213
“Young Scientist” . # 28 (370) . July 2021
Young Scientist Kazakhstan
ста қолданып, ойынға пайдаланып жатқан (яки, ойнап
жатқан) шетелдік ойыншықтар куә. Мәселен, бүкіл әлем-
дегі Mattel ойыншық фабриксы ірі киностудиялармен кон-
венция (келісімшарт) жасай отырып, ойыншық өндіреді.
А л шетелдегі киностудиялар кітап желісі бойынша
фильм түсіретіні баршамызға белгілі. Қазақстанда да әр
көркем шығарма кейіпкерінің ойыншығы өндірілуі қажет.
Осы бастамалардың барлығының «Ертегілер елі» бала-
лар орталығында топтастырылғанын қалаймын. Қысқа
айтып отырмын, бізде бұны жүзеге асырудың толық
бағдармалары бар. «Балалар мен жасөспірімдер әдебиетін
қолдау Кеңесі» жанынан «Көркемдік кеңес» құрылғаны
дұрыс. Қазір балаларға арналып көптеген шығармалар,
анимациялық фильмдер, комикстер жарық көріп жатыр.
Өкінішке орай, кейбірінде біздің танымызға жат жор-
гондар мен көше тілі орын алуда. Балаларға арнап жа-
зылған, шығарылатын барлық дүниелерді осы көркемдік
кеңестің талқысына салсақ, сараптамасынан өткізсек
ондай олқылықтар болмас еді. Көркемдік кеңеске та-
нымал тіл мамандары, ғалымдар, зиялы қауым өкілдері
тартылады. Кеңес мүшелеріне жоғары статус беріліп,
грант төленсе деген ұсынысымыз бар. ҚР Мәдениет және
спорт министрлігінің қолдауымен белгіленген «Балалар
мен жасөспірімдер кітап оқуын қолдау жылы» аясында
төмендегі әдеби байқауларды өткізу міндетті болмақ.
Біз балалар шығармашылығына арналған республиака-
лық байқаулар өткізу арқылы, балаларға арналған тың
дүниелерді жинақтап, антология ретінде шығарып, ба-
лалар әдебиетінің қорын молайта аламыз. Балалар жа-
зушыларын ынталандырамыз. Жыл басталғалы 4 ай өте
шықты. Жуық арада балалар шығармашылығына ар-
налған бірнеше жанрда республикалық байқау жарияла-
сақ деген ұсыныс бар, —
Ербол Бейілхан
[2].
Құрметпен, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау универ-
ситетінің филология бөлімінің студенті, жас ғалым, бола-
шақ жазушы Алтыншаш Курманаева һәм ақын, Қазақстан
Жазушылар Одағының мүшесі және Балалар әдебиетін қол-
дау кеңесінің төрағасы Ербол Бейілхан.
Ә
дебиет:
1. Жалпы білім беретін мектепті
ң
5-сыныбына арнал
ғ
ан о
қ
улы
қ
/
Ә
. Дайыр,
Қ
. Айт
қ
алиев, Ш. Беркімбаева,
Г.
Құ
рманбай. 3-басылымы,
өң
делген. — Алматы: Атам
ұ
ра, 2010.–304 бет.
2. А. Кабдулина. Мәдениет министрімен балалар жазушыларыны
ң
кездесуі болып
ө
тті / Анар Кабдулина —
Ә
де-
биет порталы, — 2021.
3. Курманаева, А. Ж. Фэнтези жанрыны
ң
қ
аза
қ
фольклорында
ғ
ы байыр
ғ
ы к
ө
ріністері / Алтыншаш Курманаева, Ер-
болат Баят
ұ
лы — Молодой учёный, — 2021.
4. Курманаева А. Ж.
Қ
аза
қ
мифтік кейіпкерлеріні
ң
синхронды
қ
классификациясы / Алтыншаш Курманаева, Ер-
болат Баят
ұ
лы —
Ә
дебиет порталы, — 2021.
5. Курманаева А. Ж.
Қ
аза
қ
фантастикасыны
ң
диахронды сипаты / Алтыншаш Курманаева, Ербол Бейілхан — Мо-
лодой учёный, — 2021.
6. Курманаева А. Ж.
Қ
аза
қ
мифтік кейіпкерлері к
ү
ні / Алтыншаш Курманаева, Ербол Бейілхан — Молодой учёный, —
2021.
Do'stlaringiz bilan baham: |