М. Қ. Кипиев
Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және
пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспекциясы басшысы
Атырау қаласы
АТЫРАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ МӘДЕНИ-ҚОҒАМДЫҚ ЕСКЕРТКІШТЕР
Бірнеше ғасырлар бұрын қазіргі Атыраудың орнында зор Хвалын (Каспий)
теңізінің толқындары шашырап жатты. Біртіндеп теңіз өзіне құятын өзен
суларымен бірге оңтүстікке қарай жылжып кетті. Тәккаппарлана аққан Жайық
28
суын теңізге аямай, ғасырлар бойы құйып келеді. Жағасын ел жайлап, балығы
мен орман-тоғайы мол, жайлауы жасыл Жайық жағалауы көшпенді тұрақтары
үшін өте қолайлы жер болды. 1580 жылдан бастап, 1640 жылы көпес Михайл
Гурьев өзінің бауырларымен бірге Жайық жағалауына келіп, ірі балықшылардың
аулаған балықтарын қорғау үшін ағаштан қамал, балық тұздайтын, кептіретін
орындар салды. Ресми құжаттарды 1708 жылға дейін Яйцкий городок аталып
келген Гурьев қаласы осылайша пайда болды. Жергілікті халық қаланы 30-шы
жылдарға дейін Үйшік деп келген. Төңкеріске дейін балықшылар мен
көпестердің қаласы болды. Жайық жағасындағы ағаштан оймышталып жасалған
еңселі әсе үйлер көз тартатын. Қыста қала қарлы бұрқасындардың кесірінен
көршілес қалалармен байланыссыз қалатын. Қала тарихын әлі күнге дейін оған
ерекше салтанат беріп тұрған архитектуралық құрылыстар арқылы тануға
болады. Төңкерістен кейін Гурьев мұнай өнеркәсібінің орталығы, каспийдің кең
территориясында мұнай, газ және басқа да кен көздерін іздестіретін геологиялық
барлау және іздеу экспедицияларының базасына айналды. Қазір қала- мұнай
шаруашылығын дамытудың басым жақтарын қамтамасыз ететін ғылыми орталық
болды. Соңғы жылдары көркейіп, гүлденіп келеді, жаңа көшелер, ықшам
аудандар мен көп қабатты әсем үйлер бой түзеді. Көпір үстінен қарағанда өзен
жағалауы мен жағажайлар, мұнайшылардың мәдениет сарайы алақандағыдай
болып көрінеді. Жайықтың европалық жағында облыстық әкімшіліктің ақшаңқан
үйі және шерулер мен мерекелер өтетін алаң орналасқан. Атырау қаласы –
Атырау облысының орталығы, ол Жайық бойына орналасқан, қаланың негізі
1640 жылы қаланды.
Қала аймағы –3,5 мың ш.км. Атырау қаласы мен Астана қаласының ара
қашықтығы – 1810 км. Климаты өте континентальдық, қуаң. Жазы жауын-
шашынсыз, құрғақ, ыстық ұзаққа созылады.
Атырау-ірі транспорт торабы. Облыста транспорттың барлық түрімен
тасылатын жүктің 70 пайызы қала үлесіне тиеді. Темір жол, автомобиль
вокзалдары мен әуежай қатынас қақпасы. Атырау қаласының облыстың саяси-
әкімшілік орталығы ретінде маңызы зор. Қала Каспий теңізінің қазргі жағасынан
40 шақырым жерде Жайық өзенінің тармақтала біткен атырауын алып жатыр. Тас
жол, әуе және су қатынасы торабы.
1938 жылы 15 қаңтардан облыс орталығы болып келеді. Қаланың іргетасы
1640 жылы қаланып ертеде «Жайық тас қалашығы», «Үйшік» деген атауларға ие
болған. Кейін қаланың құрылысына қаржы бөлген көпес Гурьев есімі Ресей
әкімшілігінің шешімімен берілген.
1991 жылы 21 ақпанда қала тұрғындарының тілегіне орай «Атырау» деп
аталды. Атырау қазіргі заманғы ірі өнеркәсіп орталығы. Өнеркәсіп құрылымында
ауыр өнеркәсіп жетекші орын алады. Бұл саладағы Атырау мұнай айыру
зауытының өнімдері, Петровский атындағы машина жасау зауытының (Заман
ЖШС) мұнай кәсіпшілігі жабдықтары, полиэтилен тұрбалары үлкен сұранысқа
ие болып отыр. Қалада 200-ден астам кәсіпорын маңызды өнім түрлерін
29
шығарады. Әсіресе, құрылыс индустриясы жедел қарқынмен дамуда. Қалада
тұрғын үй, әкімшілік, өндірістік, әлеуметтік ғимараттарды тұрғызумен
айналысатын бір мыңға жуық жеке, біріккен, отандық, шетелдік, құрылыс
компаниялары жұмыс жасайды.
2001-2004 жылдары 760 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Жаңадан Самал, Атырау, Алмагүл, Ескі әуежай тұрғын алқаптары бой көтерді.
Қаланың архитектуралық бет-бейнесі мүлдем өзгеріп, түбегейлі жақсарды.
Әкімшілік үйі, Махамбет атындағы қазақ драма театры, Атырау әуежайы,
«Атырау», «Ақ Жайық» қонақ үйлері, «Өнерпаз» тұрмыс үйі «Ардагер» сауда үйі
және өзге де сәулетті ғимараттар бой көтеріп, қала сәнін келтіріп тұр.
Қалада монументтік-көркемдік сипаттағы Ұлы Отан соғысында қаза
болғандарға орнатылған ескертікш пен мәңгі алау маңы, академик Қ.Сәтбаев,
қаһарман батыр, дауылпаз ақын Махамбет Өтемісұлына арналған ескертікштер-
атыраулықтардың қастерлейтін орындары. Құрманғазы, Дина сында Атыраудың
даңқты перзенттеріне көрнекі жерлерге ескерткіштер орнатылды. Атырау
қаласында 57 жалпы білім беретін, спорт мектебі, Кіші Өнер академиясы, музыка
мектебі тағы басқа да оқу орындары жұмыс жасайды. Жоғарғы оқу орындарынан
Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, Атырау мұнай
және газ университеті және жеке меншіктегі оқу орындары білім беру бағытында
қызмет көрсетеді. Политехникалық ауылшаруашылық техникумы, А.Сүндетов
атындағы медициналық колледж, Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледж,
Аграрлы-техникалық колледжі, музыка колледждері және 6 орта кәсіптік-
техникалық мектеп бар. Сауықтыру-демалу мекемелері қатарында «Атырау»
санаториі және балалар санаториі өз қызметін халыққа ұсынып келеді.
Соңғы
жылдары
мұнай
өңдеушілердің,
құрылысшылардың,
энергетиктердің, теміржолшылардың тағы басқа сауықтыру мекемелері ашылып,
жұмысқа қосылуда. Облыс орталығында дене шынықтыру кешендері, спорт
кешені (Мұнайшы, Орталық), 5 стадион (Мұнайшы, Судноремонтный, Томарлы,
Ревера, Балықшы), түрлі спорттық клубтар бар (МММА, тайквондо, бокс, күрес,
футбол, баскетбол). Осындай орындарды ескере келе, қаламызға келген
туристтерге мынадай бағыттағы саяхат маршрутында кездесетін қаланың тарихи-
мәдени ескерткіштерімен танысу ұсынылып келеді.
Бұл маршрутта туристік обьект ретінде қала ішіндегі көрікті жерлер,
ғимараттар, ескерткіштер, мешіт, шіркеу, мемориалдық кешен, сияқты тарихи-
мәдени мұраларымыз. Қала қонақтарына мақтанышпен көрсететін ең басты алаң
«Исатай-Махамбет» мемориалдық кешенін атауға болады. Бұл кешен 5 гектар
жерді алып жатыр. Бұл жерде қазақ халқының азаттығы жолында күрескен
батырлар Исатай Таманұлы мен Махамбет Өтемісұлының ескерткіші
орнатылған. Ескерткіш артында үлкен жартаста «Азаттық жолында ақжол» деген
тақырыпта сурет бейнеленген. Архитектуралық кешен авторлары С.Бөкебай мен
А.Тайталиев Женева қаласында өткен архитектуралық көрмеде «Ең үздік
30
архитектуралық кешен» деген атақпен марапатталды. Республикалық
архитектура көрмесінде «Алтын диплом» иегері атанды. Жалпы бұл алаң тек
қонақтар үшін емес, күнделікті қала тұрғындарының өз бос уақытын, өткізуге
арналған демалыс орны бола тұра, жас жұбайлардың қасиетті алаңына да
айналып үлгерді. Махамбеттің 200-жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде
үлкен дәрежеде аталып өткен болатын. Осы той қарсаңында Елбасының
қатысуымен алаңның тұмаукесер рәсімі болып өтті.Алңаң маңында орталық
«Иманғали» мешіті көз тартып тұрады. Одан кейін Облыстық әкімшілік жанында
онатылған Сұлтан Бейбарыс ескерткіші және алаңы. Бұл облысымызды басты
алаңдарының бірі. Сұлтан Бейбарыстың 775-жылдығы қарсаңында ашылған
алаң. Дина Нұрпейісова ескерткіші атақшы сазгер, күйші Дина анамызға
арналады. Және Дина атымен аталған мұнайшылар мәдениет үйі Жайық бойы
жағалауында орналасқан. Келесі ескерткіш Құрманғазы Сағырбайұлына
орнатылған ескерткіш. Оған қоса, Құрманғазы атындағы тұрғынүй қалашығында
мәдениет сарайы қызмет етеді. Успен шіркеуі. 1883 жылы тұрғызылған.
Қабырғасы тастан қаланған. Шіркеу үлкен және кіші шіркеуден тұрады. Улкен
шіркеуде басты діни салт-жоралғылар ұйымдастырылады. Ал, кіші шіркеуде
нәрестені шоқындыру сияқты рәсімдер өтіп тұрады. Қазақ ғылым
академиясының академигі Қ.Сәтпаев есркеткіші Сәтпаев көшесі бойында тұр.
Сонымен қатар қалада, М.Өтемісұлы атындағы облыстық қазақ драма теарты,
тарихи өлкетану мұражайы және өнер мұражайлары өз қызметтерін халыққа
ұсынып келеді.Енді бір сәт Атырау қаласындағы кейбір туристік нысандарға
толығырақ тоқталып өтсек.Қаланың нақ орталығынан орын тепкен, әсем
мұнараларымен көз тартатын «Иманғали» мешіті.
Атырау қаласында алғаш рет 1956 жылы «Құспан молда» мешіті ашылған.
Кейін Атырау қаласының орталығында 2000-шы жылы 5-мамырда «Иман»
мешіті ашылды. Мешітті ашуға Алматыдағы муфти Ратбек қажы келді.Мешітте
бас имам, имамның орынбасары, діни қызметкерлер қызмет етеді. Мешіт
ғимаратының ауданы 1300 шаршы м, ені-26 м. Мешіттің екі мұнарасы бар.
Олардың әрбіреуі 23 метр. Мешіттің ішінде кітапхана, медресе, намаз оқитын
жер, имамның бөлмесі бар. Мешіт негізінен 600 адамға арналған. Мешітте
мерекелік шаралар өткізіліп отырады. Олар: ораза айт, құрбан айт,
пайғамбардың туған күні «Мәуліт» өткізіледі, Қадір түні қарсы алынады.
Мешітте мұсылманша неке қию рәсімі өткізіледі. Әр жұма сайын намазға 2000-
ға жуық халық жиналады. Бүгінде «Иман» мешіті мұнайлы өлкенің тұрғындары
үшін қасиетті жер саналып , қала қонақтарына мақтанышпен таныстырар
ғимараттарының бірі.
Махамбет атындағы қазақ драма театры Алғашқы драма үйірмесінің
құрамы әр түрлі клубтардағы талантты деген үйірме мүшелерінен
құрастырылды. Оның алғаш ұйымдастырушысы қалалық наубайхана
жұмысшысы Қапар Қожахметов болды.Үйірменің ең бірінші белсенді мүшелері
31
– Қуат Төлеков пен Құрманғали Доғалақов. 1937 ж. бір жылдық театр студиясы
ашылды. Студияға Мәскеудегі театр институының студенті Шафхан Гатаулинге
басшылық ету тапсырылды. Осы жылы Мәскеудің «Нефтяник» театрының
келуі студияның болашағына жол ашты.1938 ж. 5 наурыздағы қаулы бойынша
Гурьев қаласындағы қазақ драма театры ашылды. Сол қаулыға сәйкес
Петропавл театрының ұжымы осы театрға келіп қосылды. 1938 ж. 9 мамырда
тұңғыш пьеса «Түнгі сарын» (М.Әуезов) сахна төрін ашты. Театрдың көркемдік
жағынан режиссер Сусанов-Саянский, суретші Непряхин, артистер Зәмзәм
Нурмагамбетова, Хамит Болатов, Жәмила Ибрагимова т.б. болды. 30 ж-ң аяғына
дейін «Ревизор», «Амангелді» т.б. пьесалары қойылды. Қазіргі таңда драма
театр мұнайлы өлкенің тұрғындары мен қонақтары үшін құнды тарихи және
мәдени орындарының бірі. Успен соборы- Жайықтың оң жағалауында, Атырау
қаласының Самара бетінде, Исатай Тайманов атындағы көшеде орналасқан.
1883 жылы Собордың авторы, әрі негізін қалаушылар – Федот пен Ирина
Тудаковтар атты көпестер. Құрылыс күйдірілген кірпіштен салынған. Басына
крест орнатылған 7 күмбезі бар. Орталық күмбез бәрінен биік-70 м. 1981 жылы
архитектуралық ескерткіш ретінде мемлекеттік қорғауға алынған. Шіркеу
жанында кіші шіркеу салынды, ол Николай Чудотворецтің құрметіне арналады.
Шіркеуде жас жұбайлардың неке қию рәсімі өткізіледі. Дүниеге келген сәбиді
Николай Чудотворецтің шіркеуінде киелі суға шомылдырады. Бұл христиан
дінін қабылдау болып саналады. Ал, өлген адамды Үлкен шіркеуде жерлеу
ғұрпын өткізіп, оны «погребение» деп атайды. 1999 жылы облыс әкімі
И.Тасмагамбетовтың қолдауымен Успен соборы күрделі жөндеуден өткізіліп,
алтын күмбездер орнатылды. Жоғарыда аталған тарихи-мәдени ескерткіштермен
таныстыру, оны насихаттау жұмыстары қала тұрғындарымен қонақтарынаүлкен
әсер қалдырып, тұрақты саяхат қызметі ұысынылып отырса, қала мәртебесі бір
көтеріліп қалар еді. Қазақстанның мұнайлы астанасын баршаға таныту, осы
өңірден алдымен туризмді дамытуды қолға алудан басталмақ. Атырау
облысындағы ескерткіштер арқылы экскурссия жасауға болады.
Do'stlaringiz bilan baham: |