Кілт сөздер:
интегралсема, дифференсема, полисема, семантика, модель, құрылым
Annotation.
The article deals with the semantic composition and connecting and differentiating
features of polysemantic words. The lexical and semantic system and structure of words common to the
modern Turkish language and the Kazakh language are given. The semantic model of some common
words is presented.
Keywords:
integralseme, differential, polyseme, semantics, model, structure
Көп мағыналы сөздердің мағыналық құрамы,оның мағыналық түрлерге жіктелуі, түрлердің
бір-бірімен ұқсастығы, олардың арақатысы, айырмашылықтары белгілі бір реттерге, жүйеге
негізделеді. Жүйеліліктің, мазмұндық тұтасықтың табиғатын түсіну үшін оны құрамдық жіктерге,
мағына түрлеріне талдау қажет.
Көп мағыналы сөздердің мағыналық құрамына комплестік синтез, компоненттік анализ
әдістерін қолдану – көп мағыналы сөздер семантикасының мәселелерін шешудің бірден-бір жолы.
Түсіндірме сөздік жасауда сөз мағыналарын түсіндіру, оны мағына, мән түрлеріне жіктеу белгілі
дәрежеде компоненттік анализ болып табылады. Сондықтан көп мағыналы сөздерге семалық
талдау жасау барысында негізінен түсіндірме, этимологиялық сөздіктердегі сөз анықтамасына
сүйенетін боламыз.
Көп мағыналы сөздер жалпы мазмұнды, біртұтас мағыналық құрам болғанмен, оның
құрамындағы мағыналарды байланыстыратын (интегралсема) және саралайтын (дифференсема)
белгілер бар. Ал сема сөздің ең кіші мағыналық бөлшек екені белгілі [Шарапатұлы, 2011, 257].
Таш
–
1. Тас 2. Асыл тас 3. Мед. Бүйректің тасы
Тас
– 1. Таудың қатты жынысы 2. Асыл тас 3. Мед. Бүйректің тасы 4. Ауыс. Ауыр, зілдей
5. Ауыс. Қатыгез, қатал
Бұл сөз тілімізде зат есім ретінде қолданылуынан басқа етістік, сын есім, үстеу сияқты
сөздердің алдында келіп, заттық ұғымда емес, үстеулік мәнде қолданылады: тас керең, тас жетім,
тас түйін, тас қараңғы, тас қып байлау, тас табандау, тас төбе т.б. Бұл тіркестердегі тас сөзінің тау-
тас, тас көмір дегендердегі тас сөзіне қатысы жоқ. Тас сөзі монғол тілінде «мүлдем, әбден, мықты»
деген мағынаны білдіреді. Жоғарғы келтірілген тіркестердегі тас осы ұғымда қолданылған. Демек,
бұл да бір кезеңдерде түркі-монғол тілдеріне ортақ сөз болғанға ұқсайды. Қазақ тілінде өзге
сөздермен еркін тіркесу қабілетінен айырылған бұл көне сөз тек белгілі тіркес құрамында тұрып
қолданылу құқығын сақтап қалған [ҚТҚЭС, 1966, 162-163]. Түрік тілінде таудың қатты жынысы
ретіндегі мағынасын сақтап, геологиялық тау жыныстардың жекелеген атауларына қатысты
қолданылады.
Ев
– 1. Үй 2. Отбасы, үй-іші
Үй
– 1. Баспана 2. Ауыс. Үй-іші 3. Ауыс. Отбасы, шаңырақ 4. Ауыс. Орын, ғимарат 5.
Жерг. Түрме
Сөздің бастапқы тұлғасы оба/обак болса керек. Бұрын монғол тілінде төмпешіктің үстіне
жын-перілер үшін тастан, ағаштан салынған баспананы обон//овоо деп атапты. Ертеде монғолдар
осындай үйлерге келіп құдайына құлшылық ететін болған. Бұл сөз монғол тілінен түркі тілдеріне
87
*Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті,
zhanar.amirgali@gmail.com
Do'stlaringiz bilan baham: |