«сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы атырау облысы білім беру басқармасының Әдістемелік орталығЫ



Download 3,74 Mb.
Pdf ko'rish
bet5/162
Sana26.06.2022
Hajmi3,74 Mb.
#705534
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   162
Bog'liq
Jinaq123

ӨЛКЕТАНУДЫҢ ТАРИХИ БАСТАУЛАРЫ 
 
У.Т. Ахметова – тарих ғылымдарының докторы, 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
 
Б.А. Жұбанов -Х.Досмұхамедов атындағы Атырау 
мемлекеттік университетінің 2 курс магистранты. 
 
Аннотация: 
Мақалада өлкетану тарихы, қазіргі өлкетану пәнін оқыту және зерттеу мәселелері 
қарастырылады. Өлкетанудың жергілікті жердің тарихын танып білудегі маңыздылығы, өзектілігі және 
басты мәселелері баяндалады. Мақала Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің № 
АР 05134572 ғылыми жобасын орындауға арналған. 
Түйін сөздер: 
Қазақ тарихы, өлкетану тарихы, таным, кешенді білім, өлкетануды оқыту, ғылыми 
зерттеулер, тарихшылар 
Қазақ елінің тәуелсіздік алған кезеңнен бастап білім мен ғылым саласында 
түбегейлі өзгерістер жүргізуі және халықтың санасын тарихи шындық 
тұрғысынан қалыптастыруға күш салып келеді. Отан тарихын сапалы оқыту мен 
тарихи сананы қалыптастыру бағытында өлке тарихының алатын орны ерекше. 



Өлке тарихы – Отан тарихының бастауы. Өлкетану кең ауқымды ұғым. Өлкетану 
-
кешенді ғылымдар қатарына жатады. «Өлкетану» туралы түсінік - өлке 
табиғаты, тарихы, шаруашылығы, халқы, оның мәдениеті, тұрмысын зерттеумен 
қатар тарих, археология, этнография, география, өнер, және өзге да ғылым 
салаларымен тығыз байланысты болып келеді. Әйтсе де, аталған ғылымдардан 
ерекшелігі өлкетану мемлекеттегі және өлкедегі барлық оқиғалар мазмұнына 
баға береді. Соған сәйкес, өлкетану мазмұны мен жекелеген зерттеу әдістері 
бойынша бір-бірінен ерекшеленетін, белгілі бір тақырыптық жиынтықты құрай 
отыра, өлкені ғылыми тұрғыдан жан-жақты тануға мүмкіндік беретін бірнеше 
ғылыми пәндер кешенін құрайды. Өлке тарихы туралы білімдерді жүйелеудің 
қазіргі кезде маңыздылығы мемлекеттік деңгейде қойылып, біртұтас қазақ 
тарихын жазуға назар аударылуда. Оның мәні жаһандану дәуірінде ұлттық және 
мемлекеттік болмысымызды сақтау, елімізді одан әрі дамыту, осыған орай 
қазірде кәсіби тарихшы мамандардың алдындағы басты міндет біртұтас Қазақ 
мемлекеттілігі тарихын жазуда өлке тарихын ғылыми негізде жүйелей тарихи 
шындыққа көз жеткізе отыра еліміздің мемлекеттілік тарихын жазуды көздейді. 
Сондықтан да өлкетану ғылымын дамыту, оқыту, зерттеу тарих ғылымында 
өзекті мәселе болып отыр. 
Өлкетану тарихының бастаулары қазақ жерінде адамзаттың пайда болуынан 
бастап, адамдардың күнделікті тірлігінде өз айналасын тануға деген 
талпынысынан пайда болған білімнен басталады. Қазақтардың жергілікті тарихы 
халық жады арқылы ауызша тарих айту дәстүрі арқылы жеткен. Күнделікті өмір 
сүру тәжірибесінен жинақтаған білімнен қазақтардың ұлттық фольклорынан 
жеткен бай туындылар, ауыз әдебиеті шығармалаларында, тарихи дастандар мен 
әңгімелерде, ауызша атадан балаға мұра болған аталық шежірелерде олардың 
мәдениеті, тарихы, салт-дәстүрі, діни түсінігі, жер атауы, су атауы, төрт түлігі, 
туған жерінің аң құсы, жерінің климаттық бейнесі, қатынас тілі, жазуы, айтулы 
адамдары осы мағлұматтардың бәрі туған өлке туралы білімдер жиынтығын 
құрады. Қазіргі кәсіби тарихшыға дейін қазақ қоғамында тарихи білімді 
жеткізушілер әңгімешілер, бақсылар, жыршылар, жыраулар, шежірешілер, 
ақындар, абыздар, ақсақалдар, билер, батырлар, ел билеушілері арқылы ауызша 
тарих айту дәстүрімен және жазбаға түскен еңбектер арқылы келіп жеткен. 
Өлкетану ғылыми термині кеңес дәуірінде пайда болды. Ол кезеңде өлкетану 
дамуы екі бағытта ғылыми және мектепте жүргізілді[1]. Ғылыми өлкетану нақты 
территорияны жалпы зерттеу ісіне бағытталған. Өлкетану ғылымының негізгі 
мәні туған өлке деректерін пайдаланып, тарих ғылымының соны зерттеу 
әдістерін қолдана жүргізуінде. Өлкетанудың теориялық ғылыми орталығы 
жаратылыстану мен гуманитарлық ғылым саласы жетекшілік жасайды. 
Өлкетанудың ғылым ретінде дамуы негізі үш бағытта біріншіден, өлкетану бұл 
ғылымның дамуының заңды белгілі бір өтпелі кезеңі, екіншіден, өлкетану 
жергілікті материалдарды зерттей отыра, өткен мен болашақтың ғылыми-зерттеу 



дәстүрін көрсетеді, үшіншіден, өлкетану ісі ғылыми қоғамдар қызметі мен жеке 
ғалымдар зерттеулерінде көрініс табады. 
Өлкетанудың тарихи дамуына тоқтала кетсек, қазан төңкерісіне дейін Қазақ 
елін отарлау мақсатында Ресей үкіметі мемлекеттік деңгейде академиялық 
ғылыми зерттеулер жүргізген болатын. Ал ХІХ ғасыр соңына қарай құрылған 
губерниялық ғылыми мұрағаттық комиссиялар архивке түсірген болатын. Соның 
ішінде Қазақ елінің көне дәуірден 1918 жылға дейінгі тарихын тарихи 
өлкетанулық бағытта жинастырған ғылыми мекеме Орынбор Ғылыми 
мұрағаттық комиссиясы еді. Ғылыми мекеме Ресейдің отарлау орталығы болған 
1881 жылы таратылған Орынбор генерал-губернаторлығы кеңсесі құжаттарын 
Орынбордан ашылған архивке орналастырумен айналысты. Отыз жылдай 
қызметінде бұл мекеме қазақ елінде өлкетанулық зерттеу жұмыстарын жүргізу 
және жинауды қарқынды жүргізді. Сонымен бірге Мұрағаттық комиссия архив 
ісімен қатар қазақтарға қатысты құжаттық материалдарды Орынбор қаласындағы 
өлкетану музейі мен кітапханасына жинақтаған болатын. Мысалы атар болсақ, 
Орынбор Ғылыми мұрағаттық комиссиясы жанынан құрылған музейінің 
этнографиялық бөліміне жергілікті тұрғындардың жазбалары, жылнамалар, 
мемуарлар, өлең, жұмбақ, мақал-мәтелдер жинақтары, өлкенің өткен тарихына 
байланысты тұрмыстық аңыз-әңгімелер және тағы басқада материалдар 
жинақталынды [2, -188б.]. Орынборда 1887 жылы құрылған Орынбор Ғылыми 
мұрағаттық комиссиясы өлкеде танымдық бағытта және арнайы ғылыми 
зерттеулер негізінде өлкетанулық 
ғылыми 
тарихи 
ойлар 
дәстүрін 
қалыптастыруға мүмкіндік жасады. 
Қазақ елі кеңес дәуірі кезеңінде Орынбор Ғылыми мұрағаттық комиссиясы 
мен Императорлық Орыс Географиялық қоғамының Орынбор бөлімшесінің 
орнына құрылған Қазақстанды зерттеу қоғамы елде өлке тарихын зерттеумен 
айналысқан бірден бір қоғам болды. Қоғам архив материалдарын сақтау 
шараларымен, өлке тарихына қатысты материалдарды жинаумен айналысып, өз 
жұмысын табиғи жаратылыстану, тарихи, экономикалық бағыттағы зерттеулерді 
мақсат етеді. 
Қазақстанда өлкетану жұмыстарының қазіргі жай-күйі, Қазақстандағы 
өлкетану 
жұмыстарының 
дамуы, 
өлкедегі 
архивтермен 
музейлерде, 
кітапханаларда өлке тарихына қатысты материалдарды жинау ісі, тарихи және 
мәдени ескерткіштерді қорғау, өткен заманның мәдени мұраларын ғылыми 
зерттеу, өлкетану жұмыстарын дамыту міндеттері қоғам дамыған сайын 
сұранысқа ие болып отыр. 
Өлкетануды ұйымдастырудың бірнеше түрлері мемлекеттік, мектептік және 
қоғамдық негізде қарастырылған. Мемлекеттік өлкетанумен өлкелік музейлер, 
ғылыми-зерттеу мекемелері айналысса, мектептік өлкетануда туған өлкені 
зерттеуде оқушылар басты рөл атқарады. 



Қазірде өлке тарихын зерттеу ісімен қоса тарихи өлкетануды оқыту мәселесі 
елімізде білім саласында жүйеге қойылып отыр. Алдымен мектептегі өлкетануға 
тоқталсақ басты екі салаға маңыз беріледі. Біріншіден, туған өлкені жан-жақты 
зерттеу және өлкетану материалдарын жинақтау; екіншіден, жинақталған 
материалдарды мектептегі тарих пәнін оқытуда пайдалану. Қазақстан 
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 
бұйрығымен мектептерде «өлкетану» пәні бағдарламасы ұсынылған болатын. 
Өлке тарихын оқытудың мақсаты теориялық білім бере отырып, өз өлкесінің 
ежелгі тарихынан бастап осы заманға дейінгі тарихи мағлұмат қалыптастыру, 
оларды туған жерінде болған тарихи оқиғаларды талдай білуге үйретіп және 
зерттеу жұмысын жүргізіп үйренуге бейімдеу. Сонымен бірге Қазақстанның 
жоғарғы оқу орындарында тарих мамандығының бірінші курс күндізгі оқу бөлімі 
студенттеріне арнайы «Тарихи өлкетану» элективті курсы және тарихшы емес 
мамандықтарға арнап «Өлкетану» курсы оқытылады. Курс бағдарламасы 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру 
стандартына сәйкес ҚР Білім және ғылым министрлігінің №289 11.05.2005 ж. 
бұйрығымен бекітілген. Алматыдан 2007 жылы жарық көрген «тарихи өлкетану» 
типтік оқу бағдарламасы бойынша құрастырылған тарихи өлкетану курсында 
өлкенің тарихын зерттеуге байланысты теориялық және әдістемелік мәселелері 
өлкеге қатысты археологиялық, этнографиялық, топонимикалық тағы да басқа 
дерек көздерін анықтау мен пайдалану әдіс-тәсілдері ұсынылып және өлкеміздің 
ерте заманнан бүгінге дейінгі тарихының негізгі мәселелері баяндалып, 
оқытылады. 
Өлкетануды ұйымдастырудың қоғамдық түріне кәсіби тарихшылардың өлке 
тарихынан сыр шертетін ғылыми зерттеулері мен жергілікті өлкетанушылардың 
танымдық бағыттағы ізденістері мысал бола алады. Жергілікті зерттеудің ортақ 
ғылыми мақсаты өлкедегі тарихи құбылыстардан өзекті мәселелерді іздеп тауып, 
зерттей біліп, қазақ тарихына және жалпы адамзат тарихын зерттеуге қатысының 
ғылыми мәнін анықтау болып табылады. 
Міне осындай өлке тарихын зерттеуге үлес қосқан жерлесіміз тарих 
ғылымдарының докторы Көшім Лекерұлы Есмағамбетов зерттеулерін 
атауымызға болады. Ғалымның зерттеулерінде басты көрініс тапқан бағыттары 
Қазақстан тарих ғылымының өзекті мәселелері, оның ішінде қазақтар туралы шет 
ел зерттеулеріне, тарихнама, деректану, тарих методологиясы, тарих ғылымының 
философиялық мәселелеріне, қазақ мемлекеттілігі тарихына, тұлғатану, 
зерттеудің деректік негіздері, архивтану ісі, құжаттармен жұмыс, ғылыми 
публицистика саласына, ғылыми аудармашылық, баспагерлік, сонымен бірге 
энциклопедиялық зерттеулердің негізін қалағандығын жазған болатынбыз [3]. 
Бұл жолы ғалымның өлкеміздің тарихи оқиғалары мен тарихи тұлғалары туралы 
зерттеулеріне назар аудардық. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Көшім 
Лекерұлы жазған «Что писали о нас на Западе» еңбегінде Қазақстанның батыс 


10 
өлкесіне қатысты шет елдік батыс еуропалық елшілердің, көпестердің, 
саяхатшылар мен миссионерлердің көрген білгендері туралы естеліктері мен 
күнделіктеріне не болмаса жол қолжазбаларына түсірген мәліметтерін 
тәржімалаған. Мысалы Геродоттың Каспий маңын жайлаған скиф тайпалары 
туралы мәліметтері, А.Македонскиийдің скиф еліне елшілігі, Страбон 
еңбегіндегі Каспий теңізі маңын мекен еткен аби, даби көшпенді тайпалары 
жөніндегі мәліметтерінен бастап, қазан төңкерісіне дейінгі шет елдіктердің 
өлкеміздегі мекен еткен қазақтардың тарихы мен этнографиясы туралы құнды 
дерек көздерін кездестіреміз [4, 10-14б.]. 
К.Есмағамбетов өлке тарихының ақтаңдақтарын ашуда сүбелі үлес қосқан 
еңбегі «Азат рухтың күрескері». Еңбек 1836-1838 жылдар аралығында батыс 
өлкедегі азаттық күресіне, ұйымдастырушылары Исатай Тайманұлы мен 
Махамбет Өтемісұлы тарихының ақтаңдақ беттерін архив деректерімен талдау 
жасаған. Өлкетанушылар мен кәсіби зерттеулеріндегі көтеріліс туралы 
бұрмалаушылықтарға нақты архив құжаттарымен тойтарыс береді. Автор өзіне 
дейінгі авторлар зерттеулерін талдай отыра «махамбеттану ісінде елеулі ілгері 
алға басушылық» байқалатынын атай отыра, көтерілістің кейбір кезеңдері және 
оның идеологиясы, Исатайдың мәмілегерлік қыры, Махамбет ақынның мұрасы, 
отбасы туралы және өзге де мәселелер жаңа методологиялық және деректік 
негізде бүгінгі тарих ғылымы тұрғысынан қайта тұжырымдалуы қажет деген 
ұстанымда болған. Сонымен қатар тәуелсіздіктің алғаш жылдарында баспасөз 
беттерінде жариялаған кейбір тарихшылардың Жәңгір ханды ұлықтауға бағыт 
ұстанған еңбектерінде 1836-1838 жылдардағы көтерілісті жай «қарсылық 
қозғалысы» ретінде суреттеуге, Махамбеттің «сыңаржақтылығын» анықтауға, 
сол арқылы қазақ халқының сан ғасырлар бойы жүргізіп келген азаттық күресін 
жоққа шығаруға тырысушылық байқалады деп ойын ашық жеткізіп, еңбекті 
жазудағы ғалым парызы тарихи зерттеуде мұндай бейберекетсіздікке қарсы 
дәлелді жауап беруді мақсат тұтады [5, 12-13б.]. 
Тарихшы Ә.Қ.Мұқтар К.Л. Есмағамбетовтың «Азат рухтың күрескері» 
еңбегіне жаңаша тұжырым жасалған еңбек деп баға бере автордың алдына қойған 
күрделі мәселелерді шешуде белгілі зертттеулермен, деректік материалдармен 
бірге Қазақстан, Ресей Федерациясы архив қорлары құжаттарын Махамбеттің өз 
жырларымен салыстыра ғылыми айналымға қосқанын атап өтеді[6, 231-233 б.]. 
К.Есмағамбетов Махамбет өміріне, оның атажұртына, бауырларына, 
олардың өмірлік позициясына, ақынның Жәңгір ханмен, оның әйелі Фатима 
ханыммен, ұлдары Зұлқарнаймен өзара қарым-қатынасын айқындай түскен. 
Зерттеуде Жәңгір хан, Баймағанбет сұлтан, Қарауылқожалардың да тарихи 
болмысына терең талдау жасалып, олардың қоғамдағы шиеленісті шеше алмау 
себептеріне жауап іздеп, ғылыми негіздеген [4, 405 б.]. Сонымен өлкеміздегі кең 
ауқымда өлкетанушылар қаламынан түспеген өзекті тақырыптардың бірі 
батырлар Исатай мен Махамбет бастаған азаттық күресінің және батырлар 


11 
өмірінің кей тарихи тұстарын жаңаша түсіндіре келе, ғалым ел тәуелсіздігі үшін 
күресіп, елімен бірге күн демей, түн демей жорыққа шыққан батырлардың кешегі 
де, бүгінгі де ақиқат тарихы азаттық күресі екендігін нық дәлелдеген. Бұл өлке 
тарихына қатысты зерттеуінің бір тұсы десек де болғандай. К.Есмағамбетовтың 
өлке тарихына қатысты тарихи зерттеулері жетерлік. 
Қорыта айтқанда Қазақ елінің біртұтас төл тарихының зерттелуі жергілікті 
өлке тарихының жүйелі нақтылы зерделенуінде жатқанына тағы да көз 
жеткіземіз. 

Download 3,74 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   162




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish