4
БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА «ӨЛКЕТАНУ» ПӘНІН ОҚЫТУ
МӘСЕЛЕЛЕРІ
О.М. Биманова
Атырау облыстық Білім беру басқармасы Әдістемелік орталығы
директорының міндетін атқарушы, Атырау өңірлік «Рухани жаңғыру»
жобалық кеңсесінің жетекшісі
АҚШ Президенті Т. Джефферсон (1901-1809 жж.) АҚШ-тың «Тәуелсіздік
декларациясында» мемлекет өз табиғаты бойынша Бақытқа ұмтылуды қорғап,
тұлғалардың іскерлігі мен дербестілігін ынталандыруы қажет екенін, бұл Бақыт
үшін мәнді болып табылатынын атап көрсеткен екен. Осы сөздің өзі біздің
еліміздің алға қарайғы дамуына орай айтылған сөз тәрізді десек те болады. Біз
бақытты халықпыз, бақытты елміз.
Дамыған елдің әр азаматы ең алдымен өзі туып-өскен елін сүюі қажет. Осы
мақсатта білім беру ұйымдарының оқу бағдарламасына 20 сағаттан тұратын
«Өлкетану» пәні кіріктірілді. Оқулық ғылыми, пәндік, оқу-әдістемелік арнайы
сараптамалардан өтті. Аталған оқулықта өңірдің географиялық
ерекшеліктері,
тарихи тұлғалары, жалпы тарихы, әдеби-мәдени мұралары туралы мол мағлұмат
қамтылған. Сонымен қатар, жаңа қалыптағы оқу құралының ішінде оқушыны
жеке ізденіске, өзін-өзі дамытуға бейімдейтін тапсырмалар, қызықты мәліметтер,
тың деректер бар. «Өлкетану» оқулығының жазылу себебі – Елбасымыз:
«Өркениетті дамытатын ғылым, және ғылымның бірден бір саласы тарих»,-
деген. Сол тарих арқылы жас ұрпақты ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке
тәрбиелеудің маңызы зор. Бұл «Ұлт жоспарын іске асырудың 100 қадамы» деп
аталатын бағдарламала негізге алынған, онда осы «Өлкетануды» оқытуды
бағдарлама ретінде қолға алу мәселесі қарастырылған.
Оқулықтың құрылымы мен мазмұнына келсек, әрине әр өңірдің өзіндік
тарихы бар. Бірнеше пәннің мәліметтері
біріге отырып, 5-7 сыныптың
оқушысына жеңіл әрі түсінікті тілде жазылған. Пәнді дәл осы сыныптарға арнап
жазудың да мәні бар. Сондай-ақ дәл осы жаста (11-13 жас) жасөспірімдер өз
халқының ұлттық құндылықтарды қабылдап, тарихи сана қалыптасуының
алғашқы сатысын бастайды.
Жалпы оқулықтың құрылымы 20 параграфтан тұрады. Оның бесеуі 5-
сыныпта, жетеуі 6-сыныпта, сегіз параграфы 7-сыныпта өткізіледі.
Бұл
жерде сындарлы ойлайтын, өз мүмкіндіктеріне сенімді, әр түрлі
әлеуметтік және өндірістік проблемаларды өз бетінше шешуге қабілетті жеке
тұлғаны қалыптастыру үшін оқытудың сапасын жетілдіру аса маңызды мәселе
болып табылады. Осы мақсатта оқушыны білім негіздерін өз еркімен үйренетін,
іс-әрекет мақсатын, міндетін, түрін, тәсілін және жағдайын өзінше түсініп, алған
білімін өмірде қолдана алатындай жағдайға жеткізуіміз керек. Оқытудың
5
инновациялық технологиясын ұтымды пайдалану арқылы шәкірттің тұлғалық
болмысын дамытуға мүмкіндік туады.
Еліміздің болашағын сенімді жастардың қолына тапсырамыз десек, тәрбие
мен білім беру мекемелеріндегі барлық үдеріс патриоттық
сезім рухын
қалыптастыру бағытымен шебер үйлесуі керек.
Ендігі мақсат – оқулықтағы әрбір пән арқылы туған жердің, өз өлкесінің
тарихын оқып білетін, өткенді бағалап, зерделей
алатын патриот жастар
тәрбиелеу.
Жоғарыда айтып өткенімдей біз бақытты елміз, енді мәңгілік ел болуға
қарай қадам бастық. Ал «бақыт» дегеніміз – адамның өмір қызығы мен
қуанышына, рахатына қанағаттану дәрежесін танытатын этикалық ұғым.
Бақыттың баянды жолына қарай бет алған бірлігі бекем еліміз бұл жоспардың
жарым ырыс жорамал күйінде қалмайтынын жақсы біледі. Себебі, жұдырықтай
жұмылса, көптің көлдей тілегі орындалмақ. Ел Президентінің «Мәңгілік Ел»
идеясы халықтың үміті
мен тірегі, баршаның тілегі, ендеше атыраулық
педагогтар ел болашағы жолында аянбай еңбек етуге, Жалпыға ортақ еңбек
қоғамын құруға бір кісідей дайын, ел болашағы сенімді қолда дегім келеді.
«Мәңгілік Ел» идеясына қарай бет алған «Нұрлы жолымыз» «Мәңгілік жолға»
айналсын!
Do'stlaringiz bilan baham: