Ч а с т ь I i I главный редактор


«Молодой учёный» . № 28 (370) . Июль 2021 г. Молодой ученый Қазақстан



Download 4,09 Mb.
Pdf ko'rish
bet74/91
Sana23.12.2022
Hajmi4,09 Mb.
#894586
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   91
Bog'liq
moluch 370 ch3

210
«Молодой учёный» . № 28 (370) . Июль 2021 г.
Молодой ученый Қазақстан
кертті. Атап айтқанда, Мыстан, Жезтырнақ, Сөрел, Көңаяқ, 
Албасты, Жалмауыз. Мифология кеңістігіне құлаш серме-
ген — Серікбол Қондыбай ағамыздың көзмайын тауыса жа-
зып, мұқым әдебиеттішілерді тамсандырған — Арғықазақ 
мифологиясы атты еңбегін біз қазақ фольклористика ғылы-
мына қосқан өлшеусіз үлесі деп білеміз [2].
Астарын көндекке салып, көмбесін фольклорда жа-
сырған миф ешқашан өз тұғырынан тайған емес. Мәсе-
лен, бүгінгі әдебиетімізге ұлфат (дос, бауыр) жанр болып 
еніп, әдебиеттану ғылымының өзекті саласына айналған 
фэнтези — мифологияның жаңарған нұсқасы іспеттес. 
Рағна шашағын кеңге жайып, Байшынар ағашын бала ар-
манымен суғарған фэнтезидің ниеті ғаусалдай таза, мінезі 
зұлфұқардай өткір. Бала тілегін жарылқап, үмітіне сәуле 
шашқан фэнтези — әлі де мұқым әлемнің пірдаршысындай 
(қамқоршы) әдебиетке риясыз қызмет етіп келеді. Оқыр-
манның көзқуанышына айналған шығармаларды атап 
өтсек: Эдваррд лорд Дансенидің «Эльфландия королінің 
қызы», Роберт Э. Говардтың «Конан», К. С. Льюистің «Нар-
нидің хроникалары», Дж. Р. Р. Толкиннің «Жүзік әміршісі», 
Ж. К. Роулиңнің «Хәрри Поттер мен пәлсапа тас» және т. б.
Жоғарыда сөз еткен шетел әдебиетінің кейбір туынды-
лары көркем шығарма есебінде ғана қалып қоймай, тарих 
сахнасына «әдеби мейрам» болып енген еді. Мәселен, өрке-
ниетті елдерде «Өлілер күні», «Хэллоуин», «Патрик күн» 
сынды мифтік мейрамдардың бары һәм дүркіретіп тұрып 
атап өтілетіні баршамызға белгілі. Шамандық дүниетаным-
ның пргрессивті жалғасына айналған бұл мерекелердің 
концепциясына тоқталмас бұрын, әрқайсысының жеке 
эстетикалық сипатын ашқанымыз жөн болар.
Ғаламтор желісіндегі ресми деректерге сүйенетін бол-
сақ, Хэллоуин (Анг. Halloween) — 31 қазан мен 1 қараша 
арлағында АҚШ пен Канада елдерінде тойланатын ежелгі 
мейрам. Оның шығу тегі байырғы кельт тайпаларының 
экзистенциялық ұстанымына саяды. Мәселен, аңызға сен-
сек, бұрынғы ағылшындықтар жылды екі мезгілге (қыс пен 
жазға) бөлген. 31 қазан — жылдың соңғы күні болып есеп-
теліп, қысқа дайындық ерте басталған деседі.
Өлілер күні (Исп. El Día de Muertos) — қайтыс болған 
жандарды еске алуға арналған ежелгі ольмеки мен майя 
халқының қасиетті мейрамы. Қараша айының 1–2 ара-
лығында тойланатын бұ мереке «Коконың құпиясы» (Тайна 
Коко) мультфильмінде көрініс тауып, мыңдаған көрер-
менді тамсандырған еді. Мексика халқының дәстүрлі мере-
кесі саналатын «Өлілер күні» — көптеген көркем туынды-
лардың, әсіресе, кинокартиналардың сюжетіне арқау болу 
негізінде әлем өркениеті тарихында өзінің «Ренессанстік» 
(Қайта өрлеу) дәуірін орнатты. Мерекенің қайта түлеуі — 
мәдениет пен өркениеттің субстанциясын жаңартты. Міне, 
жалпыадамзаттық мәдениеттің қайнар бұлағы жаңа арна-
лармен осылайша толықты.
Бұл мерекелердің зияпатын асыра тойланыуы — 
зәуіқайыр (кездейсоқ) жайт емес. Ошал (осы) күндердің 
қасиетті де қадірлі деп танылуының астарында терең мән 
жатыр. Мәселен, батыс еуропадағы әрбір бала «Хэллоуин» 
мейрамы кезінде хтоникалық, зооморфтық, демонология-
лық образдарға ену арқылы өз халқының мифтік кейіпкерін 
бес саусағындай жатқа біледі. Кейіпкер бейнесін сомдап, 
енғам (үлес) алған баланың мифтік кейіпкерлер жайында 
қалыптасқан гносеологиялық өрісінің кеңейетіндігі айдан 
анық. Аталмыш мейрамдардың экзистенциялық мақса-
тына қарап, біздің санамызға оғаштау болса дағы: «Неге 
бізге де мифтік кейіпкерлер күнін тойламасқа?» деген 
сұрақ келді. Жоқ, батыс еуропалық мерекелерге «меме-
сис» (еліктеу) жаса демейміз. Керісінше, шетелдік тәжіри-
беге арқа сүйей отырып, «Қазақ мифтік кейіпкерлер күнін» 
тойлаған дұрыс болатын сықылды. Әрі, Бразиялия мем-
лекетіндегідей «Карнавал» қылып өткізсек тіптен жақсы. 
Мұғайын істің түптің түбінде катарсистік өрлеуге, скеп-
титицизмдік дамуға шақырарына нық сенемдіміз. Сон-
дықтан, «мифтік кейіпкерлер күні» мерекесіне оптимистік 
көзқараспен қарауларыңызды өтінеміз.
Ә
дебиет:
1. Курманаева, А. Ж. Фэнтези жанрыны
ң
қ
аза
қ
фольклорында
ғ
ы байыр
ғ
ы к
ө
ріністері / Алтыншаш Курманаева, Ер-
болат Баят
ұ
лы — Молодой ученый, — 2021.
2. Курманаева А. Ж. 
Қ
аза
қ
мифтік кейіпкерлеріні
ң
синхронды
қ
классификациясы / Алтыншаш Курманаева, Ер-
болат Баят
ұ
лы — 
Ә
дебиет порталы, — 2021.
3. Курманаева А. Ж. 
Қ
аза
қ
фантастикасыны
ң
диахронды сипаты / Алтыншаш Курманаева, Ербол Бейілхан — Мо-
лодой учёный, — 2021.



Download 4,09 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   91




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish