225
кездеседі. Қалада қақпа орны байқалмайды. Қаланың өмір сүру уақыты XV-
XVIII ғасырларға жатады. Қалаға М.С.Қасеновтың жетекшілігімен 2007 жылы
қосымша археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп, оның қала қорған
екені
анықталды.[3]
Дүйсеке қорымы –
Құлсары қаласынан солтүстік батыс бағытта
орналасқан. Өкінішке орай, табиғи әсерлерден құлпытастар құлаған, мүжілген.
Ел мен жер тарихынан сыр шертетін эпитафиялық жазулар уақыт өте жойылуы
да әбден мүмкін. [4;58,59]
Иманқара тауы-
Атырау облысы, Жылыой ауданындағы Құлсары
қаласынан солүстік шығыста 60 шақырым жерде орналасқан. Таудың ұзындығы
2 шақырым, ені 300 метр, биіктігі 200 метр. М.Қасенов тауға
арнайы зерттеу
жұмысын жүргізді. Тау үсті тегіс жазық болып келген . Үстіндегі жазықта 18
қорған орналасқан.1989-1991 жылдары 6 обаға археологиялық қазба жұмысын
жүргізген. Біздің эрамызга дейінгі V ғасырға жататаын қабірлер ашылды. Оларға
адам жерленіп, қастарына қанжар,қола жебе, қола айна, шыны моншақ, қыш
ыдыстар қойылған. Қорғандардың биіктігі 0,5-1 метр,диаметрі 3-15 метр
аралығында. Баыс Қазақстан археологиясының жетекшісі З.Самашевтің
зерттеуінше бұл қорғандарда сарматтар жерленген. Иманқара тауы ерте кезден
қасиетті тау болып есептелінген. Ол ерте темір дәуірінде ,орта ғасырларда
адамдар табынатын әулиелі жер болған. Таудың батыс сілемдерінде құлпытастар
бар.
Көне адамдардың мекені болып есептелетін, Жылыой ауданындағы өзіндік
ерекше археологиялық ескерткіш –
Иманқара үнгірі
. Ол құмайтты тас араласқан
тау жыныстарының қуысында орналасқан. Үнгір үш дәлізге бөлініп,
олардан
қосалқы қуыстар жасалған. Үңгір аузы төртбұрышты.
1944 жылы бұл үңгірге фашистердің деверсиялық тобы жасырынған. Ол
туралы «Қатерлі қияда», Шәкібаевтың «Үлкен Түркістанның күйреуі»
деген
әдеби кітабында баяндаған.Үңгірдің биіктігі 2 метр, ені 2,5 метр тік төртбұрышты
болып қазылған. 3 дәлізден қосалқы қуыстардан тұрады. Жұмсақ құмайт
жынысты кеуелеп қазып, қосалқы дәліздер жасаған. Қабырғаларында күрек,
қайла іздері байқалады. Үңгір қабырғалары мен төбесі күйеден қарайған.Іштен
шығарылған тау жынысы 10 метр қашықтықта үйіліп жатыр. Қазіргі кезде кейбір
зерттеушілер үңгірді 1911 жылы жасалған деп есептейді. Ағылшын кәсіпкері
Нобель 1911 жылы Ембімұнай кендерін іздестіруге концессия алған.
Сол кезде
«қойма» ретінде қазылуы мүмкін. Оған дәлел ретінде мұнай қондырғысының
«кездегі» орнын көрсетеді.
Иманқара үңгірі алғаш табиғи үңгір болуы мүмкін,
кейін тау
жыныстарының жұмсақтығынан кеңейтіліп, қазіргі жобасына өзгертілген.
Иманқара үңгіріне де адамдар қоныстануы мүмкін. Кейінгі кезде үңгірді жерасты
ғибадатхана ретінде пайдаланса керек. Иманқара тауы ертеден қасиетті, әулие
тау деп есептелінеді. [3]