Пайдаланған әдебиеттер:
1.
Тасмағамбетов И., Самашев З., «Сарайшық- тарихи астана»
Алматы. 2004ж.
2.
Ғизатов Ж., «Ұлы даланың қасиетті күмбезі» Алматы. 2009ж.
3.
Кипиев М.,"Атырау" газеті №26 2015 жыл.
4.
Тоқтабаев А., "Сарайшықтың Аққу көлі" "Егемен Қазақстан"
21 наурыз 1998 жыл.
Б.Ә. Жолдасов
Атырау энергетика және құрылыс колледжі,
1-курс студенті
Атырау қаласы
САРАЙШЫҚ – МӘҢГІЛІК ЕЛ МҰРАСЫ
Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық
сипаттағы мақаласында «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынды.
Мемлекет басшысы отансүйгіштік сезімнің кіндік қаның тамған жеріңе, өскен
ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен
басталатынын қадап айтқан болатын.
«Жалпақ жұртыңды, алашыңды құрметтеу, алдымен, өзің тұрған өлкенің
тарихын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады» - деген даналық сөзді
81
басшылыққа ала отырып, Отан тарихын, өлке тарихын насихаттау мақсатында,
ұрпаққа ұлағат болар ата қонысымызда елдік пен ерліктің көптеген мұрасы
болған Сарайшық жөнінде мағлұматтар жинадым.
Сарайшық - қазақ даласындағы ең көрікті орындардың бірі болып
саналады. Қаланың неліктен Сарайшық аталғаны жөнінде араб саяхатшысы Ибн-
Батутаның Хорезмге барар жолда Сарайшыққа соққаны жақсы мәлімет береді.
Онда саяхатшы: «Біз жаңа Сарайдан (Астрахандағы Сарай-Берке қаласы) он күн
жүріп Сарайшық қаласына келдік. Сарайшық, яғни «кіші Сарай» - деген мағына
береді. Ол «Ұлы су» (Жайық өзені) деп аталатын үлкен және тез ағатын өзеннің
бойында орналасқан. Өзеннің үстінен Бағдаттағы сияқты қайық пен кемелерден
көпір салып қойылыпты», - дейді. Бұдан басқа кейбір тарихшылар Сарайшық
атауы қаланың алтынмен апталған күмбездері мен мұнаралары айшықталып
тұрғандықтан жұрт «Сары айшықты қала» деп атағандығын айтып жүр.
Сарайшық қаласы өз дәуірінің әсем қалаларының бірі болған. Бұл жерге кезінде
жүз мойындаған 12 әулие жерленген.Сондықтан Атырау облысындағы
әулиелі,қасиетті жерлердің бірі. Кезінде Сарайшықта 100 ден астам хан қандық
құрған. Сарайшықтағы 17 м биіктікте қойылып тұрған ескерткіш сол хандардың
рухын кейінгі ұрпаққа жеткізу мақсатта қойылған. Құрылыс1999 жылы 2-
мамырда басталып, 2- ші қыркүйекте аяқталды. Сарайшық жерінде 7 ханның
сүйегі жатыр, 1 ханның басы жатыр. Мөңке темір,Жәнібек,Әмір Оқас,Қасым хан,
Ших Мамай, Жүсіп хан, Тоқтағу. Мөңке темір,Тоқтағу, Жәнібек үшеуі Алтын
Орданың хандары.Монголдар Жошыдан тараған ұрпақтар яғни Шыңғыс ханның
бірінші баласынан тараған ұрпақтар. Ал Қасым хан қазақ. Ол Әз Жәнібектің
баласы.Қасым хан хандық құрған жылдары Сарайшықты қазақ хандығының
астанасы деп атады. Қазақты қазақ еткен ұлтты басқа ұлттармен теңестіріп,
мемлекет ретінде қазақты басқа елдерге мойындатқан Қасым хан. Менің
көкейімде жүрген Сарайшықтағы 7 хан туралы, оның сол жердегі моланың
астында сүйегі барма сол жөнінде, әулие ағашы туралы білгім келіп зерттеу
жүргіздім. Нәтижесінде оның астында ешқандай сүйек жоқ екен.Сарайшықтың
әр жерінен әкеліп топырақ салынған. Тек біреуін ғана тапқан. Ол Қасым хан екен.
Аты әлемге жайылып тұрған әулие ағашы туралы сұрағанымда: Әулие ағашы деп
атаған себебін: құрылыс жүріп жатқан кезде сол ауылда қайғылы жағдай болған
екен. Бір жазда 12 адам көз жұмады. Бірде музей басшысы Молдаш Бердімұратов
поезда үлкен қартқа тап болады.Бұрмаланып кеткен қазақтың тарихы ғой, құттай
да болса кейінгі ұрпаққа дағдылы түрде жеткізуге үлесімді қосайыншы деп,
Музей салдырайын деп жүрген жайым бар деген екен.Сонда қария жақсы іс
жасап жүр екенсің, бірақ еліңде берекет жоқ. Халқың қасиетті орман өсірген,сол
орманның рахатын көріпсіңдер, сол орманмен атақтарыңды әлемге
жайыпсыңдар. Сол орманды өздерің жазықсыз жойыпсыздар,рахатын көргеннің
иесі болады деген екен. Бұрын осы жерді «опытная поле» деп атаған Ауылдың
екі шетінде 82 гектар жерді алатын алма сат болған. Сол ағаш бүкіл Атырауды
82
қамтамасыз еткен. Содан кейін жекешелендіргенде алма ағашы жайында қалып,
қураған ағашты жұрт апарып отқа салған. Содан қария әлгі ағашты сол орынға
апарып қой,халық өткен- кеткенін көз алдына елестетер сонда аруақтар кешірер.
Өйтпесе бұл 7 жылға дейін созылады деген. Бұл әулие ағашы сол қарттың
айтуымен қойылған. Содан бастап адамдардың өлуі де күрт тоқтады. Ағаш өз
қасиетін жойған жоқ. Адамдар келіп сол ағашқа түнеп, өз жараларына шипа
іздеп, ел қатарлы өмір сүріп жазылып кетіп жатыр. Сарайшықтан басқа да
көненің көзі жәдігерлер көптеп табылуда. Мәселен, 2001 жылы қазба жұмыстары
кезінде археологтар ерекше кесе тауып алды. Әлемде мұндай кесе екі дана ғана
екен, біреуі – Египетте, екіншісі – Қазақстанда. Кесенің қасиеті ішіне уланған
тағам құйылғанда ол түсін өзгертеді екен.
Көне тарихы бар Сарайшық өлкесі тарих сахнасында «Мәңгілік Ел» мұрасы
болып қалары сөзсіз. Ол Еділ – Жайық кеңістігіндегі, Каспий өңірін жайлаған
халықтардың мың жылдық тарихын сақтаған саяси-мәдени орталығы болған қала
ретінде маңызды.
Атырау облысы әкімі Нұрлан Ноғаев халыққа есеп берген жиынында
Сарайшық музейінде қазіргі заманғы сапар орталығы салынып, алдағы жылы
құрылысы басталатынын, және әкімшілік ғимарат,қонақүй,шаруашылық-
тұрмыстық үйі секілді бірнеше ғимарат салу жоспарда бар екенін айтқан
болатын. Қазірдің өзінде әкімнің бастамасымен Сарайшық қалашығы
маңайындағы жағалау бекітіліп жатқан көрінеді. Бұл үшін облыс бюджетінен 1
миллиард 60 мың теңге қаражат бөлінген.
Жобаға сәйкес бұл орталық туристер мен келушілер үшін барлық жағдай
жасалған кешен болады.Екі қабатты әкімшілік ғимарат ішінде экспозициялық-
көрме залдары,қор қоймасы 100-150 орындық конференсзал, зертханалық және
қалпына келтіру үй-жайы,кітап қоймасы мен электронды мәліметтер базасы бар
кітапхана орналасады. Бұл визит орталықтың құрылысы елбасының «Болашаққа
бағдар:рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында жүргізілуде,-
деді облыс әкімі. Мен сөзімді ... мына өлең жолдарымен аяқтасам
Көркем есім, жайдарлы, жайлы халық
Күннен-күнге келеді өсіп, дамып,
Көгінде күлген күні,ашық аспан,
Қалған ғой қонақжайлық тағы дарып.
Қазақ деген қайсар халық тайсалмайтын,
Жауыннан жеңіссіз еш қайта алмайтын,
Қас қылғанға қиып түсер қылыш болып,
Дос қылғанда құшақ жая,қайтармайтын.
83
Do'stlaringiz bilan baham: |