен, тіптен сүрген өмір 
жолымен халыққа үлгі бола білді. Кун ұстаздың он мыңнан астам шəкірті 
болған. Оған дəлел оның «он мың ұрпақ ұстазы» деген құрметті атаққа ие болуы 
еді.
Кун Чжунни ғаламдық жалпы тəртіп бар деген түсінік берді. Конфуций 
бойынша рəсім - осы жолды ұстанудың тəсілі. Ол үшін рəсімнің мəні - жанның 
өмірдің тереңдігіне деген музыкалық көңіл-күйі.
Конфуций үшін рəсім – адамдарды басқарудың, бағындырудың тəсілі. Бірақ 
бұндағы бағындыру – конформизм мен мемлекеттік құрылымға бағынудан 
өзгеше, бірақ бұл ғалам туралы тепе-теңдік пен тəртіпті сақтай отырып, ең 
əмбебап жолды ұстану тəсілі. Ұстаздың «Егер халықты заңмен басқарып, 
ережемен тəртіпке бағындырып, жазалап отырса, онда халық одан қорқып 
сақтанатын болады, бірақ ұятты білмейді. Ал халықты ізгілік арқылы басқарса, 
ырым-жоралғыны қолдану арқылы бір жүйемен реттеп отырса, халық ұятты ғана 
емес, бағынуды да шүбəсіз білер еді» деген дəйексөзі сол кезеңнің билік 
басындағыларға арналған жауабы болатын [3, 20]. 
Ал қытайдың даосизмнің негізін қалаушы қарт ойшылы Лао-Цзы рəсім 
туралы «Рəсім пайда болады əділдік жоғалған кезде. Рəсім – бұл сенім мен 
адалдықтың жоқтығының белгісі. Рəсім – қиыншылықтың бастауы» деп 
тұжырымдайды [3]. Бұл тұжырым əрине Конфуций ілімінен қарама-қарсы. 
Өйткені Конфуцийдің философиясы ізгілікке негізделген. Конфуций бойынша 
рəсім – ізгілікке бастар жол. Ізгілікті тұлға –конфуцийлік адамзатты бастаушы. 
Ізгіліктілік, адамдарға сүйіспеншілік пен жанашырлық таныту - бұл «өзекті» сəт. 
Ұстаз «Текті күйеу – ізгілікке ұмтылады...»[3, 14] деп қоғамда тектілікті, ізгілікті 
идеал ретінде қарастырады, жақсылыққа үндейді. 


SCIENTIFIC COLLECTION «INTERCONF» | № 3(39)
676 
Осылайша, ізгіліктің, рəсімнің ізінде жүру, ата-ананы құрметтеу жəне 
филантропия – өзін өзгертудің құралы. Бұл сапалар текті күйеудің бойында болу 
керек: 
«Ұстаз бойынша, «цзычань» - яғни текті күйеудің бойындағы төрт негізгі 
артықшылықтары: 
- Өзін жақсы ұстау; 
- Жоғары құрметпен қызмет ету; 
- Қарапайым адамдарға ұнау; 
- Жəне оларға əділ қарау»[3, 38]. 
Жоғарыда аталған төрт артықшылықтар текті күйеудің бойында болса 
ағартушылыққа сөзсіз жетелейді. Текті күйеу, текті бала, текті билеуші – 
Конфуций бойынша ізгілік – тектіліктен бастау алады.
Ұлы ұстаз бойынша конфуцийлік ізгілік, жақсылық, рəсімдер арқылы 
ағартушылыққа жетелейтін күш. Ал ағартушылық - негіздердің негізі, Шығыс 
философиясының маңызды категориясы. Ағартушылықты əртүрлі ілімдермен, 
əртүрлі жолмен түсінуге жəне түсіндіруге болады, бірақ мəні, терең мағынасы 
əрқашан бірдей -дүниетанымның сапалы жаңа деңгейіне көшу, адамның, 
сананың шекараларын кеңейту.
Конфуций тұжырымында адам ізгілік пен рəсімдерді ұстану арқылы жолға 
шығады. Сол жолда адам өзін өзгертеді, өзін өзгерту арқылы даналықты табады, 
нəтижесінде жан дүниесі тазарады. 
Конфуций ізгілік, əдет-ғұрыптарды ұстану, филантропия, яғни тектілік өзін-
өзі өзгерткен адамды ағартуға, заттардың əмбебап тəртібімен қайта қосылуға 
əкеледі деп сенді. Бір сөзбен конфуцийлік - ішке дүниеге үңілу.
«Лунь Юй» кітабында ұстаз айтады:
- Ізгілікке сүйенген билеуші Темірқазық жұлдызына ұқсайды, ол 
айналасында шоғырланған шоқжұлдыздардың арасында өз орнынан міз 
бақпайды» [3, 20].


 SCIENCE AND PRACTICE: IMPLEMENTATION TO MODERN SOCIETY
677 
Әрине, дана билеуші салт-дəстүрді құрметтейді, бұл ізгілікпен бірге оған 
елдегі оңтайлы мемлекеттік жүйені қолдауға мүмкіндік береді. 
Бұған Конфуцийдің біраз уақыт саяси қайраткер болуы жəне өзінің ізгі 
билеушісі туралы ілімін шəкірттерге ғана емес, сонымен бірге мемлекеттік 
қызметшілерге де сəтті жеткізгені дəлел.
Айтпақшы, Конфуций дəуірінде Қытайда «синь шу» - «жүрек техникасы» 
деген тіркес болған. Синь шудың иелігі адамдар арасындағы сенім, шынайылық 
пен мейірімділікті қамтамасыз етті. 
Ақиқат, ізгілік жолындағы ұстаз Цзэн: 
- Мен күніне үш рет өзіме сұрақ қоямын: адамдар үшін адал еңбек еттім бе? 
Достармен қарым-қатынаста шынайылық сақтадым ба? Өзіме үйреткендерді ой 
елегінен қайта өткіздім бе? - деп ой толғайды. Бұл тұста ұстаздың өзінің 
бойындағы ізгі құндылықтар мен амалдарын сараптап, күнделікті есеп 
жүргізгенін көре аламыз. 
Тағы бір де ұлы ұстаз: «Адамгершілік шебер сөйлеу мен көркем бет 
əлпетпен көбіне сай келмейді» [3, 17] деп тұжырымдап, екі жүзділікті сөз етеді. 
Цзыся ұстаз ізгілік жолында «Кімде-кім мейірімділікпен ата – анасына 
қараса, мемлекетке қызметте өзін-өзі құрбан етуге дайын болса, достарына 
əрқашан адалдық танытса, осындай адамды басқалары жарықсыз деп айтса да, 
мен оны сөзсіз ғалым дер едім» деген қанатты нақыл сөзін тағы қалдырды. 
Конфуцийдің артынан қалған барлық өшпес мұраларының адамгершілік, 
ізгілік, жақсылық пен рақымшылыққа арнағанын білеміз. Ұстаздың айтып 
жүрген дүниелерін шəкірттері атадан балаға мəңгі қазына етіп жалғастырып 
келеді. Сабақтастық деп осыны айтпай, нені айтамыз? Ал қазір ұлы ұстаздың 
еңбектері мемлекет, ұлтқа, жікке, тілге қарамастан əлі де өзекті, қоғам үшін 
бағасын жоғалтпады. 
Қарт ұстаздың «Адамгершілік қайда болса, сонда бақыт тұрақтайды. 
Ақылды адам оны таңдамай қалай дəті шыдайды?» [3, 30] деп сұрақ қою арқылы 
біздерге философиялық ой тастайды. Бақытты таңдамай, бақытсыздыққа бет 


SCIENTIFIC COLLECTION «INTERCONF» | № 3(39)
678 
алатын есуас іспеттес. Бақытты бəлкім адамдар əртүрлі түсінеді, əртүрлі 
игіліктен көреді. Әрбір бастамалар игілікке саятын болса, сөзсіз сол жерде бақыт 
бар. Бұны түсінетіндер, осы жолда еңбек ететіндер əрқашан өмірлік жеңімпаз. 
Конфуцийдің «жақсылық жалғыз емес, оның əрқашан жақындары бар», 
«бүкіл өмір бойы басшылыққа алуға тұратын сөз бар ма?» деген сұраққа - «бар, 
ол сөз- мейірімділік» [3, 34],- деп ізгілік тұжырымындағы айтқан ойлары шүбəсіз 
оның осы жолдың бастамашысы екендігінің дəлілі емес пе? 
Қытайда мемлекеттік басқаруды жоспарлау жəне қайырымдылық қызметті 
ритуалдармен басқаруды дəріптеуде конфуцийліктің рөлі орасан зор болды. 
Конфуцийлік дəстүрлі басқару дегеніміз – ережелер мен рəсімдерді мүлтіксіз 
орындау болып табылады. Конфуций өзінің еңбектерінде басқаруды ізгіліктің, 
саналықтың, тəртіп пен ережелердің басты болуын сөзге тиек етеді. Конфуций 
айтқан ойлардың, көзқарастардың, идеялардың басқа философтардың ойларымен 
ұқсастық көреміз. Бұл жалпыадамзаттық құндылықтардың бірегейлігінің, 
ешқандай ұлттық, территориялық шекараның жоқтығын айғақтайды. Конфуций 
іліміндегі философиялық-этикалық көзқарастары жүйеленіп, оның қоғамдық-
этикалық ойға жетелегені жаңа ілімдердің пайда болуына əсер еткендігі 
дəлелденді. Конфуций сөзсіз – ізгіліктің бастамашысы. Осы этикалық теориялар 
негізінде Конфуций өзінің саяси көзқарасын дамытты жəне одан əрі негіздеді. 
Ұлы моралист Конфуцийдің философиялық-этикалық дүниетанымы биік 
моральға, дұрыс əрекетке жəне этикет эталондарына негізделді.

Download 20,59 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   399




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish