Қорытынды
: Исатай-Махамбет көтерілісі өткен жерлердің атаулары
қазақ ауыз әдебиетінде бір жырдан екінші жырға көшіп қайталанып
қолданылғанын, ал эпос үлгілерінің Қазақстанда ежелден қалыптасып, талай
өлкені шарлап, ұзақ дәуір бойы өмір сүргенін байқасақ, екіншіден, осы аталған
өлкелердің бәрінде де қазақ халқының алуан текті ру-тайпалары мекен
еткендігін, жалпы географиялық аймағының шеті мен шегінің ұлан-байтақ
екендігін көреміз. Өзім бұрын оқыған 8 сыныптарда Қазақстан географиясын
өткен кезде Исатай-Махамбет көтерілісі өткен жерлердің атауларын
187
Қазақстанның жер бедері тақырыбында «Манаш», «Тастөбе», «Нарын құмы»
атауларына тоқталсақ, Қазақстанның жазықтары мен ойпаттары, Каспий маңы
ойпаты тақырыбында «Мыңтөбе», «Шашақ қыстауы», «Кульпин, Кокорев
кордандары» жер аттары туралы толық мағлұмат берілді. Қазақстан аумағының
табиғат аудандарын өткенде «Жаманқала», «Сарайшық», «Жайық өзені»
атауларына тоқталып кеттік.
Қазақтың ұлы ақыны, азаттық күресін ұйымдастырушылардың бірі, бір
сөзбен айтқанда «сегіз қырлы, бір сырлы» бабамыздың өмір сүріп өткеніне 214
жыл болса да, ақынның өршілдікке, күрескерлік мінезге толы, кесек бітімді
шығармалары әлі күнге дейін ізі суымай, жылдан жылға жаңарып, қасиетті
әсерлерге бөлеп, халық мұрасына айналып отыр. Екеуі де халықтың бойымен
табылар сарқылмас жігер мен шабыттың, сана мен сабырдың, тәуекел мен
арманның түлегі. Бұл – табиғатта қалаған уақытта табыла бермейтін асылдай аса
сирек құбылысы.
Дарын мағынасы терең, көркемдік мағынасы үздік шығармалары
оқушыларды табандылыққа, жауға мейірімсіз болуға, қиыншылықты жеңуге
тәрбиелейді. Махамбет өлеңінде туған ел, жер-су атауларын жырға қосып
дәріптеген. Туған жер құдіреті батырдың рухын келтіріп, көтерілісіне дем
берген.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
«Атырау» газеті 1997, 20 қазан, 2002, 20 маусым.
2.
Атырау. Энциклопедия 2000.
3.
Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. Алматы. 2002.
4.
Махамбет Энциклопедиясы. Алматы, 2004. 20-том.
5.
Әнес Сарай «Исатай-Махамбет» тарихы. Алматы, 2003. 8-том.
6.
Қазақ әдебиетінің тарихы. Көпшілікке арналған Х-томдық жинақ.
7.
Ақмола.Энциклопедия.1995 А.Атамұра
8.
Ақтөбе.Энциклопедия.2001
9.
Әнес Сарай. Истай мен Махамбет тарихы.Алматы. «Өлке» 1999
10.Бекмаханов Е.Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында Алматы 1994
11.Бекмаханов Е. Қазақ тіліндегі араб-парсы сөздері.1997
12.Бес ғасыр жырлайды. 2-т.Алматы 1984,1989
13.«Білім және еңбек» 1973 №3,8,10
14.Атышбаев Ә. Кіші жүз шежіресі. Алматы 1996
15.Кекілбаев Ә.Он екі томдық шығармалары, 6-т «Өлке» 1997
16.Кенжалиев И.Тайманұлы Исатай.Алматы,1977
17.Кенжалиев И. Махамбет Өтемісұлы.Алматы,1974
18.Шөреков Ы. Исатай-Махамбет.Дастан. Алматы,1976
188
С. К. Керешов
М.Мөңкеұлы атындағы орта мектебі,
жоғары санатты тарих пәні мұғалімі
Атырау облысы, Индер ауданы, Құрылыс ауылы
Do'stlaringiz bilan baham: |