«сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы атырау облысы білім беру басқармасының Әдістемелік орталығЫ



Download 3,74 Mb.
Pdf ko'rish
bet119/162
Sana26.06.2022
Hajmi3,74 Mb.
#705534
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   162
Bog'liq
Jinaq123

Пайдаланылан әдебиеттер: 
 
1.
Шуканова Н. «Жылыой ауданының географиясы»-Алматы, «Дайырбаспа». 
2014ж 
2.
Сисекенұлы Л., Ақдрашев И. «Жапырағы жайылған Кең Жылыойым»- 
Ақтөбе, «А- Полиграфия».2008ж 
3.
Жылыой аудандық мұражайдың мұрағаты 
4.
Сүйенбайев Н. «Киелі мекен- Кең Жылыой»- Атырау, «Ағатай»,2014ж 
С.Ж.Маханбетова 
№2 мектебі, география пәні мұғалімі 
 
 
ЖЫЛҚЫШЫ ІЗТҰРҒАНОВ – ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ, МАЙДАНГЕР АҚЫН 
 
«Егер адам артына, өз ұрпағына пайда келтіретіндей іс қалдырса, оның 
жаны өлмейді», - деп Жүсіп Баласағұн айтпақшы, бүгінгі жұмысыма арқау болып 
отырған жанның бірі – ұлағатты ұстаз, майдангер ақын, менің бабам Жылқышы 
Ізтұрғанов. Ол артына бірнеше еңбектерін қалдырып, ұрпағына ізгі іс жасаған 
ұлағатты ұстаз. Осындай абзал азаматтың өмірінен өнеге алу, құрмет тұту, 
зерттеу - біздің парызымыз, және Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» 
атты тарихи бағдарламалық мақаласында әдебиеттегі, музыка мен театр 
саласындағы және бейнелу өнеріндегі ұлы ойшылдар,ақындар және ел билеген 
тұлғалар бейнесінің маңызды галереясын жасауды қолға алу қажет делінген. 
Осыған сәйкес Жылқышы Ізтұрғановтың туындыларын қайта жаңғыртуға 
мүмкіндік мол. 
Жылқышы Ізтұрғанов 1912 жылы Гурьев облысы Қызылқоға ауданының 
Калинин ауыл Советінде кедей шаруаның отбасында дүниеге келген. Әке- 


228 
шешесі мал шаруашылығымен күн көрген кедей шаруа болған, 1913 жылы 
дүниеден өткен соң, әкесінің інісі Текей Дауыловтың тәрбиесінде болады. Бала 
кезінен зерек, өлең-жырға құмар болып өседі және өлең жазумен шұғылданады. 
Кейінен осы өнерімен халыққа кеңінен танылады, ақындар айтысына 
қатынасады. 
1926 жылы Жылыой поселкесіндегі бастауыш мектепке түсіп, 1930 жылы 
бітіреді. Сол жылы Гурьев қаласынан ашылған бес айлық мұғалімдер даярлау 
курсына түседі. 1930-31 оқу жылында № 33 ауылда (Қараарна) бастауыш 
мектебінде меңгеруші, 1931-1932 оқу жылында Қойсары бастауыш мектебінде 
меңгеруші 1932-1933 оқу жылында Айранкөл бастауыш мектебінде директор. 
[3;54] 1933-1934 оқу жылында Құмтоғай бастауыш мектебінде меңгеруші болып 
қызмет атқарған. Жас болса да жұмысына тиянақты, жақсы жағынан көріне 
біледі. 1.03.1934-20.08.1936 жылдар аралығында аудандық оқу бөлімінде 
статистик-есепші болып істейді, бірақ ол кездерде ұстаздық қызметін үзбей, 
Жылыой орталау мектебінде мұғалімдік қызметін жалғастырады. Одан соң 1936- 
39 жылдары Қараша бастауыш мектебінің меңгерушісі, 1939-1942 жылдары 
арасында Қараша жеті жылдық мектебінің мектеп директорлығына 
жоғарлатылады. 15.09.1939 жылы ВЛКСМ қатарына қабылданады. Жұмыс 
жасай жүріп, 1940 жылы Гурьевтегі педучилищеге түсіп, оны 1945 жылы бітіреді. 
1941 жылы Коммунистік партия мүшелігіне қабылданады. Кеңестер Одағына 
неміс фашистері шабуыл жасаған кезде, 1942 жылдың 2-ші мамырында майданға 
аттанып, Калинин майданының 41-ші атқыштар полкы құрамында пулеметтші 
болады, 1943 жылы ауыр жаралы болып елге оралады. Жаралы жауынгер еңбек 
майданына құлшына араласады. 1943-44 оқу жылдарында Қараша жеті жылдық 
мектебінде, 1944-48 жылдар аралығында Киров атындағы жеті жылдық мектепте, 
1951-52 оқу жылында Айранкөл жеті жылдық мектепте директор болып жұмыс 
жасайды. «Білім іздеген өсер дегендей» , 1951 жылы Ақтөбе қаласындағы 
Байғанин атындағы оқытушылар даярлайтын институтының қазақ тілі мен 
әдебиеті факультетінің сырттай бөліміне оқуға түсіп, оны 1954 жылы бітіреді. 
1952-59 оқу жылдары Қараша жеті жылдық мектепте директор болып жұмыс 
жасайды. 24.08.1959 жылы бұрынғы Сталин атындағы (қазіргі М.Әуезов) жеті 
жылдық мектепте мұғалім болып істеп, [4] 1970 жылы дербес зейнеткерлікке 
шығады. [5;11.1974ж ] 
Жауынгерлік және еңбек жолында еңбегі еленіп, бірнеше марапаттарға ие 
болды. [4] 
СССР Жоғары Советі 
Президиуымының указы 
«Еңбекте үздік шыққаны үшін» 
медаль 
1939 жыл 
СССР Жоғары Советі 
Президиуымының указы 
«Еңбекте үздік шыққаны үшін» 
медаль 
26 декабрь 
1945 жыл 


229 
СССР Жоғары Советі 
Президиуымының указы 
«1941-1945жж Ұлы Отан соғысында 
Германия түбіндегі Жеңіс 
үшін»медаль 
9 май 1945 
жыл 
СССР Жоғары Советі 
Президиуымының указы 
«1941-1945жж Ұлы Отан соғысында 
Ерен еңбегі үшін»медаль 
6 май 1945 
жыл 
СССР Жоғары Советі 
Президиуымының указы 
«Еңбектегі ерен еңбегі үшін» 
медаль 
24 март 1954 
жыл 
Қазақ ССР оқу министрі 
указы 
«Қазақ ССР халық ағарту ісінің 
озық қызметкері»значогі 
9 август 
1956 жыл 
СССР Жоғары Советі 
Президиуымының указы 
1941-1945жж Ұлы Отан соғысында 
«Германия түбіндегі Жеңіс 
үшін»медаль 
30 март 1959 
жыл 
Қазақ ССР Жоғары 
Советі
Президиуымының указы 
«Қазақ ССР-на еңбек сіңірген 
мектеп мұғалімі»Құрмет грамотасы. 
6 март 1966 
жыл 
Қазақ ССР Жоғары 
Советі
Президиуымының указы 
Қазақ ССР мен Қазақ 
Компартиясының 50 жылдығына 
орай «Халық ағарту ісінің ардагері» 
Ембі аудандық партия 
Бюросының үкімімен 
Лениннің Құрмет Кітабына енгізілді 
24 апрель 
1969 жыл 
СССР Жоғары Советі 
Президиуымының 
атанан 
В.И.Лениннің100 жылдық туған 
күніне орай «Ерен еңбегі 
үшін»медальы. 
2 апрель 
1970 жыл 
Бұнымен қатар бірнеше облыстық және аудандық Құрмет грамоталарына ие, 
Казақ ССР педогикалық қоғам мүшесі болған. Ж.Ізтұрғанов қоғамдық 
жұмыстарға да көп араласқан. 1939, 1945, 1948, 1959 жылдары Жилокосинск 
аудандық советінде депутаттыққа сайланған. [ 4 ] 
Ұстаздың жары Тоты анамыз - өте парасатты, көрегенділігімен ақылдылығы, 
ағайын-туыс, ел -жұртың арасындағы беделді, ұрпағына үлгі болатындай адам 
болған. 
Кезінде, 
«Балдырғаным, ақ жүзіңе, 
Мен сүйсіне қараймын, 
Білім алып, мектебіңнен 
Өсуіңді қалаймын, 
Гүл жайнатқан өміріңді, 
Сүй Отаңды анаңдай, 
Ақта , ұлым, үмітімді 
Болшы орныңды табардай», [6]-деп ұлына арнаған 
екен. Сол өнегелі ұядан шыққан, ұлы Манас Жылқышыұлы әке үмітін ақтап, көп 
жылдар бойы аудандық Ішкі істер бөлімінде тергеуші қызметін атқарады, қазіргі 


230 
таңда кәсіпкер, жұбайы Өтешова Ақзер екеуі 5 баланы өсіріп, 16 немере-жиен 
сүйіп отырған ақ сақалды атамен ақ жаулықты әже. 
Адамға абырой әкелетін төрт іс бар: бірінші- құмда қазылған құдық, екіншісі 
-
өзенге салынған көпір, үшіншісі - жол жағасына салынған саялы 
ағаш,төртіншісі - ұстаздан ұлағатты білім алған шәкірт. Ұстаз сөзінің ауқымы 
кең. Бала оқытқанның бәрі ұстаз атанбайды. Ұстаз атану үшін алдымен шәкірт 
мойындау керек, қалды ел, халық мойындауы керек. Жақсы ұстаз оқушыға 
мәселенің дайын жолын айтпайды, ол сол мәселені шешетін жолды көрсетеді. 
Жылқышы ағайды да осындай ұстаздардың қатарына жатқызамыз. [ 1;23 ] 
Жылқышы Ізтұрғанов – жайдарлы, байыпты, парасатты, өте шебер мұғалім 
болған. Ол қырық жыл бойына аудан мектептерінде ұстаздық етті. Алғашқы 
еңбек жолын сауатсыздықты жою мектептерінде сабақ берді. Қажымас еңбеккер, 
аудан халық ағарту ісін ұйымдастырушылардың бірі. сергек те, сезімтал 
жолдас,дархан жанды адам болатын. Принципшіл, жұмыста талап қойғыш, 
жолдастары арасында лайықты абыройға құрмет пен сүйіспеншілікке ие болған 
ақжарқын қызметкер еді. Ол өзінің бар күш-қуатын, білімі мен іскерлігін, 
қажымас жігерін, бай тәжірибесі мен ұйымдастырушылық қабілетін ауданның 
халық ағарту ісін өркендеуге аямай жұмсады. [5; 14 .11.1974ж.] Бұл сөздердің 
дәлелі екі рет 1939 және 1945 жылдары СССР Жоғары Советі Президумының 
«Еңбекте үздік шыққаны үшін » медальмен наградталған. «Қазақ ССР -не еңбегі 
сіңген мұғалім» деген жоғары атақтың берлуі де осы саналы өмірдің сапалы 
еңбектің жемісі. 
«Мен ширек ғасырдан астам уақыт бойы ұстаз болып келемін. Ұстаз деген осы 
бір ауыз сөзде біле-білген адамға көп мағана жатыр. Осы жылдар ішінде қаншама 
балғын да балауса шәкірт менің алдымнан өтті!? Әсіресе алғаш мектеп 
табалдырығынан аттаған оқушыларға сабақ жүргізу қиын да қызық. Мектеп 
деген маған өте ыстық, шуылдап жүрген шәкірттерімді көргенде кейде 
бойымдағы сырқатты да ұмытып кетемін. Әйтеуір осы ортаға жеткенше 
асықпын.», - деп жазады өз естеліктерінде ұстаз. [7;1968ж] 
Жылқышы Ізтұрғанов ұстаздығымен қатар ақындығы да бар болатын. 
Оның артында мәңгі өшпестей өлеңдері қалды. Өлеңдерінің тақырыбы сан 
алуан. Олар еңбек, отан, мектеп, білім, туған жер, табиғат, достық, махаббат, 
арнау өлеңдері бар. Сонымен қатар сатиралық күлдіргі өлеңдерде жазған. 
«Оқы, үйрен білімді», «Білім- өмір жемісі» өлеңдеріде жастарды оқуға 
шақырады, білімді болсаң алынбайтын асу жоқ, білім азбас асыл тас екенін 
айтады. 

Download 3,74 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   162




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish