59
жылдардың басында саман тас пен қамыстан тұрғызылған. Орал өңірі өз алдына
облыс болып, Орынбор губерниясымен бөлініп, Астрахань губерниясына
берілгенде Астрахань губерниясымен екі аралық мың шақырым қашықтықты тең
бөлетін шекара сызығы жыртылып белгіленген. Теңізге тірелетін жерге жеткенде
тастан биік етіп осы белгіні орнатқан.
Бұл белгі теңіздегі балықшыларға
бағдар болған, ол үшін суға қара ала таяулар қағылған. Таскран ары-бері өткен
жолаушыларға ескінің ескерткішіндей әсер қалдырады.
Тікіл-Тікше
- ертеректе кедейден шыққан Тікіл деген жігіт осы өңірдегі
бір бай адамның Тікше сұлу қызына ғашық болады. Осы ғашықтардың атымен
аталған.
Телемген
- қорым. Аудан орталығы- Аққыстау селосынан солтүстік
шығысқа қарай қарай 7 км жерде, Тұщықұдық селолық округінің аумағында.
Телемген-кісі аты, Жаппас руынан. Оның Наремген, Сүтемген
деген інілері
болған. Телемген- байдың малын баққан жалшы. 1860 жылдары дүниеден өткен
деседі.
Тасоба –
ескі қорым. Аудан орталығы – Аққыстау селосының солтүстік
шығысқа қарай 35 км жерде, Новобогат селолық округінің аумағында
орналасқан. Тама руының Қойыс атасы салдырған белгіге байланысты аталған. «
Өзім тасада болайын, атағым Тасобадан болсын» деген Қойыстың сөзінен қалған
атау.
Тоғызбай
- тұзды көл. Аудан орталығы- Аққыстау селосынан батысқа
қарай 25 км жерде, Жанбай селолық округінің аумағында орналасқан. Ертеде
теңіз жағасындағы балық қабылдайтын батағалар осы жерден тұзды қазып алып,
оны желкен қайықтармен кемелерге тасып жеткізіп, өндіріске пайдаланған.
Тоғызбайдың тұзының емдік қасиеті бар. Әсіресе, сарысудан зардап шеккен
адамдар жаз айларында тұзға түсіп, сауығып отырады.
Тұщықұдық
- жер атауы. Бөкей хандығы құрылғаннан кейін Нарын
құмының оңтүстігіндегі осы өңірді бір бөлек адай руы қоныстанған. Тұщықұдық
атауының шығуы жөнінде Бөкей ордасында ханның өткізген ұлан асыр тойында
Айболат
деген старшын ат оздырады, алтын жамбыны атып түсіреді, хан
палуанын жығады. Тәнті болған хан Айболатқа не тілегің бар деп сұрайды. Сонда
ол «елғонды деген азғантай ауыл едік, соған суы тұщы құдық, жайлы қоныс
берсеңіз болады» дейді. Сол жерде ханның аузынан Бабанның төрт құдығы
шығады. Соның бірі- Тұщықұдық еді. Тебіні қалың, құдығы тайыз, суы тұщы
аймақта Кеңес өкіметі орнағаннан кейін Тұщықұдық ауылдық кеңесі құрылып,
оған К.Маркс атындағы және «Жаңа таң» ұжымшарлары енді.
Үштаған
- Нарын құмының атырабы. Батыс Қазақстан және Атырау
облыстарының аудандары мал жайылымдары үшін ортақ пайдаланып келген.
Жері құнарлы, шөбі шүйгін. Жыңғыл да өседі. Үштағанның бір бөлек жері
Исатай ауданының «Забурынә кеңшарының жазғы жайылымы болды. Қазір жеке
шаруа қожалықтары қоныстанған.